Экономикалық теорияның пәні және әдістері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2012 в 06:38, лекция

Описание

Әлемде сан алуан халықтар еңбек етіп, қоғамдық өндіріс, өзара байланыс, айырбас жүргізіп, түрліше табиғи жағдайда өмір сүріп келеді. Адам өміріндегі ең қажетті шарт — аш-жалаңаш, баспанасыз болмауы үшін еңбек ету, еңбек нәтижесін тұтыну, өзара айырбас қатынастарының болуы. Адам жападан-жалғыз күн көре алмақ емес. Алғашқы қауымда адамдардың табиғи ортада хайуанаттардан бөлініп шығуының өзі бірлескен еңбекке байланысты.

Работа состоит из  1 файл

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ.docx

— 42.97 Кб (Скачать документ)

Жеке меншіктің екінші түріне бөтен біреудің еңбегі есебінен баю тән. Өндіріс құралдарының негізгі бөлігі азғана адамдар қолында болған кезде, бұл қоғамның қалған бөлігінің бұл игіліктерден шеттелуін білдіреді. Осы кезде мүліктікт теңзіздік пен қоғамның әлеуметтік жіктелуі туады.

Иемденудің үшінші түрі аралас меншік кезінде мүлік қатысушылардың ақшалай және басқа да жарнамаларының есебінен құралады.

Қазақстанда заңға  сәйкес жеке, мемлекеттік және тағы басқа да меншік түрлері танылады.

Мемлекеттік меншік – бұл меншік нысандарын мемлекеттік билік өкілдерінің басқаруы мен іске жаратуды жүзеге асыратын қатынастар жүйесін білдіреді. Мемлекеттік меншік бүкіл халық шаруашылық деңгейінде, aймақ, облыс, аудан, қала, ауыл деңгейінде бар.

Ұжымдық меншік – бұл еңбек ұжымы өндіріс құралдары мен өнімдерін орта иемденіп, пайдаланып және әске жарататын экономикалық қатыныстар жүйесі. Қазақстан Республикасында қазіргі кезде ұжымдық меншік түрлеріне кооперативтік, акционерлік, қоғамдық ұйымдар және тағы басқа меншіктер формалары жатады.

Меншік заңдары:

1.Өз еңбегінің өнімін  иемдену;

2.Бөтен біреудің еңбегінің  өнімін иемдену.

 Меншік субъектісі ретінде – мемлекеті, ұжымды, жеке тұлғаны, адамды қарастыруға болады.

Меншік объектісі ретінде – жер, ғимараттар, материалдық және рухани мәдениет заттары жатады.

     Басқаша айтсақ, меншік – бұл адамдар арасындағы өндіріс факторлары мен нәтижелерін иемденуге байланысты объективті қатынастар жүйесі. Иемдену - әрбір қоғамдық өндіріс әдісінің негізі болып табылады. «Меншік» пен «иемдену» түсініктерін теңестіруге болмайды. Меншік – анағұрлым абстрактілі ұғым, ал иемдену нақты ұғым болып табылады.

 

            Тақырып 4. Қоғамдық өндіріс нышандары. Тауар және ақша.

Адамдардың қажеттіліктерін  тұрақты өтеу үшін қоғамда экономикалық қорлар жеткілікті болуы керек. Экономикалық қорлар дегенміз –тауар өндіріп және қызмет көрсетуге пайдаланылатын барлық табиғи, еңбек және адам қолымен өндірілген материалдық ресурстар. Табиғи ресурстар – бұл тауарлар мен игі қызметтердің өндіру кезіндегі пайдаланылатын табиғи игілік. Оған жер, су, орман, газ, мұнай кен орындары  және т.б. жатады. Еңбек ресурстары – еңбек етуге қабілетті халықтың бір бөлігі. Еңбек ресурстары өзінің жасы, жынысы, білімі, мамандық деңгейі және еңбек етуге ынтасы бойынша жіктеледі. Материалдық ресурстар  - өндіріс нәтижесінде алынатын еңбек құралдары мен заттарының жиынтығы.

