Кәсіпкелік тәуекелдік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2012 в 21:14, реферат

Описание

Кәсіпкерлік – бұл шаруашылық жүргізудің әдісі және өз бетімен жұмыс істеуге негізделген экономикалық ойлаудың ерекше типі. Кәсіпкерлік терминін алғашқы рет ағылшын экономисі – Ричард Контильон (1650-1758жж) енгізді. Бұл ұғымға ол нарықтық тәуекелділік жағдайында табыс алу мақсатымен өндірісті ұйымдастырудағы адам белсенділігін жатқызады.

Работа состоит из  1 файл

статья кәсіпкерлік смагулова.doc

— 50.00 Кб (Скачать документ)


Кәсіпкерлік, кәсіпкерлік  тәуекелдік ұғымы.

Кәсіпкерлік – бұл шаруашылық жүргізудің әдісі және өз бетімен жұмыс істеуге негізделген экономикалық ойлаудың ерекше типі. Кәсіпкерлік терминін алғашқы рет ағылшын экономисі – Ричард Контильон (1650-1758жж) енгізді. Бұл ұғымға ол нарықтық тәуекелділік жағдайында табыс алу мақсатымен өндірісті ұйымдастырудағы адам белсенділігін жатқызады.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2012 жылы халыққа Жолдауында Қазақстанда кәсіпкерлікті дамыту мәселесіне де көңіл бөліп өтті. Елбасы жолдауында елдегі кәсіпкерлік ахуал мен инвестициялық тартымдылыққа ерекше назар аударатындығы, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының іске асып жатқаны, оның тиімділігін кәсіпкерлердің сезініп отырғанын айтты. Осы бағдарламаға өзгеріс енгізіп, Үкіметке ары қарай да бизнесті қолдау туралы тапсырма берді.

Президентіміздің айтуы бойынша, кәсіпкерлікті түрлі бағдарламалар арқылы қолдау туралы Үкіметке берген тапсырмасы әсіресе,  Оңтүстік Қазақстан облысындағы кәсіпкерлерді ынтамен жұмыс істеуге құлшындырып отыр. Осыған дәлел ретінде айтарымыз:

Бауыржан ДӘУЕЙ, «ДАУ-МЕД» КЛИНИКАСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ:

- «Бизнестің жол картасы» бойынша көп қаражатты үнемдеп, қолымызға көбірек медициналық оборудование алуға, жабдықтармен толықтыруға мүмкіншілігіміз болды дейді.

Оңтүстік Қазақстандық кәсіпкерлер бұл бағдарламалардың тиімділігін өткен жылы-ақ көрген. Облыстағы 98 кәсіпорынға «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы арқылы 3 бағытта көмек көрсетілді. Солардің бірі «Дау-мед» клиникасы. Еліміздегі ірі медициналық орталық саналатын мекеме озық технологияның көмегімен түрлі ота жасайды. Білікті дәрігерлерді жұмысқа алды.

 

Дінмұхамед ӘБСАТТАРОВ, ОҚО КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІП БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

- Осы жобаларды жүзеге асыру арқасында және кәсіпкерліктің кеңеюі арқасында 14 мыңнан аса жұмыс орны ашылды бізде.

Медициналық орталық өңірдегі ана мен бала өлімінің азаюына, азаматтардың ұзақ өмір сүруіне ықпал ете білді. Осында келіп емделемін деушілер көбейген соң, несие алып, өздеріне үлкен ғимарат салған. Енді сол несие өсімінің жартысын мемлекет көмек ретінде өз мойнына алды.

Сонымен қатар, соңғы статистикалық мәліметтерге жүгінер болсақ, Қазақстанда 2011 жылдың 1 қыркүйек айының көрсеткіштері бойынша, рынокта белсенді түрде жұмыс жасап жатқан шағын және орта бизнес субьектілерінің саны - 2 487 474-ке жеткен. Оның – 1 360 937 заңды тұлғалар, 697 062 – жеке кәсіпкерлер (ЖК) және 429 475 – шаруалар. Мұнық өзі жаңа дамып келе жатқан мемлекет үшін үлкен нәтиже деп ойлаймын.

