Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Октября 2011 в 00:58, реферат
Күнделікті өмірде саясат туралы көптеген сөз тізбегі қолданылады. Олар коғам саясаты, экономикалық, мемлекеттік, партиялық саясат, нарықтык, рухани, діни, халыкаралык саясат, т.б. Демек, қоғам көлемінде сан алуан саясаттар іске асырылады екен, ал осы саясатгарды қоғамда жүргізетін адам жай адам ғана емес, әлеуметтік мүддені, материалдық және рухани құндылыктарды билік аркылы белетін, өзара қатынаста болатын адамдар.
№6
орта мектеп
Мәнжазба
Тақырыбы:
ҚОҒАМ ЖӘНЕ САЯСАТ
Орындаған:_______________
Тексерген:_______________
Шалқар қаласы
2010-2011
оқу жылы
ҚОҒАМ ЖӘНЕ САЯСАТ
Күнделікті
өмірде саясат туралы көптеген сөз тізбегі
қолданылады. Олар коғам саясаты, экономикалық,
мемлекеттік, партиялық саясат, нарықтык,
рухани, діни, халыкаралык саясат, т.б.
Демек, қоғам көлемінде сан алуан саясаттар
іске асырылады екен, ал осы саясатгарды
қоғамда жүргізетін адам жай адам ғана
емес, әлеуметтік мүддені, материалдық
және рухани құндылыктарды билік аркылы
белетін, өзара қатынаста болатын адамдар.
Олай болса адамдардың әлеуметгік бірлігі,
нақтылы адамның саяси өмірі белгілі қоғамдык.
салада өзара байланыстылықта өтеді. Олардын
нәтижесі — мүддені, адамның іс-әрекетін
материалдандыру. Сонымен қатар саяси
сала қоғамның дамуы мен өмір сүруінің
факторы есебінде коғамдық және саяси
өмірдің процестеріне де әсер етеді.
Саяси сала адам іс-әрекетінің шартты,
дербес, көп қырлы және күрделі саласы.
Ол саяси билік қатынасының мына түрлерін
қамтиды — зандылық, аткарушылық және
соттық. Саяси сала қоғамдық өмірдің және
оның дамуының қозғаушы күшінің бірі.
Бірақ оның ерекше саяси мазмұны мен формасы
бар. Саяси билікті анықтау және қайта
бөлу адамдардың әлеуметтік бірлігін
іске асырудың нақтылы механизмін табуға
негізделеді.
Саяси саланың, басқа да салалардың өзара
қарым-қатынасының мазмұнын анықтау көп
жағдайда
байланысты. Сондықтан саяси режим және
саяси сала іштей өзара байланысты құбылыс.
Саяси режим — саяси және қоғамдық өмірді
ұйымдастырудың және оның өмір сүруінің
тәсілі. Мәселен, тоталитарлық саяси режим
коғамдық өмірді күштеп реттеумен, қысым
көрсетумен, қоғам мен жеке адамды мемлекеттің
жұтуымен, коғамдық сананың саяси билікке
бағынуымен, халыкты саяси биліктен, меншіктен,
жалпы адамзаттық мәдениеттен ажырату
мен сипатталады. Біз 70 жылдан астам уақыт
осындай режимде өмір сүрдік.
Қазақстан Республикасында мемлекеттік
өкімет билігі оның заң шығару, аткару
және сот билігіне бөлу принципіне негізделген.
Соған сәйкес мемлекеттік органдар өз
өкілеттігі ауқымында іс-әрекет жасайды.
Әлемнің өркениетті елдеріндегі өмір
тәжірибесі коғамның саяси жүйесінің
тұрақты өмір сүруі үшін билікті ажырату
кажеттігін көрсетті. Биліктің әр саласы
занда көрсетілген тиісті қызметін нақтылы
атқаруы керек, сонымен катар дербес, баска
биліктерді толықтырушы, екінші жағынан
олардың қызметінің занда көрсетілген
дәрежесінен ауытқымауын қадағалаушы
да болуы керек.
2. ЖЕКЕ АДАМ ЖӘНЕ САЯСАТ
Адам тумысынан анархист, монархист, либерал
болмайды. Мүндай мінез-кұлықтар адамда
жүре-бара қалыптасады.
Адамның саяси көзқарасы оның қандай ортада
өскендігіне тікелей байланысты. Оның
саяси көзқарасына әсер ететін факторларды
екі кезеңге бөлеміз.
Бірінші кезеңге адамға бала кезінде ете
зор әсер ететін ортаны — отбасын, ойнайтын
достарын, мектепті жатқызуға болады.
Қазіргі мектептерде авторитарлық тәртіп
басым. Еліміздің атақты адамдары, олардың
балалық шактары, елдін тәуелсіздігі туралы,
баска да оқиғалар мәтін аркылы оқытылады.
Біздің мемлекеттік кұрылысымыз (ол қандай
болса да), оның басшылары, жеке адамдар
мадақталатын әндерді айтып, өлеңдерді
оқушылар жаттайды. Мектептерде әсіресе
сыныптарда билік иелерінің атына сын
айтылуы мүмкін емес. Мектептерде, мектепке
дейінгі мекемелерде билік қатынасы диалог
тұрғысында емес, жалпыға бірдей қатаң
орныкқан тәртіп түрінде әтіледі.
Мектептің езінде билікті бөлісу үлгісін
оқушылар міндетті, кажетті деп қабылдайды,
солай болуы да тиіс. Ал бұл қатынас мемлекет
құрылымы туралы болашақтағы көзқарасты
да қалыптастырады.
Бұл кезенде саяси әлеуметтенуге әсер
ететін факторлар — құрбы-құрдастары,
коғамдық ұйымдар, бұқаралық акпарат кұралдары.
Екінші кезенде саяси әлеуметтенудің
факторлары өзгереді. Бұқаралық ақпарат
құралдары және әлеуметтік орта басты
орын алады. Теледидар және радио арқылы
берілетін хабарлар алғашкы және шындық,
ретінде қабылданады.
Саяси әлеуметтенуде маңызды орын алатын
фактор тікелей қоршаған әлеуметтік орта:
оқудағы, жұмыстағы сыбайластар, жақын
туысқандар, т.б. Шығармашылык интеллигенция
ортасы маңызды рөл атқарады. Еңбексүйгіш,
тәртіпті, үлкенге, отбасына ізетті адамдармен
қатынаста болудың да үлкен манызы бар.