Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2012 в 09:35, реферат
Экономикалық теорияның қалыптасу кезені пікір қайшылықтары.
Қазіргі жағдайда «экономика» сөзі көп мағыналы мәнге ие болуда. Біріншіден, «экономика» сөзімен өндірістік және өндірістік емес салалардың жиынтығы түсіндіріледі және онда игіліктер мен қызметтер көрсетіледі, онсыз адамзат қоғамы өмір сүре алмайды. Сондай-ақ «экономика» сөзімен экономикалық қатынастар жиынтығы түсіндіріледі.
Экономикалық теорияның қалыптасу кезені пікір қайшылықтары.
Экономикалық
теорияның қалыптасу кезені пікір
қайшылықтары.
Қазіргі жағдайда «экономика» сөзі көп
мағыналы мәнге ие болуда. Біріншіден,
«экономика» сөзімен өндірістік және
өндірістік емес салалардың жиынтығы
түсіндіріледі және онда игіліктер мен
қызметтер көрсетіледі, онсыз адамзат
қоғамы өмір сүре алмайды. Сондай-ақ «экономика»
сөзімен экономикалық қатынастар жиынтығы
түсіндіріледі. Ол қатынастар өндіру,
бөлу, айырбастау және тұтыну жүйесінде
қалыптасады. Бұл қатынастар қоғамның
экономикалық базисін құрайды, онда идеалогиялық
және саяси қондырма орналасады. Екіншіден
«экономика» сөзімен ғылым саласының
экономикалық қатынастардағы қызметтік
немесе салалық аспектілерін қарастыру
түсіндіріледі. Экономикалық теорияның
өкілдері өндіріс деңгейінің макро- мен
микроэкономикасың және интерэкономикасың
бөліп қарағанда да «экономика» ұғымын
түсінген. Интерэкономика дүниежүзілік
шаруашылықтың пайда болуы мен даму заңдылығын
сипатайды. Сондай-ақ экономикалық теорияда
бірнеше экономика түрін бөліп қарайды:
дәстүрлі, нарықтық, еркін, бәсекелік,
әкімшілдік-әміршілдік, аралас және басқалары.
Үшіншіден «экономика» сөзі ретінде экономикалық
ғылымды және теорияны түсінеді. Ең соңында,
«экономика» сөзімен оқыту пәні түсіндіріледі.
Қоғамдық қатынастар жүйесінде экономикаға
ерекше орын беріледі, себебі ол саяси,
құқықтық, рухани және басқада қоғамдық,
өмір саласының мазмұның аңықтайды. Экономикалық
саясат экономиканың шоғырланған мағынасын
білдіреді. Генетикалық қөзқарас тұрғысынан
алғанда саясат экономикадан өрбиді деген
сөз.
Экономикалық ғылым-ең ертедегі ғылымның
бірі. Алғашқы рет «экономия» («ойкономия»)
термині біздің дәүірімізге дейін 3-ші
ғасырда ертедегі грек ойшылдары Ксенофонт
(б.д.д 430-355 жж.) және Аристотель (б.д.д 384-322
жж.) еңбектерінде пайда болды.
«Ойкономия» (экономика) сөзі ретінде
– (үй, шаруашылық) деп Аристотель құл
иеленушілік шаруашылықты жүргізуді ұйымдастыру
туралы ұсыныстар жиынтығын түсінген.
Кейінірек, осы бір талаптарға сүйене
отырып феодалдық иелікті жүргізу үшін
ұсыныстар жиынтығы жасалды. Экономикалық
(тауарлы-ақша) байланыстардың дамуы феодалдық
тұйықтылықты жоюға және мемлекеттін
пайда болуына әсе етті. Сол кездері жеке
игіліктерді жүргізумен шектелмейді жалпы
ұлттық, мемлекеттегі барлық шаруашылықты
жүргізудің жалпы ережесін аңықтаудың
алғашқы талпыныстары пайда болды. Мемлекеттік
шаруашылықты жүргізудің жалпы ережесі
«саяси экономика» деген атаққа ие болды.
