Экономиканы мемлекеттік реттеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2011 в 21:11, реферат

Описание

Экономиканы мемлекеттік реттеу - Бұл ұлттық экономиканың тиімді қызмет етуіне бағдарланған ұлттық экономиканы тұрақтандыру, әлеуметтік дамуын қолдау, ұлттық экономиканы дамытудағы стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу, қоғам мүшелерінің мүдделерін біріктіру мақсатындағы мемлекеттік құрылымның және қоғамдық ұйымдармен жүзеге асырылатын заңдық орындаушылық және бақылау сипатындағы іс-шаралар жүйесі.

Работа состоит из  1 файл

Экономиканы мемлекеттік реттеу.doc

— 38.00 Кб (Скачать документ)

Экономиканы мемлекеттік реттеу - Бұл ұлттық экономиканың тиімді қызмет етуіне бағдарланған ұлттық экономиканы тұрақтандыру, әлеуметтік дамуын қолдау, ұлттық экономиканы дамытудағы стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу, қоғам мүшелерінің мүдделерін біріктіру мақсатындағы мемлекеттік құрылымның және қоғамдық ұйымдармен жүзеге асырылатын заңдық орындаушылық және бақылау сипатындағы іс-шаралар жүйесі.

Болжап  көрсету -  Мәселенің болашағы туралы ақпаратты тиімді пайдалана отырып, оны шешу жолдарын көрсету, анықтау.

Жоспарлау - Экономиканың обьективті заңдары мен заңдылықтарын зерттеп түсіне білу және оларды саналы түрде пайдалану арқылы әлеуметтік-экономикалық  дамудың жоспарларын ғылыми негізде дайындау мен олардың орындалуын ұйымдастыру процесі.

Экологиялық инфрақұрылым -  адам тіршілігінің зиянды жақтарының қоршаған ортаны қорғау, қоғам өндірісі дамуының экологиялық жағдайларын қамтамасыз ету сфералары мен инженерлік құрылыстардың кешені.

Өндірістік  инфрақұрылым - өндіріс процестерінің тікелей сыртқы жағдайларын қамтамасыз ететін салалар кешені. Оған жүк тасу көлігі, көтерме сауда, электрмен, газбен, сумен қамтамасыз ету, қойма щаруашылығы, байланыс, информацияны өңдеу салалары және іскерлік қызметтер сферасы жатады

SWOT - ағылшын әріптерінің аббревиатурасы. Қазақ тілінде күшті (ұтымды) және әлсіз жақтар, мүмкіндіктер мен қатерлер мағынасын береді.

Жетілген  бәсеке - рынокта бір-біріне тәуелсіз көптеген сатушылар  мен сатып алушылар қызмет ететін  және тең мүмкіндіктері  мен құқтары бар бәсекенің идеалды бейнесін айтады . 

Монополия -  ол белгілі бір тауардың едәуір бөлігін өндірудің немесе сатуды өз қолдарына жинақтаған кәсіп- орындардың келісімі немесе бірлестігі

 Жұмыссыздық - Еңбекке қабілетті, еңбек жасындағы адамдардың жұмыспен қамтылмау процесі.

Таза  бәсеке -  көптеген тәуелсіз кәсіпорындар бір сарындағы өнімдер өндірумен немесе қызмет көрсетумен  болады

Монопсония - Таза манополия рынокта ешқандайсыз бәсекелестерсіз бір ғана сатушы болған кезде болса , кейбір жағдайда рынокта тек бір ғана сатып алушы болады

Олигапсония - Ол рынокта бірнеше сатушы емес , сатып алушылардың қызымет етуін қарастырады , яғни тұтынушылар рыногі  манопо -лиясы белең алады

Олигополия - бірнеше фирмамен шектеледі де , әрқайсының нарықтағы үлесі күрделі болады . Олар өндіретін өнім біркелкі немесе аздап қана өзгертілген үлгіде болуы мүмкін

Таза  монополия - белгілі бір тұтыну заттарын немесе қызыметтерді және олардың орнына жүретін өнімдерді өзінен басқалар өндірмейтін фирмалар жатады

Монополистік  бәсеке -  фирмалар пайдаларын кемітпеу мақсатымен өнімдерінің түрін өзгертіп отырады , сондай-ақ әр сала- ның өнімін шығаруға дайындық жасайды .

Бәсеке - бұл рыноктық экономиканың қатысушыларының арасындағы тауарларды сатып алу және сату барысында,өндірістегі  ең жақсы  жағдайлары үшін бақталастық.

 

Әлеуметтік  инфрақұрылым  - жұмыс күшін ұдайы өндіріумен байланысты салалар кешені: денсаулық сақтау, білім беру, жеке сауда, жолаушылар тасу көлігі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, қоғамдық тамақтандыру, демалысты ұйымдастыру және т.б. салалары.

Фискалдық саясат - Экономикалық сферада жалпы ұлттық мақсаттарға  қаржылық құралдар және әдістер арқылы жетуге бағытталған шаралар жиынтығын негізделуінің, жасалуының және жүргізілуінің жүйесі.

Бюджет  тапшылығы -  Шығыстардың кірістерден (шығыстар мен бюджеттен қайтарымды негізде бөлінген кредиттер ауқымының бюджетке түсетін түсімдердің жалпы сомасынан) асып түсуі

Гипотеза - Бұл жалпы теория деңгейіндегі ғылыми болжауды бейнелейді.

Экономикалық  болжау - экономикалық прогностиканың барлық әдіс-тәсілдерін, құралдарын қолдануға және экономикалық құбылыстарды зерттеудің ғылыми әдістемелеріне негізделген экономикалық болжамдар жасау процесі.

Болжау - Қоғам өмірінің барлық саласында теория мен практиканы байланыстырып тұратын өте маңызды түйін.

Жоспар - Алдыға белгілі бір мақсат қойып, соған жетудің нақты жолдарын белгілеу.

Болжам - Белгілі бір обьектінің болашақтағы жай-күйі, даму жолдары туралы ғылыми дәлелді пікір.

Ақша-несие саясаты -  ақша айналымы мен несие саласында макроэкономикалық процеске ықпал етудегі орталық банктің жиынтық шаралары болып есептелінеді

Сапалық көрсеткіштер -  өндіріс тиімділігі, экономикалық құбылыстар мен процестердіңсапалық белгілерін көрсетеді (еңбек өнімділігі, өзіндік құнның азаюы т.б.).

Жоспар  көрсеткіші   - Басқару шешімінің нақтылы бір тапсырмасын санмен көрсету формасы.

Сандық  көрсеткіштер - жоспардағы тапсырманың сандық белгісін көрсетеді.

Болжап  айту - Мәселенің болашақтағы жай-күйін, перспиктивасын суреттеп, бейнелеп беру.

Мемлекеттік бюджет - ұлттық табысты қайта бөлу көмегімен жинақталған және мемлекет өз функцияларын жүзеге асыру үшін шығындайтын ірі орталықтандырылған ақша қоры.

Информация о работе Экономиканы мемлекеттік реттеу