Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2012 в 12:35, реферат
Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін «биосфералық» ойлаудың қалыптасуына маңызды роль атқарған бірнеше халықаралық ұйымдар пайда болды, олардың біріне 1945 жылы құрылған Біріккен Ұлттар Ұйымы жатады. 1946 жылы БҰҰ ұйымдастыруымен Парижде білім, ғылым және мәдениет сұрақтары бойынша (ЮНЕСКО) штаб-ұйымы құрылған.
1. «Тұрақты даму» ұғымы пайда болуының қысқаша тарихы.
2. Йоханнесбургтегі (2002) Бүкіләлемдік саммит.
3. Тұрақты дамудың деңгейлері.
Жоспары
1. «Тұрақты даму» ұғымы пайда болуының қысқаша тарихы.
2. Йоханнесбургтегі (2002) Бүкіләлемдік саммит.
3. Тұрақты дамудың деңгейлері.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. «Тұрақты даму» ұғымы пайда болуының қысқаша тарихы.
Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін «биосфералық» ойлаудың қалыптасуына маңызды роль атқарған бірнеше халықаралық ұйымдар пайда болды, олардың біріне 1945 жылы құрылған Біріккен Ұлттар Ұйымы жатады. 1946 жылы БҰҰ ұйымдастыруымен Парижде білім, ғылым және мәдениет сұрақтары бойынша (ЮНЕСКО) штаб-ұйымы құрылған.
1948 жылы ЮНЕСКО инициативі бойынша табиғат пен табиғи ресурстарды қорғаудың Халықаралық одағы (МСОП) пайда болды.
МСОП – Жердің табиғи байлығын сақтау мен оны тиімді пайдаланудың үкіметаралық ғылыми-кеңестік ұйымы.
1964-1974 жылдар аралығында ЮНЕСКО-мен Халықаралық биологиялық бағдарламаны (ХББ) жүзеге асырылған, оның мақсаты – негізгі экожүйелер түрлерінің құрылымы мен қызмет атқаруын, олардың өнімділігін танып білу, сирек кездесетін түрлерді сипаттау. 1970 жылы ЮНЕСКО-ның 16-шы сессиясының Бас конференциясында биосфераға антропогендік әсер және оның тұрақтылығы мәселесінде «Адам және биосфера» деген Халықаралық бағдарлама қабылданған. Осы жылдан бастап БҰҰ қамқорлығымен адамзаттың дамуындағы әлеуметтік, экономикалық және экологиялық мәселелерді ескеріп, ғылыми негізделген болжамдар жасалынуда.
1968 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы адамның қоршаған ортасының мәселелері бойынша Алғашқы конференциясын өзкізу туралы шешім қабылдады.
1967 жылы «Оливетти» италиялық фирмасының вице-президенті Аурелио Печчеи (1908-1984) Рим клубын құрудың басшысы болды. Рим клубы – ұзақ уақыттық жоспары жоқ экономикалық дамудың жалғасуындағы адамзаттың ғаламдық дағдарысының мүмкін болуымен қауіптенген беделді, белгілі кәсіпкерлердің, саясаткерлердің және ғалымдардың біріккен үкіметсіз ұйымы.
Сол уақытта математикалық моделдеу саласында Джей Форрестер - халық санының өсуі, табиғи ресурстарды пайдалану, өнеркәсіп пен ауылшаруашылығының өсуі, қоршаған ортаның ластануы сияқты негізгі әлемдік бағыттардың шынайы статистикасында негізделген «Әлемдік динамика» деген ғаламдық моделін жасады. Ол өзінің шәкірттері Дэнис Медоуз бен Донелл Медоузға тапсырыс берді, олар программистер қолдауымен Әлем-1 және Әлем-2 деген моделдерін жасады. Ғылыми болжам нәтижелерін Рим клубының бірінші баяндамасында және «Өсу шегі» деген кітабында жарияланды. Модельдеу қорытындысына сәйкес XXI ғасырдың бірінші жартысында халықтың тым көп өсуінен пайда болатын дағдарыс табиғи ресурстардың таусылуына және қоршаған ортаның шектен тыс ластануына, аштыққа, ауруларға және әлеуметтік құлдырауға әкелетін компьютерлік талдауы бар болжамдар жасалынған.
