Экономикалық өсу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Октября 2013 в 16:30, реферат

Описание

Экономикалық теорияда мағызды сұрақтардың бірі ол экономикалық өсу. Экономикалық өсу дегеніміз ұлттық өнімнің сан жағынан өсуімен қатар сапа жағынан жетілдірілуі. Экономикалық өсу деп өндіргіш күштердің ұзақ мерзімді дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің табиғи дәрежесінің ұзақ мерзімдегі өзгерістерін атайды.
Экономикалық өсудің негізгі мақсаттары – халықтың әл-ауқатын көтеру және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Экономикалық өсудің негізгі мақсаты материалдық әл-ауқаттың жоғарлауы болып табылады, осының құрамына кіретіндер:

Содержание

І. Кіріспе
1. Экономикалық өсу
ІІ. Негізгі бөлім
1.Экономикалық өсудің негізгі типтері мен факторлары
2. Қазақстан үшін экономикалық өсудің тиімділігі
3.Қазақстан 2020. Экономикалық өрлеу
ІІІ. Қорытынды
1.Экономиканың сапалық құрылымы

Работа состоит из  1 файл

ргр экономика.docx

— 50.25 Кб (Скачать документ)

Тұжырымдамада интеграциялық процесті дамытудың  мынандай қағидалары қаралған: кеден  кедергілерін жоюуы, салық, акциз алымын төмендету, отандық тауар өндірушілерді  қорғау шараларын жасау. Осы процестерге  – “микродеңгейдегі интеграция”  деген айдар тағылды.

Шаруашылық  субьектісінің әр түрлі осы аталған  негізінде “микродеңгейдегі интеграцияны”  жүзеге асы-рады. Бұл Ресей мен  Қазақстан жобасында тәп-тәуір  ескерілмек. Біріккен кәсіпорындар мен  қаржы — өнеркәсіп топтары  құрылып, керек жобаларды мұнай  өндіру және газ салаларында, көмір  өндіру, машина құрылысында өткеру жүзеге асырылуды.

Қазақстанның  егемен ел ретінде БҰҰ – ны және басқа да көптеген халықаралық ұйымдарға  мүше болуы, ел экономикасын халықаралық  сауда қарым-қатынасына интеграциялауға  обьективті жағдайлар жасады.

Қазақстанның  жағдайын талдап қарасақ, онда біз мынадай  оңды құбылыстарды байқар едік:

1. Теңге  тұрақтылығының нығаюы. Егер 1995 жылы  теңге доллармен салыстырғанда  28,8% төмендеген болса, 1996 жылы 4,5% ғана  төмендеді.

2. Инфляция  деңгейінің төмендеуіне байланысты  ұлттық банктің қайта құру  ставкасы егер 1995 жылдың ортасында  жылдық 75% болса, сол жылдың аяғында  52,5% ал 1996 жылда 30% болды.

3. Өндірістің  құлдырауы тежеліп, макроэкономика-лық  ахуал барынша түрақтанып, келешегіне  болжам жасайтындай күйге жете  бастады. Ішкі жалпы өнім 1996 жылдың  бірінші жарты жылында 1995 жылғы  сол кезеңмен салыстырғанда 100,1%, соның ішінде өнеркәсіп өнімі  100,2% болды. Соңғы жеті жылдың  ішінде тұңғыш рет Қазақстанда  өндірістің құлдырауы тоқтатылып, біршама экономикалық өсуге қол  жеткізілді.

4. Экспорт  өнімдері тұрақты түрде ұлғаюда,  егер 1995 жылы оның өсімі 154,5% болса,  кейінгі жылдары да едәуір  өседі деп күтілуде.

Солардың  ішінде:

-    Облыстардың лицензиялар беру құқығын жойып, сыртқы экономикалық байланыстар министрлігінен мемлекеттік сыртқы сауда компанияларын бөліп, олардан монополиялық сауда жасау құқығын алу қажет;

-    Барлық лицензиялар мен үлестерді аукциондарда сатуды заңдастыру керек. Мұның өзі пайданың  бір бөлігін мемлекет қазынасына алуға, меншіктік әртүрлі нысандағы кез келген кәсіпорынның лицензиялар мен квоталарға ашық және бәсекелестік түрде қол жеткізуіне мүмкіндік береді.

