Компьютердің
пайдасы мен зияны
Ақпараттық
технология қазіргі
заманның талабы екенін
бәріміз білеміз.
Компьютер өміріміздегі
қаншалықты маңызды
екенін білу үшін «Басқару
жүйесімен» өткізген
пікір – талас
«Компьютердің пайдасы
және зияны» атта дебаты
өзіміздің әріптестерімізге
үсынамыз.
Сабақтың
тақырыбы: «Компьютердің
пайдасы және зияны»
Сабақтың
түрі: Дебат /пікір -
талас/
Сабақтың
мақсаы:
-
Ақпарат және ақпараттық
технологияға байланысты
оқушылардың алған білімдерін
нығайту, тиянақтыау
бір жүйеге келтіріп,
тексере отырып, қорытындылау.
- Оқушылар
өз ойларын тиянақты
жете айта біліп, сахнада
өздерін сабырлы әрі
тәртіпті ұстауды ексеріп,
қарастырылатын тыңдай
білуге тәрбиелеу
- Оқушылардың
компьютер туралы толық
ой қалыптастыру, оқушылардың
тапқырлық, іздемпаздық
қасиеттерін қалыптастыру,
шығармашылыққа баулу,
пәнге қызығушылығын
арттыру.
Сабақтың
әдісі: Сұрақ
– жауап /ситуация туғызу,
шешу жолын айту, нақты
дәлелдер келтіру/
Сабақтың
көрнекілігі: Тақырыпқа
сай дидактикалық материалдар /
сурет – плакаттар,
құрал – заттар /
Сабақтың
барасы:
І.
Ұйымдастыру кезеңі
1.
Сәлемдесу
2.
Топ мүшелерімен
және жюри мүшелерімен
таныстыру
ІІ.
Тақырыппен жұмыс
- Топ
жетекшілеріне сөз беріледі:
Жарыс
десе жарысып,
Ерлік те елдік
те
Сайыс
десе сайысып,
Халықтың өшпес мұраты,
Білім
деген оқуда,
Ұрпақ жалғасының
- Жүргізуші
ашық пікір – таластың
ойын – шартымен
таныстырады.
-
Екі топтан ойларын
айтатындар кезектесіп
шығады.
- Регламинт
5 - 7 минутты сақтау
- Ашық
дауыс беру / көрермендер
мен жюрилер/
- Сөз
кезегі ойыншыларға
беріледі.
- «Намыс»
тобының мүшесі Ақпарат
министрі
- Армысыздар
құрметті көрермендер,
менің қарсыластарым.
Біз бүгінгі дебатта
сіздердің қойған сұрақтарыңызға
барынша жауап беруге
тырысамыз. Біздің ұсынып
отырған позициямыз
«Компьютер керек, біздің
өмірімізге қажетті
құрылғы. Компьютердің
пайдасы өте зор». Алдымен
компьютерге анықтама
берейік. Компьютер
– ақпараттық процестерді
жүзеге асыратын негізгі
ақпараттық құрылғы,
ал ақпараттық процестер
дегеніміз ақпаратты
алу, есту, көру, өңдеу,
тарту болып табылады.
Осы компьютердің пайдасы
өте көп. Мысал келтіретін
болсақ: әр пәнен жазылатын
рефераттардың көрнекі
әрі таза, әдемі жазылуын
мұғалімдер талап етеді.
Қолмен жай сиямен және
компьютерде терілген
жұмыстарды салыстырайықшы.
Екеуінің айырмашылығы
жер мен көктей. Осы
жазылған рефераттың
бірнеше көшірмесі керек
дейік. Оны ашып принтермен
көшірмесін жасаған
әлде қайда аз уақыт
жұмсалады. Сөзімді
қорытындылап келіп
«Компьютер – уақыт
талабы» біз уақытымызды
ұтымды пайдаланамыз.
Құлақ салып тыңдағандарыңызға
рахмет.