            Өндіріс нәтижесінде қоғамда өнім немесе игілік жасалынады.  Жиынтық қоғамдық өнім – бұл белгілі бір кезеңде (әдетте бір жыл ішінде) өндірістің барлық салаларында жасалынған игіліктердің жиынтығы. Жиынтық қоғамдық өнім көптеген салалар мен кәсіпорындардың, қоғамдық еңбек бөлінісі жүйесіндегі күрделі өзара байланыстың нәтижесі. Қазіргі қоғамның экономикалық өмірінде кәсіпорындарда шығарылған өнімдер жоспарлы түрде тауарға айналады.

Натуралдық шаруашылық жеке тұтынуға қажетті өнімді өз қолымен  жасау жағдайын сипаттайды. Тауaрлық қарым – қатынастардың негізі ретіндегі қоғамдық еңбек бөлінісінің дамуы процестеріндегі байланыс айналым арқылы сату, сатып алу түрінде орнығып, өз ерекшеліктері бойынша оқшауланған өндірушілердің пайда болуына алып келді

            Өндіріс факторлары: жер, еңбек, капитал, кәсіпкерлік қабілет. Адам еңбегімен өндірілген және өндірістік тұтынуда пайдаланылатын игілікке капитал, ал адам еңбегінің жемісі емес өндірістік игілікке жер жатады. Жердің маңызды бір сипаты оның көлемінің шектеулі болуы. Адам оның көлемін өз ықтиярынша өзгерте алмайды, сәйкесінше өндіре де алмайды. Жер адам еңбегінің «жемісі» емес, табиғаттың сыйы, ол табиғи ресурс. Белгілі жер телімін пайдалану бастапқыдан адамның қолынан келер істің бірі. Әр уақытта есте болатын жәйт, экономикалық теорияда «жер» ұғымы өте кең мағынада колданылады. Ол белгілі бір өлшемдегі табиғат сыйлаған бүкіл пайдалылықтар – жердің өзі, су ресурстары, қазбалы байлықтар. Жер бетінің белгілі бір телімдері адамның өндірістік қызметінде қолданылады.

            Еңбек адамның мақсатқа сай  қызметі, еңбектің көмегімен адам  өз қажеттіліктерін өтеу үшін  табиғатты өзгертеді, өзіне лайықтап  икемдейді. Адамның тіршілік етуінің  негізгі шарттарының бірі де еңбек. «Адамды адам еткен -еңбек», -деп айтудың өзі де жайдан –жай емес. Адам еңбек арқылы хайуанаттар дүниесінен бөлініп шықты, табиғат күштерін игере отырып, оны өз мүддесіне пайдаланды, еңбек құралдарын жасауды игерді, қабілетін дамытты, білім алып, оқу -өнер, ғылымды игерді.

            Еңбек өндіріс факторы ретінде игіліктер мен қызметтерді өндіру кезінде пайдалануға болатын адамның мүмкін болатын барлық қабілеттері мен дағдыларын қамтиды. Бұл жерде еңбек адамнаң мақсатты іс - әрекеті емес, жұмыс күші ретінде қарастырылып отыр.

            Жұмыс күші – адaмның дене еңбегі мен рухани қабілітінің жиынтығы. Өндіріс процесінде жұмыс күшін пайдалану еңбек болып табылады немесе табиғат заттарын өзгертуге, оларды адамдардың қажеттіліктеріне бейімдеуге бағытталған адмның мақсатты іс - әрекеттері. Іс - әрекеттердің саналылығы, мақсаттылығы, олардың қажетті нәтижеге жетуге бағытталуы, еңбек процесі кезінде өндіріс құралдарын дайындау және пайдалану, сондай – ақ жинақталған тәжірибелерімен, ақпараттармен алмасудың барлығы адам еңбегін сипаттайды.

            Капитал өндіріс факторы ретінде өндірісте қолданылатын ғимараттардын, құрал – жабдықтардан, саймандардан, көлік құралдарынан, өткізу құралдарынан  және жартылай фабрикаттар қорынан тұрады.

 

Тақырып 5. Сұраным және ұсыным теориясының негіздері.

Рыноктық қатынастар сатушы мен сатып алушының өз мүдделерінің тиімділігіне негізделген іс-әрекеттермен сипатталады. Бұл қатынастар өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы байланыстар түрінде көрініс табады.

