Электрондық қызмет көрсетулер және есеп айырысулар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Апреля 2012 в 20:25, реферат

Описание

Банктің электрондық қызметі – бұл банктік карточкаларды және электрондық ақша жүйесін пайдалану арқылы көрсетілетін қаржылық қызметтері, сондай-ақ, қор құндылықтарымен жасалатын биржалық операцияларды жүзеге асыруда және қаржы делдалдары ретінде көрсететін банктік мекемелердің электрондық қызметтері.

Работа состоит из  1 файл

Электрондык аударым.doc

— 48.00 Кб (Скачать документ)

Электрондық қызмет көрсетулер және есеп айырысулар 

      Банктің электрондық қызметі  – бұл банктік карточкаларды және электрондық ақша жүйесін пайдалану арқылы көрсетілетін қаржылық қызметтері, сондай-ақ, қор құндылықтарымен жасалатын биржалық операцияларды жүзеге асыруда және қаржы делдалдары ретінде көрсететін банктік мекемелердің электрондық қызметтері.

      Электрондық қолма-қолсыз есеп айырысу  жүйесі – банк пен клиент арасындағы төлем  операцияларын жылдамдатуға, сондай-ақ олардың орындалысын бақылау жасауға арналған есеп айырысу жүйесі.

      Мұндағы есеп айырысу операцияларының жылдамдатылу қағаз нысанындағы құжаттардың  орнын, банкке электрондық байланыс жолдары арқылы жеткізілетін олардың  электрондық үлгілерімен айырбастау және төлем құжаттарын автоматты  түрде өңдеу нәтижесінде жүзеге асады.

      Мұндай  жүйелердің техникалық негізіне құжатты  әр түрлі санкцияланбаған құбылыстардан  қорғайтын арнайы технология немесе шифрлау жүйесі мен электрондық  сандық қолтаңба жатады. Банк пен клиент арасындағы құжат алмасу «Банк клиенті» ішкі жүйесі арқылы жүзеге асады.

      Электронды  сандық қолтаңба –  банк пен клиент арасында есеп айырысуларда қолданылатын төлем құжаттарының түпнұсқалығын және ондағы мәліметтердің шынайылығын растайтын, сондай-ақ берілетін ақпараттың құпиялығына толық кепілдік беретін және есеп айырысу процесінде үшінші бір тұлғаның араласуына жол бермейтін санмен құпияланған таңбалар. Электронды сандық қолтаңба клиенттің банкке тапсырған қолы және мөр қою үлгісі бар карточкаға балама болып келеді.

      «Банк клиенті» ішкі жүйесі мынадай қызмет атқарады:

  • Төлем құжаттарын даярлау;
  • Қол қою және жіберу;
  • Құжаттарды және банктен берілетін шоттың көшірмесін қабылдау;
  • Құжаттарды қарау және мөр басу;
  • Құжаттардың архивін жүргізу.

     Электрондық қолма-қолсыз есеп айырысу жүйесінде  қолданылатын құжаттарға мыналар жатады:

  • Клиенттің төлем тапсырмасы;
  • Клиенттің ағымдағы шотына ақша қаражаты түскендігі туралы хабарлама;
  • Клиенттің шоттары бойынша көшірме.

     Клиенттің жіберген құжаттарын қабылдай отырып, банк төлем құжатындағы электрондық  сандық қолтаңбаның сәйкестігін және құжаттың дұрыс толтырылуын автоматты түрде тексереді.

     Электрондық түрде қызмет көрсету түрлеріне  сондай-ақ Internet  banking және Home – banking қызметтерін  жатқызуға болады. Мұндай қызметтерді  отандық банктеріміз клиенттерге ұсына бастады.

     Интернет  – банкинг – банкке келмей-ақ Интернет жүйесін пайдалану арқылы клиенттерге банктің операцияларды пайдалануға мүмкіндік беретін банктің электрондық қызметі.

     Интернет-банкинг  жүйесі Интернет арқылы нақты уақыт  режимінде     (оn-line) ыңғайлы уақытта әлемнің әрбір нүктесінен өзіңіздің банктік шотыңызды басқаруға арналған банк қызметі.

     Интернет-банкинг  жүйесінің қызметін пайдалану арқылы клиенттер мынадай операцияларды  жүзеге асырады:

  • Ағымдағы және алдағы күндермен төлемдер жасау;
  • Валютаны сатып алу және сату;
  • Карточкалық шотқа қаражат салу;
  • Шоттың көшірмесін алу;
  • Өзінің шотындағы қалдықты бақылау;
  • Банкке берілген төлем құжаттарының архивін жасау;
  • Шот бойынша болжам жасау;
  • Зейнетақы төлемдерін жасау;
  • Валюталық бағам туралы ақпарат алу;
  • Жедел түсім жүйесі бойынша жеке тұлғалардан төлемдер алу.

