Экономиканы мемлекеттік реттеудегі негізгі инвестициялық бағыттар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 19:08, реферат

Описание

Республиканың әлеуметтік – экономикалық дамуын басқарудың түпкілікті жаңа жүйесіне көшу осы процестің басты мәселелерін анықтауға себепші болады. Олардың бірі болып инвестициялық қамсыздандыру мәселесі табылады. Көшудің алғашқы кезеңінде заң шығаратын негіздер мен ұйымдық құрлымдарды құру, сондай-ақ, республиканың қаржылық ресурстарын пайдалану мен шетел инвестицияларын тарту жөніндегі өзіндік саясатты құру қажет болды

Работа состоит из  1 файл

инвестиция.docx

— 38.19 Кб (Скачать документ)

Экономиканы мемлекеттік реттеудегі негізгі инвестициялық бағыттар


Республиканың әлеуметтік –  экономикалық дамуын басқарудың түпкілікті жаңа жүйесіне көшу осы процестің басты мәселелерін анықтауға себепші болады. Олардың бірі болып инвестициялық қамсыздандыру мәселесі табылады. Көшудің алғашқы кезеңінде заң шығаратын негіздер мен ұйымдық құрлымдарды құру, сондай-ақ, республиканың қаржылық ресурстарын пайдалану мен шетел инвестицияларын тарту жөніндегі өзіндік саясатты құру қажет болды. Қазақстандағы мемлекеттік инвестициялар жүйесін оңтайландыру мақсатымен инвестицияларды басқарудың заң шығаратын негізі мен органдары құрылды. Осы мәселе бойынша шаралардың біртұтас кешені қабылдануда. Соның ішінде, “Шетел инвестициялары туралы ”Заң (1991ж.); “Инвестициялық жекешелендіру қорлары жөніндегі Ереже” (1993ж.) ;”Қазақстан Республикасының шетел инвестициялары бойынша ұлттық агенттігін құру туралы ” ҚР Президентінің Жарлығы (маусым 1992ж.); “Инвестициялар бойынша ҚР Мемлекеттік комитетін құру жөніндегі ” ҚР Президентінің Жарлығы (қараша 1996ж.); “ Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қорлар туралы ”ҚР-ның Заңы (наурыз 1997ж.) және жекеленген жылдарға арналған инвестициялық бағдарламалар қабылданды. Бұл құжаттар елдегі инвестициялық процесті басқарудың негізін қалады; жұмыс орындарын құру, инфрақұрылымды дамыту , елдің өнеркәсіптік және техникалық потенциалын дамытудың өсу қарқыны мен әртараптандыру саласында мемлекеттік инвестициялық саясатты жүзеге асыру мен көптеген экономикалық мәселелерді шешудегі органдардың дұрыс жүйесін , олардың функциялары мен міндеттерін анықтады. 2000 жылға дейінгі кезеңнің индикативті жоспарының жорамалы бойынша отандық пен шетел инвесторларының жеке капиталын салудың басым бағыттарына төмендегілерді жатқызу мақсатқа сай болады: жеңіл өнеркәсіптің , агроөнеркәсіптік кешеннің өңдеуші салаларының , машина жасаудың , құрылыс материалдары өнеркәсібі мен мұнай , химия өнеркәсібінің жаңа кәсіпорындарын салу мен реформалар жүргізу. Орталықтандырылған капитал салымдары есебінен әлеуметтік сала объектілерінің құрылысын мақсатты республикалық бағдарламалар шеңберінде жүзеге асыру қарастырылады. Мемлекеттік инвестицияларды басқару 4 жеке кезеңде жүзеге асырылуы қажет:

1. Жоспарлау;

2. Бағдарламалау;

3. Бюджетті дайындау;

4. Орындау;

