Экономикалық өсім ойдағыдай емес

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 12:10, доклад

Описание

Күні кеше ғана Еуразия даму банкі ТМД елдерінің экономикалық өсіміне арналған мониторингін жариялады. Оған сәйкес, ағымдағы жылдың алғашқы тоқсанында ТМД экономикасының орташа өсімі 4,65 пайызды құрады. Бұл өткен жылдың аталған кезеңімен салыстырғанда, біршама төмен болып тұр.
Сарапшы мамандар хабарлағандай, ТМД елдерінің ішінде Ресей экономикасы 4,1-ден 4,9 пайызға ұлғайса, Украина, Беларусь және Өзбекстанда 6,9-дан 3 пайызға дейінгі экономикалық тежелу байқалады. Қырғызстанда бұл көрсеткіш минус 6,8 пайызға дейін күрт құлдырап кетті. Ал Қазақстаның экономикалық өсімі 7,5-тен 5,6 пайызға дейін баяулаған. Экономикалық даму және сауда министрлігі Экономикалық зерттеулер институтының сарапшылары да осы бір мәліметті растады. Шынымен де, өткен жылы еліміздің экономикалық өсімі 7,5 пайыздың шамасында болды. Биыл бұл көрсеткіш 5,6 пайызға төмендеді. Бірақ одан қорқатын ештеңе жоқ.

Работа состоит из  1 файл

Экономикалық өсім ойдағыдай емес.doc

— 27.00 Кб (Скачать документ)

Сара АЛПЫСБАЕВА, _Экономикалық зерттеулер институты Макроэкономикалық талдау және болжау орталығының директоры:

– Былтыр Қазақстанның экономикалық өсімі 7,5 пайызды құраған. Бірақ ол кезде мұнай бағасының көрсеткіштері жоғары болды. Оған қоса, бұл дағдарыстан кейінгі кезең болғандықтан, мемлекет тарапынан біраз көмек көрсетілді. Биыл болса, наурыз айынан бастап мұнайдың бағасы арзандады. Сондай-ақ бізде тау-кен саласының дамуы тежеле бастады. Дегенмен өңдеу саласында өсім бар. Еуразия даму банкі және біздің болжаған 5,6 пайыздық экономикалық өсімнің ешбір қаупі жоқ. Байқап қарасақ, Ресейдің экономикасы 4,1-ден 4,9 пайызға өсті. Бірақ жылдың соңында олардың бұл көрсеткіші төмендейді деген болжам бар. Бізде болса, 5,6 пайызды құрайтын экономикалық өсім нақты әрі тұрақты көрсеткіш болып қала бермек._

Экономистердің  айтуынша, Қазақстанның тау-кен саласының тежелуіне сыртқы фактор, яғни Еуропа мен Қытай елдері тарапынан сұраныстың төмендеуі себеп болған. Ал отандық экономиканың өңдеу салаларында нақты өсім байқалады. «Бұл – Үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарламаның нәтижесі», – дейді мамандар. Дей тұрғанмен, Экономикалық зерттеулер институтының мәліметі бойынша елімізде инвестициялық өсім тежеліп, 4,7 пайызды құрап отыр. Оның ішінде тікелей шетел инвестицияларының көлемі азайып жатыр.

Кедендік  одақ аясында Беларусь экономикасының 3 пайызға дейін тежелуі бізге айтарлықтай әсер етпеуі тиіс. Ал көрші Ресей мемлекетінің жағдайы қиындаса, Қазақстан біраз қиналып қалуы әбден мүмкін. Себебі ол елдің отандық импорттағы үлесі 40 пайызды құрап отыр.

Автор: Арман АСҚАР, Астана

Информация о работе Экономикалық өсім ойдағыдай емес