Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2012 в 19:50, реферат
Қоректік заттарды іздеп табуы, онымен қоректенуі, сезім мүшелері, әжептәуір жетілген нерв системасы, қозғалмалы жақ аппараты және аяқтарының болуы сияқты ерекшеліктер бір – бірімен тығыз байланыста дамиды. Аталған органдар дұрыс қызмет етуі үшін скелет керек. Скелет сезім мүшелерін және орталық нерв системасын қоршап тұрады. Скелет денеге тірек болып желбезек аппараттарын және аяқтарын бекім ұстайды.
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
II.1.Систематикасы
II.2.Күйіс қайтарушылар
2.1. Көн табандылар тұқымдасы
2.2. Бұғы тұқымдасы
2.2.1. Бұғылар туысы
2.2.2. Еліктер туысы
2.2.3. Бұландар туысы
2.3. Қуыс мүйізділер тұқымдасы
2.3.1.Бөкендер туысы
2.3.2. Ешкілер туысы
2.4. Жирафтар тұқымдасы
III.Қорытынды
IV.Қосымша (суреттер)
V. Пайдаланылған әдебиеттер.
Тарлуы мен сан мөлшері. Европаның, Азияның және Солтүстік Американың орманды жерлерінде кең тараған. Ертеде Солтүстік Американың Оңтүстік Алтайдың ормандарында көп болған.XX ғасырдың басында дәмді еті үшін берекесіз аулаудың салдарынан саны азайып кетті. Сондықтанда Республика территориясында оны дереу қорғауға алынудың салдарынан соңғы жылдары саны өсіп келеді. Қазір бұлан Қазақстанның 10 облысында кездеседі. Әсіресе, Жайық, Елек, Тобыл, Етіс, Есіл өзендерінің бойындағы орман – тоғайларда, Бурабай, Зеренді, Арынбалық, Аманқарағай, Арақарағай, сияқты аралас ормандарда, Оңтүстік Алтайда, Бұқтырма өзенінің бойындағы ормандарда таралған.Саны тіршілік ортасына қарай әр жерде әр түрлі. Мысалы, Шығыс Қазақстан ормандарында 2.5-3 мыңдай, Көкшетау облыстарында 100-1500 бұлан қоры бар. ЖалпыҚазқстан ормандарында шамамен 5-6 мыңдай бұлан мекендейді деп есептелінеді.
Биологиясы. Республика жерінде бұланның негізгі мекендеріне – қайың, самырсын, шырша, қарағай өскен орман алқаптары. Көбінесе, жағасында ағаш өскен өзен мен көл батпақты жерлерді мекендейді. Жаздың ыстық күндерінде маса, шыбын, сонадан, қорғану үшін көлге түсіп, қансорғыштар басылғанша судан шықпай қояды.
Бұлан мекендеге ормандарда қыста қардың қалыңдығы кейбір жерлерде 1 метрден аспайды. Сондықтан да бұл жерлерді ол жыл бойына тұрақты қоныс есебінде пайдаланады. Тек қар өте қалың түскен жылдары ғана аздап оңтүстікке қарай қоныс аудартыны байқалады. Жылдың жылы маусымдарында бұлан орман ішінде жүрсе, қыс айларында орманның қары жұқа түскен жерлерін мекен етеді. Жануардың азық қорында ағаш жапырақтары, жас бұталар, шөптесін өсімдіктер кездеседі. Олар әсіресе, тал, раушан гүл, қайың, қарағай және ширмен гүлділер тұқымдасына жататын шөптермен көбірек азықтанады. Жалпы бұлан өсімдіктердің 150 түрімен қоректенсе, оның 13-33 пайызы улы шөптерден тұратындығын айта кету керек. Азық рационы жыл маусымдарына қарай өзгеріп отырады. Көктемде алуан түрлі жасыл шөптермен қоректенсе, қыста оның азығының 90-95 пайызы ағаштар мен бұталар. Жыл бойы ірі бұлан 7.5 тоннаға дейін шөппен азықтанатыны анықталған.