Жоспарлау кезеңінде әлеуметтік – экономикалық дамудың орта мерзімді бағдарламасы мен оны макроэкономикалық деңгейде, сондай-ақ ,әрбір секторға қатысты алғанда да жүзеге асырудың стратегиясын құру мәселесі шешіледі. Бұл кзеңде инвестицияларды жүзеге асыру бойынша ұсыныстарды тандау мен алдын ала бағалауға басты назар аударылады. Бұл үшін салалық министрліктер жобаларды қаржылық- экономикалық бағалаудың жалпы қабылданған әдістемесі негізінде ұсынылатын жобалардың сипаттамасы мен бағалануы болуы қажет, жуықтағы бірнеше жылға арналған инвестициялар бойынша ұсыныстарды дайындауы керек. Бағдарламалау кезеңіндегі басты мақсат- жоспарда бекітілген мақсаттарды қызметтің мемлекеттік бағдарламаларына өзгерту. Мемлекеттік инвестициялар бағдарламасына (МИБ) инвестициялар бойынша ұсыныстарды ұзарту бюджеттік процеске арналатын таңданудың сол бәсекелестік қағидаларына негізделуі қажет. Қаражат бөлу жөніндегі шешімдер мынандай факторларды ескеруі қажет: - бюджет орындалатын , макроэкономикалық жағдай; - инвестициялар бойынша ұсыныстардың нақты аспектілері , соның ішінде экономикалық аспектілер. Егер инвестициялық жобаларды (кеңес беру мен сатып алуда талдау) жүзеге асыру бюджеттік мекемелерінің міндеті болып табылса, инвестициялық жобаларды қауіпке жиі қойса, әсіресе қаражатты артық жұмсауда, мәселелерден аулақ болу үшін сақтықтың қосымша шараларын қабылдау қажет. Қазақстанға ең алдымен, мемлекеттік инвестицияларды тиісті инстиутуционалдық жүйесін құру мен жоғарыда аталған функциялардың (жоспарлау, бағдарламалау, бюджетті дайындау және оны орындау) ұйымдық пен тиімді орындалуын қамтамасыз ету қажет. Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау. Қазақстанда “Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы” Заң (28 ақпан 1997 ж.)қабылданған. Онда инвестицияның қызметі- инвестицияларды жүзеге асыру процесімен байланысты кәсіпкерлік қызмет деп көрсетілген. Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау ең алдымен келесілерден тұрады:

- инвестициялық қызметті  қамтамасыз етудің заң шығарушы  кепілдері;

- жеңілдіктер мен артықшылықтар  жүйесін белгілеу (мемлекетті сол немесе басқа кәсіпорындар мен ұйымдарға олардың қызметіне қолайлы жағдайлар жасау мақсатымен жеңілдіктер мен артықшылықтар беруі);

- Қазақстан Республикасының  мүддесін инвесторлар алдында көрсетуге өкілетті, бірыңғай мемлекеттік органның болуы.

Заңда тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдаудың мақсаттары мен міндеттері белгіленген. Бұл қолдаудың мақсаты- экономиканың басым секторларында тауар өндірісін, жұмыс пен қызмет көрсетудің жедел дамуын қамтамасыз ету үшін қолайлы инвестициялық климат жасау болып табылады. Мемлекеттік тікелей қолдаудың ортақ мақсатына жету үшін міндеттердің бірқатарын шешу қажет:

- жаңа технологияларды , алдыңғы қатарлы техника мен ноу- хау енгізу;

- жоғары сапалы тауарлар мен қызмет көрсетуге ішкі нарықтың қанығуы;

- отандық тауар өндірушілерді мемлекеттік қолдау мен ынталандыру ;

- экспортқа бейімделген және импортты алмастырушы өндірістерді жетілдіру;

- ҚР- ның шикізат базасын ұтымды және кешенді пайдалану;

- менеджмент пен маркетигтің  қазіргі әдістерін енгізу;

- жаңа жұмыс орындарын құру;

- жергілікті кадрларды үздіксіз оқытудың, олардың мамандық деңгейін жоғарлатудың жүйесін енгізу;

- өндірісті күшейтуді қамтамасыз ету;

- қоршаған табиғи ортаны жақсарту.

