Экономиканы мемлекеттік реттеудің объектісі , ғылыми-әдіснамалық негіздері , мақсаттары және міндеттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Сентября 2013 в 20:58, доклад

Описание

Нарық шаруашылығының даму барысында, жеке меншік шеңберінде шешілмейтін, яғни экономиканың өзін-өзі реттеу қағидалары негізінде экономикалық және әлеуметтік проблемалар туындайды және шиеленіседі. Өндіріс күшінің дамуы елеулі инвестицияның қажеттілігін туғызады, өндірісті мамандандыру, капиталдың шоғырлануы күшейді, өндіріс пен капиталдың бірігуі, әр түрлі елдің бір-бірімен өзара тәуелділігі өсті. Сонымен бірге қоғам дамуының белгілі бір сатысында еңбек пен капиталдың арасындағы қарама-қайшылық күшейе түсті, жаппай жұмыссыздық пайда болды, экономикалық дағдарыстар салалық шеңберден асып, жалпы ұлттық кейін әлемдік дағдарыстарға айналды. Монополияның үстемдігіне әкелген, бәсекелестікті күшейткен ақша айналымының бұзылуы, нарықтың әрі қарай тиімді дамуына көмектесетін (экономикалык саясатты жүргізу), нарық пен іс-әрекеттің қарама-қайшылықтарының жұмсаруына әкелуге тиісті сыртқы күштің әсерін, атап айтқанда мемлекет күшін талап етеді.

Содержание

1.Экономикаға мемлекеттің араласуының объективті қажеттілігі.
2. Экономиканы мемлекеттік реттеудің объектісі және құралдары.
3. Экономиканы мемлекеттік реттеудің міндеттері , мақсаттары және қызметтері.

Работа состоит из  1 файл

Документ Microsoft Office Word.docx

— 21.89 Кб (Скачать документ)

Экономиканы  мемлекеттік  реттеудің объектісі , ғылыми-әдіснамалық негіздері ,  мақсаттары және  міндеттері

 Жоспар.

 1.Экономикаға мемлекеттің араласуының объективті қажеттілігі.

2. Экономиканы мемлекеттік реттеудің объектісі және құралдары.

3. Экономиканы мемлекеттік реттеудің міндеттері , мақсаттары және   қызметтері.

Экономиканы мемлекеттік реттеудің (ЭМР) нарықтық шаруашылық жағдайындағы мазмұны , қолданып жүрген әлеуметтік-экономикалық жүйені өзгерген жағдайға бейімдеу және тұрақтандыру мақсатында құқығы бар мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдарда жүзеге асырылатын заңдық, атқарушы және бақылау сипатындағы типтік шаралар жүйесі болып табылады.

 Нарық шаруашылығының  даму барысында, жеке меншік шеңберінде шешілмейтін, яғни экономиканың өзін-өзі реттеу қағидалары негізінде экономикалық және әлеуметтік проблемалар туындайды және шиеленіседі. Өндіріс күшінің дамуы елеулі инвестицияның қажеттілігін туғызады, өндірісті мамандандыру, капиталдың шоғырлануы күшейді, өндіріс пен капиталдың бірігуі, әр түрлі елдің бір-бірімен өзара тәуелділігі өсті. Сонымен бірге қоғам дамуының белгілі бір сатысында еңбек пен капиталдың арасындағы қарама-қайшылық күшейе түсті, жаппай жұмыссыздық пайда болды, экономикалық дағдарыстар салалық шеңберден асып, жалпы ұлттық кейін әлемдік дағдарыстарға айналды. Монополияның үстемдігіне әкелген, бәсекелестікті күшейткен ақша айналымының бұзылуы, нарықтың әрі қарай тиімді дамуына көмектесетін (экономикалык саясатты жүргізу), нарық пен іс-әрекеттің қарама-қайшылықтарының жұмсаруына әкелуге тиісті сыртқы күштің әсерін, атап айтқанда мемлекет күшін талап етеді.

 Экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттілігі.