Экспорттық  салалар мен өндірістің дамуын жетілдіре  беру мен ынталандыру мақсатында экспорттың салық салу жүйесінде  тұрақты түрде талдаулар жасап, қажет болған жағдайда оларға өзгерістер енгізу бүгінгі – күннің талабы. Қазақстанның сыртқы экономикалық байланыстар  саласындағы орнын тұрақтандырып, рөлін мейілінше арттыру бағыттарында  қолға алатын жұмыстар жеткілікті. Бұл жұмыстардың негізгілерінің ішінде аяқталған кешен құрып, экспорттағы шикізат бағытын жеңу үшін сыртқы экономикалық байланыстар саласын, республика экономикасын құрылымдық қайта құру бағдарламасына сәйкестіндіре білу қажет. Бұл ретте дайын өнім өндіретін аяқталған техникалық кешендер құрып, өндіру салаларын экстенсивті дамудан интенсивті дамуға көшіріп, дүниежүзілік деңгейдегі жаңа технологияларды пайдалануды мақсат тұту керек.

Аталған салалар мен өндірістерді шұғыл  дамыту мемлекеттердің экспорттық әлеуетін ұлғайтып қана қоймай, жұмыспен толық  қамту мәселесіне де қолайлы жағдай жасайды. Егер республикадағы жұмысшы  күшінің салыстырмалы  арзандығы мен қолда бар шикізатты, мысалы, өндірістік қалдықтарды жеңіл және тез іске асыруға болатындығын ескерсек, олардың экономикалық тиімділік деңгейі жоғары екендігі түсінікті. Қазақстанның халықаралық саудадағы рөлін күшейту үшін, оған тән ерекшеліктерді байқап бағдарлау қажет. Қазақстанның ерекшелігі оның дамыған, сондай-ақ дамушы елдер қатарында бірдей болуы.

Қазақстанды дамыған елдер қатарына қосатын  факторларға халқының жаппай сауаттылығы, ғылыми-зерттеу мекемелерінің кең жүйесі – ғарыштық зерттеулерге қатысу мүмкіндіктері жатады.

Экономиканың  шикізаттық бағыты, шетел инвестициялары мен жаңа технологияларға деген  қажеттілік, инфрақұрылымның төмен  дәрежесі, Республиканың дамушы ел екендігінің дәлелдері. Ал, дамушы елдердің өз экспортына қолайлы база жасау  бағытындағы іс-қимылдары көптеген кедергілерге кездесетіні белгілі.

1997 жылдың  басында Мәскеуде интеграциялық  комитетте Белорусьтің, Қазақстанның, Қырғызстанның және Ресей Федерациясының  сарапшы топтарының бүкілдүниежүзілік  сауда ұйымына кіру мәслесі  жөнінде жұмыс басындағы кеңес  болып өтті. Егер экономикалық  құбыластарды зерттейтін ғылымдардың  жиынтығын алып қарастырсақ, олар  бір зәулім дарақтың тамырынан  тарап өскен желектері тәрізді  болып көрінер еді.

Халықаралық экономикалық қатынастар теориясы да өз бастауын экономикалық теориядан  алады. Халықаралық экономикалық қатынастардың  мәні, осы қатынастарды жүзеге асыру  тетіктерін талдап оқытады.

Халықаралық экономикалық қатынастар жекеленген елдердің салалық аймақтық шаруашылығының субьектілері.

Халықаралық экономикалық қатынастың қалыптасып орнығуы, оны өз заңдары, қызмет нысандары, ішкі тетіктері  бар дербес құбылысқа айналдырады.

Халықаралық экономикалық деңгейде оны жекелеген  елдер мен аймақтардың халықаралық  экономикалық белсенділігі мен шетелге  шығуға ұмтылыстары айғақтайды. Макроэкономикалық  деңгейде мұны фирмалар мен кәсіпорындардың  күші нарықтың шеңберінен шығып, әлемдік  нарықтың кеңістіктеріне ұмтылыстары  байқалады. Халықаралық экономикалық қатынастың дәстүрлі және ең кең дамыған  нысанына сыртқы сауда жатады.

Қазақстанда кәсіпкерлік басым мөлшерде халықаралық  экономикалық қатынас негізінде  дамуда. Кәсіпкерлік қызметтің орын алар жері ең алдымен кәсіпорын, оның қатарында шет ел кәсіпорындарымен біріккен түрлері. Экономикалық категория ретінде ол өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастарды ұйымдастырудың негізгі буыны. Құқықтық тұрғыдан кәсіпорын заңдылық құқықтары бар дара шаруашылық суьектісі, өзіне бекітіліп берген мүліктерді пайдалана отырып, өнімдерді өндіреді, жұмыстар атқарады, әр түрлі қызмет түрлерін көрсетеді.