1972 жылы Стокгольм конференциясында осы мәселелер қарастырылып, БҰҰ шешімімен қоршаған ортаны қорғау бойынша БҰҰ Бағдарламасы (ЮНЕП) құрылған. Осы уақыттан бастап ЮНЕП ЮНЕСКО-ның қоршаған ортаны қорғау бойынша жұмысын алмастырып, экологиялық дағдарысты жоюда әлемдік қауымдастықтың келісімді әрекеттерін дайындаудың штабы болып қалыптасты. ЮНЕП халықаралық деңгейде экологиялық мәселелерді шешумен айналысады.
Декларация – мемлекеттің, әлемдік қоғамның сыртқы немесе ішкі саясаттарының негізгі қағдаларын жариялайтын ресми өтініш. Декларация – бұл келісімге және ынтымақтастыққа деген алғашқы қадам.
Келісім-шарттың әртүрлі атауы (келісім, декларация, пакті, хаттама, конвенция және басқалар) болады. Келісім-шарттар халықаралық келісім-шарттар құқықы туралы Вена конвенциясына сәйкес жасалынады.
Конвенция - жеке арнайы сұрақ бойынша әдетте көпжақты халықаралық келісімдер.
«Тұрақты даму» термині 1987 жылы БҰҰ үшін жасалған баяндамадан кейін кең таралды. Тұрақты даму дегеніміз – қазіргі уақытта мұқтаждығын қанағаттандыратын, бірақ келешек ұрпақтың мұқтаждығын қанағаттандырда қауіпке қоймайтын даму түрі. Тұрақты даму – бұл адамзаттың өмір сүру формуласы. «Тұрақты даму» (sustainable development) термині ағылшынша «үнемді даму», ұзақ уақыт бойы дамуды ұстап тұру қабілеті деген ойды білдіреді. ХХ ғасырда адамзат өзінің айналасына экологиялық мәселелердің өткір ұшқындарын қалдырғанын байқағысы келген жоқ. Ғаламшар бойынша егіншілік жерлер, орман жамылғылары қысқарды. Жер атмосферасындағы көміртегінің жоғарлауынан біздің ғаламшарымыз үлкен көшетханаға айналуда. Сондықтан ғаламдық контексте басты бүгінгі күннің тәртібі – бұл адамның іс-әрекетін табиғат мүмкіншіліктерімен теңестіру.
1992 жылы 3-14 маусым аралығында 20 жылдан кейін Стокгольмдік декларациядан кейін Рио-де-Жанейродағы өткізілген БҰҰ конференциясында «Тұрақты даму» Концепциясы қабылданды. Бұл Концепцияның негізгі тұжырымы – «табиғат-қоғам» жүйесін коэволюция принципінде дамыту. Адам қамын ойлауда тұрақты даму – ол қарастырылатын талап-мүдделердің өзегі болмақ. Адам қоғамы табиғатпен үйлесімдік тауып, салаутты және баянды өмір сүруге құқықты. Сонымен қатар екі ғаламдық экологиялық конвенцияларға қол қойылды: климаттың өзгеруі бойынша Рама конвенциясы және биологиялық алуантүрлілік Конвенциясы.
1997 жылы Нью-Йоркте «Рио+5» әлемдегі тұрақты дамуға өту саласындағы алғашқы бесжылдық есебі БҰҰ конференциясы өтті. 2000 жылы БҰҰ инициативі бойынша жаңа мыңжылдықтың Декларациясы жасалынып, қабылданды.
2. Йоханнесбургтегі (2002) Бүкіләлемдік саммит.
2002 жылы Йоханнесбургте (ОАР) келесі Бүкіләлемдік саммит өтті. Оған 191 елден 22 мың адам қатысқан. Конференция адамзаттың тұрақты дамуының негізгі бес тақырыбында өтті: 1) су және санитария, 2) энергетика, 3) халық денсаулығы, 4) ауыл шаруашылығы, 5) биоалуантүрлілік. Конференцияда екі құжат қабылданды: Саяси декларация (тұрақты даму бойынша Йоханнесбург декларациясы) және «тұрақты даму бойынша жоғары деңгейдегі Бүкіләлемдік кездесулердің шешімдерін орындау жоспары».
Саммит құжаттарындағы басты орынды әлеуметтік тұрақсыздықтың, адамгершілікті жоғалту мен қылмыстың көзі ретінде кедейшіліктің түп алу міндеті алады.