Алғашқы рет «саяси экономика» деген ұғымды
француз сарай қызметкері Антуан Мокретьен
қолданды. Ол 1615 ж. «саяси экономика» трактаты
кітабын жазып, онда Франция елінің шаруашылығын
мемелекеттік тұрғыдан басқарудың субъектісі
ретінде қарастырады. Бірақ мұңы әліде
ғылым деп айтуға болмайтың еді. Жалпы
экономикалық теория ғылым ретінде 16-17
ғғ. тоғысында пайда болып, осы кезде тауарлы-ақша
қатынастары кең дамып, оның даму заңдылықтарын
қарастыру мен зертеудің бастауы болып
табылды.
Қазіргі батыстағы жалпы экономикалық
теория негізінен төрт ірі ағыммен сипатталады:
- бірінші ағым «неоклассикалық» деп аталып,
ол өзіне қазіргі «монетаризім» және «неолиберализм»
теориялармен жұптасады. Неоклассиктер
– А. Смиттің тікелей ізбасарлары былай
деп есептеді: егер рыноктық экономиканың
субъектілеріне мүмкіндігінше экономикалық
еркіндік берілсе өте жақсы қызымет атқарған
болар еді;
- екінші ағым «капитализмді реттеу» теориясымен
айқындалады. Оның негізін қалаушы ағылшын
экономисі Дж. Кейнс (1883-1946 ж.ж.) болып табылады;
- үшінші ағым «институциолизм» теориясымен
айқындалады. Оның негізін қалаушы американ
ғалым- экономисі Торстейн Веблен (1857-1929
ж.ж.) болып табылады. Оның 1899 жылы «парықсыз
топтың теориясы» атты еңбегі жарық көрді.
Осы ағым үшін капиталистік қоғамның дамуы
мен түрінің өзгеруіне арналған зерттеулер
сипаты тән. Т. Вебленнің ізбасарларына
«индустриалды қоғам» теориясын жасаған
американ ғалым- экономисі Дж. Гэлбрейтті
(1908 ж.) және «конвергенция» теориясын
жасаған голланд ғалым-экономисі Ян Тинбергенді
жатқызамыз. Американ ғалым-экономисі
Пол Самуэльсонның (1915ж.) айтуынша, бұл
теориияда «аралас экономиканың» түп-тұлғасы
қарастырылады.
- төртінші ағым әлеуметтік бағытталған
рыноктық шаруашылық теориясымен айқындалады.
Осы теорияның негізін қалаушылар- неміс
ғалымы, мемлекеттікқайраткер Людвиг
Эрхард (1897-1977ж.ж.) және германияның ғалым-экономисі
Вальтер Ойкен (1891-1950ж.ж.) болып табылады.
Сонымен «саясит экономика», әлде «жалпы
экономикалық теория» ма? Экономикалық
теория үш ғасыр бойы (17-19 ғғ.) саяси экономика
ретінде дамыды. Экономикалық теория анықтамасында
таптық көзқарастың басымдылығын дәлелдей
отырып, К. Маркс оны кеңінен қолдануды
ұсынды. Осы ұғымды алғаш рет француз-жазушысы
әрі король Людвигтің сарай қызыметкері
Антуан Монкретьен өзінің экономикалық
ілімінің айналымына еңгізіп, ол «Саяаи
экономия трактаты» атты кітабын 1615 жылы
жазған болатын.
А. Маршал өзінің «Саяси экономия принцептері»
(1890 ж.) жұмысында мынадай ойды қорытындылаған:
Д. Рикардо мен К. Маркстың еңбектің құндық
еңбек теориясы мен шекті пайдалылық теориясы
(«маржинализм») ары қарай бірдей дамымайды,
сондықтан оларды синтездеуді жүзеге
асырды. Шекті пайдалылық теориясы мен
классикалық құнның еңбек теориясын біріктіру
арқылы ғылыми құн теориясын құруға жол
ашты. «Өндіріс шығындары, сұраным интенсивтілігі,
өндіріс шектеулігі және өнім бағасы,
-деп жазды А. Маршалл, - бірі-бірін өзара
реттейд». Осы уақытқа дейін алайда бұл
екі теорияның синтезделуі оқулық пен
оқу құралында толық қолданылған жоқ.
Бірақ Д. Рикардо менг К. Маркстың еңбектің
құндық теориясы - қосымша құн өндірісі
механизімін ашты. Онсыз бірде-бір қоғам
дами да өсе де алмайды.