     Сұраныс рыноқтың  элементтерінің бірі. Ол өндірісті үнемді пайдалану әдістері мен ресурстарды тиімді бөлу тәсілдерін қолдануға ынталандырады. Сұраныс – төлем қабілеттілігі бар қажеттілік.

      Бәсекелі  рынокта тауар айырбасы үшін  белгілі бір заңдар әрекет етеді. Тауар айырбасы мен баға орнату процестерін басқарушы заңдардың бірі – сұраныс заңы. Сұраныс заңы- басқа жағдайлар тұрақты болғанда (сұраныс көлеміне әсер ететін бағадан басқа факторлардың әсері қарастырылмайды), бағаның өсуі сұраныстың көлемін төмендетеді немесе бағаның төмендеуі сұраныс көлемін арттырады.

Сұраныс функциясы сызықтық функция болғандықтан сұраныс теңдеуі  келесідей түрде беріледі:

Qd=a-b*Р

Р- баға, Q- өнім көлемі, а және b – сұраныстың бағалық емес факторлары.

            а мөлшері өзгергенде сұраныс  қисығы қозғалады, ал b мөлшері өзгергенде  сұраныстың көлемі қисықтың бойымен қозғалады. Яғни а параметрі бағаға тәуелсіз, ал b бағаның өзгерісінің әсеріне ұшырайды.

            Сатушылардың тарапынан болатын  іс-әрекет ұсыныс деп аталады. Ұсыныс- берілген бағада тауар өндірушілердің рыноққа шығара алатын тауарларының мөлшері.

            Рыноктағы барлық сатушылардың  бағаны өсіруге, сол арқылы  көп мөлшерде тауар сатып, пайданы арттыруға ұмтылысы ұсыныс заңы арқылы сипатталынады.  Ұсыныс заңы- басқа жағдайлар тұрақты болғанда (ұсыныс көлеміне әсер ететін бағадан басқа факторлардың әсері қарастырылмайды), бағаның өсуі ұсыныстың көлемін арттырады немесе бағаның төмендеуі ұсыныс көлемін төмендетеді.

Ұсыныс функциясы сызықтық болғандықтан, ұсыныс теңдеуі:

Qs=a+b*Р

Сұраныс қисығына әсер ететін бағадан басқа факторлар.

1) Тұтынушылардың саны.

2) Табыс деңгейі.

3) Басқа тауарлардың бағалары мен пайдалылығы.

4) Тұтынушылардың субъективті  талғамы, артықшылық беруі, мода.

Ұсыныс қисығының қозғалысын туындататын бағадан басқа факторлар:

1) Өндіріс шығындары.

2) Салық мөлшері.

3) Технология.

4) Субсидия.

Рыноктық тепе-теңдік баға - әрбір тауар бойынша артықшылық та, жетіспеушілік те болмайтын баға. Ол сұраныс пен ұсыныс көлемдерінің теңесуі нәтижесінде қалыптасады. Сұраныс пен ұсыныстың көлемі рыноктағы бәсекелік ортаның әсерінен теңеседі, нәтижеде тепе-теңдік баға мен тауар мөлшері анықталады.

Егер бағаның өсуі сұранысты төмендетіп, жалпы табыс мөлшерін өзгеріссіз қалдырса, онда сұраныс бірлік икемді (Еd=1). Егер бағаның өсуіне қарғанда  сұраныстың төмендеуі жоғары болса, онда сұраныс икемді (Еd>1). Егер бағаның өсуіне қарағанда сұраныстың төмендеуі аз болса, онда сұраныс икемсіз (Еd<1).

 

Тақырып 6. Жеке-дара ұдайы өндіріс теориясының негіздері.

    Өндіріс – бұл адамдардың табиғи заттарға әсер ете отырып материалды және рухани игіліктерді өндіру процесі. Ал игіліктер – қажеттіліктерді қанағаттандыратын заттар.

     Өндіргіш күштер – бұл қоғамдық өндірістің жеке (жұмысшы күші) және заттық (өндіріс құрал-жабдықтары) факторларының өзара әрекеті. Адам мен табиғат қатынасының шешуші, белсенді элементі. Өндіріс  бұл  қоғамдық  процесс.  Өйткені  бұнда  адамдар  бір- бірімен  бірлесе, яғни  бір- бірінсіз  жұмыс  істей  алмайды. Өндіріс  процессінде  көбіне  4 стадия  болады. 1. Өндіріс; 2. Бөліп-тарату;  3. Айырбас; 4. Тұтыну.

