Экономикалық өсу және АД еңбекпен қамту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2012 в 20:54, реферат

Описание

Экономикалық өсудің мән-мағынасын, негізгі факторларын және модельдерін қарастыру арқылы экономиканың ұзақ мерзімдік дамуының негізгі мәселелеріне басты назар салу керек.

Содержание

Негізгі бөлім.
1. Экономикалық өсу түрлері және себептері.
2. Экономикалық өсудің типтері мен факторлары.

Работа состоит из  1 файл

экономикалык осу Жолсеит Акерке.docx

— 36.96 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

               әл-Фараби Қазақ Ұлттық Университеті

 

 

Факультет:  Халықаралық қатынастар

                           Кафедра: Әлемдік экономика

       

   Реферат

Тақырыбы:      Экономикалық өсу және АД еңбекпен қамту

                 

 

                                                                              

                                                 

 

                                                  Қабылдаған:Мырзабеков М.С

                                                  Орындаған :Жолсеит А.Н

 

                            

 

 

 

 

Алматы    2012 жыл

    Экономикалық өсу және АД еңбекпен қамту

                 

Жоспар:

 

Кіріспе.

Экономикалық өсу және АД еңбекпен қамту

 

Негізгі бөлім.

  1. Экономикалық өсу түрлері және себептері.
  2. Экономикалық өсудің типтері мен факторлары.

 

 

Қорытынды

Экономикалық  өсудің мән-мағынасын, негізгі факторларын  және модельдерін қарастыру арқылы экономиканың ұзақ мерзімдік дамуының негізгі мәселелеріне басты назар  салу керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Экономикалық  теорияда мағызды сұрақтардың бірі ол экономикалық өсу. Экономикалық өсу  дегеніміз ұлттық өнімнің сан  жағынан өсуімен қатар сапа жағынан  жетілдірілуі. Экономикалық өсу деп  өндіргіш күштердің ұзақ мерзімді дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің  табиғи дәрежесінің ұзақ мерзімдегі өзгерістерін атайды.

Экономикалық өсудің негізгі мақсаттары – халықтың әл-ауқатын көтеру және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Экономикалық өсудің негізгі мақсаты  материалдық әл-ауқаттың жоғарлауы  болып табылады, осының құрамына кіретіндер:

  • Орта есеппен бір адамға келетін ұлттық табыстың өсуі. бұл мақсатқа жетуді ұлттық табыстың жан басына шаққанда келетін өсу шапшандығы көрсетеді.
  • Бос уақыттың көбеюі. Бұл елдің нақты жалпы ұлттық өнім немесе ұлттық табыс көрсеткіштерінде орын алмаған. Сондықтан, осы мақсатқа жету дәрежесін бағалағанда, байқалып отырған мерзімде жұмыс аптасы мен жұмыс жылы қысқарғанына, жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек әрекеттерінің жалпы ұзақтығына назар аудары керек.
  • Ұлттық табыстың халықтың әр топтараның арасында бөлінуін жақсарту.
  • Шығарылған тауарлар мен қызметтердің сапасын жақсартып, түрлерін көбейту.

Экономикалық өсудің өлшеу тәсілдерін екі топқа бөлуге болады:

  1. Нақты жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) өсуі. Бұл әдіс экономикалық мүмкіншілігінің молаю шапшандығын бағалау үшін қолданылады.
  2. Жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) бір адамға шаққандағы өсуі. Халықтың әл-ауқатының дамуын талдағанда, немесе елдер мен аймақтардағы тұрмыс дәрежесін салыстырғанда қолданылады.

Экономикалық өсудің типтері


Қоғамдық өндірістің типіне байланысты, өнімнің өсу шапшандығы мен өндіріс  факторлары көлемі өзгерістерінің арасындағы сәйкестік әр түрлі болуы мүмкін, сондықтан экономикалық өсу де бірнеше  типке бөлінеді.