Шекті пайдалық теориясы орташа мөлшерден
шекті шағын шамаға өту мүмкіндігін жасады
және олардың сұраным мен ұсыным мөлшеріндегі,
көлеміндегі, сондай-ақ шығындардағы өзгерістерге
алып келді. Бұл талдау техникасы процесі
үшін өте үлкен мәнге ие болды. Экономикалық
теорияда математикалық тәсілді қолдануға
жол ашылды.
Бүгіндері экономикалық теорияның мазмұны
бұрынғы саяси экономия шеңберінен әлде
қайда шығып кеткен – ол жалпы экономикалық
теорияға және әртүрлі экономикалық мектептер
мен бағыттардың экономикалық ойлар жетістігі
жиынтығында трансформацияланды.
Жалпы экономикалық теория- бұл фундаменталды
экономикалық ғылым, гуманитарлық, әлеуметтік
және кәсіби экономикалық білімнің негізі.
Осы тұрғыдан жалпы экономикалық теорияны
байлық туралы ғылым, экономикалықм қатынастар
және экономикалық заңдар ретінде анықтауға
тура келеді.
Алғашқы рет жалпы экономикалық теория
ғылым ретінде зерттеудің пәнін экономикалық
теорияның классикалық мектебінің өкілі
А. Смит жасаған. Ол былай деген: бұл ғылым
объективті, адамның еркі мен санасына
тәуелді өмір сүретін қоғамдағы материялдық
игіліектерді өндіру,бөлу, айырбастау
және тұтыну заңдарын қарастыру қажет.
Сондай-ақ әртүрлі таптар мен адам топтарының
арасындағы өнімді бөлудің табиғи тәртібінің
және онымен байланысты бөлу қатынастарын
да қарастырады.
Қазіргі уақытта шет елде кең тараған
«Экономикс» оқулығының аваторы Пол Самуэльсон
экономикалық теорияның бірнеше анықтамасын
келтіреді:
1. Экономикалық теория- деп жазады ол,-
бұл қызымет түрлері туралы ғылым, айырбас
және адамдар арасындағы ақшалай іс-әрекетке
байланысты.
2. экономикалық теория адамдардың сирек
немесе шектеулі өндіргіш ресурстарын
(өндірістік мақсатқа бағытталған жер,
еңбек, тауарлар; мысалы, машина мен техникалық
білімдер) қолдану туралы және әртүрлі
тауарларды өндіру мен тұтыну мақсатында
оларды қоғам мүшелері арасында бөлу туралы
ғылым.
3. Экономикалық теория адамдардың өмірлік
қызметінің күнделікті іскерлігін және
өздеріне өмір сүру мүмкіндігін таба отырып
және осы жолды қолдану туралы ғылым.
4. Экономикалық теория адамзаттың тұтыну
мен өндіру саласындағы өзінің міндеттерімен
қалай айналысатыны туралы ғылым.
5. Экономикалық теория байлық туралы ғылым.
Жалпы экономикалық теория ғылымы танып-білудің
әртүрлі әдістерін қолданады. Кез-келген
ғылыми зерттеудің методологиялық негізі-диалектикалық
танып білу әдіс болып табылады. Бұл әдістің
ғылыми мәні мынада: барлық экономикалық
құбылыстар мен процестерді олардың даму
тұрғысынан – жай түрінен күрделісіне,
төменгі сатыдан жоғарғысына қарай қарастырылады.
Осы процестерді қарастыру кезінде танып-білудің
көптеген тәсілдерін қолданады. Танып
білудің диалектикалық әдісі барлық ғылымда
қолданылатын жалпы тәсіл болып табылады.
Диалектиканың жалпы заңын қолдана отырып,
жалпы экономикалық теория өзіне тән ғылым
ретінде сипаттайтын арнайы зерттеу әдістерінде
қолданылады.
Жалпы экономикалық теорияның пайдаланатын
зерттеу әдістерінің ең маңыздысы- ғылыми
абстракция әдісі болып табылады. «Абстракция»
терминін нақты түсіндірер болсақ, жекеше
тыс ойлау деген ұғымды білдіреді. Күнделікті
өмірде «абстракция» көбінесе нақты болмыстан
тыс және тек ойда, елес ретінде түсіндіріледі.
Ал нақты нәрсе- бұл күнделікті өмірде
көретін құбылыс шынд
Информация о работе Экономикалық теорияның қалыптасу кезені пікір қайшылықтары