- «Мұрагер»
тобының мүшесі Әлеуметтік
министрі :
- Сәлем
бердім қауымға. Біздің
қарсыластарымыз: «Құжатты
әдемі таза жазып, компьютерде
сақтап қоюға болады»
дейді. Мысалы электр
тоғы жұмыс кезінде
өшіп қалса, біз теріп
отырған жұмыстарымызда
лезде өшіп, жойылып
кетеді. Сонын нәтижесінде
жұмысымызды қайта жасауға
тура келеді. Ал буған
екі есе уақыт кетеді.
Мысалы сақталған құжаттың
көшірмесін жасау керек
дейік? Ал біз ол құжатқа
қандай атымен сақтанғанымыз
ұмытып қалдық дейік,
сонда ол құжатты таба
алмаймыз және оны қайтадан
теруге тура келеді.
Қарап тұрыңыз бұған
да уақыт кетеді. Ал
сіздер «Компьютер талабы»
компьютерде уақытты
үйнемдейді дейсіздер.
Қалай уақытты үнемдейміз?
- «Намыс»
тобының мүшесі Мәдениет
министрі
- Құрметті
көрермендер, бұл сұраққа
мен жауап берейін. Компьютер
жұмыс жасап отырғанда
кенеттен электр тоғы
сөнді дейік, бұл жағдайда
сіздер біреулеріңнің
керек компьютерге UPS /
Источник безперебойного
питания / құрылғысы
қосылып туру керек.
Сол арқылы тоқ сөнген
кезде осы құрылғы бойына 20-30
минут аралығына дейін
тоқ сақтап тұрады. Ол
компьютерге беріліп,
сіз жұмысыңызды сақтап,
тіпті принтермен бірнеше
көшірмесін жасап үлгересіз.
Ал егер ол құрылғы қосылып
тұрмаса, тіпті
жоқ болған кезде Файл
– Сохранить немесе
Құрал – сайманда тақтасындағы
сақтау батырмасын әр 5
минут сайын басып отыру
қажет. Ал енді жоғалған
құжатқа келмек болсақ,
компьютерде Іске
қосу – Табу – Файлдар
және бумалар осы тізбектен
кейін құжаттың атымен,
жазылу күнімен табуға
болады. Сол кезде компьютер
сізге іздеген құжатыңызды
тауып береді.
- «Мұрагер»
тобының мүшесі Денсаулық
министрі
- Армысыздар
аса қадірлі көрермен.
Компьютердің денсаулыққа
қаншалықты зиян екенін
білесіздер ме? Оқушы
компьютердің алдында
ұзақ уақыт отырса көзі
талады, жотасы ауырады.
Компьютерден бөлінетін
ультра – күлгін сәулесі
көзге зиян әсер етеді.
Бала ұдайы отырғаннан
түрлі ауруларға шалдығады.
Таза ауа қажет. Компьютер
бөлмесі кейбір жерде
қараңғылығын, суық
бөлмесі, ауасы тар,
терезесі ашылмаған.
Осының бәрі біздің
денсаулығымызға зиян.
Біз өз денсаулығымызды
сақтасақ, болашағымыдза
жарқын – жақсы болады.
Ең бастысы байлық денсаулық
демекші денсаулығымызды
сақтайық.
- «Намыс»
тобының мүшесі Еңбек
қорғау министрі
- Мектептегі
жалпы оқушылар денгейлі
әртүрлі. Бір бала спорттық
ойындарды ұнатады,
тағы басқасы қол өнерімен
шұғылданады, енді бірі
кітап оқығанды жақсы
көреді, тіпті ештеңеге
қызықпайтын оқушылар
да бар, солар қайтпек.
Бұл жағдайда компьютерлік
ойындардың көмегі тиеді.
Мысалға сіздерге мына
газет қиындысы»Өмірге
құмар бала» атты мақала
«Жетісу» газетіне шыққан,
мұнда компьютерлік
ойындарды сүйіп ойнап,
компьютерлік клубта
жұмыс атқаратын мүгедек
бала туралы жазған.
Біз мектебіміздегі
компьютерге енгізілген
«Косынка», «Черви»,
«Солитер» және т.б.
ойындары оқушы тышқанды
толық меңгеріп, онымен
еркін жұмыс жасауға,
қолын жаттықтырып,
жақсы көмектеседі.