Интернет-банкинг  жүйесінің артықшылықтары мынадай:

  • Жасалатын операциялардың қолайлығы мен қарапайымдылығы, яғни тұратын қаладан кетіп қалсаңыз да, кез келген шотыңыз арқылы операцияларды жасай аласыз;
  • Үстеме шығыстардың азаюы, яғни сізге немесе сіздің бухгалтеріңізге банкке бару қажет емес, сондай-ақ, уақыт жұмсаудың, бинзинге шығын шығарудың, машинаны пайдаланудың қажеттігі болмайды;
  • Жұмыстың тиімділігін арттыру, жұмыс уақытыңызды үнемдеу арқылы, ол уақытты басқа ісіңізге пайдаланасыз;
  • Қажетті ақпаратты алудың жеделдігі, банктің серверінде сақталған ақпаратты жылдам алуға мүмкіндіктің болуы;
  • Жүйені орнатудың және онымен жұмыс істеудің шығындарының төмендігі.

     Интернет-банкинг  жүйесіне қосылу үшін мынадай талаптар орындалуы қажет:

  • Интернетке қосылу;
  • Microsoft Еxplorer 4,0 немесе одан жоғары бағдарламаның болуы;
  • Интернет-банкинг жүйесі бойынша қызмет көрсету шартына қол қою;
  • Жүйеге тегін тіркелу және қосылу.

     Интернет-банкинг  жүйесінің қауіпсіздігі мынадай құралдармен қамтамасыз етіледі:

  • Қуатты шифрлеу алгоритмі;
  • Электрондық сандық қолтаңба;
  • Х.509 стандарты бойынша сертификатталу;
  • Барлық жасалған іс-қимылдардағы  аудиторлық бақылау жасау.

     Интернет  арқылы Банк пен клиенттің арасындағы қауіпсіз байланысты орнату сызбасы төменде берілген:

     Клиенттің компьютері ↔ ИНТЕРНЕТ ↔ қауіпсіздік  сервері ↔ «Интернет  банкинг жүйесі»

  1. Клиент Интернет арқылы Интернет-банкинг жүйесіне байланыс орнатады.
  2. Клиенттің компьютерінің бағдарламасы мен Банктің қаіпсіздік серверінің өзара идентификациялық хабарламалармен алмасуы, егер Банктің қауіпсіздік сервері банк клиенті екеніне сенімді және клиент қажетті серверге түскеннен кейіннен соң ғана жүзеге асады.
  3. Қауіпсіздік сервері «Қауіпсіздік сервері – Клиент» деген шифрланған арна жасайды. Содан соң клиенттің Банк ресурстарына қолжетімділігінің барлығын тексереді.
  4. Клиент Интернет-банкинг жүйесімен жұмыс жасайды.
  5. Жүйе арқылы жіберілетін ақпарттарға (төлем құжаттары және т.б.). Клиенттің электронды сандық қолтаңбасы қойылады.

     Номе  банкинг – банкоматтарды, электрондық есеп айырысу жүйелерін пайдалану арқылы және үйінде отырып банктік операцияларды жүргізуге мүмкіндік беретін халыққа арналған банктің электрондық қызметі.

     Жеке  компьютерді банктік компьютерлер жүйесіне қосу арқылы банк клиенттері мынадай қызметтерді пайдалана алады:

  • Ағымдағы күндегі шот балансын алу;
  • Белгілі бір уақыт ішіндегі ақша қаражаттар қозғалысының есебін алу;
  • Ақшалай аударымдар мен төлем жасау;
  • Кредиттік және өзге пластикалық карточкалар шығаратынэмитент компаниялардың қызметін төлеу;
  • Бағалы қағаздармен операциялар жүргізу.

     Қазіргі кезде отандық банктер тәжірибесінде  халықаралық және Қазақстанның ішінде жылдам ақщалай аударымдар жасау  біршама дамып отыр. Ондай аударымдардың  біріне Western Union аударымдар жүйесі жатады. «Western Union» сөзінің қазақ тіліндегі аудармасы «Батыс Одағы» деген ұғымды білдіреді.

     Western Union 1871 жылы құрылған халықаралық  корпорация және оның бүгінгі  күні жер шарының 180 елінде 80 мыңнан  астам өкілдері қызмет етеді.

     Western Union аударым жүйесінің мынадай  артықшылықтары бар: 

  • Ерекше банк қызметі, ақшалай қаражатты жөнелтушіге және оны алушыға банктік шот ашудың қажеттігі жоқ;
  • Жылдам аударым, аударым жылдамдығы 5-10 минут;
  • Қауіпсіз, жөнелтуші туралы нақты мәліметтерді білсеңіз, аударымды ала аласыз;
  • Қолжетімділік, жер шарының кез келген нүктесіне аударым жасау мүмкіндігі;  
  • Сенімділік, компания әрбір аударымға компания кепілдік береді.