  Бірақ, бізді толғандыратын бір жағдай,ол кәсіпкерлік болған жерде неше түрлі тәуекелдік те орын алады.

Жалпы, тәуекелдік деп – қабылданатын шаруашылық шешімдердің немесе жасалған әрекеттердің экономикалық үдерістерге ықпал етуінен туындайтын қатерді айтамыз. Ал,  кәсіпкерлік тәуекелдік дегеніміз- белгі бір кәсіппен айналысу барысында көздеген мақсатқа жете алмау, кәсіпорын ресурстарының бір бөлігін жоғалтып алу және негізделген табыс мөлшеріне қол жеткізе алмау қаупі.

Нарық жағдайында тәуекел кәсіпкерліктің шешуші элементі. Тәуекелдің ерекшеліктері кәсіпкерлік істе белгісіздік, күтпегендік, сенбеушілік болжамдылық жетістікке жетуге кедергі болуы мүмкін. «Кәсіпкерлік іс туралы» заңда жазылғандай кәсіпкерлік іс өз тәуекелділігіне, кәсіпорынның ұйымдастыру құқықтық формасы шегіндегі мүліктік жауапкершілігіне негізделген.

Нарық жағдайында тәуекелділікті бәсеңдету үшін бірнеше әдістер бар: кәсіпкерлік жоба жасауға істі жетік білетін кеңесшілерді, мамандарды тарту; жобалау алдындағы мүмкін болатын қиындықтарды жете білу; өндірілетін өнімге сұранысты болжау; тәуекелділікті жобаға қатынасушылардың өзара бөлісуі; сақтандыру; болжамсыз шығындарды жабуға керекті қаражатты кезекке ұстау, кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру практикасы.

Шетелдерде кеңінен тараған кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру практикасы біртіндеп біздің елге де келе бастады. Сақтандырудың осы түрінің экономикалық пайдасы алдағы уақытта қазақстандық кәсіпорындардың қалыпты жұмыс практикасына  айналатынын шетел тәжірибесі көрсетіп отыр. Сақтандырудың бұл түрі шаруашылықты жүргізетін субъектілердің қаржылық жағдайына  қолайсыз жағдайлардың ешқандай ықпал етпейтін талаптарды қамтамасыз етеді.

Бүгінгі күні Қазақстанда 36 сақтандыру компаниясы жұмыс атқаруда, олардың ішінде 14 компанияның кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру сыныбы бойынша лицензиясы бар.

Кез-келген кәсіпорын өз жұмысын жүзеге асыру барысында  қандай-да бір кіріс алу және қаржы жұмсау т.б. мақсатты ұстанады. Яғни, ол өз жұмысын жоспарлайды. Бірақ, дамудың осы немесе басқа да стратегияларын таңдай отырып, кәсіпорын өз қаражатын жоғалтуы немесе жоспарланған сомадан аз алуы мүмкін. Бұл компанияның белгісіз ахуалда болуын көрсетеді. Компания тығырыққа тірелген кезде, басшылыққа шешім қабылдауға тура келеді, ол шешімдердің табысты іске асырылу ықтималдылығы (яғни, толық көлемде табыс алуы) кәсіпорынға іштей және сырттай әсер ететін көптеген факторларға тәуелді. Осындай жағдайда тәуекел ұғымы пайда болады.

Егер шешімді дайындау барысында тәуекелді төмендету шаралары тиімсіз және оған қаржы көп жұмсалатын болса, онда өз іс-қимылын экономикалық жағынан сақтандыру тиімді болар еді.

Кәсіпкерлік тәуекел – кәсіпкердің қарсы агенттері өз міндеттемелерін орындамауынан немесе кәсіпкерге қатысты емес жағдайларда осы қызмет талаптарының өзгеруінен туатын кәсіпкерлік қызметтің шығын тәуекелі, оның ішінде жоспарланған кірісті ала алмау тәуекелі. Оларға мыналар: іркіліске байланысты шығын тәуекелі, кәсіпорынның қарсы агентінің өз міндеттемелерін бұзуына байланысты шығын тәуекелі, жоспарланған кірісті ала алмауға байланысты тәуекел жатады.

