Экономикалық жүйе

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 17:14, реферат

Описание

Экономикалық ғылым тарихы көрсеткендей экономикалық жүйе топтастырылуы түрлі белгілер негізінде жүргізілуі мүмкін. Бұл көптік негізінде экономикалық жүйе қасиетінің объективті көптүрлілігі жатады. Бұл байланыста қазіргі қоғамды үйренуге экономикалық әдебиетте құралған екі тәсілге көңіл бөлу тұрарлық: бұлар формациялық және өркениетті.
Әрбір елдің экономикалық жүйесі бар. Бұл жүйе бір-біріне тәуелді әр түрлі компоненттерден тұрады. Сонымен, Экономикалық жүйе - бұл материалдық, рухани игіліктер мен қызметтерді өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы байланыстардың ерекше реттелген жүйесі.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім
А) Экономикалық жүйелер және оның мәні
Б) Қазақстандағы экономикалық жүйе
В) Экономикалық жүйенің жалпы кезеңдері

Қорытынды
Әдебиеттер көзі

Работа состоит из  1 файл

Дусханова Таңшолпан УиА11к1 СРС 1.docx

— 33.24 Кб (Скачать документ)

           (Дусханова Таңшолпан УиА11к1)

Экономикалық жүйе

Жоспар

    1. Кіріспе
    2. Негізгі бөлім

А) Экономикалық жүйелер және оның мәні

Б) Қазақстандағы экономикалық жүйе

В) Экономикалық жүйенің жалпы кезеңдері

 

    1. Қорытынды
    2. Әдебиеттер көзі

 

Кіріспе

Экономикалық  ғылым тарихы көрсеткендей экономикалық жүйе топтастырылуы түрлі белгілер негізінде жүргізілуі мүмкін. Бұл көптік негізінде экономикалық жүйе қасиетінің  объективті  көптүрлілігі жатады. Бұл байланыста қазіргі қоғамды үйренуге экономикалық әдебиетте құралған екі тәсілге көңіл бөлу тұрарлық: бұлар формациялық және өркениетті.

Әрбір елдің  экономикалық жүйесі бар. Бұл жүйе бір-біріне тәуелді әр түрлі компоненттерден  тұрады. Сонымен, Экономикалық жүйе - бұл материалдық, рухани игіліктер мен қызметтерді өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы байланыстардың ерекше реттелген жүйесі.

Экономикалық  жүйе көп факторлы. Олардың ішінде оның дамуына әсер ететін:

   - елдегі шаруашылық шешімдерін қабылдау жөніндегі: шаралар жүйесі;

   - меншік құрылымы;

   - ақпаратпен және үйлестірумен қамтамасыз ететін механизмдер;

   - мақсат қою мен адамдарды еңбекке тарту механизмдері болып табылады.  
 Кез- келген мемлекеттің саясаты сол экономикалық жүйедегі рөлін анықтайды. Қазіргі кездегі экономикалық жүйедегі мемлекеттің рөлі – өткір мәселесі болып табылады. Ол көп талқыланғанымен, оның көп жақтары ескерілмей қалғаны жөн. Бұл мәселені шешудің жеке институттардың мен мектептердің принциптері әртүрлі және бір-біріне ұқсамайды. Бір жағынан, либералды экономистердің тұжырымы бойынша мемлекеттің экономикадағы рөлі минималды болуы керек деп санаған. Басқа ғылыми мектептердің өкілдері нарықтық экономикадағы мемлекеттің орыны маңызды деп, оны күшейтуді қалаған. 

 

Негізгі бөлім

А) Экономикалық жүйелер және оның мәні

Экономикалық  жүйе анықтамасына көптеген ғалымдар әр түрлі анықтамалар беріп, әр түрлі  пікірлер қалыптастырып келуде. Ал, оның түрлері де, экономикада өзіндік  орнын алып өз пайдасын алып келуде.  Экономикалық жүйе – экономикалық өнімді өндіру, бөлу, айырбастау, тұтыну барысында туындайтын негізгі экономикалық қатынастардыңнысаны мен мазмұнын айқындайтын қағидаттардың, ережелердің, заң жүзінде баянды етілген нормалардың тарихи тұрғыда пайда болған немесе белгіленген, елде жұмыс істеп тұрған жиынтығы.