Басқару процесі үшін инвестициялық жобаларды жүзеге асыруды ынталандырудың шаралар жүйесі басты мәнге ие. Соның ішінде, жеңілдіктер жүйесі : бекітілген инвесторлардың мүддесін қорғау бойынша ҚР- ның берген кепілдері, сондай-ақ , келісім шартқа отыру мен оны бұзудың шарттары мен тәртібі қарастырылған. Тікелей инвестицияларды қолдауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган, инвестициялар бойынша Мемлекеттік Комитет болып табылады. Ол ҚР- на тікелей инвестицияларды тарту жұмыстарын ұйымдастыру ; инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру; барлық келістіруші және рұқсат құжаттарын алуды қамтамасыз ету; инвестициялық жобалардың іске асырылуын бақылауды жүзеге асыру сияқты функцияларды атқарады.

Мемлекеттің аймақтық саясаты: мәні, мақсаты, міндеттері,

 Қазақстандағы аймақтық жоспарлаудың  теориялық негіздері. 
Нарықтық қатынастарының дамуы мен қалыптасуы жағдайында радикалды экономикалық реформалардың ғылыми негізделуіне - аймақтық экономика маңызды роль атқарады. Аймақтық экономика - аймақтардағы өндіргіш күштердің орналасу факторларын және аймақтық дамуды зерттейтін ғылым.  
Академик Н.Н.Некрасовтың анықтамасы бойынша "экономикалық ғылымның саласы ретінде аймақтық экономика елдің экономикалық жүйесінде және әрбір аймақта өндіргіш күштердің дамуы мен әлеуметтік процестердің қалыптасуын анықтайтын экономикалық әлеуметтік факторлар мен жағдайларын жиынтығын зерттейді".  
Аймақтық экономика өндіргіш күштерді аймақтық дамуының стратегиялық позицияларын өңдейді. Аймақтық өндіргіш күштердің орналасуы аймақтық экономиканың негізгі бөлігі ретінде қарастырылады.  
Аймақтық экономика экономикалық географиямен тығыз байланысты, бірақ оған қарағанда қолданбалы практикалық нәтижелерге бағытталған. Аймақтық экономика географиямен жақындығына қарамастан экономиканың құрамдас бөлігі болып табылады. Сонымен қатар, экономикалық теория мен макроэкономикалық болжаумен, салалық экономикамен, статистикамен тағы да басқа әлеуметтік - экономикалық ғылымдармен тығыз байланысты. Аймақтық экономика экономикалық мәселелермен бірге экологияны әлеуметтік мәселелерді, демографияны, географияны, этнографияны тағы да басқа ғылымдарды қарастырады.  
Аймақтың экономикалық және әлеуметтік даму аспектілерін зерттеу Ресейде ХІХ ғасырда, ал Қазақстанда ХХ ғасырдың аяғында ғылыми негізде дами бастады. Батыста аймақтық экономика "аймақтық ғылым" деп анықталады. Экономист ғалым Н.Н.Некрасовтың анықтамасында "аймақ" дегеніміз біртекті табиғат шарттарын және өндірістік қатынастардың маңыздылығына бағытталған бір елдің ірі территориясы. 
Аймақтық экономикаға теориялық - әдістемелік зерттеулер жасаған ғалымдар Альфред Вебер, Аугуст Леш, Вильгелм Кристаллер, Иоганн Тюнен, Энтони Куклинский, орыс ғалымдары Н.Барановский, Н.Комосовский және тағы да басқа АҚШ , Германия, Франция ғалымдары үлес қосқан.  
Жоспарлау мен басқарудың аймақық мәселелері республикадағы  
экономикалық қатынастарды қайта құру бойынша іс-шаралар жүйесінде маңызды орын алады. Мемлекеттің дамуында аймақтар мен олардың билік органдарының ролін арттыру әлемдік тенденцияға жатады. Аймақтық басқаруға қойылатын негізігі міндеттерге: 
