Кәсіпкерлік – табысты және қауіпті қызмет

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Января 2013 в 12:51, реферат

Описание

Нарықтық экономикада кәсіпкерлік қызметі француздың ұлы ғалымы Ж.Б.Сәйдің еңбегінде сипатталған, ол адам өзінің шоты үшін күреседі және белгілі бір өнімді өндіру оның айтуынша, кәсіпкерліктің белсенділік ролін арттырады, ол үшін өндіріс факторларын қиыстыру арқылы білімі мен тәжірибелік қабілетін көрсетеді.

Работа состоит из  1 файл

Нарықтық экономикада кәсіпкерлік қызметі француздың ұлы ғалымы Ж.doc

— 80.50 Кб (Скачать документ)

ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК  УНИВЕРСИТЕТІ

ҚАРЖЫ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ

 

 

 

СРС

 

Тақырыбы: Кәсіпкерлік – табысты және қауіпті қызмет

 

 

 

 

 

 

Орындаған: Алпыспаева А.К. МЖД-121В

 

 

Семей 2012 г.

Нарықтық  экономикада кәсіпкерлік қызметі француздың  ұлы ғалымы Ж.Б.Сәйдің еңбегінде сипатталған, ол адам өзінің шоты үшін күреседі және белгілі бір өнімді  өндіру оның айтуынша, кәсіпкерліктің  белсенділік ролін арттырады, ол үшін өндіріс факторларын қиыстыру  арқылы білімі мен тәжірибелік қабілетін көрсетеді.

Ж.Б.Сәй кәсіпкерліктің өзіне тән ерекшеліктерін жан-жақты  бейнеледі, оның табысының бір бөлігі ерекше дарыны үшін беріледі.

Кәсіпкерлік теорияны дамытуға неміс  экономисі В.Зомбарт, кәсіпкер және австриялық  экономист И.Шумпетер  үлкен үлес қосты (В.Зомбарттың айтуы бойынша ол «жаулап алушы» (тәуекелге дайын, рухани ойы бай, жігерлі және табанды) «ұйымдастырушы» (көп адамдар біріктіріп жұмысқа жұмылдыру) және «сатушы» (шеберлік тек өз тауарын өткізу емес, тұтынушыларды қызықтыру негізгі мақсаттары).

Кәсіпкерліктің негізгі  мақсаты - істің өркендеуіне жағдай жасау деп  анықтама берді Зомберт.

Зерттеуші И.Шумпетер кәсіпкердің  өндірістік  меншігі болуы міндетті емес, жеке адам капиталист – болуы  мүмкін, банк басқарушы  не акционерлік қоғамның мүшесі  және т.б.

Құралдар түрлерінің пайдалы қызмет ету  уақыты көп  жағдайда пайдаланған мезгілінен артық  болуы мүмкін. Ұсыныс пен сұраныстың жоғары болуына байланысты, кейбір құрал-жабдықтарға, үкіметтің рұқсаты  арқылы амортизациялық пайызды өсіруге болады. Өз құнын жаңадан өндірген тауарларға толық аударлған құрал-жабдықтар табиғат байлығы ретінде қызмет етеді. Фирмаға, қоғам үшін де пайдалы.

Қазақстан заңында кәсіпкер азаматтар  мен бірлестіктердің  пайда алуға бағытталған және олардың тәуекел етуімен, сондай-ақ мүліктік жауапкершілігі негізінде жүзеге асырылатын ынталы қызметі.

Барлық шаруашылық қызметі емес, тек тәуекелмен, ынтамен, іскерлікпен, дербестікпен, жауапкершілікпен және белсенді іздеумен байланысты шаруашылық қызметті жүзеге асыру кәсіпкерлік белгілері болып саналады.

Кәсіпкерлікте  тұлға және оның нысаны бөліп қаралады.

Жеке тұлғалар, әр түрлі ассоциациялар, акционерлік қоғамдар, жалгерлік  ұжым  кооперативтері және мемлекет кәсіпкер тұлғалар бола алады.

Шаруашылық қызметтің кез келген түрлері, коммерциялық делдалдық, сату-сатып алу, инновациялық, кеңес беру қызметтері, бағалы қағаздармен операциялар кәсіпкерлік нысандары бола алады.

Қызмет мазмұнына қарай кәсіпкерлік  мынадай түрлерге бөлінеді.

Өндірістік кәсіпкерлік – тауарлар, қызметтер, ақпараттар, рухани құндылықтар өндіретін кәсіпкерлік болып табылады. Кәсіпкерліктің бұл түрі өндіріс функциясының  негізі.