 Нарық экономикасына мемлекеттік араласу қатынасы оның дамуы мен қалыптасуының әр түрлі сатысында түрліше болды. ХVII-XVIII ғасырлардағы нарықтық қатынастардың қалыптасу кезеңінде үстем болған экономикалық доктрина-меркантилизм – елдегі сауда мен өндірістің дамуы үшін, мемлекеттік реттеудің сөзсіз қажеттілігін тануға негізделген. Нарықтық қатынастардың дамуымен күш жинаған кәсіпкерлер табы мемлекеттік араласуды және осымен байланысты шектеуді өз қызметтеріне кедергі ретінде қарастыра бастады. А. Смит өзінің «Табиғат және халықтың баюының себептері туралы зерттеу» еңбегінде, экономикалық либерализм идеяларының пайда болуын алғаш рет толық негізделген және оның көптеген жақтаушылары болды.

 А. Смит көзқарасы  бойынша, пайда алуға ұмтылуға байланысты, жеке мүлде көздеген нарық жүйесі өзін-өзі реттеуге қаблетті екенін байқатты. Бұл мүлде экономикалық дамудың ең басты қозғаушы ретінде көрінеді. А.Смиттің іліміндегі идеяларының бірі, экономикадан мемлекеттік реттеуді алып тастаса, онда экономика тиімді қызмет етеді деген идея болатын. А. Смит: рынок басты реттеуші болатындықтан, рынокқа толық еркіндік беру қажет,- деп есептеді.

 Рыноктық үйлестіру  ресурстардың тиімді пайдалануды қамтамасыз етпегенде, нарық сәтсіздігі деп аталатын жағдай болатынын экономикалық тәжірибе растады. Рыноктағы нарық сәтсіздігі қоғамның игілігі мен сыртқы әсерлерге ғана емес, басқа жағдайларға да байланысты пайда болады. Оның ең маңызды себебі – рынокқа тән монополияланған беталыс. Бұл жағдайда бәсекелесті қамтамассыз ету үшін, рынок қызметін реттейтін жағдайды толық анықтау – монополияға қарсы заңды әзірлеу және оны мемлекеттің қолдануы өмірлік қажеттілік болды.Нарық экономикасында мемлекеттің рөлін теориялық танудың маңызды сатысы көрнекті ағылшын экономисі Дж.М. Кейнстің есімімен байланысты....

«Кейнсиан революциясы »  барысында алға қойылған идеялар, экономикалық құлдыраудан өз бетімен сауығудың  мумкін емес екенін, мемлекеттік саясат экономиканы дағдарыстық жағдайдан  шығару үшін, жиынтықты сұраныс пен  жиынтықты ұсынысты теңдестіруге және әрі қарай тұрақтандыруға көмектесетін қабілетті құрал ретінде қажет  екенін дәлелдеді. Дж.М. Кейнс идеяларын екінші дүниежүзілік соғыстан кейін әлемнің көптеген елдері қабылдады. Сұраныс жиынтығын реттеуде кредиттік-ақшалы және қаржылық саясатты пайдалану, бұл елдердегі экономиканың кезеңдік ауытқуларын жұмсартуға көрсетеді деп есептеледі. Сөйтіп, ЭМР-дің (экономиканы мемлекеттік реттеудің ) объективті мүмкіндігі экономикалық дамудың белгілі бір деңгейіне жетумен, өндіріс пен капиталдың үйлесуінде, өндірістің шоғырлануында, өндіріс күші мен өндіріс қатынастарының дамуында пайда болды. ЭМР қазіргі замандағы жағдайда ұдайы өндіріс үдерісінің құрамды бөлігі болып табылады. Олар экономикалық өсуді ынталандыру, жұмыспен қамтамасыз етуді реттеу, салалық және аймақтық құрылымдағы ілгерілеушілікті көтермелеу, экспортты қолдау сияқты әр түрлі тапсырмаларды шешеді. ЭМР-дің көлемінің нақты нысаны қоғам дамуындағы әр сатыдағы сипатпен,экономикалық және әлеуметтік мәселелердің өткірлігімен анықталады.