- Республика мен ТМД елдерінде кәсіпорындардың дамуы мен жұмыс істеуінде қорықтық қатынастар мен тауар - ақша, жоспардың арақатынасы; 
- өзін-өзі басқару механизміндегі экономикалық және ұйымдастырушылық - әкімшілік әдістері мен экономикалық арақатынасы; 
- аймақтық басқару процесіндегі орталықтанған және орталықтан-дырылмаған басқару шешімдерінің арақатынасы.  
Басқарудың экономикалық механизмінің маңызды элементіне ақша айналымын үздіксіз нығайту кезінде жоспарды қаржымен қамтамассыз ету жатады. Сондықтан да жергілікті шаруашылықтың аймақтық жүйесінің дамуы мен қызмет етуіне кешенді әлеуметтік – экономикалық дамуға қызмет ететін механизм қажет, ол механизм мыналарды қарастыруға тиіс: 
- аймақтық экономикалық мүмкіндігінің материалдық өндірістік саласының тиімді қызмет етуіне байланысты болуы; 
- аймақтық жүйенің барлық тармақтарының тепе – тең болуы; 
- аймақтық әлеуметтік – экономикалық дамуының кешенді жоспарын қаржылай және материалды – техникалық қамтамасыз ету;  
- әлеуметтік саланың дамуының нәтижелілігі мен аймақтың шаруашылық қызметінің тиімділігін есепке ала отырып бюджеттік жоспарлауды қайта құру; 
- әрбір өндірушінің жағдайының жақсаруы әлеуметтік мәселелерді шешуге байланысты болады.  
Аймақтық басқарудың методтары аймақтың өндірісітік және өндірістік емес сфералар жиынтығы мен кәсіпорындар мен ұйымдарға шаруашылық әрекеттің пайда болуын қамтамассыз етуі тиіс. Соның ішінде: 
- республикалық стратегиялық тұжырымдардың әлеуметтік – экономикалық даму жағдайына біртұтас мақсатты бағыттанушылық; 
- жергілікті өзін - өзі басқару органдарының саяси және әкімшілік қызметтерінің біртұтастығын сақтау; 
- әлеуметтік – экономикалық , құрылыс – инвестициялық және табиғатты қорғау саясатының жылдық жоспарын жан-жақты және біртұтас мамандануын қадағалау; 
- аймақтық басқару мен жоспарлаудың тікелей және керсінше иерархиялық жүйе бөліміне біртұтас бюджеттік және қаржы - несиелік негізіне территориялық әкімшілік білім беру.  
Аймақтық басқару органдарының экономикалық компетенциясын кеңейту барлық сұрақ территорияның әлеуметтк – экономикалық дамуымен байланысты болса, аймақтық органдар кәсіпорын коллективімен бірлесе отырып шешімін табуы қажет, өйткені жергілікті әкімшілік құқығы нақты экономикалық мүмкіндіктермен сәйкестенуі тиіс. 
Аймақтық саясат механизмдерін жүзеге асыру, соның ішінде әлеуметтік –экономикалық ұдайы өндірістің қоршаған ортамен тепе теңдігінің бұзыуына байланысты, экологиялық қауіпті аймақтарға арнайы мемлекеттік бағдарламалар жасап нақты аймақтардың дамуының өзекті проблемалары шешімін табуы қажет.  
Шағын және орта қалалардың өркендеуі екі – үш өндірістік кәсіпорындардың қызметіне тәуелді болады. Жалпы жағдайдың экономикалық тоқырауы, инфляцияның күшеюі, шаруашылық қатынастардың үзілуі, көптеген шикізат пен өндіріс түрлерінің сұранысының төмендеуі кәсіпорындардың жұмысын тоқтатуына алып келді. Бұның әсерінен қала және ауылды аймақтарда жұмыссыздықтың белең алуына, жоғары кадрларымыздың басқа елге кетіп қалуына, жергілікті халықтың тұрмысының төмендеуіне алып келді.  
