Кредитация в РК

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2011 в 23:30, творческая работа

Описание

Несие дегенiмiз – кредитор қарыз алушыға қайтарылу шарты мен кредиттi пайдаланғаны үшiн сыйақы төлеу негiзiнде ақша немесе тауар формасында беретiн қарыз түрі.

Содержание

o Несие дегенiмiз не және ол қандай мімкiндiктер бередi?
o Несие түрлерi мен оларды рәсiмдеу тәртiбi
o Сыйақы мөлшерлемелерi мен комиссиялар
o Сыйақының жылдық тиiмдi мөлшерлемесi
o Аннуитеттiк және сараланған төлемдер
o Қарыз алушыға қойылатын талаптар мен несиелік қамсыздандыру
o Мерзiмiнен бұрын өтеу
o Қарыз алушының кредиттi өтей алмауы мен өтеудi кешiктiруiмен байланысты тәуекелдiктер
o Қарыз алушының кредиттiк тарихы
o Кредит рәсiмдеу кезiнде неге назар аудару қажет?

Работа состоит из  1 файл

Экономика.pptx

— 979.00 Кб (Скачать документ)

   
 
Орындаған: Серикова А. 
Тексерген: Даулбаев К.
 

Несие

Жоспар: 

    • Несие дегенiмiз не және ол қандай мімкiндiктер бередi?
    • Несие түрлерi мен оларды рәсiмдеу тәртiбi
    • Сыйақы мөлшерлемелерi мен комиссиялар
    • Сыйақының жылдық тиiмдi мөлшерлемесi
    • Аннуитеттiк және сараланған төлемдер
    • Қарыз алушыға қойылатын талаптар мен несиелік қамсыздандыру
    • Мерзiмiнен бұрын өтеу
    • Қарыз алушының кредиттi өтей алмауы мен өтеудi кешiктiруiмен байланысты тәуекелдiктер
    • Қарыз алушының кредиттiк тарихы
    • Кредит рәсiмдеу кезiнде неге назар аудару қажет?

Несие дегенiмiз не және ол қандай мүмкiндiктер бередi? 

      Несие дегенiмiз – кредитор қарыз алушыға қайтарылу шарты мен кредиттi пайдаланғаны үшiн сыйақы төлеу негiзiнде ақша немесе тауар формасында беретiн қарыз түрі. Сонымен қатар, тауарлар мен қызметтердi сатумен айналысатын кез-келген мамандандырылған ұйымдар мен заңды тұлғалар кредитор бола алады.

Несие түрлерi мен оларды рәсiмдеу тәртiбi 

             Несиені рәсімдеу  барысында банк  несие беруші ретінде  бірнеше құжаттарды  сұратуға құқылы  және осы құқығын  қолдана отырып  ол мынаны талап  етеді:

    • жеке тұлға куәлiгiнiң түпнұсқасы;
    • СТН түпнұсқасы;
    • ТЖК түпнұсқасы;
    • Еңбек шарты/келiсiм-шартының көшiрмесi;
    • Үй кiтабы;
    • ЖЗҚ-нан соңғы 6 ай бойынша үзiндi.
    • Қарыз алушының отбасы бар болған жағдайда: неке қию туралы куәлiк пен жұбайының СТН-нiн ұсыну қажет.

    Қажет болған жағдайда банк өзге қосымша құжаттарды сұратуы мүмкiн.

Несие түрлері 

   Автонесиелеу

   Тұтыну-

шылық несие

   Ипотека

Сыйақы  мөлшерлемелерi мен комиссиялар 

   Бекiтiлген сыйақы мөлшерлемесi

      Көлемі  нақты бекітілген мөлшерлеме

   Бекiтiлмеген сыйақы мөлшерлемесi

      ҚР  Ұлттық Банкiнiң қайта қаржыландыруы мен банктiң пайыздық мөлшерлемелерi базалық көрсеткiшi болып табылатын сома/айырмашылық ретiнде есептелетiн мөлшерлеме.

Сыйақының жылдық тиiмдi мөлшерлемесi 

    • Несиенің  нақты құнын құрайтын:
    • Пайыздық мөлшерлеме
    • Бiр рет төленетiн комиссия
    • Ай сайын төленетiн комиссия
    • Кредиттiк өтiнiмдi қарастыру үшiн алынатын комиссия
    • Кредиттi рәсiмдеу мен беру үшiн төленетiн комиссия
    • Кредиттi шотқа қызмет көрсету және кредитке қызмет көрсету үшiн алынатын комиссия
    • Кредиттiк қаражаттарды қолма-қол ақшаға айналдыру үшiн алынатын комиссия
    • Кредиттiк карталармен жасалынатын операциялар үшiн алынатын комиссиялар

Аннуитеттiк және сараланған төлемдер 

   Несиені өтеудің әдістері

      Сараланған төлемдер жасау - негiзгi қарыз тең үлестердi төлеу арқылы жүзеге асады және оған қосымша негiзгi қарыздың қалдығына пайыздар есептеледi.

      Аннуитеттiк төлем жасау кезiнде ай сайын мөлшерi бiрдей сома төленедi, бұл сома негiзгi қарыздың бiр бөлiгi мен есептелген пайыздардан тұрады.