Аналық бұлан жыныстық жағынан үш жасында жетілсе, еркектер үйірге 3 – 4 жасында қатысады. Күйлеу мерзімі тамыздың аяғында басталып, қазан айының ортасына созылып, аяқталады. Бұл кезде бұқалардың арасында «шайқастар» болады. Аналықтар 7-8 ай ұрықты көтеріп, мамыр айында төлдей бастайды. Көбінесе жалқы, сирегірек егіз бұзау туады. Табиғатта үш бұзау туатын бірен – саран бұландар да кездеседі. Жаңа туған бұзаудың салмағы 12-16кг, шоқтығынан биіктігі 70-90см-ге келеді. Енесі бұзауларын 3.5-4 ай емізеді. Жас бұзау енесін алғашқы кезде тәулігіне 8-10рет еміп, туғаннан 2-3 күн өткен соң көк шөптің дәмін тата бастайды. Сондықтан да олар тез өседі. 16 айда жыныстық жағынан жетіліп, көпшілік сиырлар 3 жасынан көбеюге қатысды. Төрт жаста олар толық жетіледі.
Бұланның жаулары – қасқыр , аю, құну. Денесінде кенелер (Ixodes persulcatus), қансорғыш масалар(Lepoptera cerui),кеңсірік оқыралары (Cephenomyia ulrichi), парапзиттік құрттар (Setaria sp,Spiculopteragia alcis,Nematodirella longissi mespiculata)тіршілік етеді.
Дәмді еті мен сәнді мүйізі үшін есепсіз аулау нәтижесінде Қазақстан ормандарында 19 ғасырдың аяғында бұлан саны күрт азайып кеткен. Одан кейін қорғауға алу нәтижесінде оның саны өсіп, 1972 жылдан бастап, бұл аң аулауды арнаулы рұқсат қағазы бойынша ауланатын болды. Мәселен, 1980 жылы Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Көкшетау, Семей және Шығыс Қазақстан облыстарында 350 бұлан ауланды. Республикада бүгінде жылына бұлан қорының 15-20 пайызын дәмді еті үшін аулап тұруға мүмкіндік бар. Келешекте оны қолға үйретіп, тіпті, қыста көлік қылып пайдалану жұмыстары да республикамызда жүргізілмекші.
2.3.Қуыс мүйізділер тұқымдасы.(Cavicornia)
Бұлардың маңдай сүйегі тұқымы өсіндісінің сыртын қаптап тұратын қуыс мүйізі болады. Мүйізі эпидермистік мальпигей қабатынан пайда болған,ол бұтақтанбайды және жасына қарай ауысып отырады. Тек ғана Американың айыр мүйізді бөкенінің(Antilo capra) мүйізі екі айыр болады да жыл сайын түлеп отырады. Мүйіз басым көпшілігінде еркектерінде ғана болады. Жоғарғы жағында шошақ тісі болмайды. Тіс формуласы:
І 3/0; С1/0; рм 3/3; м 3/3=32 ;
Бұлардың жабайы түрі Оңтүстік Америка мен Австралиядан басқа барлық жерлерде кездеседі. Көптеген түрлері қолда өсіріліп, олардан үй жануарларының көптеген жаңа түрлері шығарылады. Бұл тұқымдастың негізгі жабайы түрлері мыналар:
Бөкендердің көптеген түрлері Африкада тараған. Көбінесе бізде кездесетін қарақұйрық (Garella subgutturosa) – Закавказьенің шығысында, Орта Азияның және Қазақстанның далалы және шөлді жерлерінде мекендейді. Ақ бөкен(Saida tatarica)- Қазақстанның далалы жерлерінде тараған. Кавказ бен Карпат тауларында мүйізінің ұшы ілмек тәрізді артына қайрылған мүйізі бар орман бөкені серна – (Rupicarpa rupicapra) тіршілік етеді.
Жабайы ешкілер мен қойлардың бірнеше түрі Кавказдың, Орта Азияның және Оңтүстік Сибирьдің тауларында таралған. Мысалы ешкілерден – Кавказдың таулары(Capra caucasica, C.Cylindricornis) Сибирьдің ешік мүйізі (Carpa sibirica). Жабайы ешкілер жартасты биік таулардың мекендейді және олар 20-30-ы бірігіп, топтанып жайылады. Жабайы қойлардан муфлонды алуға болады.Муфлон (Ovis ophion) Оңтүстік Закавказьеде кездеседі. Соңғы кездері олар Қырым түбегіне жерсіндірілді. Орта Азияның тауларында жабайы қой – арқар деген ірі түрі кездеседі.Жабай қойдардың жабайы ешкілерден бір ерекшелігі – таудың жартассыз барынша тегіс жерлерінде жайылады. Қыста бірнешеуі (100-ден аса) бірігіп, топтанып жүреді. Архардан үй қойларының әр түрлі жаңа тұқымдары шығарылады.