Қазақстан Республикасының болашақтағы әлеуметтік-экономикалық өсуі, оның аймақтарының дамуымен байланысты. Сондықтан экономикалық механизм келесілермен қалыптасу керек: 
- аймақ - мемлекет экономикасын тікелей және жанама ресурстары, ғылыми- техникалық, қаржы- несиелік, несие және әлеуметтік байланысы дамыған біртұтас бөлігі болуы тиіс; 
- бұл жерде ұдайы өндіріс пен еңбек ресурстары, қаржылай айналыммен ұлттық байлықтың жартысы, үйлестіру, айырбастау, тұтынушылар өндірісі іске асады ; 
- басқару органдарының біріккен әрекеті, территориялық өндірісітің дамуына орындаушы органдардың бірігуіне әкеледі ; 
- аймақтың табиғи құзіретіне жоспарлау , қаржыландыру , несиелеу, ақшалай айналыммен еңбек ресурстарын жетілдіру жатады . 
Экономикалық механизмге деген қажеттілік ұдайы өндіріс циклінде әлеуметтік- экономикалық аспектісінің біртұтастығын сақтауын қажет етеді. Сондықтан , экономиканы дамыту саласында қандай да бір басқарудың шешіміне практикалық қызметі халықтың материалды және мәдени тұрмысын қамтамассыз етуімен бағалануы тиіс. Әлеуметтік даму көрсеткіші тұрғын үй проблемасын шешумен халықтың рухани қажеттілігін қамтамассыз ету арқылы еңбек етуіне әсер етеді. Сондықтан, экономикалық- әлеуметтік шаруашылық салаларының тепе – теңдігін ұстау маңызды болады. Ол мемлекет пен демографиялық ұдайы өндіріс арасындағы кәсіпорынмен жергілікті өзін - өзі басқару органдарының экономикалық жүктеулерді тарату арқылы әлеуметтік әділеттілікті тудыруы қажет. Дәл осы кезде өндіріс шығынымен байланысты шыѓындардың толық көрсетілуі қажет . Бұл республиканың демаграфиялық жағдайына еңбек ресурстарын тиімді пайдалануға демеу жасайды және көп еңбек етуді төмендетіп, ғылыми – техникалық прогресстің дамуына жол ашады. Сонымен бірге әлеуметтік бағдарламалар екі маңызды қаржылық ресурстарды қамтиды. Олар: қаржы – несие жүйесі және жергілікті бюджет.  
Әлеуметтік тұрмыс инфрақұрылымның дамуына кәсіпорын мен бірлестіктердің еңбек ресурстарының төлем ролін күшейтуге тырысады. Эквивалентті байланыстардың барлық экономикалық жүйе түйіндерімен қамтамассыз етуі, нарықтық жүйенің экономикалық механизмде талап етуі болады. Экономикалық жүйелерді зерттеуді аймақтық басқару мен жоспарлау келесідей жағдайларда жүргізіледі: 
- кәсіпорын – аймақтың басты экономикалық көзі болып табылады. Кәсіпкерлік қызметнің заңнамасына сәйкес жүргізіледі. Осыдан келіп территориялық басқарудың міндетті шаруашылық және өндіріс-технологиялық даму шартына араласпауы аймақтық кәсіпорындардың әлеуметтік- экономикалық кешенді дамуын ынталандырады.  
- облыс, қала, аудандардағы шаруашылық субъектілердің есеп принціпі мен экономикалық есептертің эквивалентті негізін басқару органдары мен жалпы қатынас.  
- жергілікті бюджеттің қалыптасуы кәсіпорын мен ұйымдардың жұмысының тиімділігіне байланысты . 
Ұйымдық құрылым - шаруашылықтың өзін -өзі басқаруы жаңа әдістеріне, ғылыми- техникалық прогресске сәйкес жүргізілуі керек. 
Аймақтық жоспар алдындағы зерттеулерді жүргізудің басты мақсаты әлеуметтік – экономикалық дамудың комплексті жоспарының ғылыми деңгейін арттыру жатады. Жоспар алдындағы зертеулер маңызды әлеуметтік-экономикалық және аймақтың дамуының ғылыми-техникалық мәселелерін анықта