Дүниежүзілік  тәжірибе негізінде кәсіпорындардың  әр қилы ұйымдық және құқықтық формалары  пайдаланылады, оны елдің ұлттық заң шығарушы органдары анықтайды. Оларға әрдайым заңды мәртебе  беріледі, осыған сай мүліктері болады, міндеттемеге сәйкес оған жауапкершілігі болады. Сөйтіп кәсіпорындар азаматтық  процесте, сотта, шаруашылық сотында  және аралық сотта да өз мүдделерін қорғайды.

Қазақстанда қолданып жүрген заңдарға сәйкес кәсіпорындардың  мынадай ұйымдық – құқықтық формалары  бар:

-   мемлекеттік кәсіпорын;

-   толық жауапкершілікті серіктестік (толық серіктестік), аралас жауапкершілікті (араласа серіктестік), шектеулі жауапкершілікті (шектеулі серіктестік);

-   акционерлік қоғам;

-   ашық және жабық типтері.

Орын алып келген мынадай түсініктер: шағын кәсіпорын, бірлескен кәсіпорын, “кооператив”, бұлар шын мәнінде кәсіпорынның заңды мәртебесін бейнелейді, оның экономикалық мазмұнының кейбір жақтарын ғана түсіндіреді. Мысалы, шағын кәсіпорын  атауы мұнда жұмыс істейтіндердің санына қарай берілген анықтама. Бүкіл  әлемде оның ішінде, біздің елде де кіші бизнесті мемлекеттік қолдау бағдарламасы бар. Шағын кәсіпорындар үшін жеңілдіктер  берілген, бірінші жылы салықтың толық  мөлшерінің төрттен бірін, екінші жылы жартысын төлейді. Дүниежүзілік экономикалық байланыстағы Қазақстанның орны ерекше. Неге десеңіз, ұлтаралық өзара тығыз  қарым – қатынастар, әсіресе экономика  саласында кең қанат жаюда. Соңғы  қырық жылда дүниежүзі мемлекеттерінің халықаралық саудасы олардың жиынтық өнімімен салыстырғанда 7,5 есе өскен, ал 2000 – жыл басында дүниежүзінде өндірілген өнімнің 30 пайызы халықаралық саудаға түсетін болады.

Қазақстан 2020 жылы      

 Қазақстан 2020 жылы  әлемдік дағдарыстан біршама  қуатты және бәсекеге қабілетті,  экономикасы әртараптандырылған  және халқы белсенді түрде  жаңа экономикаға тартыла отырып  шыныққан елге айналады. 
      2020 жылға қарай Қазақстан ел экономикасының шикізат емес секторына елеулі шетелдік инвестиция тартуға мүмкіндік беретін қолайлы іскерлік ахуал қалыптасқан әлемнің бәсекеге барынша қабілетті елу елінің қатарында болады. Экономика келесі экономикалық дағдарыстарға жақсырақ дайын болады. Қазақстан шектес елдермен және басқа да мемлекеттермен өзінің саяси және экономикалық байланыстарын нығайтады. 
      2020 жылға қарай ел әртараптандырылған экономиканы дамыту үшін қажетті адами ресурстарға, сондай-ақ отандық кәсіпкерлер мен экспорттаушыларға қызмет көрсету үшін қажетті инфрақұрылымға ие болады. Көлік инфрақұрылымы мен телекоммуникацияны қарқынды дамыту арқылы өзге әлеммен үзіліссіз байланыс қамтамасыз етіледі. Қазақстанның өңдеуші өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы мен қызмет көрсету саласы тау-кен өнеркәсібімен қатар лайықты орын алады. леуметтік салада және қоршаған ортаны қорғау саласында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізіледі. 
      2020 жылға қарай Қазақстан экономикасы нақты мәнде алғанда 2009 жылғы деңгейінің1 үштен бірінен жоғары өседі. Экономиканы әртараптандыру жоспарларын табысты іске асыру есебінен экономиканың қайта өңдеу салаларының өсу көрсеткіштері 2020 жылға қарай өндіруші салалардың өсу көрсеткіштерінен жоғары немесе оларға тең болады. 
      Ойластырылған макроэкономикалық саясат жүргізу нәтижесінде 2020 жылға қарай алтын-валюта резервтерінің деңгейі (Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін қоспағанда) үш айлық импорттан немесе (қандай көрсеткіштің жоғары болатынына қарай) елдің мемлекеттік және корпоративтік секторларының қысқа мерзімді (1 жылға дейін) сыртқы борышынан төмен болмайды. Ұлттық қордың активтері ІЖӨ-нің кемінде 30 %-ын құрайды. Осы кезеңде инфляция орташа алғанда жылына 5-8 % деңгейінде сақталып тұрады. Айырбас бағам саясаты қазақстандық экономиканың ішкі және сыртқы бәсекеге қабілеттілігінің теңгерімін қамтамасыз етеді. 
      2020 жылға қарай табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі 8 %-ға төмендейді Халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдері, мүмкіндігі шектеулі адамдар, әйелдер, балалар мен жастар өздерінің барынша қорғалғанын сезінеді және өздерінің қоғамдағы мүмкіндіктерін кеңейте алады. Бала-бақшадан университетке дейін сапалы білім беру бүкіл ел бойынша қолжетімді болады, халық денсаулығының жағдайы айтарлықтай жақсарады. Денсаулық сақтау қызметтері әлемнің үздік стандарттарына сай болады. Қазақстандықтар барынша саламатты өмір салтын ұстанып, темекі шегетіндер мен алкогольді асыра пайдаланатындар саны азаяды. Қоғамның тыныс-тіршілігінің барлық салаларында мемлекеттік тілді қолдану дәйекті және кезең-кезеңімен кеңейеді. ртүрлі этностық топтар мен діни конфессия өкілдері ішкі тұрақтылық, қауіпсіздік, бейбітшілік пен келісім жағдайында өмір сүруін жалғастыратын болады.