 ЭМР-дің объектілері – бұл автоматты турде шешілмейтін, немесе алыс келешекте шешілетін қиындықтар, проблемалар пайда болуы мумкін немесе пайда болған еліміздің өміріндегі әлеуметтік жағдай мен оқиғалардың аялары, салалары, аймақтары, сонымен бірге бұл проблемалардың алып тасталуы - әлеуметтік тұрақтылықты қолдау және экономиканың қалыпты дамуы үшін қажетті. ЭМР-дің негізгі объектілеріне шаруашылықтың экономикалық кезеңін, секторлық, салалық және аймақтық құрылымын; капитал жинақтау жағдайын; жұмыспен қамтамасыз етілуін , ақша айналымын; төлем балансын; бағасын; бәсекелестік жағдайын; әлеуметтік қатынастарын; әлеуметтік қамтамасыз етілуін; кадрларды дайындауы мен қайта дайындауын; қоршаған ортаны; сыртқы экономикалық байланыстарды жатқызады. Мемлекеттің кезеңдікке қарсы немесе шаруашылық жағдаятын реттеу саясатынын мәні тоқырау мен дағдарыс кезінде тауарлар мен қызметке сұранысты қолдау мен капртал салу және жұмыспен қамтамасыз етуден тұрады. Ол үшін жеке капиталға қосымша қаржылық жеңілдіктер беріледі, мемлекеттік шығындар мен инвестициялар өсіріледі.

 Экономиканың ұзақ  мерзімді көтерілу кезінде, тауар қорларының азаюы, импорттың өсуі және баланс төлемінің нашарлауы, жұмыс күшіне сұраныстың күшеюі тәрізді қауіпті жағдайлар пайда болуы мүмкін және осыдан келіп, баға мен еңбекақының негізсіз өсуіне әкеледі. Мұндай жағдайда, ЭМР-дің міндетті - « экономиканың қызып кетуіне » жол бермеу үшін, яғни тауарларды артық өндіру мен артық қорланудың мүмкін болуына кедергі жасау үшін, сұраныстың күрделі қаржы жұмсалымының және өндірістің өсуіне жол бермеу қажет.

 ЭМР сонымен бірге, аумақтық құрылым мен салалық шеңберде маңызды рөл атқарады. Мұнда қаржылық ынталандыру мен мемлекеттік күрделі қаржы жұмсалымы көмегімен бөлек салалар мен аймақтарға артықшылықты жағдай қамтамасыз етіледі: бір жағдайда созылмалы дағдарыста қалған шаруашылық бірліктері мен салаларына қолдау көрсетіледі; басқа жағдайда – салалардың ішінде, салалар арасында және барлық халық шаруашылығында оның тиімділігін көтеруде және бәсекелестік қабілетін арттыруда құрылымдылық ілгерілеушілікке әкелетін, өндірістің түрлері мен жаңа шаруашылық саласының дамуы көтермелейді. Сонымен бірге, өндірісті шектен тыс шоғырландыруға кедергі жасауғасты адамдар арасындағы қатнастарды реттейтін құқықтық нысандар белгіленеді.

 

 Субъекті –объекті Субъекті – Объекті

 

 Меншік құқығы тұрғысынан Адамдар арасындағы өндірістік

 

 мүліктік қатнастарды реттеу қатнастарды реттеу

 

 Меншік экономикалық мағынадағы техникалық, технологиялық ғылыми және зияткерлік әлеуеттің , шығарылған материалдық және рухани игіліктердің өндірістік қатнастарын көрсетеді. Бұл қатнастар шаруашылық, табыстарды бөлу нысандарында, адамдардың экономикалық және әлеуметтік сұраныстарын қанағаттандыру дәрежесі мен сипаттарында қалыптасады. Экономикалық қатнастардың қатысушылары бір-біріннің тең ерекшеленген меншік иелерін мойындайды.

 

 Материалдық игіліктер кімге тиісті немесе табиғат өнімдерін кім иемденуде?