Инвестициялық қызметті басқару

 
Инвестицияларды дұрыс басқара білу кәсіпорынның экономикалық тиімділігіне, қаржылық тұрақтылығына, оның өз бизнес саласындағы өміршеңдігіне айтарлықтай әсер ететіні сөзсіз. Сондықтан да, инвестициялық қызметті басқару кәсіпорындағы қаржы менеджментінің маңызды да жауапты міндеттерінің бірі болып табылады.  
Инвестицияларды басқарудың құрамына келесілер кіреді: 
- инвестицияларды мемлекеттік деңгейде басқару – бұл инвестициялық қызметті заңды түрде реттеуді, бақылауды және ынталандыруды қажет етеді; 
- жеке инвестициялық жобаларды басқару – бұл қазіргі заман талаптарына сай әдістер мен басқару техникасын қолдану арқылы инвестициялық жобаны жүзеге асыру барысын жоспарлауды, ұйымдастыруды және бақылауды қамтиды; 
- жеке кәсіпорынның инвестициялық қызметін басқару – бұл кәсіпорын тарапынан инвестициялау объектілерін таңдаумен және инвестиция барысын бақылаумен сипатталады. 
Кәсіпорын деңгейінде инвестицияларды басқару капитал салымдарының ең тиімді нұсқаларын жүзеге асыруға бағытталады. Осы орайда кәсіпорындардың инвестицияларды басқару барысына толығырақ тоқтала кетелік (1.3-сурет). 
Кәсіпорын деңгейінде инвестицияларды басқарудың бірінші кезеңі – бұл елдегі инвестициялық жағдайды (климатты) талдау. Ол келесідей көрсеткіштерді ескереді: 
- жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ), ұлттық табыстың және өнеркәсіптік тауарлардың өндіріс көлемінің динамикасы; 
- ұлттық табысты бөлудің динамикасы; 
- мемлекеттің инвестициялық қызметті заңды түрде реттеуі, бақылауы және ынталандыруы; 
- инвестициялық нарықтардың, бірінші кезекте несие нарығы мен құнды қағаздар нарығының, даму деңгейі. 
Келесі кезең – кәсіпорынның экономикалық даму стратегиясын ескере отырып, оның инвестициялық қызметінің нақты бағыттарын анықтау. Бұл кезеңде кәсіпорын инвестициялық қызметінің салалық бағытын, сонымен қатар өз қызметінің жекелеген кезеңдеріндегі инвестициялаудың негізгі нысандарын анықтайды. Бұл үшін экономиканың жекелеген салаларының инвестициялық тартымдылығы, яғни олардың конъюнктурасы, осы салалардың өнімдеріне деген сұраныстың динамикасы мен болашағы зерттеледі. 
Экономика салаларының инвестициялық тартымдылығын зерттеу барысында жүргізілген талдау жұмыстары келесідей маңызды сұрақтарға жауап табуға мүмкіндік береді: 
- осы саланың елдегі және әлемдегі дамуының тарихи негіздері; 
- бәсекелестік шарттары – салаға кіру кезіндегі бөгеттердің болуы, саладағы бәсеклестердің өзара қатынастары, солардың өнімі тәріздес тауарлардың пайда болу мүмкіндігі; 