Нарықтық қатынастарға өтпелі кезеңде экономикалық жүйені ішкі екі жүйе: макродеңгей мен микродеңгей түрінде түсіну кеңінен таралды. Осы тұрғыдан алғанда макродеңгей республикалық заң шығарушы және атқарушы органдар және жергілікті билік органдары ретінде түсінілді. Микродеңгей түрлі салалар ретінде ұғынылды. Микродеңгей сонымен қатар меншік нысандары тұрғысынан түрлі ұйымдық-құқықтық нысандардың жиынтығы ретінде, яғни ірі, орта және шағын бизнестің жиынтығы ретінде де зерделенуі мүмкін. Экономикалық жүйеге кешенді көзқарасқа сәйкес оның жұмыс істеуі мен дамуына ықпал ететін бірнеше нышандарды бөліп көрсетуге болады. Оларға мыналар жатады:

  • мемлекеттік басқару жүйесіндегі бюрократтану және сыбайлас жемқорлықтың деңгейі;
  • адами капитал (халықтың білім, денсаулық деңгейі, т.б.);
  • өндірістің басқа факторларының жай-күйі олардың іске қосылу дәрежесі;
  • әлемдік экономика, оның жай-күйі, даму келешегі, елдің Экономикалық жүйене ықпал ететін негізгі сипаттамалары;
  • табиғи ортаның жай-күйі (табиғи әлеует);
  • ішкі саяси және сыртқы саяси құрылыс;

Экономиканы ұйымдастыру бойынша экономикалық жүйені келесідей топтау болады.

    • Жабық экономика – барлық шаруашылық әрекеттер тек мемлекет шеңберінде жүргізіледі, ішкі тұтынумен шектеледі, шетелдермен қатынас болмайды.
    • Ашық экономикалық жүйе – халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіне экономика белсенді түрде қатысады, ұлттық валюта мен қатар шетелдік валюта қолданылады.

 

Меншік  қатынастарының формалары бойынша:

Экономикалық  жүйенің типтері.

 

 

Негізгі

белгілері

 

    

Т и п т е р 

 

Мемлекеттік-жоспарлы

Н а р ы қ т ы қ 

 

XVII- XIX ғ.ғ.

 

Қазіргі ХХ- шы ғасыр

Әкімшілдік- әміршілдік

Еркін бәсекелестік

Аралас

бағытталған

Әлеуметтік

аралас

Өндірісті қоғамдастырудың көлемі

Қоғам (мемлекет) шеңберінде

Кәсіпорын шеңберінде

Шаруашылықты бөлшектеп мемл-діру

Шаруашылықты бөлшектеп мемл-діру

Меншік түрінің басымдырақ болуы

Мемлекеттік

 

Жеке индивидуалды

Жеке ұжымдық мемлекеттікпен

Жеке ұжымдық мемлекеттікпен

Экономиканы реттеу

Мемлекеттік

 

Нарықтық өзін-өзі реттеушілік

Нарықтық және мемлекеттік

Нарықтық және мемлекеттік

 

 

Әлеуметтік

 

 

Тұрақты

Өндірістің әрбір 8-10 жыл сайын болатын экон-қ дағдарыстар

Экономикаға мемлекеттің араласуы. Экономикалық дағдарыстарды ескерту мен бәсеңдету  бойынша антициклдық шаралар.

 

 

Әлеуметтік кепілдіктер

Күшті мемл/к әлеуметтік қорғау, мүлік тепе- теңсіздігін жою

 

Азаматтардың әлеуметтік қорғалмауы

Жеке және мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорларының құрылуы.

Күшті әлеуметтік қорғау, мүлік тепе – теңсіздігін азайту


 

Б) Қазақстандағы экономикалық жүйе

Нарықтық  экономикаға өтудің Қазақстан республикасындағы  басты міндеттері мыналар:

  1. Мемлекеттік меншікті мемлекеттен алу мен жекешелендіру.
  2. Қазақстандық кәсіпкерлердің әлеуметтік жігінің қалыптасуы (еңбекке қабілетті тұрғындардың жалпы санының 10-15% қамту).
  3. Нарықтық инфрақұрылымның қалыптасуы, басты нәрсе – тауар мен қор биржасы және басқа да әртүрлі нарықтық құрылуы.
  4. Бәсекелестік пен кәсіпкерлікті дамыту мақсатымен экономиканы монополиясыздандыру.
  5. Бағаны либерализациялау, сұраныс пен ұсыныс негізінде нарықтық сипаттағы бағаға көшу.
  6. Экономиканың қаржылық тұрақтануы.