 

Интенсивті


Экстенсивті


Аралас



 

 

 

 

  1. Интенсивті типі - техника мен технологияның жетілдірілуі арқылы ұлттық өнімнің өсуі. Тиімді экономика экономикалық өсудің интенсивті типін қолдануға тырысады. Экономикалық өсудің интенсивтік факторлары:
  • қолданылатын ресурстар сапасының өсуі (жұмыс күшінің сапасын өсіру және заттық капиталдың сапасын жақсарту);
  • ресурстарды пайдалану әдістерін жақсарту (технологияны жетілдіру, өндірісті және өткізуді ұйымдастыру мен басқаруды жетілдіру).
  1. Экстенсивті типі – қосымша өндіріс факторларын тарту арқылы ұлттық өнімінің өсуі. Экономикалық өсудің экстенсивтік факторлары:
  • жұмыс күшінің санының өсуі;
  • капиталдың көлемі өсуі.
  1. Аралас типі - факторлардың өсуімен қатар техникамен технологияның жетілдірілуі арқылы ұлттық өнімнің өсуі.

 

Экономикалық  теорияда экономикалық өсудің сапасы деген ұғым әлеуметтік бағытталуының  күшеюімен байланыстырылады, оның сипаттайтын  келесі көрсеткіштер:

  1. халықтың материалдық әл-ауқатының жақсаруы;
  2. адамның бос уақытының көбеюі;
  3. әлеуметтік инфрақұрылым салаларының даму дәрежесінің жоғарылауы;
  4. адам капиталына инвестицияны өсіру;
  5. адамдардың еңбек және өмір жағдайларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
  6. жұмыссыздар мен жұмысқа қабілеті жоқтарды әлеуметтік қорғау;
  7. еңбек нарығында ұсыныс көлемінің өсуі жағдайында жұмыспен толық қамтуды қолдау.

 

Экономикалық  өсудің факторлары дегеніміз өндірістің нақты көлемін және оның тиімділігі мен сапасын арттыратын құбылыстар ықпалына мен процестер. Тигізетін ықпалына қарай экономикалық өсудің факторлары жанама және тікелей факторларға бөлінеді.

Экономикалық өсудің факторлары:

Тікелей факторлар:

Жанама факторлар:

-Еңбек ресурстарының саны мен  сапасының өсуі.

  • Негізгі капитал көлемінің өсуі және сапалық құрамының жақсаруы.
  • Өндірісті ұйымдастырумен қатар технологияның жетілдірілуі.
  • Пайдаланатын табиғи ресурстардың саны мен сапалылығының артуы.
  • Қоғамдағы кәсіпкерлік қабілетінің өсуі.
  • Сұраныс факторлары – тұтыну, инвестициялық, мемлекеттік шығындардың өсуі.
  • Ұсыныс факторлары – бәсекенің дамуы, ресурстардың бағасының төмендеуі, несие алу мүмкіншілігінің өсуі.
  • Бөлу факторлары – қоғамдағы барлық ресурстарды тиімді пайдалану.

 

Қазақстан үшін экономикалық өсудің тиімділігі мен  сапасы маңызды мәселе. Ұзақ мерзім бойы еліміздің экономикалық дамуының нәтижесі жалпы қоғамдық өнімнің сан жағынан өсу қарқындылығы арқылы бағаланып отырды. Кәсіпорындардың болуы мен дамуы іс жүзінде олардың өздерінің өнімдерін сатудан түскен табыстар есебінен шығындарын өтеу қабілетімен байланысты болмады. Бұл жағдай кәсіпорындардың іс-әрекеттерінің тиімділігіне тәуелсіз, қаржыландырудың тыс көзі және еңбек пен капиталдың шекті өнімділігімен байланыстырылған табыстарды бөлу жүйесінің болуымен дәлелденеді. Қазақстан республикасының жүргізіп отырған экономикалық саясатының негізгі мақсаты – шет ел инвестициясының және ішкі жинақтың жоғары дейгейіндегі экономикалық ашықтығы негізінде экономикалық өсуге жету. Дамыған елдердегі экономикалық өсудің стандартты деңгейі негізінен орта есеппен жылына 2 4,5 пайызды құрайды. Экономикалық өсуге басқа да бір мақсат – жұмыспен толық қамтамасыз ету қабыса алады. (Жұмыссыздық деңгейінің 2-3 %-дық көрсеткіші қолайлы деп саналады. Іс жүзіндегі көрсеткіш басқаша: 3,5-8,5 %). Баға деңгейінің тұрақтылығы мен ұлттық валютаның орнықтылығы мақсатына мынадай жағдайда жеттік деуге болады, егер инфляция деңгейі жылына 1-2 %-ды құрайтын болса. (Іс жүзінде әдетте ол 5-10 %-ға жетеді).