- өндірушілердің өндірістік қабілеті мен сатып алушылардың төлем қабілеттілігі; 
- осы салаға байланысты қолданыстағы заңнаманың негіздері. 
Аталған мәліметтер бойынша осы саладағы кәсіпорындарға инвестициялар салудың тиімділігі мен болашағы туралы қорытындылар қалыптасады. 
Келесі кезең, яғни инвестициялар салудың нақты объектілерін таңдау, инвестициялық нарықтағы ұсынысты талдаудан басталады. Содан кейін кәсіпорынның инвестициялық қызметінің негізгі бағыттарына және экономикалық стратегиясына сәйкес келетін жекелеген инвестициялық жобалар таңдап алынады. Барлық таңдап алынған инвестициялық объектілер олардың экономикалық тиімділігі жағынан талдауға алынады. Осы талдаудың қорытындысы бойынша инвестициялық жобалар экономикалық тиімділігі (табыстылығы) бойынша сараланып, солардың ішінен неғұрлым үлкен табыс алып келетін жобалар таңдап алынады. 
Инвестицияларды басқарудың келесі кезеңі – инвестициялардың өтімділігін анықтау. Инвестициялық қызметті жүзеге асыру барысында кәсіпорындар жекелеген инвестициялық объектілер бойынша инвестициялық жағдайдың өзгеруі нәтижесінде болжамдалған табыс мөлшері күрт төмендеп кетуі мүмкін екендігін ескерулері қажет. Сондықтан да барлық өзгерістерді жан-жақты қадағалап, инвестициялық бағдарламадан шығып кету және капиталды қайта инвестициялау туралы шешімдерді қажет уақытында қабылдай білу керек. Осындай жағдайлардың пайда болу мүмкіндігін ескере отырып, әрбір инвестициялық объект бойынша алдын-ала инвестициялардың өтімділігін бағалап, солардың ішінен өтімділік деңгейі жоғары бағаланатын инвестицияларды жүзеге асырған абзал. 
Инвестицияларды басқарудың тағы да бір өте маңызды кезеңі – инвестициялық ресурстардың қажетті көлемін анықтау және оларды қаржыландыру көздерін іздестіру болып табылады. Бұл кезеңде кәсіпорынның жоспарлы бағыттары бойынша инвестициялық қызметті жүзеге асыруға қажетті қаржылық ресурстардың жалпы көлемі анықталады. Инвестициялық ресурстарға деген мұқтаждықтарға сүйене отырып, оларды қаржыландыру көздері анықталады. Кәсіпорынның меншікті қаражаттары жетіспейтін жағдайда шеттен қаражаттар тарту туралы шешім қабылданады. 
Жоғарыда аталған шаралардың барлығын жүзеге асырған соң кәсіпорынның инвестициялық қоржыны қалыптасады. Инвестициялық қоржын кәсіпорынның барлық инвестициялық жобаларының жиынтығы болып табылады. 
Инвестицияларды басқарудың қорытынды кезеңі – инвестициялық тәуекелдерді басқару болып табылады. Бұл кезеңде алдымен кәсіпорын барлық инвестициялық объектілер бойынша кездесуі мүмкін тәуекелдерді анықтап алып, содан кейін осы тәуекелдерді мүмкіндігінше азайтуға байланысты шаралар қолданылады. 