 

Кәсіпкерлік тәуекелді сақтандырудың бірнеше ерекшеліктері бар:

ҚР АК-нің 810-бабына сәйкес кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру шартымен   тек сақтанушы өз кәсіпкерлік тәуекелін және өз пайдасын ғана сақтандыра алады.

Кәсіпорынды тәуекелден қауіпсіздендірудің бір тәсілі – сақтандыру бағдарламасын қалыптастыру. Ол үшін компания қызметін талдап, оған сипатты тәуекелдерді анықтап алу керек. Олар өз кезегінде компания  шешуге дайын тәуекел және міндетті түрде сақтандырылатын тәуекелдерге бөлінеді.

 

Өз кезегінде, кәсіпкерлік тәуекел сақтандырудың мынадай әдістерін қолдана отырып, тоқтатылуы немесе төмендеуі мүмкін.

 

Кәсіпорынды бос тұрып қалудан сақтандыру есебінен.

Сақтандырудың бұл түрі әр түрлі сақтандыру жағдайларынан тууы ықтимал  шығындарды: коммерциялық факторларды (өндірістің шикізат пен материалдарды толық және өз уақытында жеткізбеу салдарынан  тоқтатылуы, нарық конъюнктурасының өзгеруі, неғұрлым жедел міндеттемелерді реттейтін қаржы көздерінің тапшылығы), саяси факторларды (соғыс, көтерілістер), табиғи факторларды (климаттық ыңғайсыз жағдайлар) жабады. Өндірістің тұрып қалу мерзімі сақтандыру ережелерімен белгіленетінін, мұндайда сақтандырушы тиісті залалды, яғни ала алмаған өндіріс пайдасын өтеуді өз жауапкершілігіне алатынын міндетті түрде атап өту керек. Бірақ сақтандыру жағдайларын, көбінесе ағымдағы шығыстарды (жұмысшылар мен қызметкерлердің жалақысы, салықтар мен алымдар, үй-жайды жалға алу төлемдері) жүзеге асырудың шарамсыздығы мен қажеттілігін топтастырудың белгілі өзгешеліктері бар.

 

Сақтандырудың басқа да жағдайларына жаңа технологияларды енгізу, қарсы агенттер тарапынан қаржылық міндеттемелерді орындамау салдарынан шығынға ұшыраған табыс (алынбаған табыс сомасы) жатуы мүмкін.

Мұндай жағдайларда табыстың шығындалмауын сақтандыру ала алмаған табыстың өтемақысын, сондай-ақ сақтандырушы фирманың ағымдық шығыстарын және оның табысты төмендету  шараларына байланысты қосымша шығындарын қарастырады.

 

Сақтандыруға жататын басқа да жағдайлар бар, атап айтсақ, кәсіпкерлік қызметтің жеке түрлерін сақтандыру (жеткізуші немесе қарсы агенттер жағынан міндеттемелерді орындамау), бүлінулерден сақтайтын құрылғылар мен машиналарды сақтандыру (сақтандыру құрылымды монтаждау немесе оны пайдалану кезінде жүзеге асады), кәсіпорын қызметінің өзгешеліктеріне байланысты сақтандыру (мысалы, мұнай орындары мен таулы полиметалл орындарын табу). Барлық аталған жағдайларға байланысты сақтандырудың мән-жайы кәсіпорынның келісім-шартта немесе басқа да келісімдерде  көрсетілген белгілі бір іс-әрекеттерді орындамау салдарынан қандай да бір   мүліктің бұзылуы немесе жарамсыз болуына әкеп соғатын залалдан  тұрады.

 

Басқа да тәуекел топтарын қаржылық тәуекел – қаржы операцияларына тән тәуекел жиынтығы (валюталық тәуекел, пайыздық салымның өзгеру тәуекелі) қалыптастырады.

