Экономикалық талдаудың пәні және міндеттері, объектісі және мазмұны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2011 в 19:21, реферат

Описание

Экономикалық талдау ғылым ретінде арнайы білім жүйесін біріктіреді, олар келесілермен байланысты:
· Объективті экономикалық заңдылықтар мен субъективті тәртіптегі факторлардың ықпалынан қалыптасатын экономикалық процестерді және олардың бірлесіп әрекет жасауын зерттеу;
· Бизнес-жоспарларды ғылыми дәйектеумен, олардың орындалуын объективті бағалаумен;
· Жағымды және жағымсыз факторларды анықтаумен, олардың ықпалын сандық өлшеумен;
· Шаруашылық дамудың пропорциялары мен тенденцияларын ашу, пайдаланылмаған ішкішаруашылық резервтерді анықтаумен;

Работа состоит из  1 файл

Кіріспе.docx

— 41.40 Кб (Скачать документ)

Қаржылық жағдайды және оның есепті кезеңдегі өзгерісін салыстырмалы аналитикалық баланс-нетто бойынша бағалау, сондай-ақ қаржылық тұрақтылықтың абсольюттік көрсеткіштерін талдау, олардың ойынша, кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың басқа бөліктерін дамытуға тиісті оның негізгі бастапқы пунктін құрайды. Баланс өтімділігін талдау, тұрақтылықты талдаудан туындап, ағымдағы төлеу қабілеттілігін бағалап, болашақтағы төлем қабілеті мен қаржылық тепе-теңдіктің сақталу мүмкіндігі туралы қорытынды жасауға тиіс.

Қорыта айтқанда, кәсіпорынның қаржы жағдайын талдауда аудиторлық түрлі әдістер мен тәсілдерді қолдануға еркі бар. Оларды ұтымды пайдаланып, осы талдауды жүргізудің дәйектілігіне байланысты дұрыс әдісті таңдай отырып, аудитор қаржылық жағдайға терең, жан-жақты әрі кешенді талдау жүргізе алады, сондай-ақ объективті және анық баға береді, қаржылық тұрақтылықтың нығаюы мен кәсіпорынның табыстылығының өсуі жөнінде ұсыныстар дайындайды. 

4.Қаржылық талдаудың  коэффициенттер әдісі

Қаржылық талдаудың  нарықтық экономика жағдайындағы көбірек  таралған әдісі әр түрлі қаржылық коэффиценттерді пайдалану болып табылады.

Коэффиценттер салыстырмалы шамалар болып табылады, оларды есептеу кезінде шамалардың біреуін бірлік ретінде алып, ал екіншісін бірлікке қатынасы ретінде көрсетеді. Қаржылық коэффиценттерді есептеу баланстың жеке баптарының арасында болатын өзара байланыстарға негізделген. Олар кәсіпорынның қаржылық жағдайын кезекті факторлық талдау үшін алғашқы база болып табылады және де олар талдау нәтижесінде талдау жүргізушіге жасырын құбылыстарды ашуға мүмкіндік беретін екі шаманың арасындағы өзара математикалық қатынастарды көрсетеді.

Шешімдер қабылдау үшін сәйкес коэффиценттерді талдаудың пайдалылығы оларды дұрыс түсіндіруге байланысты болады. Бұл – қатынастарды талдаудың ең қиын аспектісі, себебі ол осы қатынастардың қалыптасуының ішкі және сыртқы факторларын білуді талап етеді, мысалы, саладағы жалпы экономикалық жағдайлар, кәсіпорын басшылығының саясаты және басқалалар. Қатынастарды үлкен байыптылықпен талдау қажет, өйткені тек бір ғана фактор алымына да, бөліміне де әсер етуі мүмкін. Негізінен қатынас деңгейі өткен кезеңдегі, теориялық дәлелденген салалық қатынаспен салыстырылады. Қатынасты талдау болашаққа бейімделуі тиіс.