Әреине мен атыс-шабыс,
қан төгіу ойындарына
қарсымын. Бірақ бір
айтарым біздің мектепте
ондай ойындар жоқ, бар
болғанда да оқушылардың
оны ойнағанға уақыттары
жоқ, оның үстіне мұғаліміміз
рұқсат етпейді. Ал біз
мұғалімімізді әрқашан
тыңдап, айтқанын орындап,
құрметтейміз. Назар
аударып тыңдағандарыңызға
рахмет.
- «Мұрагер»
тобының мүшесі Спорт
министері
- Сәлем
бердім көрерменге.
Ал енді компьютерлік
ойындарға келсек, олардың
қаншалықты зиян екенін
айта кетейік. Компьютерге
енгізілген ойындар
атыс – шабыс тағыда
басқа қан төгу, жауыздық
тақырыбында болады.
Осы ойындарды бала
ойнап, оның психологиясына
қандай жаман әсер беретін
өздеріңде білесіздер.
Ұдайы ойнаған баланың
миында ойынның мазмұны,
әдіс – тәсілдері еніп,
жаман қылық, тіпті қылмысқа
да баратын болады. Қалалы
жерде ақша табу үшін
компьютерлік ойындарды
жарнамалап, оқушы балаларды
өздеріне тарта бастап,
жаман қылықтарға бағыттайды.
Компьютерлік ойындардан
басқа да өзіміздің
ұлттық ойындарамыз
бар, соны неге ойнамасқа.
Асық ойнау, күрес, қол
күрес, волейбол, футбол
сияқты коп ойындар
бар. Біз бөлмеде тығылып
компьютерлік ойынды
ойнағанша, далада таза
ауа жұтып, көпшілікпен
көңіл көтеріп, денемізді
шынықтырып, сау болғанымызға
не жетсін. Құлақ қойып
тыңдағандарымызға
көп рахмет.
- Үй
тапсырмасын тексеру.
- Екі
топ дйден шығарылып
келген газеттерін қорғайды.
- Буклеттерін
қорғайды
- Сұрақ
– жауап
- Екі
топ өзара сұрақ алмасады.
- Топ
жетекшісінің Билік
жүйесіне ұсыныстарын
оқу.
- Информатика
сабағында техника қауіпсіздік
ережесі сақталса
- Оқушылар
сабақтан қалмай, білмегендерін
сұрап білсе
- Әр
оқушы компьютерде еркін
жұмыс жасай алса
- Әр
пәнге электронды оқулықтар
алынса
- Жюридің
пікір – таласқа деген
көз қарасы.
Компьютердің
пайдасы мен зияны /пікір
талас/ дебет
І.
Құрметті ұстаздар, қонақтар мен оқушылар.
Бүгін сіздер «Компьютердің пайдасы мен
зияны» атты 7 сыныптар арасындағы дебатта
бас қосып отырсыздар. Жаңа мыңжылдық
– бұл күнтізбедегі жаңа уақыт өткелі
емес. Ол - өткенді таразылап, өмірдің мәнін
жаңаша түсінуге болашақты барынша жете
дұрыс анықтайтын уақыт. Әсіресе, бүгін
біз өз күнімізді жарқын болашаққа жұмсауымыз
керек. Біріккен Ұлттар ұйымының шешімімен
«ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры»
деп аталады. Адамзаттың қолы жеткен ең
үлкен табыстардың бірі – осы ақпарат.
Осы орайда келешек қоғамымыздың мүшелері
– жастардың бойында ақпараттық мәдениетті
қалыптастыру қоғамның алдында тұрған
ең басты міндет.
Компьютер
– ақпаратты өңдеу құралы. Бүгінгі
дебат тақырыбы да осы арнаға келіп
саяды. Компьютер шын мәнінде қазіргі
уақытта пайдалы ма, әлде зиян ба осы жайында
бүгін біздің әріптестерміз сіздерге
ой тастайды.
Таныс
болыңыздар бүгін
компьютердің пайдасы
туралы сіздерге «Намыс»
тобы сөз қозғайды. Яғни жақтаушылар
құрамында мәдениет министрі Рузбеков
Бағдат, Еңбекке ұйымдастыру мәдениеті
Кәрім Дулат, Ақпарат министрі Сүлейменова
Нұрзада.
