Экономикалық өсудің түсінігі, оның өлшемі мен тұрпаты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2011 в 15:47, реферат

Описание

Экономикалық өсу қоғамдық өнімді сапалы және сандық көбейтуімен,сапалы жетілдіруімен және оның өндірістік факторымен көрінеді. Экономикалық өсу өзінің көрсетілімін нақты жалпы ұлттық өнімнің көбеюімен,елдің экономикалық күшінің нығаюынан табады. Экономикалық өсудің қарқыны нақты жалпы ұлттық өнімнің өсу қарқынының көрсеткішінің көмегімен сипатталады – бұл белгіді бір кезеңдегі уақыт ішінде нақтыЖалпы ұлттық өнімнің өсуіндегі пайызда көрсетліген.

Работа состоит из  1 файл

курсовой 121.docx

— 22.23 Кб (Скачать документ)

ЭКОНОМИКАЛЫҚ  ӨСУ

Экономикалық  өсудің түсінігі, оның өлшемі мен тұрпаты

Экономикалық  өсу қоғамдық өнімді сапалы және сандық көбейтуімен,сапалы жетілдіруімен  және оның өндірістік факторымен көрінеді. Экономикалық өсу өзінің көрсетілімін нақты жалпы ұлттық  өнімнің  көбеюімен,елдің экономикалық күшінің  нығаюынан табады. Экономикалық өсудің қарқыны нақты жалпы ұлттық өнімнің  өсу қарқынының көрсеткішінің көмегімен  сипатталады – бұл белгіді  бір кезеңдегі уақыт ішінде нақтыЖалпы ұлттық өнімнің өсуіндегі пайызда көрсетліген.

Экономикалық  өсудің бірнеше жағдайда пайда болады:

  1. Пайдаланбайтын ресурстар өндіріске бағытталғанда;
  2. Өндірістің сандық факторы көбейеді.
  3. Өндірістің бар факторлары жақсы технологияларды ашу мен пйдалануға немесе қызметкерлерді жақсы оқытуға орай, одан гөрі өнімді бола алады.

    Бірінші жағдай төменді келтірілген суретпен көрсетіледі.Экономика  ішкі нүкте К-ден шекарадағы өндірістік мүмкіндігі Н нүктесіне ауысады (19.1.-сурет)

                 В тауары 

                                                               Н 

                                                      .К

Атаулары 

      19.1.сурет.  Экономикалық өсу 
 
 
 
 

Екінші және үшінші жағдайда өндіріс мүмкіндігінің  шекарасы СД жағдайынан СД жағдайына  өзі жылжиды (19.2.-сурет)

       С’

        C 

 

                                      Д         Д’   А тауары

19.2.сурет.  Экономикалық өсу

Осыдан экономикалық өсуді екі түрге бөледі: экстенсивті  және қарқынды. Экономикалық өсудің экстенсивті  түрі – бұрынғы техникалық негізін  сақтауына орай өндіріс факторының сандық көбеюіне қол жеткізуі.Экономикалық  өсудің қарқынды түрі өнімдерді шығару көлемін көбейтуді қарастырады  және оған өндіріс факторын сапалы жетілдіру жолымен : еңбек құралдарының одан гөрі жетілдірілген түрін және еңбектің үнемді құралдарын қолдану және жұмыс күшінің мамандығын көтеру арқылы қол жеткізеді.

      Экономикалық өсудің факторы.Экономикалық өсудің жағымды   және кері жақтары.

