Экономикалық теория және саяси экономия ғылымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2012 в 20:16, реферат

Описание

Әлемде сан алуан халықтар еңбек етіп, қоғамдық өндіріс, өзара байланыс, айырбас жүргізіп, түрліше табиғи жағдайда өмір сүріп келеді. Адам еміріндегі ең қажетті шарт — аш-жалаңаш, баспанасыз болмауы үшін еңбек ету, еңбек нәтижесін тұтыну, өзара айырбас қатынастарының болуы. Адам жападан-жалғыз күн көре алмақ емес. Алғашқы қауымда адамдардыи табиғи ортада хайуанаттардан белініп шығуының өзі бірлескен еңбекке байланысты.

Содержание

1. Экономикалық ой-пікірлердің қалыптасуы...........................................3
2. Экономикалық теория пәні және оның зерттеу әдістері.......................9
2.1. ЭКОНОМИКАЛЫҚ –МАТЕМАТИКАЛЫҚ МОДЕЛЬ (ҮЛГІ) ЖАСАУ...............10
3. Экономикалық категориялар мен заңдар.............................................14

Работа состоит из  1 файл

Экономикалык теория жане саяси экономика.doc

— 110.00 Кб (Скачать документ)

Экономикалық заңдардың табиғат заңдарынан ерекшелігі ұзақ мерзімді емес. Олардың көпшілігі белгілі бір тарихи кезенде әрекет етеді де, кейін жаңа экономикалық заңдарға орын береді. Экономикалык зандар мәңгі емес, олар тарихи сипатта белгілі бір кезеңде туып және өзгеріп, немесе жойылып кетіп отырады. Әрдайым ескеретін бір жәйт — ескі экономикалық заңдар адамдар еркімен жойылып кетпейді, тек жаңа экономикалық жағдайлардың туындауымен өз күшін жояды. Яғни адамдар өз еркімен, шешімімен бір экономикалық заңды жоққа шығарып, оның орнына жана заңдарды жасай алмайды. Экономикалық зандардың күшінің жойылуы адамдар санасынан тәуелсіз қогамдағы объективті экономикалық хал-ахуалдын, процестердің өзгерісімен тікелей байланысты.

Экономикалық заңдар өздігінен, адамдардың шаруашылық қызметінен тыс және оған байланыссыз жүзеге аспайды. Керісінше, олар тек адамдардың іс-әрекеттері арқасында ғана қалыптастып, көрініс алады. Демек, эко-номикалық заңдар адамдардың санасынан тәуелсіз болғанымен олардын іс-қарекетінен тәуелсіз емес. Адамдар экономикалық заңдарды танып-біліп, олардың объективті талаптарына сай шешімдер қабылдап, санасатын болса ғана заң жүзеге аса алады. Бұл талап-тілектерге кайшы келетін кез келген әрекет, сөзсіз, шаруашылық киындықтарына, орынсыз шығындарға соқтырмай қоймайды. Рыноктық   қатынасқа    ену    жолында   осыны    қатаң    ескеру қажет.

Қандайда болсын қоғамның экономикалық жүйесінің мәнін түсіну үшін ең алдымен бастапқы теориялық ұғымдарды анықтап алу лазым. Элементтер жинағы ол экономикалық қатынастардың ең басты, анықтаушы элементі — әндірістік қатынастар немесе өндіріс, бөлу, айырбас және тұтыну. Тұтас алғанда өндірістік қатынастардың негізін өндіріс құрал-жабдықтарына меншік қатынасы құрайды. Осы арқылы бүкіл экономика іргелі, түбірлі өзгерістерге ұшырайды.