Жабайы өгіздердің қазіргі түрлеріне Оңтүстік Азия мен Африкада кездесетін Азиялық (Bubalus bubalus) және Африканың B.caffer буйволдар, Үндістанда – бантенг (Bibos banteng), гаял (B.frontalis) және гаур (B.gaurus) жатады. Бұлар орманды және ірі бұталы жерлерді мекендейді. Орталық Азияда өзіндік ерекшелігі бар жүндес як (kodac) (Poephagus grunniens),Солтүстік Америкада бизон(Rison bison), ал зубр (Rison bonasus) деген бір ғана түрі кездеседі. Бұлардан бұрын зубрлар мекедеген Солтүстік Кавказдың ормандарында, Москваның түбінде табиғат жағдайында көбейту шаралары жүргізіліп жатыр.
Ертеде Оңтүстік Россияның даласында ірі түрі тұр (Bos plimigenius) тіршілік еткен Осы XVIII ғасырда құртып жіберген.
2.3.1. Бөкендер туысы- Saida gray1843
Ақ бөкен немесе киік- saida tatarica Linnaeus,1766
Сыртқы пішіні. Тұлғасы ірі, қойға ұқсас, дөңес тұмысқты түз хайуанаты. Текелерінің дене тұрқы 136-150 см, салмағы 37-46кг, болса, екшілері біршама кіші. Соңғыларының дене тұрқы 109-127см, салмағы 22-37кг. Үстіңгі ерні салбырап, етті тұмсыққа айналған.Құлағы кішкентай дөңгеленген.Жаз айларында арқа түсі беркелкі сарғыш.Қоңыр күз бен қыста түсі ақшылданып, текелерінің қара қоңыр түсті самай сақалдары өсіп,ерекшеленеді. Қыстағы түктерінің іші қуыс, борпылдақ; жылуды жақсы ұстайтын қасиеті болады. Басқа тұяқтылардан айырмашылығы – басын төмен салып жортады. Топтың ішіндегі бірен – саран ақбөкендер жоғары қарай ыршып секіреді. Топыраққа түскен тұяқтарының бейнесі қарақұйрық ізіне қарағанда жалпақтау әрі дөңгеленген.
Таралуы мен сан мөлшері. Ақбөкен қазба қалдықтары плейстоцен қабатынан батыста Англиядан бастап, шығыста Альяскаға дейін аралықта табылған.
Ауа райының өзгеруіне, халық шаруашылық жұмыстарының өркендеп өсуіне байланысты бұрынғы таралған жерлері тарылып, қазір тек Монғолия, Қалмақ даласында және Қазақстанда ғана сақталып отыр. Республиканың кең байтақ даласында киіктердің бір – бірінен жеке дара бөлінген үш тобы мекендейді. Олар –Бетпақ дала- Арыс, Үстірт,Еділ , Жайық өзендерінің аралығында мекендейтін Жайық топтары. Бұл топтар кей жылдары бір – бірімен аздап та болса араласып тұрады.
Ақбөкендерді санау жұмыстары 1954 жылдан бастап АН-2 ұшағы арқылы жүргізіліп келеді. 1950-1954 жылдары республикамызда бұл аша тұяқтылардың саны 900 мың болса, 1960 жылы 1.2-1.3.мнл-ға жетті. Содан кейін киіктер саны кеми бастады. Көктемдегі сынақ жұмыстары 1962 жылы олардың саны 650мың, 1965 жылы -480мың, 1971-1.1.млн.1976 жылы – 600мың, 1978жылы – 400мың, 1981жылы – 820мың болғанын көрсетті. Соңғы жылдарда сынақ жұмыстары киіктер санының біршама тұрақталып, жылма – жыл 750-850 мың басы мекендейтінін көрсетті.