Қазіргі практикада сақтандыру үрдісі компания активтері мен пассивтерін жалпы басқарумен өзара тығыз байланысты және кәсіпкерлік тәуекелді жою, ең болмаса, төмендетуге бағытталған барлық іс-әрекеттер жиынтығын қамтиды. Қазақстанда құрылған кәсіпкерлік субъектілерінің басым бөлігі сауда саласында қызмет жасайды. Өйткені сауда немесе коммерциялық бизнес басқа бизнес түрлеріне қарағанда жақсы дамыған. Ұзақ мерзімде кәсіпорындар тек саудамен ғана емес, экономиканың әр саласында жұмыс істеуі қажет. Сол үшін мемлекеттік органдар кәсіпкерлік субъектілеріне жан-жақты көмек көрсетуі қажет.

Жалпы кәсіпкерліктің экономикалық белсенділігі мен әлеуметтік бағдар ұстауының кепілі оның өздігінен қоғамның орташа топтарына жататындығы емес, оның дәулеті мен тұрмысының нақты шынайы меншікке негізделуі болып табылады. Қазіргі уақытта шағын кәсіпорындар жұмыс істеп тұрған барлық шаруашылық жүргізуші субъектілердің 80 пайызын құрайды. Сонымен бірге кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған шешімдерді орындауда іркіліс байқалады. Бұл жерде басты себеп – бюрократиялық қысымдар. Осындай және басқа да себептерге байланысты кәсіпкерлер бөлігі жасырын салаға өтіп жатыр. Осы жағдайда ескеретін жәйт, кәсіпкерлердің құқығын қорғайтын жүйе жасау, тексеруші органдардың және рұқсат беруші құжаттардың санын азайту. Кәсіпкерлердің 70 % оларды қолдайтын аймақтық бағдарлама туралы хабары жоқ

Кәсіпкерліктің орын алар жері – ең алдымен кәсіпорын. Қазіргі өтпелі нарық қоғамында өнеркәсіп ошақтарын оңалту, демеу және қаржылай сауықтыру үрдісі жүргізілуде. Ендігі кезде тұралаған кәсіпорындарды банкроттыққа ұшырату, яғни оның дерменсіздігін белгілеп, таратуға негіз салу маңызды. Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың ең қарапайым формасы – ол жеке іскерлік. Бұл жағдайда кәсіпкер жеке тұлға ретінде кәсіпорынның мәртебесін иеленбей-ақ, өздігінен іс-қимыл жасайды. Жеке кәсіпкерліктің тағы бір түрі – жеке кәсіпорын, фирма. Бизнестің мұндай формасында мекеме құру құқы кез келген азаматта бар. Бұл үшін жеке кәсіпорынды тіркеуден өткізіп, заңды тұлға мәртебесін алады.

Қазақстанда кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру автокөлікті, мүлікті, жауапкершілікті т.б. сақтандыру түрлері сияқты көп таралмаған. Бірақ сақтандырудың осы түрі экономикалық жағынан тиімді және жуық арада кәсіпорын жұмысында қалыпты қаржылық практикаға енетінін шетел тәжірибесі көрсетіп отыр.

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1.      К.Б. Бердалиев «Қазақстан экономикасын басқару негіздері», Алматы «Экономика», 2001ж.

2.      Г.С. Смағұлова «Аймақтық экономиканы басқару мәселелері», оқу құралы, Алматы 2005 ж.

3.      С.С.Сахариев, А.С.Сахариева «Жаңа кезең – экономикалық теориясы» (оқулық), Алматы «Данекер» 2004ж.

4.      «Қазақстан – 2030» стратегиясы.

5.      kk.wikipedia.org/wiki/Тәуекелдік

6.      http://www.khabar.kz/kaz/economy/Prezident_Zholdaui_kasipkerlerdi_intamen_zhumis_isteuge_kulshindirip_otir.html

 



Информация о работе Кәсіпкелік тәуекелдік