 

 Иемдену қоғамдық өндірістің мәнін білдіреді. Иеліктен айыру – сол немесе басқа экономикалық ресурсты, қоғамдық қатынастардағы субъектінің өзінің өмірлік қызметінің игіліктерін иемдену үрдісі және мүмкіндігі.

 

 Меншік – бұл игіліктерді иеліктен айыру – иемденудің белгілі бір нысанын көрсететін, адамдар арасындағы қатнастар, қоғамдық қатнастардың барлық жүйесінің негізгі. Бөлу, айырбастау және тұтыну нысаны меншік нысанының сипатына (қоғамдық немесе жеке) байланысты.

 

 Қоғамдағы топтар мен әр түрлі таптардың жағдайы және олардың өндірістің барлық факторларын пайдалануға қолы жету мүмкіндігі меншікке тәуелді.

 

 Меншік – тарихи дамудың нәтижесі. Ол әлеуметтік-экономикалық жүйенің және оған тән өндіріс тәсілінің өзгеруіне орай нысанын өзгертеде.

 

 Экономикалық жүйе  шеңберінде меншіктің әр түрлі нысанының – қоғамдық, жеке, мемлекеттік, муниципалдық, қоғамдық ұйымдардың, ұжымдық меншіктің көптеген түрлерінің бірге өмір сүруі мүмкін.

 

 ҚР Конституциясының 6-бабында меншіктің екі түрі бегітілген: мемлекеттік және жеке меншік танылады және тең шамада қорғалады. Сонымен бір уақытта меншік пайдалану қоғамдық игілікке қызмет ету тиіс. Меншіктің объектілері мен субъектілері, меншік иелерінің өз құқықтарын жүзеге асырудың көлемі мен шектері, олардың қорғау кепілдігі заңда белгіленеді.

 

 Қағидада нарықта меншіктің  үш түрі барлық уақытта көрінеді:

 

 Мемлекет: 1 билеуші

 

2 парламент

 

3 сеньория

 

 Корпорация: 1 храм, монастырь,  цех, қауымдастық

 

 Жеке кәсіпкер: 1 жеке заңды тұлға

 

 

 

 Кез келген кәсіпкерлік қызмет белгілі бір ұйымдастыру нысаны шегінде жүзеге асырылады. Кәсіпорынның нысанын таңдау жеке ынта мен талғамға байланысты, бірақ басты жағдайда объективті жағдаймен – қызмет аясымен, ақшалай қаражаттың болуымен, кәсіпорынның болжамды нысанының жағымды және жағымсыз жақтарымен байланысты.

 

 Мемлекет экономиканы ұйымдастыруымен айналысуы қажет, бірақ сонымен бірге кәсіпкерге айналмауы керек, шаруашылық қызметіне тікелей араласпауы керек, сөйтіп, саяси ұйымдастырушы ретінде қалып, экономиканы реттеуде заңдық, атқарушылық және орындаушылық биліктің өз органы арқылы жүзеге асыруы тиіс: Мемлекетте қоғамның ортақ мүддесін қорғау үшін билік бар, ал барлық қалғаны кәсіпкерлерді қосқанда қоғам мүшелеріннің өздерінің қарастыруымен жүзеге асырылуы керек.

 

 Мемлекеттік кәсіпкерлік кейде шаруашылық жүргізу жеке фирманың табиғатына қарама-қайшы келген жағдайда немесе көп қаржы салу және тәуекелді қажет ететін салада жүзеге асырылады. Мемлекеттік кәсіпкерліктің жеке кәсіпкерліктен негізгі ерекшелігі – оның бірінші кезектегі мақсаты табыс алу емес, әлуметтік-экономикалық міндеттерді шешуде қажетті өсу қарқынын қамтамасыз ету, кезкңдік құбылыстарды жұмсарту, жұмыспен қамтамасыз...

Назад   Далее


Информация о работе Экономиканы мемлекеттік реттеудің объектісі , ғылыми-әдіснамалық негіздері , мақсаттары және міндеттері