 

Барлық экономикалық жүйелерде мемлекет экономиканың реттеуін жүргізеді. Қазақстанда нарықтық экономика  болғанымен мемлекеттің рөлі мен  функциялары маңызды орын алады.  Қазіргі Қазақстанның экономикасына шолу жасайтын болсақ, онда келесіні көруге болады:

    • Өндірістік саласының қуаттылығының әлсіздігі; 
    • Инфляция; 
    • Жұмыссыздық; 
    • Әлемдік қаржылық дағдарыстың әсері.

В) Экономикалық жүйенің жалпы кезеңдері

Өндірістік күштер

Табиғи (табиғи ресурстар, физ. мүмкіндік  және т.б.

Қоғамдық (өндіріс қаражаты, еңбекті  бөлу және т.б.)

Жалпыға ортақ (ғылыми, білімі мәдениет және т.б.)

Өндірістік қатынастар

Әлеуметтік- экономикалық (меншіктік  қатынасы және кірістерді бөлу)

Ұйымдастырушылық-экономикалық (тәжірибе алмасу, маркетинг, менеджмент және т.б.)

Техника-экономиканың (табиғатқа адамның қатынасы)

Ресурстар

Еңбекті қоғамдық бөлу

Еңбек процесі және оның сәті

Өндірістің еңбектік, табиғи қорлар, ақпараттық ж-е т.б.

Өнімдерді дайындауда өндірісті мамандандыру

Еңбек мәні, еңбек қоры, еңбек 

Өндірістік мүмкіндіктер

Нәтижелер

Тиімділігі

Шектеулі ресурстар таңдауы

Материалдық – заттың өнім және қызметтер

Нәтижелер мен шығындар қатынасы


 

Қорытынды

Жалпы экономикалық жүйе түсінігі бұл қоғамның қызметінің және оның субъектілерінің ұйымдық  әдісі немесе проблемаларды шешу мақсатында өндіріс пен тұтынудың  өзара арақатынас әдісі. 

Қорытындылай  келе, Қазақстан Республикасы қалыптасуы мен дамуының стратегиялық мақсаты аралас әлеуметтік бағытталған нарықтық экономика болып табылады. Ол бәсекелестік бастауға, меншіктің негізгі түрлерін араластыра - өзара іс-әрекетке негізделеді. Олардың әрқайсысы жалпы экономикалық және әлеуметтік өзара байланыс жүйесінде өз қызметтерін атқарады.

Қандайда  бір экономикалық жүйедегі әртүрлі  меншік түрлерінің арақатынасы қандай болуы керек? ХІХ-шы ғасырдың екінші жартысына дейін өмір сүрген еркін  нарықтық экономика дәуірінде (монополистік капитализмге дейінгі жүйе), ұсақ жеке меншік артығырақ сипатқа ие болады. Ұсақ кәсіпкерлер өзара еркін  бәсекелесті. Бұл еркін бәсеке дәуірі еді. ХІХ-шы ғасырдың екінші жартысынан бастап ҒTP-ның әсерінен акционерлік (корпоративтік) қоғам түрі қалыптаса  бастады. Ал, ХХ-шы ғасырдың басынан  мемлекеттік меншік үлесі кәдімгідей өсе бастады.

Қазіргі уақытта жетілмеген (еркін емес) бәсеке жағдайында, нарықты реттеу дәуірінде меншік түрлерінің құрылымы кәдімгідей өзгерді: жеке меншік 30-35% көлемін, корпоративті (ұжымдық) меншік көптеген бөлігін, яғни 50%-ын және мемлекеттік  меншік 15-20%-ды құрайды.

Мемлекеттік меншіктің үлесі көбінесе елдің  экономикалық даму ерекшелігімен анықталады.

Қолданылған әдебиеттер тізімі

  1. Нарықтық экономика. Алматы, 1995
  2. Байтуғанов Ж.М., Әуелбаев С.Ш. Нарықтық экономика. Алматы, 1998
  3. Мейірбеков А.Қ. Кәсіпорын экономикасы. Алматы: “Экономикс”, 2003
  4. Әубәкіров. Я “Экономикалық теория және нарықтық қатынастар” / «Ақиқат» 1996ж-№1/
  5. Шеденов Ө.Қ., Жүнісов Б.А., Байжомартов Ү.С., Комягин Б.И. Жалпы экономикалық теория. –Алматы – Ақтөбе, 2002.
  6. ↑ Қаржы-экономика сөздігі. - Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, "Зияткер" ЖШС, 2007. 

Информация о работе Экономикалық жүйе