    Қарыз алушыға қойылатын  талаптар мен несиелік қамсыздандыру 

             Қарыз алушыға қойылатын талаптар әр түрлi болуы мүмкiн, бiрақ барлық банктердiң негiзгi ережелерi бiрдей болып келедi:

    • Қарыз алушының табысы кредиттiк сомаға сәйкес келуi;
    • Қарыз алушы жасының 21-ден жоғары болуы;
    • Қарыз алушы ҚР азаматы болуы тиiс;
    • Қарыз алушының жалпы жұмыс өтiлi – 1 жылдан кем емес. Соңғы жұмыс орнындағы жұмыс өтiлi – 3 айдан кем емес. Егер де қарыз алушының соңғы жұмыс iстеу орнындағы жұмыс өтiлi 3-5 ай аралығында болса, сынақ мерзiмiн өтiп, штатқа тұрақты түрде қабылданғандығы туралы анықтама ұсынуы тиiс;
    • Қарыз алушының жағымсыз кредиттiк тарихының болмауы.
    • Несиелік қамтамасыз ету ретiнде кредит нысаны алынуы мүмкiн – автокөлiк, жылжымайтын мүлiк немесе кепiлдендiру мүлiгi.

Мерзiмiнен бұрын өтеу 
 

Мерзімінен  бұрын қарызды өтеу үшін банктің  келіісм бойынша көрсетілген  пунктері арқылы орындалады.

Қарыз алушының кредиттi өтей алмауы мен өтеудi кешiктiруiмен байланысты тәуекелдiктер  
 

            Егер сiзге несиеті өтей алмау қаупi төнiп тұрса – сiз үшiн ең басты ереже - ЖАСЫРЫНБАҢЫЗ!

    Кредиттi өтеудi кейiнге шегеру туралы өтiнiштi қарастыру үшiн негiз болатындар:

    • жұмыстан шығу мен жұмыс орнын ауыстырумен байланысты табыстық жоқтығы;
    • қарыз алушының  декреттiк демалысқа шығуы;
    • кәсiпкерлiк қызметтен түсетiн табыстың азаюы

    Кейiнге шегеру мімкiндiгiн алу үшiн қарыз алушы жасауы тиiс:

    • кейiнге шегеру не үшiн қажет екенiн түсiндiру және дәлелдеу;
    • мүмкiндiк бар болса, қосымша кепiлдiктер ұсыну;
    • кейiнге шегеру мерзiмi аяқталысымен кредит қалай және қандай

    қаражат есебiнен өтелетiнiн нақты сипаттап беру. 

Қарыз алушының кредиттiк тарихы  
 

               Бiр рет кредит алып сiз өзiңiздiң кредиттiк тарихыңызды бастайсыз, келешекте банктер оған жүгiне отырып сiзге кредит беру туралы шешiм қабылдайтын болады. Сiз үлгiлi отбасы иесi, мақтаулы қызметкер немесе Қазақстанның құрметтi доноры болуыңыз мүмкiн, бiрақ банктi қызықтыратыны сiздiң кредиттi төлеген кездегi мiнез-құлқыңыз. Төлемдердi ұқыптылықпен жасадыңыз ба, кейiнге қалдыру туралы өтiнiш жасадыңыз ба немесе графиктi қатаң ұстандыңыз ба? Егер сiз өзiңiздi адал қарыз алушы ретiнде танытқан болсаңыз, кез-келген банк сiздi өз клиентi ретiнде көргiсi келетiнi анық. Ал кредиттi бiр банктен алатын болсаңыз, банк келесi рет сiз үшiн пайыздарын төмендетiп, сiздi қосымша бонустармен ынталандыратын болады. Сондықтан да төлемдерге жауапты қараған дұрыс. Бұл өмiрiмдегi алғашқы және соңғы кредит деп ойласаңыз, өз құқығыңыз, бiрақ өмiр барысында әр түрлi жағдайлар орын алуы мүмкiн.

   
Қазақстан Республикасының азаматтарының 2010-2011 жылы несиені қолдану статистикасы

2010-2011 жылдардағы ҚР-сы  банктерінің берген  кредит мөлшерлері

Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейлі банктердің берген несиелері

Несиелеу  нарығы

Несиелеу  объектісі бойынша  банктердің несиелеу жүйесі

Кредит  рәсiмдеу кезiнде неге назар аудару қажет? 
 

              Сыйақы мен комиссиялар мөлшерлемелерi, сонымен қатар банктiк қызметтер кћрсетудiќ тарифтерiн банк өз бетiнше белгiлейдi. Бұдан шығатыны: кредит алатын банктi таңдамас бұрын барынша көп банктердiң шарттарын салыстыру њажет. Осылайша, банктiң өкiлеттi органмен берiлген қарыз беруге қатысты лицензиясы мен iшкi кредиттiк саясат туралы ережелерi болуы тиiс. Аталған ережелерде көрсетiлетiн мүлiмет:

    • ұсынылатын кредиттер мен қабылданатын депозиттердiң шеткi сомалары мен мерзiмдерi;
    • кредиттер бойынша сыйақылың мөлшерлеменiң шеткi көлемдерi;
    • кредиттер бойынша сыйақы төлеу шарттары;
    • банк қабылдайтын қамтамасыз етуге қойылатын талаптар;
    • банктiк операцияларды iске асырудың мөлшерлемелерi мен тарифтерi;
    • банк пен оның клиенттерiнiң құқықтары мен мiндеттерi, олардың жауапкершiлiгi;
    • директорлар кеңесi операцияларды жіргiзудiң жалпы шарттарына енгiзiлуi тиiс деп ойлайтын өзге шарттар, талаптар мен шектеулер.

Информация о работе Кредитация в РК