Қазақстан экономикасының өсу динамикасы. Еліміздің экономикасының қазіргі кезеңде тұрақты ұзақ мерзімдік өсуді қамтамасыз ету мәселесі Стратегиялық басымдықтардың маңыздысы болып табылады. Бұл мәселені қарастыру үшін, ең алдымен ағымдық жағдайды дұрыс бағалау қажет. Қазақстан 90-шы жылдардың басынан экономикалық өсудің дағдарысы мен экономикада құрылымдық ілгерілеушілікті бастан өткерді. Отандық экономиканың реформалану үрдісінің өтуіне айтарлықтай ықпал көрсеткен дағдарыстың басқа түрлері бойынша да мәліметтер келтірілуде.  Экономикалық өсудің дағдарысы деп әлемдік практикада ІЖӨ-нің жалғасқан үш жыл бойында 9 %-ға төмендеуі алынады.

Кейінгі жылдары  еңбек рыногындағы жұмыссыздықтың жалпы деңгейінің төмендегені, жұмыс  күшінің секторлар мен экономика  салаларында  мемлекеттік емес секторлар  пайдасына қайта бөлужалғасын тауып  келе жатқаны, өз бетімен жұмыспен қамтылған  халық санының өсуі, сонымен қатар  жалданып жұмыс істейтіндер санының  азаюы  байқалады.

Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы»  Заңының қабылдануына байланысты, басқа  жылдарға қарағанда, 2002 жылы жұмыспен қамту жөніндегі  уәкілетті органдарда тіркелген жұмыссыз азаматтардың саны әжептеуір көбейді. Уәкілетті органдарға қатынасқандардың саны  1996-1997 жылдардағы деңгейге жақындайды, ол кезде жұмыспен қамту қызметіне 45 %, яғни  41 мың  жұмыссыз азамат қатынасқан.

2002 жылдың 1-ші  жартыжылдығында 31020 адам жұмыссыздар   ретінде тіркелген, бұл былтырғы  жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда  2,5 есеге көбейгенін көрсетеді.

  2002 жылдың 1-ші қыркүйегіне жұмыссыздық деңгейі 2,0%-дан          2,8 %-ға өсті.

Еңбек рыногында жұмыс күшіне сұраныс  пен ұсыныстың квалификациялық-кәсіби құрылымдарының сәйкессіздігі орын алған Жоғары  кәсіби  жұмыс  күші, әсіресе  жоғары білімді мамандар,  білікті жұмысшы кадрлар кеткендіктен лайықты дайындығы жоқ адамдардың саны артады. Сонымен қатар инженерлік кадрларға,  көпшілік кәсібінің жоғары білікті жұмысшыларына тұрақты  сұраныс қалыптасады. Сондай ақ, юрист, экономист, мұғалім, мектеп жасына дейінгі  балалар  тәрбиешісі сияқты жекелеген  мамандықтар бойынша жоғары және орта кәсіби мамандық иелерінен құралған жұмыссыздардың потенциалы қажет болмай қалуда.