Конференцияда 82 мемлекет басшылары мен депутаттары сөз сөйледі. Онда «Саяси декларация» және «Тұрақты дамуға арналған жоғарғы дәрежедегі әлемдік кездесу шешімдерін іске асыру жоспары» атты екі құжат қабылданды. Аталған құжаттағы басты тапсырма – саяси тұрақсыздық пен қасиетсіздікке ұшыраудың түп негізі: кедейшілікті жою мәселесі болды. Арамтамақтық, маскүнемдік, қарақшылық, зорлық т.б. осындайлардың бәрі қайыршылықтың «қорек қабығы» болып табылады. Негізінен діни және әлеуметтік фанатизм кедей тұрғындардың қолдауын табады, себебі олар қарапайым өмір сүру жағдайларынан айырылған. (тұрғын үй, жұмыс, әлеуметтік қорғаныс, дәрігерлік көмек). Жұмыссыз және өмір сүру қажеттіліксіз қалған мұндай адамдар қоғамнан аластатылып, тек бүгінгі күнмен ғана өмір сүреді. Осындай адамдар еңбектің не екенін ұмытып, өздеріне бақылау жүргізіп шеттеткілері келмей, өзін-өзі тексеру мен өзін-өзі сынауды білмейтін, барлық жаман істердің кінәлісі ретінде басқаларды көргендіктен өздерінің жасаған істерінен өмір бойы ақталып жүреді. Қайыршылық – барлық істерге жауапсыздық туғызады, тіпті өздерінің туған балаларына да парықсыздық танытады. Ал балалары болса, өсе келе қоғамның әлеуметтік түбіне түсіп, қоршаған орта жайында қарсы пікір қалыптастырып, олар да әлеуметтік емес тұлғаға айналады. Сөйтіп, қайыршылық – барлық жамандықтың бастамасы болмақ.
Негізінен, кедейшілік мемлекет экономикасының әлсіздігімен тікелей байланысты. Жұмыс орындарының жетіспеуі – тұрғындардың қасиеті мен дәстүрінен айырылудың басты қайнар көзі. Қазіргі таңда жұмыс орындарының басым көпшілігі біліктілік пен білімділікті талап етеді. Сол себепті адамдардың білімге оңай қол жеткізулері – қайыршылықты түбімен жоюдың басты шарты болып табылады. «Шешімді іске асыру жоспары» атты Йоханнесбург декларациясы мемлекеттерді тұрақты даму бағдарламасын құруды ұсына отырып, онда өнім ресурстарына тұрғын халықтың кедей бөлігін және мемлекеттік мекемелер мен қызметкерлерді жер – су ресурстары мен еңбекпен қамтамасыз ету, сонымен қатар білім беру, денсаулық сақтау мәселелері де қарастырылды.
Тұрақты дамуға көшу үшін екінші шарт – қоғамда білім алу мен жұмысқа тұрғызуда әлеуметтік теңдік орнату. Егерде халықтың жартысын тең құқылы еңбектен айыратын болсақ, онда білім алу қалған халықтың жартысына өте тиімді болғандықтан, бұл науқан ортада бәсекелестіктің төмендеуіне алып келетінін ұмытпауымыз керек. Біреулері оқу орындары мен жақсы жұмысқа тұрып, жоғары айлық алып отырса, басқа біреулері азға қанағат қылып, өз еңбектерінің мардымсыз төлемдеріне келісуге мәжбүр. Туыстық, касталық, әлеуметтік жіктерден басқа әйелдер мен ерлер арасында да әлі күнге дейін теңсіздік сақталып отыр. Осындай жағдайлардың барлығы әлеуметтік құлдыраушылық, қанаушылық пен материалды сәттілікті басқалардың арқасында пайдалану қосымша жағдай жасайды.