Бөлу- өндірілген өнімдердегі әр адамның үлесін анықтауды білдіреді. Айырбас – бұл бір өнімнің басқа өнімге айырбасталу процесі.

Тұтыну – адамның қажеттіліктерін өтеуі үшін өндірілген игіліктерді қолдануы.

Өндірістің  үздіксіз  қайталанып  отыруы – ұдайы  өндіріс  деп аталады. Оның  өзі  екіге  бөлінеді: 1. Ұдайы  өндіріс; 2. Жaй. Ұлғаймалы ұдайы өндіріс – ұлғаймалы мөлшерде өндірістің жаңартылып отыруы. Жай ұдайы өндіріс - өндіріс процесінің өзгеріссіз мөлшерде қайталанып отыруы.    Ұдайы өндіріс процессі кезінде капитал тоқтаусыз қозғалыста болады, және мына схема бойынша айналыс жасайды:       өндіріс заттарын сатып алу-- өндіріс процессі ---- өндірілген товарларды өткізу.  Бұл айналыс қайта-қайта  қайталанып капитал айналысын құрайды. Өндірістің мынадай формалары болады:

Индустриалдыққа дейінгі  өндіріс, мұнда, ауыл шаруашылығы және қол еңбегі үстемдік етеді;

Индустриалдық өндіріс, мұнда, ірі механикаланған машина өндірісі үстемдік етеді;

Постиндустриалдық (индустриалдықтан кейінгі) өндіріс, мұнда, қызметтер, ғылым, білім және басқа да сфералар үстемдік етеді;

Өндірістік функция-бұл өндіріс факторларының шығындарының жиынтығы мен максималды өнім шығару арасындағы өзара байланысты көрсететін техникалық арақатынасты айтамыз.

        К.Маркс  қоғамдық өндірісті- алғашқы қоғамдық, қол иеленушілік, феодалдық, капиталистік, коммунистік деп бөледі. Маркстік тұжырымдама бойынша, капиталистік өндірістің мақсаты- экономикалық өсуді, жұмыспен қамтуды, бағаны тұрақтандыру, табыстарды әділетті бөлуді және т.с.с қамтамасыз ету болып табылады. Маркстік теорияда өндіріс факторларына- жұмыс күшін, еңбек заттарын, еңбек құралдарын жатқызады. Бұлар екі топ құрады: 1) өндірістің жеке факторы- жұмыс күші және 2) өндірістің заттық факторы- еңбек заттары және еңбек құралдары болып бөлінеді.

Ал, маржиналистік теорияда өндіріс факторларын төрт топқа бөледі: жер, капитал, еңбек және кәсіпкерлік қызмет. Жер-табиғи фактор деп қаралады, бірақ, ол адамның іс-әрекетінің нәтижесіне жатпайды, оған өндіріс процесінде қолдануға болатын, табиғат байлықтары мен пайдалы қазбалар жатады. Капитал-өндіріс факторларының қатарына тауар мен қызметтер өндіруде пайдалынатын мүліктердің жиынтығы жатады. Оған: машиналар, жабдықтар, қойма ғимараттары, көлік және байланыс коммуникациялары, т.б. Еңбек-игіліктер дайындауға және қызметтер көрсетуге бағытталған интеллектуалдық немесе физикалық әрекеттер болып табылады. Кәсіпкерлік қызмет- бұл өндірістің ерекше факторы. Осы фактор өндірісті ұйымдастырып жүргізуде белсенділікті, іскерлікті, саналылықты, жауапкершілікті, тәуекелдікті пайдалануды талап етеді. Өндіріс факторларын топтастырудың келесідей айырмашылықтары бар: Біріншіден, Маркстік теория бойынша, өндіріс факторлары экономикалық категория ретінде өндірістің әлеуметтік бағытын анықтайды. Ал, маржиналистер, өндірістік факторларды- өндірістің жүруіне қажет тек жалпы техникалық-экономикалық элементтер деп қарайды Екіншіден, маржиналистер капитал деп- еңбек құралдары мен заттары деп түсіндіреді, ал табиғат шартын жеке фактор деп бөледі. Марксистер болса табиғат шартын, еңбек құралдарын және еңбек заттарын біртұтас заттық фактор деп біріктіреді. Үшіншіден, маржиналистер кәсіпкерлік іс-әрекетті өндіріс факторы деп таныса, марксистер оны жоққа шығарады.