2002 жылдың 1-ші шілдесінен  есепте  тұрған жұмыссыздардың ішінде 1170 адам (4,7%) - жоғары білімді, 14619 (59,2%) - орта білімді, 4016 адам (16,3%)  - орта  кәсіби білімді.

әлі де болса, ауылдық елді мекендерде жұмыспен қамту проблемасын шешу қалаға қарағанда қиындық келтіреді. 2002 жылдың 1-ші тоқсанында, орта есеппен  алғанда, облыс бойынша әрбір  бесінші жұмыссыз азамат жұмыспен қамтылса,  ауыл тұрғандарының арасынан әрбір  жетіншісі қамтылады.

Біліктілік талаптарының жоғарылауына байланысты, кәсібі және мамандығы  бойынша жұмыс тәжірибесі жоқ  жастардың жұмысқа орналасу мүмкіншілігі төмендейді. 2001 жылы жастардың арасынан әрбір төртінші  жұмысқа орналасса, 2002 жылы әрбір алтыншы  ғана орналасатын  болады.

Жұмыс орындары жетіспеген жағдайда, еңбек рыногындағы бәсекеге қабілеті төмен  мүгедектердің проблемасы қиындай түседі. Жұмыспен қамту жөніндегі  уәкілетті органдарда тіркелген  мүгедектердің саны аз болғанмен, 2001 жылғы  15 адамнан 2002 жылдың алты айында 43 адамға дейін көбею тенденциясы  байқалады.

Шағын қалаларда  және ауылдық жерлерде әсіресе әйелдерді  жұмыспен қамту проблемасы күн тәртібінен түспей тұр. 2002 жылдың алты айы аралығында жұмыспен қамту мәселесі бойынша  уәкілетті органдарға өтініш жасаған  әйелдердің жалпы санының -56,3% ауылдық  жерлердің тұрғындары. Жұмыссыз әйел, жанұя мүшелерін күтумен қатар  қосымша табыс көздерін іздеуге  мәжбүр болады.

Зейнеткерлік  жасқа таяп қалған адамдарды, әсіресе  әйелдерді, жұмысқа қабылдау кезінде  жасы және жынысына байланысты кемсіту  мәселенің шешілуін қиындата түседі. Зейнеткерлік жасқа таяп қалғандар, еңбек рыногында мүмкіншіліктері  төмен болғандықтан, жұмыспен қамтуға  уәкілетті органдарда тіркелуден бас  тартады. Мәселен, халықтың осы санатынан, 2002 жылдың 1-ші жартыжылдығында жұмысқа  орналасуға көмектесу жөнінде 152-ғана адам, оның ішінде 88 әйел өтініш жасады.

Жұмысқа тұру,  дұрыс табыс табу мүмкіндігі болмағандықтан ер адамдардың отбасындағы асыраушы ретіндегі  статусы төмендейді. Дұрыс жұмыс  табысы жоқ және бұрынғы әлеуметтік статусқа сай келмейтін жұмыстан, ер адамдардың көбісі бас тартады. Нәтижесінде  жұмыссыздар құрамында маргинализация жүреді, уәкілетті органдарда көбінесе жұмыспен қамту мәселелері жөнінде  тек мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алу үшін тіркелетін бәсекеге жарамсыз азаматтардың үлесі көбейе түседі.

Еңбек рыногына әсер ететін проблемалардың бірі ТМД қатысушы-мемлекеттерінен келетін жасырын еңбек көші-қоны. Қазақстандық кәсіпкерлердің көбісі, шетелдік жұмыс күшінің арзандығына байланысты, біліктілігі төмен, жасырын еңбек босқындарын жалдайды. Бұл  бейресми секторлардың және заңсыз жалдаудың кеңеюіне соқтыратын әділетсіз бәсеке тудырып, жергілікті халықтың  жұмыспен қамтылуына әсер етеді.


Информация о работе Экономикалық өсу және АД еңбекпен қамту