  Western Union жедел аударымы банктің тек  жеке тұлғаларға көрсетілетін қызметіне жатады.

  Қазақстанда Western Union халықаралық корпорация ең алғаш өкілі «Центркредитбанк»  АҚ болып табылады.

  Western Union жедел аударым жүйесі бойынша  ақшалай аударым жасау шарты  мынадай: 

  • Жеке куәлігін немесе төлқұжатын көрсету керек;
  • СТТН болуға тиіс;
  • Алушының аты-жөнін көрсету;
  • «Ақшаны жөнелту» құжатының нысанын толтырып, оған қол қою қажет;
  • Жөнелтетін соманы банкке тапсыру.

  Сонымен бірнеше минуттардан соң аударылған қаражаттар әлемнің кез келген жерінде  алушыға төленеді. Банк ақщалай аударымды жасағаны үшін аударым сомасына қарай комиссиондық сыйақысын алады.

  Western Union жедел аударым жүйесі бойынша  ақшалай аударымды алу шарты  төмендегідей:

  • Жеке куәлігін немесе төлқұжатын көрсету керек;
  • СТТН болуға тиіс;
  • Ақшаны жөнелтушінің аты-жөнін, қаласын,елін, аударым сомасын көрсету қажет;
  • «Ақшаны алу» құжатының нысанын толтырып, оған қол қою керек;
  • «Ақшалай аударымды алуға қосымша» құжат нысанын толтырып, оған қол қою керек.

  Сонымен қатар, банк операторы Western Union жедел  аударым жүйесі бойынша ақшалай аударым жасалғандығын тексереді және ақпарат нақтыланған жағдайда ақшалай аударымды алушыға тиісті сома беріледі.

  Кей жағдайда банктерде ақшалай аударымды  алушыдан аударым жасалған бақылау  нөмірін сұрауы мүмкін, егер ақшаны жөнелтуші ақшаны алушыға ол нөмірді хабарлаған жағдайда. Бұл нөмір негізінен операторға компьютерден ақшалай аударымды алушының аты-жөнін тез іздеп табу үшін қажет.

  Бүгінгі күні Western Union халықаралық корпорациясы кілі Қазақстандағы бірқатар банктермен келісім жасаған. Олардың ішінде бұл жү йенің қызметін алғаш көрсетуші «Центркредитбанк» АҚ.

  Өзара келісім негізінде мысалға, «Центркредитбанк»  АҚ –ның Қазақстаннан шетелге АҚШ  доллорында ақшалай аударымдарды жасаудағы  тарифтері белгіленеді.

  Сонымен қатар, отандық банктеріміз тәжірибесінде жеке тұлғалар үшін банктік шот ашпай-ақ Қазақстан аумағында жедел аударымдар жасау қызметі көрсетіледі. Мұндай жедел аударымдарды осы қызметті көрсететін банктердің филиалдарынан бірнеше минуттардан кейін теңгеде алуға болады. Мұндай жедел ақшалай аударымдардың өзіндік ерекшеліктері бар және оны аударым жасау немесе алу шарттарынан байқауға болады.

  Жедел ақшалай аударым жасау шарты  мынадай:

  • Жеке куәлігін көрсету керек;
  • СТТН болуға тиіс;
  • Алушының аты-жөнін көрсету;
  • «Ақшаны жөнелту» құжатының нысанын толтырып, оған ұол қою қажет;
  • Жөнелтетін соманы банкке тапсыру.

  Сонымен бірнеше минуттардан соң аударылған қаражаттар солд банктің филиалдары орналасқан жерлерде алушыға төленеді. Банк ақшалай аударымды жасағаны үшін аударым сомасына қарай комиссиондық сыйақысын алады.

  Жедел аударым бойынша ақшалай аударымды  алу шарты төмендегідей:

  • Жеке куәлігін көрсету керек;
  • СТТН болуға тиіс;
  • Ақшаны жөнелтушінің аты-жөнін, қаласын, елін, аударым  сомасын білуі қажет;
  • «Ақшаны алу» құжатының нысанын толтырып, оған қол қою керек.

  Сонымен банк операторы жедел аударым  жүйесі бойынша ақшалай аударым  жасалғандығын тексереді және ақпарат  нақтыланған жағдайда ақшалай аударымды  алушыға тиісті сома беріледі. Кей  жағдайда банктерде ақшалай аударымды  алушыдан аударым жасалған бақылау нөмірін сұрауы мүмкін, егер ақшаны жөнелтуші ақшаны алушыға ол нөмірді хабарлаған жағдайда. Бұл нөмір негізінен операторға компьютерден ақшалай аударымды алушының аты-жөнін тез іздеп табу үшін қажет. 

      


Информация о работе Электрондық қызмет көрсетулер және есеп айырысулар