 

 

Түйін

Экономиканың салалық құрылымы – бұл қоғамдық еңбек бөлінісі жүйесіндегі өндірістің жағдайымен сипатталатын, сапалы түрде шаруашылық жүргізуші бірліктердің бірыңғай топтарының жиынтығы. Өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, сауда, көлік, салааралық байланыстарды жасаудың базалық салалары болып саналады.

Әлемдік нарық – ұлттық нарықтың, мемлекеттер  арасындағы шекаралардың, сыртқы экономикалық қызметтердің, әлемдік бағалардың ықпал  ететіндігімен ерекшеленеді. Әлемдік  нарық пен сыртқы сауда тығыз  байланысты.

Халықаралық валюта – несиелік қатынастар дербестікке  ие бола отырып, экономика мен саясаттың  дамуына ықпалын тигізеді және сонымен  бір мезгілде олар бөлу, айырбастау, тұтыну салаларына жатады. Халықаралық  валюта түріндегі барлық операциялар  валюта бағамы негізінде жүзеге асырылады.

Экономикалық  және басқа сипаттағы себептермен  туындаған, еңбекке қабілетті халықтың бір елден екінші елге бір жылдан аса мерзімге қоныстану процесі  жұмыс күштері көші – қоны болып  табылады. Жұмыс күштерін орналастыру (МОТ) халықаралық көші-қоны жөніндегі  ұйыммен реттеледі.

ҒТР –  дың дамуымен байланысты әрбір мемлекет өнімдерді әлемдік өндіріс нарығына шығару мен бәсекелестікте озып шығу үшін жаңа технологияларды жасауға  тырысады. Әрбір ел технологияны ұлттық шеңберде ұстап тұруға ұмтылады.

Тауарлардың, капиталдардың, жұмыс күштерінің әлемдік нарығымен  қатар әлемдік шаруашылықтың  бір бөлігі болып саналатын қызмет көрсетудің әлемдік нарығы өмір сүреді. Тауарлардан қызметтердің өзгешілігі — өндіріле отырып бірден сатылумен  байланысты, сондай-ақ сауда саласына қарағанда мемлекет арқылы көбірек  қорғалған. Түйінді бағыт: экономиканы әртараптандыруды жеделдету      