Биологиясы. Киіктер қоныстарын аударып, шөл, шөлейтті және далалық аймақтарда тіршілік етуге бейімделген. Қыс айларында қардың қалыңдығы
20-см-ден аспайтын оңтүстік аудандарда қыстаса, көктемде төлдейтін жерлеріне қарай көшіп – қонады. Бұл кезде топтанған киіктердің саны кейде 100 мыңнан асады. Төлдеуде жайылымы мол сулы аймақтарда өтеді. Маусымдық көшіп – қонуы ауа райына, суатқа, жайылымға байланысты өзгеріп отырады. Көктем мен күзде қоныстарын алысқа аударса, қыс пен жазда көп алысқа жорта бермейді. Жыл мезгілдерінде қоныстарын ауыстыру жылдамдығы да әртүрлі.Мәселен, жайылымы мен суаты мол ерте көктемде олар тәулігіне 5-20 төлдеу кезінде 1-10шақырым жылдамдықпен қозғалады. Күзде солтүстіктен қайытқанда тәулігіне 10 -15, кейде қар түсіп, күн суыта бастағанда 1-2 күнде 60-70шақырым жүріп өтсе, қыс айларында 5-10 шақырым жерге барады. Қоныстарын алмастыру кезінде ақбөкендер жылына 2-3 мыңдай шақырым жер жүріп, республикамыздың көптеген аударын басып өтеді.
Киіктер көбіне тұщы су ішіп, шөлін қандырады. Мұндай су көзі болмаған жағдайда бір мертінде 16-18г тұзы бар ащы суды да ішуге мәжбүр болады. Суатқа бөкендерді ешкі бастап, өте сақ болып келеді. Суды жағада тұрып та, жүзіп бара жатып та ішеді. Ересек текелері соңынан келіп, шөлін қандыраған соң далаға қарай бірінші боп жортады. Күндіз де, түнде де жайылып, дем ала береді. Төлдеу кезінде қыста күні бойы қозғалыста болса, жаз айларында күн қыза батып дем алады. Жылына бір рет көбейеді. Қарашаның екінші жартысында үйір – үйір маталады. Желтоқсанның соңғы он күндігінде жаппай күйге түсіп, нағыз теке «бұрқылдақ»басталады. 131-141 күн буаз болып, сәуірдің аяғында бірен – саран ешкілер төлдей бастаса, мамырдың екінші он күндігнде жаппай лақтайды. Бірақ ауа райына байланысты бұл мезгіл өзгеріп те отырады. Көп жылдың бақылаулары киіктің жаппай төлдеуі мамырдың бірінші жартысында өтетінін көрсетіп отыр. Бұл кезде күн салқындап, жауын – шашын болады. Көбіне егізден, кейде 3 лақтан туады.
Ақбөкендердің негізгі жаулары – қасқыр. Жас төлдеріне – бүркіт, дала қыраны мен қарақұстар да шабуыл жасайды.
Ақбөкендер аусыл, пастереллез ауруларымен ауырып, кей жылдары көптеп қырылып та қалған. Ішкі органдарында гельмиттердің 43түрі, құртамыштардың Eineria туысына жататын түрлері табылған.
Халық шаруашылықтағы маңызы.Ақбөкен дәмді еті, құнды мүйізі мен тұяғы, әдемі терісі үшін ауланатын, кәсіптік маңызы үлкен аша тұяқты жануар. Қазақстанда кәсіптік жолмен жоспарлы түрде аулау 1955 жылдан бастап жүргізіліп келеді.Зоология институты қызметкерлерінің ұсынысы бойынша, жылма – жыл киіктер санына зиян келтірмейтіндей мөлшерде, яғни олардың күзгі санының 10-25 пайызын аулап отырады. Мүйізінен жоғары сапалы дәрілер алу жолға қойылуда.