Экономикалық  өсудің қарқыны мен сипатын келесі факторлар анықтайды:

  1. Табиғат ресурстары. Бай табиғат ремурстарына ие болу экономикалық өсу қарқынына кепілдеме бола алмайды.Оларды ұтымды және тиімді пайдалану маңызды.
  2. Еңбек ресурстары. экономикалық өсуге жұмыспен қамтамасыз етуду деңгейі, бідім сапасы және жұмысшылар күін кәсіптік шеберлікке дайындау, оларды ұтымды пайдалана білу, еңбек өнімділігінің деңгейі, денсаулық жағдайы және т.б. ықпал етеді.
  3. Негізгі капитал. экономикалық өсуге инвестицияның үнемі көбеюі,капиталдың жаңаруы және көбеюі,қордың қайтарылымының өсуі және қордың қарулануы маңызды.
  4. Ғылыми – техникалық үдеріс. Өнертапқыштық және жаңартпалық, оны өндіріске енгізу экономикалық өсудің маңызды факторы болады.
  5. Қоғамның жиынтық сұранысы.Жиынтықты сұраныстың жоғары деңгейі кәсіпкерлерді өндірістің көлемін көбейтуге ынталандырады.                 

    Экономикалық  өсудің факторларын үш топқа өлуге  болады: ұсыныс факторы (табиғат ресурстары,еңбек  ресурстары,негізгі капиталдың көлемі,технология); сұраныс факторы (жиынтықты шығындардың деңгейі) және бөлу факторы (ресурстарды тиімді пайдалану).

Экономиканың  үдемелі дамуына байланысты мыналар  өседі:

  1. Өндіріс көлімі мен қоғам байлығы;
  2. Елдің  әлемдегі беделі;
  3. Адамдардың материалдық қамтамасыз етілуі, олардың бос уақыты,білімі мен мәдениеті;
  4. Өндіріс механикаландырылады және автоматтандырылады, еңбек жағдайы жақсарады және т.б. Бірақ  экономикалық өсу тұтастай жағымды үдеріс ретінде бағаланғанымен,сонымен бірге, кемістіктен де айырылмаған.

    Экономикалық  өсудің факторының жалпы сипаттамасын төмендегі кестед көрсетеді (19.1.-кесте):

Факторлар 
Факторлардың  сандық көрсеткіші Толық пайдаланудың тәсілі мен тиімділікті көтеру Тиімді пайдаланудың көрсеткіші
Табиғи  ресурстар Әрбір нақта  түрдің көрсеткіші Ең толық  шығару,кешенді және терең қайта  өңдеу Өнімнің материалдық  сыйымдылығы
Еңбек ресурстары Еңбекке жарамды  жастағы тұрғындардың саны Білімнің өсуі,денсаулықтың жақсаруы Еңбек өнімділігі
Негізгі капитал Бағасы Өндірісті ұйымдастыруды  жетілдіру Қордың қайтарымдылығы
ҒТП шығындар НИОКР аясын  дамыту,нәтижелерін пайдалану Өндірістің  тиімділігін көтеру

     19.1.-кесте Экономикалық өсу

Экономикалық  өсудің моделі

Экономикалық  әдебиетте экономикалық өсудің әр түрлі  моделі кездеседі.Солардың кейбіреуін қарастырамыз.

Экономикалық  өсудің неокейнсиандық моделі «инвестициялар»  және «мультипликатор» санатында негізделеді. Экономикалық өсу алғашқа салынған инвестицияның мультипликациялық  тиімділігінң нәтижесі болып табылады.Сұраныстың ең басты бөлігі – мультипликатор көмегімен пайданы көбейтетін капитал  салымы.Сонымен бірге, олар пайданың өсуімен келген,яғни капитал салымының  өзі пайданың өсуімен анықталады.

Экономикалық  өсудің неоклассикалық моделі «өндірістік  қызмет» санатына негізделеді. Экономикалық өсуге тек микро және макро  деңгейде ғана емес, барлық өндірістік факторларды жақсы пайдалану  жолымен де жетуге болады.

В.Леонтьев ұдайы  өндіріс – өндірістің, айырбастың және тұтынудың барлық кезеңіндегі  құрылымды өзара байланыс негізінде құрылған, жалпы рыноктың теңдесудің макроэкономикалық моделін ұсынды.Оның моделі шахмат кестесі түрінде құрылған жне «шығын-шығару» деп аталады.

Экономикалық  өсу мен даму проблемаларын зерттеу  үшін, В.Леонтьев бәрінен бұрын, «шығын-шығару»  тұрақты моделінің серпінді түрін  дайындады, оған ол соңғы  сатылым  мен соңғы сұраныс деп аталатын төмен түсірілетін капиталдың қажеттілігін қосты.