Коммерциялық кәсіпкерлік – тауарлар мен қызметтерді қайта сату бойынша мәмілелер мен операциялар құрамына енеді және өнім өндірісімен байланыспайды.  Кәсіпкер пайдасы тауарды сатып алу бағасынан жоғары бағаға сату арқылы жасалады. Егер бұл операциялар заң шегінде болса, алыпсатарлық болып есептелмейді.

Қаржылық кәсіпкерлік – коммерциялық кәсіпкерліктің  бір түрі болып  табылады, сату-сатып алудың объектісі ақша валюта, бағалы қағаздар болып табылады.

Делдалдық кәсіпкерлік –  бір  мәмілеге өзара мүдделі жақтардың  басын қосатын қызметте көрінеді. Бұндай қызметті көрсеткені үшін кәсіпкер табыс алады.

Сақтандыру кәсіпкерлігі – кәсіпкер сақтандырған оқиға болған кезде ғана қайтарылатын сақтандыру жарнасын алып отыратын қаржы кәсіпкерлігінің ерекше формасы. Жарналардың қалған бөлігі кәсіпкерлік табысты құрайды.

Кәсіпкердің қаралып отырған қызмет түрі материалдық, еңбек, қаржы ақпараттық ресурстарды пайдаланумен тығыз байланысты. Сондықтан да тәуекелділік бұл ресурстарды толықтай немесе кейбір бөліктерін жоғалту қаупі жөнінде болуы мүмкін. Бұдан басқа тәуекелдің апатты аймағы да болады. Мұндағы шығынның ең көп мөлшері кәсіпкер мүлкінің құнына тең келеді. Бұл жағдайда кәсіпорын қарызын төлеуге дәрмені болмай, күйрейді.

Сондықтан да ол өзі төлеуге дәрмені  жетпей, мүлкін сатып, кәсіпорынды жабуға мәжбүр болады, оны кәсіпкерліктің формалары мен ерікті экономикалық түрлерінен көруге болады.

Кәсіпкерлік табысты, бір жақтан, кәсіпорынның табысын бөлудің қорытынды нәтижесі деп, екіншіден, кәсіпкерлік қабілеттердің нәтижесі болғаны үшін сыйлық төлем деп қарауға болады.

Алғашында кәсіпкерлік табыс деп, алынған қарыз капиталының процентін  төлегеннен соң қызмет ететін капиталистің қарамағында қалатын пайданың бөлшегі түсінілген болатын. Несие жүйесінің дамуына байланысты, пайданың процентке және кәсіпкерлік табысқа бөлінуі, оның (пайданың) меншікті капиталдың, немесе, қарыз капиталының әрекеттері нәтижесінен түскеніне қарамастан жалпылама сипаттама алған. Кәсіпкерлік табыс қарыз процентімен салыстырғанда алдынала көрсетілген шама емес, ол нақты кәсіпкердің іс-әрекетіне тәуелді болады.

Сан жағынан кәсіпкерлік табыс жалпы пайдадан қарыз процентін, сапықтарды және бюджетке жасалатын басқада төлемдерді алып тастағаннан соң қалған калдығы болып табылады. Қызмет етуші кәсіпкерлердің табыстарының көлемі, алу әдісі және пайдалану бағыттары жағынан әр түрлі болады. Демек, меншіктің әр түрлі формасындағы кәсіпорындарда капитал-функция мен капитал-меншіктің бір-бірінен ажыратылғанына байланысты, кәсіпкерлік табыстың қалыптасуы әр түрде жүреді. Капиталдың иесі өзінің өндірісінде өзі кәсіпкерлік қызмет атқарса, онда кәсіпкерлік табыс жоғарыда көрсетілген кесте бойынша қалыптасады. Егер капиталдың иесі және кәсіпкер бөлек адамдар болса, онда екі вариант болуы мүмкін. Капиталдың иесі өндірісті басқару және өнімдерді өткізу қызметін менеджерлерге жүктеп, оларға жалақы белгілейді. Осы жағдайда кәсіпкердің табысы капиталға меншік монополиясының төлемі түрін алады. Менеджер капитал-функция қызметін жүргізіп, кәсіпорынның іс-әрекеттерінің жүріп отыруына жауапкерлік қабылдай алады.

Капиталдың иесі капиталын басқа кәсіпкерге, оның өз жұмысын жүргізуіне, белгілі процентке (әдетте, банктік проценттен жоғары) беруі мүмкін. Әдетте, осындай жағдайда, кәсіпкерлік табыс оның өзінің жеке мүддесінің қанағаттандыруды көздегендігі болғандықтан жоғары болады. Осы жағдайда, кәсіпкерлік табыс өндіріс жүргізудегі белсенділік үшін төлем түрін алады: инновациялар енгізгені үшін, жаңа өнім өндіргені үшін, фирманы басқару туралы шешімдер қабылдағаны үшін, тәуекелдік қауіп-қатерге бас тіккен жауапкершілігі үшін және т.б.