2.3.2. Ешкілер туысы - Carpa Linnaeus 1758
Таутеке -Carpa sibirica Pallas 1776
Сыртқы пішіні. Текелердің дене тұрқы 140-167см, салмағы 59-82кг, ешкілерініңкі тиісінше 117-134см және 34-56кг. Сирақтары жуандау әрі қысқа, сақалды және мүйізді, шоқтығы шондайына қарағанда аласа. Қыста текелердің түсі сұрғылт, кейбір өкілдерінің жотасы мен мойындарында ақ дақтары болады; жазда түстері біркелкі. Ешкілер текелерге қарағанда бірыңғай түсті. Дене мөлшері жағынан өздеріне ұқсас басқа тұяқтылардан ерекшелігі – текелердің семсер тәрізді, бірақ көлденең бунақтары бар ұзын мүйіздері болса, ешкілері тапалтақ, түсі қоңырлау және ақ таңында жақсы көрінетін ұзын құйрығы болады.
Таралуы мен сан мөлшері. Гиндукуште, Параполизде, Бадхызда, Гиссар мен Дарбазада, Памир мен Алтай жоталарында, Қазақстанның оңтүстігі мен шығысындағы тауларда, Саян және Монғолияның тау жоталарында тараған. Республикамыздың Тянь- Шань, Жоңғар Алатауы мен Оңтүстік Алтайда кездеседі. Сан мөлшері 1958-1969 жылдары 26420 бас болса, 1975-1980 жылдары санақ жұмыстары Қазақстанда 17,5мыңдай таутекенің мекендейтінін көрсетті.
Биологиясы. Таутекелердің мекен – жайы атына сай таулы – тасты жерлермен байланысты. Олар көбіне теңіз деңгейінен 600-400м биіктікте кездеседі. Жылма – жыл қардың түсуіне, ыстыққа, қансорғыштардың көбеюіне байланысты тау жоталарында бірде жоғары, бірде төмен түсіп, қоныстарын аударып отырады. Көктемде наурыздың аяғы мен маусымның басында аяқталады. Одан кейін қысқы түн өсе бастайды. Қысқы тер жамылғысы қазан – қарашада толықтай жетіледі. Солтүстік Тянь – Шань мен Жоңғар Алатауында ағаштар мен бұталардың 26 түрімен, шөптесін өсімдіктердің 112 түрімен қоректенеді. (Федосенко және басқалары, 1983). Тараған жерлерінде үнемі су ішеді, қыста қарды жалайды. Табиғи ортада жылдың жылы кезінде тұзды топырақ пен ащы сорды жалайды. Тіпті, Ақсу –Жабағалы қорығында үнемі арнайы жерлерге төгілген ас тұзын жалауға тауешкілер келіп тұрады.
Таутекелер мекендеген жерлеріне байланысты қазан – желтоқсан айларында күйге түседі. Күйге түсер алдында ешкілер мен текелері аралас табын құраса, күйлеу барысында соңғылары жекелене береді. Желтоқсанда олар қайта топтасады. 6 ай буаз болып, сәуір айының соңы мен маусым айының басында төлдейді. Лақтарының саны көбіне жалқы, бірен – сараны егіз де туады. Жаңа туған еркек лақтарының салмағы 206-302, ұрғашыларынікі 207-3кг болады. 8-10күн өткен соң ересектермен бірге жайылып кетеді. Бірақ, лақтары күз айларында дейін еме береді. 1 жасар серкеш 21-27кг тартса, шыбыштың салмағы 17-23кг-ға жетеді. Соңғылары 1,5жаста жыныстық жағынан жетіліп, 2 жаста төлдейді. Серкештері де 1,5 жаста жыныстық жағынан жетілмегенмен күйге түсе қоймайды. Текелері 13-14 жыл, ал ешкілер одан да көбірек өмір сүреді.
Бұл тұяқтылардың негізгі жаулары - барыс, сілеусін, қасқыр. Жас тқлдерін аю да ұстап жейді. Қорегі жағынан бақталастары – арқар мен үй малдары. Таутекелер көбіне Acarus –a sirovar кенесі қоздыратын қотыр тері ауруына ұшырайды. Жылдың жылы мезгілдерінде бұл ешкілерді маса, шыбын мазаласа, кейде кеңсірік пен мүйіз түбінде болатын Oestrus caucosicus бөгелегінің личинкаларынанда да көп зардап шегеді. Денесінде жыл бойы Melophagus disphoetus қансорғыш шыбыны, кенелер бүргелер, бит тіршілік етсе, (Ушакова) ішкі органдарында құрттардың 28 түрі және құрттамыштардың 3 түрі мекендейтіні анықталған.