«Нөлдік экономикалық өсудің» тұжырымдамасы. Бұл тұжырымдамаға  сәйкес, шикізаттық, энергетикалық  және басқа да ресурстардың  шектелуі тез арадағы уақытта адамзатқа  апатты қауіп төндіреді. Бұны болдырмас  үшін, «нөлдік өсуге» көшу, яғни,материалдық игіліктерді ұдайы өндірудің қарапайым түріне көшу керек.

«Нөлдік экономикалық өсудің» тұжырымдамасының пайда  болуы ұзақ уақыттан кейінгі кезеңде  баяғы өнеркәсіпті елдер тез  экономикалық өсудің биігіне жеткенде, өткен екі ондаған жылдар ішінде өмір сүрген, экономикалық серпіннің негізгі ағымы  ХХ-ғасырдың 60-жылдарындағы елеулі өзгерістерге  байланысты болды.Ұлттық деңгейде де, әлемдік көлемде де тұрақсыздықпен белгісіздік ұлғайды. Әлемдік шаруашылықта интернацияландыру үдерісі тереңдеп жалғаса түседі.

«Экономикалық дамудың тұрақтылығы» тұжырымдамасы (Рио-де-жанейро).Тұрақты даму идеясы алғаш рет 1987 жылы қоршаған орта және оны дамыту бойынша Халықаралық комиссиясының дайындаған «Біздің ортақ келешегіміз» баяндамасында тұжырымдама ретінде қорытындылаған.

Рио-де-Жанейродағы 1992 жылы өткен Жер проблемалары жөніндегі  жоғары деңгейдегі конференция бұл  тұжырымдаманы нақта мазмұнмен  толықтырды: іс-әрекеттердің басым  бағыттары жасалған, «ХХ ғасырға  арналған күн тәртібі» атын иеленген, тұрақты дамуға жетудің іс-әрекет жоспары мен қажетті бағыты белгіленген.

ҚР экономикалық өсуінің жағдайы мен факторы.

  1999 жылдан  бастап, Қазақстанда экономикалық  өсудің тұрақта қарқыны байқалды. Экономикалық өсудің орта жылдық  қарқыны соңғы бес жылдың ішінде  ресми деректер бойынша 10,3 пайыз  болған. 2004 жылы  ЖІӨ-нің өсуі 9,4 пайыз,  өнеркәсіптік өнім – 10,1 пайыз,  ТМД елдерінен сыртқы сауда  – 57,1 пайыз болған. Негізгі капиталға инвестиция 10,6 пайызға өскен. 2000 жылғы деңгейімен салыстырғанда ЖІӨ-нің жиынтықты өсуі 2004 жылдың қорытындысы бойынша 49 пайызды құрады.

ҚР-ның экономикалық өсу жағдайы мыналар болып  табылады:

  1. Экономикалық кеңістіктің көлемі. ҚР елдің аумағы бойынша әлемде 9-орын алады;
  2. Пайдалы қазбалардың қоры: энргетикалық ресурстардың, темір жәнемарганец рудалары, мыс рудалары, уран және т.б.
  3. Мұнайды шығару көлемі – басты стратегиялық  шикізат;
  4. Маманданған жұмыс күшінің болуы.

ҚР-ның экономикалық өсу факторы болып табылатындар:

  1. Әлемдік экономиканың өсуі жәнемұнайдың,газдың түсті және қара металдың халықаралық рыногындағы қолайлы жағдаят;
  2. Тұрғындар мен кәсіпорындардың төлем төлеу қабілетінің өсуі;
  3. Импорт орнын толтыру  және адал емес бәсекелестіктерден отандық өндірушілерді қорғау саясатын жүргізу;
  4. Қолайлы инвестициялық климат құру жолымен, тікелей шетел инвестициясын тарту саясаты.

Информация о работе Экономикалық өсудің түсінігі, оның өлшемі мен тұрпаты