Кәсіпкерлік табыстың құрамы:

Қалыпты (жабайы, әдеттегі) пайда —  кәсіпкерге осы бағытта қызмет еткені үшін төленетін ақы. Осы пайда фирманың ішкі шығындарына жатады. Егер осы пайда фирманың тұрақтылығын қамти алмаса, онда кәсіпкер өзінің іс-қимылын бизнестің басқа пайдалы бағытына аударады, немесе, басқа фирмада жалақы алуды жөн көріп, кәсіпкерлік қызметтен бас тартады. Бәсекелік жағынан қабілетті кәсіпкердің тұжырымы бойынша, қалыпты пайда капитал қайтарымы мен кәсіпкерлік табыстың нормасына тәуелді болады. Экономикалық мазмұны жағынан, қалыпты пайда тек осы тауарды, немесе, қызметті өндіруді таңдап алудың бағасы болып табылады. Оның мөлшері алынбай қалған пайдадан ( егер кәсіпкер өзінің капиталын, құрал-жабдықтарын, қабілетін басқа өндірісте қолданса, түсуі мүмкін пайданың көлемінен) төмен болмауға тиісті.

Қалыпты пайдадан артық түскен табыс,немесе, экономикалық (таза) пайда.

Бәсекелік (статикалық) экономика  жағдайында таза пайда нөлге тең  болар еді. Статикалық экономика деп өзгерістер орын алмайтын экономика түсініледі, мұнда шығындар, ресурстар ұсынысы, сұраныс және табыстардың керсеткіштері тұрақты болады. Осындай жағдайда баға мен өндірістің экономикалық саясатын болжау, мүмкін инновациялық өзгерістер жүргізілмейді. Таза бәсекелік жағдайында әр түрлі салаларда басынан болуы мүмкін таза пайда, фирмалардың нарықтан шығуына байланысты, ұзақ мерзімде жойылады. Нәтижесінде айқын және уақытша шығындар ұзақ мерзімде толық өтеледі, осылайша кәсіпкерге ешқандай түсім таза пайда түрінде қалмайды. Таза бәсекелік жағдайда кесіпкерлер тауарлар өндірісін тек баға мен шекті шығындар теңескен нүктеге дейін ғана жүргізеді.

Динамикалық экономикада таза пайданың келуі болжамсыздықпен, қауіппен байланысты, оның келуі сұраныс (табыстар) пен ұсыныстағы (шығындар) болжауға келмейтін өзгерістермен, тұтынушылық ұнатымдағы (талғау) өзгерістермен байланысты болады: қауіп-қатер экономикадағы циклдық өзгерістердің, құрылымдық жылжулардың болып тұруымен де байланысты болады. Болжамсыздықтың осындай түрлері сыртқы факторларға жатады және оларды фирма бақылай алмайды. Соған қарамастан, ірі корпорациялар, нарық жағдайының болжамсыздығынан туатын қауіп-қатерден сақтану үшін шикізат көздерімен міндетті түрде қамтамасыз етілуді мақсат етіп, құрылымдардың тік интеграциясын жүргізеді, капиталдар нарығында ауытқулардың әсерін азайтуды көздеп, капитал салымдарын қаржыландырады, жарнама шығындарын көбейтеді. Экономикалық ауытқулардың салдарын жеңілдету үшін, мемлекеттік антициклдік саясат қолданылады. Осылардың баршасы кәсіпкерлік табыстың сыртқы (тыс) факторлардан елеулі түрде тәуелді екенін көрсетеді. Кәсіпкерлік табыстың ауытқуының ішкі факторына кәсіпкердің инновация саласындағы іс-әрекеттерімен байланысты болатын болжамсыздық жатады. Өндірістің жаңа әдістерін, технологиялар, шикізаттардың көздерін енгізіп пайдалану, қашан болмасын тәуекелдік тілейді, шығындарды төмендетуге және пайда мен кәсіпкерлік табыстың өсуіне кепілдік бермейді. Бәсекелік жағдайындағы өткізу және капиталдар мен шикізаттар нарықтарында, патенттер туралы зандарда кемшіліктер болғандықтан, кесіпкерлік табыстың инновация арқылы келген бөлшегі уақытша сипаттамада болуы мүмкін. Осыған қарамастан пайда мен табыстың осы көзі экономикалық жағынан қажетті болып табылады.