Компьютердің
зияны туралы, даттаушылар
құрамымен таныс
болыңыздар Жұманова Назгүл әлеуметті
корғаныс министрі, спорт министрі Бектимирова
Алуа, денсаулық министрі Ерғалиев Нұрболат.
Бүгінгі
ашық пікір – таластың
шарттарымен таныстырып
өтейік.
- екі топтан
ойларын айтатындар кездесіп шығады;
- регламинт
3-5 минутты сақтау.
- ашық дауыс
беру (көрермендер, әділ қазылар)
Алғашқы
кезек топ мүшелері
өздерінің басты мақсаты,
ұранымен таныстырса.
ІІ.
Әділ қазы, ақ қазыға бір сәлем
Әділдікке бас иеді күллі әлем
Жүйрік озар айтыстыра неше
бір
Сарапқа сап, әділдікпен шеше
біл
- демекші
әділ қазы мүшелерімен
таныс болыңыздар.
- Ибраева Өрік
апай
- Қасымов Нұрбек
ағай
- Жүнісова
Сәуле апай
Алғашқы
сөз кезегін жақтаушы «Намыс»
тобының мүшесі Мәдениет министріне
берелік. Ақпарат министрі Сүлейменова
Нұрзада аным сөз кезегі сізде.
ІІІ.
«Мұрагер» тобының мүшесі Әлеуметтік
қорғаныс министрі Назгүл ханым сіздің
ойыңызды тыңдауға әзірміз.
ІҮ.
«Намыс» тобының Мәдениет министрі
Рузбеков Дулат жолдас сөз кезегі өзіңізде.
Ү.
«Мұрагер» тобының спорт министрі Бектемирова
Алуа ханым сіздің ойыңыз.
ҮІ.
«Намыс» тобының еңбек ұйымдастыру министрі
Кәрім Дулат жолдас сөз кезегі сізде.
Естеріңізге
сала кетейін регламинт 3-5 минут.
ҮІІ.
«Мұрагер» тобының Денсаулық сақтау министрі
Ерғалиев Нұрболат мырза өз ойыңызды
білдіріңіз.
ҮІІІ.
Бәріміздің айтқан ойларыңыз, тұжырымдарыңыз
дәлелді, нақты деп ойлаймын. Компьютердің
пайдасы мен зияны туралы көтеген мағлұмат
алдық деп ойлаймын. Оның бағасын әділ
қазылар бере жатыр. Келесі үй тапсырмасын
көңіл бөлейік. Әр топ шығарған газет,
буклеттерін қорғауға дайын болар. Ортаға
«Мұрагер» тобын шақырамыз.
Келесі
кезек «Намыс» тобына беріледі.
ІХ.
Осы тақырыпта байланысты өз ойларын сұрақтар
арқылы толықтатар деген ниетпен екі топқа
сұрақ алмасуға рұқсат беріңіздер.
Х.
Бүгінгі ашық пікір – таластан шыққан
қорытынды, ұсыныс ретінде әр топ өз ойын
ортаға салса яғни, айтайын дегеніміз
әділ қазылар мүшелеріне және мектеп әкімшілігіне
әр топ өз ұсыныстарын тізбектеп өтсе.
Бірінші кезекте «Намыс» тобы. Келесі
сөз «Мұрагер» тобына берілсе.
ХІ.
Ашық пікір – сайысымыздың қорытынды
сәті де келіп жетті. Бүгінгі сайыстағы
басты міндет әр топ өз ойларын шебер де,
дәлелді етіп жеткізе білуде болатын.
Әр топ өз ойын қаншалықты дәлелді де,
нақты етіп жеткізгені туралы қорытынды
сөз кезегін әділ қазылар мүшелеріне береміз.
ХІІ.
Сөз соңында айтарымыз қоғамның қарқынды
дамуы, көбіне оның біліммен және мәдениетімен
анықталады.Біз жастар ақпараттық мәдениетті,
сауатты адам болуға ұмытылуымыз керек.
Сондықтан ХХІ ғасырда біз ұстанатын қағида
«Білім бүкіл өмір бойыңа» болуы шарт.
Көңіл қойып тыңдағандарыңызға мыңда
бір рахмет!