  Тұрмыстық мағынада меншік дегеніміз заттарды иемдену болса, ал экономикалық мағынада меншік деп нені айтамыз? Адам өмір сүру үшін-Өндіруі керек, өндіру үшін өндіріс құрал-жабдықтары қажет. Міне, осымен байланысты адамдар бір-бірімен қатынасқа енеді, ол өндіріс құрал-жабдықтарьн  иемденумен байланысты. Мұнда мынадай сұрақтарга жауап беріледі: өндіріс құрал-жабдықтарына, онымен өндірілген екбек өнімдеріне кім иелік етеді? Сонымен, меншік жай ғана зат емес (заттар арқылы мате-риалданганмен)     материалдық игіліктерді, иемденудін  тарихи қалыптасқан нысаны. Меншік қатынасы мыналар:

а) иемдену, иелік ету;

ә) "материалдық жабдықтарды шаруашылық тұрғыдан пайдалану;

б) экономикалық тұрғыдан өткізу (өткізілсе, "меншік" иесіне табыс әкеледі деген сөз). Меншік көп қырлы, күрделі түсінік. Оны тек өндірістін заттық факторларына балау дұрыс емес. Ол жұмыс күшінің ендіріс құрал-жабдықтарымен қосылу әдісі мен типін көрсетеді, ал мұның езі, әрбір қоғамның экономикалық жүйесінің маңызды сипаты. Меншік қатынасы бүкіл шаруашылық организімін, яғйи бүкіл ұдайы өндіріс қатынасын (өндіріс, бөлу, айырбас, тұтыну) қамтиды. Меншік қатынасы қандай сипатта болса, ұдайы өндіріс сипаты да сондай болганы. Меншік — тарихи ұғым. Жалпылама меншік деген түсінік жоқ, ол белгілі бір нақты тарихи нысанда орын алады. Тарихта әр түрлі меншік нысандары болғаны белгілі, оны жеке және қоғамдық меншік деп екі түрге топтауға болады:

Жеке меншік — өндіріс құрал-жабдықтарына, оның нәтижесіне жеке бір адамдардың — меншік иесінің иелік етуі. Ол екі нысанда болады: еңбекке негізделген және еа, еңбегіне негізделмеген. Еңбекке негізделген меншіктің субъектілері бір мезгілде әрі қызметкер (өзі еңбек етеді), әр меншік иесі болуы мүмкін, ол еңбек еніміне тек өзі иелік етеді, қанаудың қандайда болсын түрін қолданбайды, Еңбекке негізделмеген жеке меншік, басқа біреудің еңбегіне, жалдамалын еңбекке сүйенёді. Жұмыс күшінің өндіріс құрал-жабдықтарымен қосылуы, меншік табиғатын ажырата білу, рыноктық қатынасқа еніп келе жатқан біздің республика үшін өте маңызды.

Меншіктін тағы бір түрі — аралас меншік. Мұнда жеке және қоғамдық меншіктің әр қилы ұштасуы орын алады. Мысалы, кооперативтік, акционерлік, мемлекеттік меншік. Рыноктық қатынасқа   көшумен   байланысты   ғылыми әдебиеттерде, баспасөз беттерінде қоғамдық меншікті даттап, жеке меншікті мақтау жиі ұшырасады. Меншіктің бір түрін, екіншісіне қарама-қарсы койып, біреуіне монополиялық айдар тағудың неге соқтыратынын емір өзі көрсетті. Осымен байланысты айтарымыз, біріншіден меншіктің кай түрінің қалыптасуы, дамуы немесе жолын тарихи көонекті    етуі    (кеңес одағының    ыдырауы)    адамдардын таңдауы бойынша емес, өндірістің белгілі бір тарихи даму деңгейіне, басқа да себептерге байланысты объективті туындайды.   Екіншіден,   шындығына  келгенде қоғамның дамуында,   оның   бір   экономикалық   системадан   екіншісіне ауысуы кезеңінде меншіктің көп түрлі нысандарының болуы әбден заңды. Оның үстіне ешбір елде меншіктін бір түрі таза классикалық түрде орныққан емес. Барлық елдердің    экономикасында   да    біз    жоғарыда   атап    өткен меншіктің бірнеше түрлері әр қилы арақатынастан орай алды.     Бұл     туралы     алдағы     тақырыптарда     кеңірек тоқталатын боламыз.

21

 



Информация о работе Экономикалық теория және саяси экономия ғылымы