Кәсіпкер монополиялық пайда алады, егер ол монополист болса және нарыққа бақылау жүргізе алса, бәсекелестерге жол бермесе, немесе баға жоғарылағанда өнім өндіруін шектей алатын болса.

Өндіріс көлемінің азаюы, бағаның тым артық бәсекелілігі, ресурстардың қайта бөлінуі, монополдық пайданың негізі болып табылады. Осымен бірге жетілмеген бәсеке жағдайында факторлар ұсынысына шек қойылуы мүмкін. Факторлардың саналы түрде жасанды тапшылығын тудырудың нәтижесінде түскен табысты монополдық пайдаға жатқызуға болады.

Ұзақ мерзімдік интервалда, тұрақты шығындардың көлеміне тоқтаусыз түзету енгізу мүмкін болғанда өнімнің қандайына болмасын сұраныс жоғары икемді болғанда, монополдық пайда алу өте күрделі мәселеге айналады және егер қысқа мерзімдік интервалда фирма таза шығындарға ұшырауы мүмкін болса, ұзақ мерзім интервалында фирма шығынсыз қызмет етуге тиісті. Егер ұзақ мерзім бойы орта шығындар өтелмесе, фирма нарықтан кетуге мәжбүр болады.

Егер ұзақ мерзімдік  орташа шығындардың қисық сызығынын  минимумынан өнімнің шығарылымы төмен (жоғары) болса, онда ұзақ мерзімдік  тепе-тендік орнайды. Ұзақ мерзімдік тепе-тендік нүктесінен бастап, фирма-монополист, икемдігі төмен қысқа мерзімдік сұраныстың қисық сызығының бойымен жылжып отырып, бағаны көтеріп уақытша пайдасын өсіре алады.

Фирма монополдық пайда алу үшін мынадай стратегиялар қолданды:

Бағаны шексіз көтеріп, тауарларға сұранысты төмендетіп, бағаны төмендетуге мәжбүр еткенше сатып, қысқа мерзімде барынша жоғары пайда табады.

Осы нарықтан жаңа таурлар  шығуының арқасында бәсекелестер пайда болу мүмкіндігін мойындау. Бұл жағдайда жаңа тауарға жоғары старттық баға белгіленеді және осымен қатар бұрынғы тауардан түсетін таза пайда төмендеген мезгілде, нарыққа шығуға дейін болатын одан жаңа тауардың жасалуы басталады. Мұнда тым көтеріңкі бағадан түсетін монополдық пайда инновациялық процестің тікелей қозғаушысы болып табылады.

Потенциалдық бәсекелестердің пайда болуын тежеу мақсатымен қысқа мерзімді пайданы барынша жоғарылатуға жетімсіз болатын саналы түрде орынды баға белгілеу.

Саналы түрде елеулі шығындар жұмсап (бұлар пайданы есептегенде  өндірістік шығындарға жатқызылады) жабық монополияны бұзуға шаралар қолдану. Бұл бәсекелес фирмалардың балама өндіріс шығындарынан артатын таза пайда әкеледі. Кейбір экономистер монополдық пайданың осы түрін рента деп атайды.

Бағалық дискриминация қолдану — осы өнімнің өзінің әр бірлігіне (данасына) әр түрлі баға белгілеу. Бұл тек потенциалдық тұтынушыларды, олардың сұранысының икемділігіне байланысты бөлу мүмкіндігіне негізделеді, шығындардың ешқандай айырмашылықтарымен дәлелденбейді.

Бастапқы шикізатқа  төмен баға қою арқылы, сондай-ақ жұмысшы күшінің құны төмен бағаланатын  басқа елдерде өндіріс ашу  арқылы монополдық пайданы монополиядан тыс өндіру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Малохимина А.В Риск  – менеджмент, М. 2004

2. Лапуста М.Т, Шаршукова Л.Г.  Риски в предпринимательской деятельности.- М: ИНФРА-М, 1998

3.Турбина К.Е. Инвестиционный  процесс и страхование инвестиций  от политических рисков.-М, 1998

4.Хорн Ван Дж.К. Основы управления  финансами.-М, 1994

5. ӘділбековМ.Т. Кәсіпкерлік негіздері,Семей. 2002

6.Хохлов Н.В. Управление риском./ Учебное пособие.- М: ЮНИТИ-ДАНА, 1999- 239б

7.Цай Т.Н, Грабовый П.Г, Марашда  Бассам Сайел. Конкуренция и  управление рисками на предприятиях в условиях рынка.- М, 1994


Информация о работе Кәсіпкерлік – табысты және қауіпті қызмет