 

Тақырып 7. Кәсіпорын капиталының айналымы және ауыспалы айналымы.

Капитал-бұл тауарлар мен қызметтер өндіруде қолданылатын адамдардың жасап шығарған өндіріс құрал-жабдықтары мен ақшалай жинақтары.

Марстік теорияда өндігріс факторлары өзгеше сипатталынады: заттық факторлар  мен жеке фактор.марксизм үшін бұлайша бөлу аса маңызды, өйткені ол барлық заттық факторлар қосымша құн өндірмейтіндігі, ал тек жеке фактор-жұмыс күшінің құн, қосымша құн өндіретінін көрсетеді.

            Өндірістің дамуының әрбір жаңа кезеңінде оларсыз өндіріс жемісті түрде дами алмайтын жаңа факторлар пайда болып отырады. Қазіргі заманғы өндірісті, мысалы, кәсіпкерлік ақпарат, технология, экология және т.с.с. факторларсыз елестету қиынға түседі. Алайда жүйенің негізін құрушылар болып еңбек, жер, капитал қалады.

Капитал (ағылшынша — бас мүлік, бас сома, латынша — ең басты) — экономикалық ғылымның ең маңызды категорияларының бірі, нарықтық шаруашылықтың қажетті элементі.

Капиталдың алғашқы қорлануы (previos accumulation) өзіндік еңбекке негізделген  индивидуалдық жеке меншікті жою  процесі, жұмысшыларды өз еңбегінің  шарттарына меншікті шектеу процесі. Ол бір жақтан, тікелей өндірушілердің тек қана жұмыскерге — идеалдық жұмыскерге, екіншіден, қоғамдык құрал-жабдықтар мен өмір сүруге қажет құралдардың капиталға алмасуы болып табылады.

Тауар өндірісі пайда болып қалыптасқаннан бері, капитал мынадай тарихи формалар алған: сауда капиталы (көпес капиталы түрінде), — тарихи капиталдың ең көне еркін формасы, өсімқорлық, осыдан кейін — өнеркәсіптік.

Капиталдың формалары  толығырақ А.Смит пен Д. Рикардоның еңбектерінде зерттелген.

Кәсіпкерлік сфераның қандайында болмасын, кәсіпкер капитал жұмсап өзіне тезірек пайда табуды (алғашқы  жүмсалған сомадан артық сомаға ие болуды) мақсат етіп қояды. Ол үнемі пайда табуды көздейді. Бұл үшін ол өндірісті үзбей, жалғастыра жүргізуі керек, яғни ұдайы өндіріс болуы қажет.

Ұдайы өндіріс өнеркәсіптік капиталды пайдалану негізінде жүреді. Осы процесте өнеркәсіп капиталы үш функционалдық форма алады. Ұдайы өндірістік процесті, осыған қатынасатын өнеркәсіптік капиталдың функционалдық формаларының өзгеруі бағытынан қарасақ, оны мынадай түрде бейнелеуге болады:

A - T   ... O ... T1- A1

Бұл мынадай заңды сатылардан тұрады:

A - Т ...

Өндіріс факторлары нарығында тауар формасын алған өндіріс факторларына ақша капиталы жұмсалады. Сөйтіп, осы ақша капиталы өндіргіш капиталға айналады. Бұл капиталдың функциясы — өндіріске жағдайлар жасау:

... Ө ...

Өндіріс процесінде өндіргіш капитал тауарлық капиталға айналады және ол үстеме (қосымша) құн өндіру функциясьш атқарады:

... Т1 - А1 -

Тауарларға сіңген үстеме құн, оны нарықта өткізген соң, кәсіпкердің қарамағына түседі. Бұл сатыда тауар капиталы тағы да жаңадан ақша капиталына айналады. Тауар капиталының функ-циясы — үстеме (қосымша) құнды өткізу, сату.

Информация о работе Экономикалық теорияның пәні және әдістері