Осындай әлеуметтік қалдықтармен күресу үшін Әлемдік Қауымдастық жынысына, діни сеніміне, ұлтына және басқа ерекшеліктеріне қарамай тең біліммен және басқа әлеуметтік жағдайлармен қамсыздандыру керек. Осы коференцияда қабылданған «Шешімдерді іске асыру жоспарында» мынандай кепілдемелер беріледі:
Мемлекеттік басқаруда әйелдердің шешім қабылдау процесстеріне қатысуына көмек көрсету;
Әйелдердің денсаулығы мен экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін материалдық мүмкіншіліктердің оңай жолдарын қарастыру;
Кәсіби қызмет көрсете отырып, байырғы тұрғындарды экономикалық қызметпен қамтамасыз ету;
Халықтың денсаулығын сақтау үшін экологиялық қауіпті бәсеңдету, барлығының қолы жететін негізгі медициналық қызмет көрсетумен қамтамасыз ету;
Кедейшілікте тұратындарды ауыл шаруашылық ресурстармен қамтамасыз ету;
Ауылдық жерлерде транспорттық мүмкіншіліктерді жақсартып, нарықтық қатынасқа жол ашып, сонымен қатар нарықтық ақпарт пен несие жүйесінің оңтайлы жолдарын ұсына отырып, инфрақұрылымды құру;
Агроөнеркәсіпке көңіл бөлу, мамандардың білімі мен біліктілігін арттыру, шағын және орта кәсіпорындарының жамуына қолдау көрсету;
Кішігірім су – электр станцияларын, желгенераторларын орнатып, энергияны биомассадан алуды дамыта отырып халықты арзан энергия көзімен қамтамасыз ету;
Ауыл шаруашылығын тұрақты жүргізу үшін білім және әдістемелермен тегін алмасу;
Алдын – ала апаттарды болжау жүйесін жақсартып, бірбеткей жер мен су ресурстарының сарқылуын кері қайтару мақсатында жетілген шаруашылық қызметтерінің әдіс – тәсілдерін дамыту арқылы шөлдену және су тасқындарымен күресу;
Тұрақты дамудың ұлттық стратегиясында су мен санитарияға аса үлкен назар аудара отырып, сәбилер мен балалар өлімін азайту және адамдардың денсаулығын нығайту үшін санитарлық қызмет көрсетулерді жақсарту;
Дамыған елдердің өнеркәсіп пен тұтыну, табиғи ресурстарды қоршаған ортаға зиян келтірмей қолдану моделін қолдаса дамушы елдердің әрі қарай дамуына ықпалын тигізеді. «Шешімдерді іске асыру жоспарында» нақты 50 пункт жоғарыда аталған тапсырмаларды орындауда негіз бола алады. Яғни, бұл мақсаттарға жету үшін: ұйымдастыру, қаржылық және ақпараттық мүмкіншіліктерді қолдану, көп уақытқа жоспарланған істерге қолдау көрсету, қоғамның ақпараттануын қамтамасыз ете отырып оқу – ағарту саласын көтермелеу, тәжірибе алмасу, прогрессивті өңдеулерге қаржылық көмек көрсету, халықаралық жағдайларды меңгеру, негізделген экологиялық шарттарды ұсына отырып елдермен еркін сауданы іске асыру, адамзат пен биосфераға қауіп және зиян келтіретін әрекеттерге тыйым салу, энегияны тиімді пайдалану үшін ұлттық бағдарламалар ойлап табу, экологиялық әсерлерді бағалау процедураларын қолдану т.б.
Осындай жоғарғы деңгейдегі конференцияда бірінші рет жаһандану процесстерінің проблемасын талқылады. Йоханнесбургте өткен конференцияға қатысқан басшылар мен үуімет мүшелері, жеке меншік секторлар мен ғалымдар 300 нақты даму жобасын ұсынған болатын. Нәтижесінде су, энергетика, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылық және биоқабатты сақтауға байланысты проблемаларды шешуге масштабты жоспарларды қабылдауға келісті.
3. Тұрақты дамудың деңгейлері.
Тұрақты дамуға шынайы өту үшін барлық дейгейіндегі азаматтық өзін-өзі басқару институттарының тиімді өзараәрекеттесуі қажет.
Тұрақты дамудың деңгейлері:
1) аймақтық деңгейде – сол аймақтағы бар ресурстарды инвентаризациялау, қоршаған ортаға әсерін бағалау, экологиялық қауіпсіздік пен халық денсаулығын бағалау бойынша жұмыстар жүргізу. Алынған ақпараттар аймақтың ұзақ уақыттық экономикалық дамуының тиімді және қауіпсіз бағытын таңдауға мүмкіндік береді;
2) ұлттық деңгейде – табиғи ресурстар шегінде ел аумағының, акваториясының және ауа кеңістігінің экологиялық жағдайымен байланысты жағымды және жағымсыз факторларды ұғынуға құрылған әлеуметтік-экономикалық экосаясаты;
3) ғаламдық деңгейде - әлеуметтік-экономикалық дамуда экологиялық шектеулерді, сондай-ақ әлемдік табиғи ресурстардың қоры мен олардың ел арасындағы таралуын ескере отырып, халықаралық-құқықтық, саяси және сыртқыэкономикалық акцияларды өткізу.
Информация о работе Йоханнесбургтегі (2002) Бүкіләлемдік саммит