 Стратегиялық жоспар-2020-ны  іске асыру кезеңінде үдемелі  индустрияландыру жолымен экономиканы  әртараптандыру жеделдетіледі. 
      Экономиканың өнімділігін кешенді арттыруға бағытталған елді индустрияландыру келесі бағыттар бойынша іске асырылатын болады: 
      шикізат өндірістерінің кейіннен барынша жоғары қайта бөлістерге өтуімен, дәстүрлі салаларды: мұнай-газ секторын, тау-кен-металлургия кешенін, атом және химиялық өнеркәсіпті дамыту; 
      жер қойнауын пайдаланушылардың, ұлттық компаниялар мен мемлекеттің сұранысына негізделген секторларды: мәшине жасауды, құрылыс индустриясын, қорғаныс өнеркәсібін, фармацевтиканы дамыту; 
      шикізат секторына байланысты емес және көп жағдайда экспортқа бағытталған өндірістерді: агроөнеркәсіптік кешенді, жеңіл өнеркәсіпті, туризмді дамыту; 
      әлемдік экономикада кейінгі 15-20 жылда басым рөл атқаратын "болашақ экономика" секторларын: ақпараттық және коммуникациялық технологияларды, биотехнологияларды, баламалы энергетиканы дамыту. 
      Қазақстанды индустрияландыру қолайлы экономикалық ортаны қалыптастырумен және табысты иңдустрияландыру қағидаттарын сақтаумен бірге жүреді.

Қолайлы экономикалық орта қалыптастыру     

 Қолайлы экономикалық  ортаға ұтымды макроэкономикалық  саясатпен, тиімсіз жобаларға  қарсы іс-қимыл жүйесін құрумен,  ұлттық инновациялық жүйені қалыптастырумен,  оның ішінде ғылыми зерттеулер  мен тәжірибелік-конструкторлық  жобалар (ҒЗТКЖ) жүйесін жетілдірумен  қолдау жасалады.

Экономиканы әртараптандыруды қолдау үшін макроэкономикалық 
басқару     

 Қазақстан шикізат  ресурстарын ірі экспорттаушы  ретінде шикізатты экспорттаудан  түсетін қаржыны пайдалану мен  экономиканың барлық салаларында  дамуға ықпал ететін макроэкономикалық  жағдайларды жасау арасыңдағы  теңгерімді қамтамасыз етеді. 
      Табиғи ресурстардан түскен пайданы тез жұмсау валютаның айырбас бағамын жоғарылатады және "экономиканың саудаласпайтын салаларын" (қаржы секторы, жылжымайтын мүлікпен операциялар және қызмет көрсету саласы) дамытуға жетелейді. Қазақстанда валюталық бағамды бақылаудың жоғалуынан өз кезінде жанданған агроөнеркәсіптік кешеннің және өңдеуші өнеркәсіптің іс жүзінде жоғалуына тап болған ресурстарға бай басқа елдердің тәжірибесі ескеріледі. 
      Осыны ескере отырып оның сақтандырушы қызметінің күшейтілуімен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорын қолдану тұжырымдамасы жетілдірілетін болады Экономиканы әртараптандырудың стратегиялық мақсаттары

2020 жылға қарай

ІЖӨ құрылымындағы өңдеу  өнеркәсібінің үлесі кемінде 13%-ды құрайды

жалпы экспорт көлеміндегі  шикізаттық емес экспорттың үлесі кемінде 45%-ды құрайды

шикізаттық емес экспорттың көлемі өңдеу өнеркәсібінің жиынтық  өндірісінің кемінде 50%-ын құрайды

өңдеу өнеркәсібіндегі  еңбек өнімділігі кем дегенде 2 есеге  ұлғаяды

агроөнеркәсіптік кешендегі  еңбек өнімділігі кемінде 4 есеге  ұлғаяды

шикізаттық емес сектордың  өзіндік құнындағы көліктік шығыстардың  үлесі кемінде 15%-ға қысқарады

ІЖӨ энергия сыйымдылығы  кемінде 25%-ға азаяды

инновациялық белсенді кәсіпорындар үлесі 20%-ға дейін ұлғаяды

2015 жылға қарай

ІЖӨ құрылымындағы өңдеу  өнеркәсібінің үлесі кемінде 12,5%-ды құрайды

жалпы экспорт көлеміндегі  шикізаттық емес экспорттың үлесі кемінде 40%-ды құрайды

шикізаттық емес экспорттың көлемі өңдеу өнеркәсібінің жиынтық  өндірісінің кемінде 43%-ын құрайды

өңдеу өнеркәсібіндегі  еңбек өнімділігі кемінде 1,5 есеге  ұлғаяды

агроөнеркәсіптік кешендегі  еңбек өнімділігі кемінде 2 есеге ұлғаяды

шикізаттық емес сектордың  өзіндік құнындағы көліктік шығыстардың  үлесі кемінде 8%-ға қысқарады

ІЖӨ энергия сыйымдылығы  кемінде 10%-ға азаяды

инновациялық белсенді кәсіпорындар үлесі 10%-ға дейін ұлғаяды

Информация о работе Экономикалық өсу