Кәсіпорынның инвестициялық  саясаты 
Бүкіл инвестициялық қызметті басқару жүйесі кәсіпорынның инвестициялық саясатымен негізделеді. Инвестициялық саясатты әзірлеу барысына кәсіпорынның басқару аппараты мен қаржы бөлімінің қызметкерлері, сондай-ақ маркетингтік, өндірістік және басқа да бөлімшелердің қызметкерлері қатысады. Бұл өз кезегінде, кәсіпорынның бетке алған инвестициялық бағытының келешекте дұрыс сарында жұмыс істеуіне септігін тигізеді. 
Кәсіпорындар өзінің инвестициялық қызметі барысында белгілі бір инвестициялық саясатты бетке алады. Кәсіпорынның нвестициялық саясаты дегеніміз – бұл кәсіпорынның өз инвестициялық қызметін тиімді жүзеге асыру арқылы табыс табуға немесе өндіріс көлемін кеңейтуге бағытталған шараларының жиынтығы болып табылады. 
Кәсіпорынның инвестициялық саясаты капитал салымдарының тиімді объектілерге салынуын, олардың өндіріс барысын сенімді ақша ағындарымен қамтамасыз етуге, нәтижесінде кәсіпорынның жалпы экономикалық қызметінің тиімділігін қамтамасыз етуге арналған. Демек, инвестициялық саясат өз кезегінде кәсіпорынның экономикалық саясатының құрамдас бөлігі болып табылады. 
Нарықтық қатынастардың дамуы және сонымен байланысты макроэкономикалық саясаттағы өзгерістер кәсіпорындардың инвестициялық саясатына қосымша маңыздылық береді. Айталық, кәсіпорындардың инвестициялық қызмет жөніндегі міндеттері келесідей болуы тиіс: 
- кәсіпорынның даму стратегиясын анықтау; 
- өзінің инвестициялық бағдарламасын жасақтау және өзекті инвестициялық жобаларды анықтау; 
- инвестициялық ресурстардың оңтайлы орналастырылуын қамтамасыз ету; 
- кәсіпорын экономикасына капитал ағындарын және олардың қажетті объектілерге салынуын қамтамасыз ететін қолайлы инвестициялық жағдай қалыптастыру. 
Кәсіпорындар аталған міндеттерін жүзеге асыру үшін өзінің инвестициялық саясатын белгілі принциптерге сүйене отырып жүргізу керек. Кәсіпорынның инвестициялық саясатының әлемдік тәжірибеде қалыптасқан принциптері келесідей: 
- капитал салымдарын қаржыландыру көздернінің алуан түрлі болуы; 
- іріктеушілік және ұқыптылық – инвестициялық жобаларды жан-жақты талдау нәтижесінде іріктеп, таңдап алу; 
- мақсаттылық – инвестициялық бағдарламаның түпкі қажетті нәтижелерді қамтамасыз ету мақсатында бағытталуы; 
- жүйелілік – инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыруға қажетті шаралардың жиынтығын жалпы ұлттық экономиканың даму деңгейімен байланыстыра отырып қалыптастыру; 
- қамтамасыз етушілік – кез-келген инвестициялық жоба қажетті ресурстардың барлық түрімен (қаржылық, еңбектік, ақпараттық, материалдық)және қажетті мөлшерде қамтамасыз етілуі тиіс; 
- өтелімділік – салынған қаржы-қаражаттардың барынша үлкен өсіммен қайтарылуы; 
- инвестициялық белсенділікке ықпал ету мақсатында экономикалық және ұйымдастырушылық құралдарды қолдану. 
Инвестициялық саясаттың ріктеушілік және ұқыптылық принциптерін жүзеге асыру кәсіпорынның экономикалық өсіміне және жандана түсуіне септігін тигізетін инвестициялық бағыттарды (жобаларды) дұрыс таңдай білуді қажет етеді. Кез-келген кәсіпорын үшін инвестициялық саясатты жүзеге асыру және инвестициялық бағыттарды таңдау келесідей қажеттіліктерді қамтамасыз етуі керек: 
- өзге кәсіпорындарға немесе жаңа өнімдерге қаражаттар салу мақсатында өзінің өндірістік әлуетін (потенциалын) дамыту; 
- инвестициялық бағдарламалардың өміршеңдігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекет тарапынан үлкен қолдау көрсетілетін салаларға капитал салу; 
- бәсекелестік қабілеті жоғары, ішкі және сыртқы нарықтарда үлкен сұранысқа ие болатын өнімдер мен салаларға инвестициялар салу. 
Қаражаттарды қолайлы экономикалық және техникалық жағдайлар жасай алатын өндірістерге немесе экономика салаларына бағыттаған жөн.


Информация о работе Экономиканы мемлекеттік реттеудегі негізгі инвестициялық бағыттар