Қатынасты талдаудың  рөлін асыра бағалаудың да қажеті жоқ, себебі олардың әмбебап мәні болмайды және диагностика үшін индикатор болып табылмайды. Әлдеқайда тереңдетілген талдау, қатынас негізінде жасалған шешімдерді әрқашан қолдай бермейді, себебі олардың деңгейіне келесілер әсер етеді, жекелеген кәсіпорындардың ерекшеліктері орташа салалық мәліметтер. Сондай-ақ, өткен жылдардағы нақты қол жеткізілген деңгейдің қолайсыз болуы немесе оның сол өтен жылдар жағдайы үшін қолайлы болып, бірақ қазіргі және болашақтағы жағдайлар талаптарына сәйкес келмеуі әсер етеді.

Қаржылық талдауды салыстырмалы көрсеткіштер негізінде жүргізудің шетелдік тәжірибесін механикалық түрде көшіріп алу, көп жағдайда тиімсіз, себебі бұл жағдайда бәздің кәсіпорындардың өз ерекшеліктеріне назар аударылмайды. Нәтижесінде бір көрсеткіштердің мүмкін болатын маңызы туралы берілген кеңестер кейбір кезде расталмайды. Дегенмен, қаржылық жағдайды талдау барысында салыстырмалы көрсеткіштерді зерттеу қажет болады, себебі ол болып жатқан жағдайларды түсінуге және де оларды тек ағымдағыы мезетте ғана емес, сонымен қатар болашақта да дұрыс бағалауға мүмкіндік береді. Әлдеқайда кең таралған және зерттелген көрсеткіштерге мыналар жатады: өтімділік, қаржылық тұрақтылық, табыстылық және іскерлік белсенділік.

Салыстырмалы  (кеңістік) талдау – бұл фирмалардың, еншілес фирмалардың, бөлімшелердің және цехтардың жекелеген көрсеткіштері бойынша есебінің құрама көрсеткіштерін шаруашылық ішіндегі талдау, сондай-ақ берілген фирманың көрсеткіштерін орташа салалық және орташа жалпы экономикалық мәліметтері бар бәсекелес фирмалардың көрсеткіштерімен салыстырғандағы шаруашылық аралық талдау болып табылады. 
 
 

Қорытынды.

Экономикалық талдаудың  пәні объективті және субъективті факторлардың әсерінен пайда болатын шаруашылық процестер мен оның соңғы нәтижелері деп айттық. Енді объективті сыртқы факторларды алып қарастырайық.

Олар шаруашылық қызметке тұрақты әсер етіп, экономикалық заңдылықтардың ықпалын көрсетеді. Экономикалық талдау процесінде көп жағдайда, мысалы, баға факторының әсерімен соқтығысуға тура келеді - баға, тариф, мөлшерлемелердің өзгеруімен. Нарықтық жағдайларда баға белгілеу - өте қиын, сұрапыл процесс.

Дайын өнімдерге, тауарларға, жүк тасымалдау тарифтеріне және қызмет көрсету мөлшерлемелеріне баға қалыптасуы нарық заңдарының талаптарына сәйкес белгіленеді.

Баға, тариф, мөлшерлемелер - әрқашан бірқалыпты шамалар емес, олар өзгеріп отырады.

Егер шикізаттарға, материалдарға, жартылай өнімдерге, дайын өнімдерге, тауарларға бағалар өзгерсе, ол өзгерістер өнеркәсіптік, құрлыстық, ауылшаруашылық, сауда және басқа да кәсіпорындардың, барлық көрсеткіштеріне ықпал етеді (әсіресе қаржылық).

Өнеркәсіптік кәсіпорындарда жалпы, тауарлы, өткізу және таза өнім көрсеткіштері, өзіндік құн және таза табыс көрсеткіштері өзгереді; тауар кәсіпорындарында – көтерме және бөлшек тауар айналымдарының, өткізу жеңілдіктерінің деңгейінің, пайда және айналым шығындарының көрсеткіштері.

Талдау процесінде баға, тариф, мөлшерлеме өзгерулері күрделі экономикалық есептеулерді тудырады

Информация о работе Экономикалық талдаудың пәні және міндеттері, объектісі және мазмұны