Кәсіпкерлік және олардың түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2011 в 13:42, дипломная работа

Описание

Акционерлік қоғам; Белсенділік; Кәсіпкер; Кәсіпорын; Өндірістік кооператив; Серіктестік; Унитарлы кәсіпорын; Ұжымдар; Фирма; Капитал; Айнымалы капитал; Негізгі капитал; Қорлану; Тиімділік; Амортизация
Кәсіпкерлік дегеніміз – белгілі бір істі істей білу. Іс істеу – адамның белсенділігі және іскерлігі. Белсенділік, және іскерлік адамдардың еркін өмір сүру түрі.

Содержание

1.Кәсіпкерліктің әлеуметтік экономикалық мәні.
2.Қазақстандағы кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі формалары.
3.Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің дамуы.
4.Капитал айналымы

Работа состоит из  1 файл

Кәсіпкерлік және олардың түрлері.doc

— 77.50 Кб (Скачать документ)

Сөйтіп, осы ақша капиталы өндіргіш капиталға айналады. Бұл капиталдың функциясы - ондіріске жағдайлар жасау:

... Ө ...

Өндіріс процесінде өндіргіш капитал тауарлық капиталға айналады және ол үстеме (қосымша) құн ондіру функциясын атқарады:

... Т1 - А1

Тауарларға сіңген үстеме құн, оны нарықта өткізген соң, кәсіпкердің қарамағына түседі. Бұл сатыда тауар капиталы тағы да жаңадан ақша капиталына айналады. Тауар капиталыньң функциясы — үстеме (қосымша) құнды өткізу, сату.

Капиталдың бір  формадан екінші формаға айналатын  қозғалысын оның ауыспалы айналымы деп атайды. Формула көрсетіп тұр — капиталдың ауыспалы айналымы пайда жасауды көздейді:

d=А' - А

Мұнда: А—бастапқы жұмсалған капитал, d—үстеме құн.

Авансталған капиталдың барлығының қозғалысын үзілмей қайталанып жүріп отыратын жеке акт емес процесс  деп қарасақ, онда бұл капиталдың айналымы болады.

Капиталдың айналымы мен оның ауыспалы айналымы бір-бірімен тура келмейді. Ауыспалы айналымның әрқайсысының нәтижесінде кәсіпкерге ақшалай формада авансталған капиталдың тек бір бөлшегі қайтып келеді; барлық капиталдық құн өз иесіне өзінің бастапқы ақшалай формасында толық қайтып түскенде капитал толық айналым жасайды.

Капиталдың әр түрлі элементтерінің айналымы бірдей жүрмейді. Капиталдық құңның айналымдағы әр қилы функцияларына сәйкес, капитал негізгі және айналмалы болып болінеді.

Негізгі капиталға еңбек құралдарының құны жатады, айналмалыға еңбек заттарының және жумысшы күшінің төлем құңдары жатады. Капитаддың осы бөлшектерінің айналымының айырмашылықтары, өңдіргіш капиталдың құнының әр элементтерінің жасалынатын өнімге өзінің құнын алмастыруының әдістерінің әр түрлі болуымен байланысты болады.

Негізгі капитал - бұл өндіріс процесіне тұтас қатынасатын, бірақ өз құнын өнімге бір-бірте ауыстырып, меншік иесіне ақшалай формада бірте-бірте қайтып оралатын капитал. Нсгізгі капиталға барлық жабдықтардың, машиналардың, өндірістік ғимараттардың, құрылыстардың құны жатады. ІІІикізат, отын, материалдар айналмалы капиталға жатады, бұлардың құны әрбір ауыспалы айналым актісінен кейін қайтып оралып отырады. Осыған жұмысшы күшінің төлем құны да жатады.

Айналмалы капитал - өндіргіш капиталдың бір бөлігі болып табылады; оның құны, оны тұтыну процесінде толығынан өнімге ауысып, әрбір ауыспалы айналым актісінің соңында (жоғарыда айтылғандай) ақшалай формада тұтас қайтады.

Негізгі капитал  материалдық (физикалық) және моралдық жағынан тозады.

Материалдық тозу: негізгі капиталдың элементтері физикалық түрғыдан қызмет етуге жарамсыз болып қалуы. Олардың тұтыну құны жоғалады. Материалдық тозу мынадай жағдайларла орын алады:

жұмыс кезеңінде  капиталдың қызмет ету процесінде;

табиғат күштерінің әсерімен жұмыссыз қалған кезенде.

Материалдық тозудың екі жағы болады:

техникалық-өндірістік - тұтыну құнының жойылуы;

құндық - құнның жаңа өнімге көшуі.

Моральдық тозу - бұл негізгі капиталдың, еңбек құралдарының құнының төмендеуінің нәтижесінде, немесе, олардың өнімділігінен жоғары өнімді еңбек құралдарының пайда болуына байланысты құнының бағалылығының жойылуы. Моралдық тозудың екі түрі болады:

еңбек өнімділігінің  өсуіне сәйкес берілген еңбек құралдары 
арзандау, аз құнмен ұдайы өндіріледі;

құны бұрынғыдай машиналар өндіріледі, бірақ техникалық 
жағынан жетілуі, өнімділігі, рентаблділігі жогары болады.
 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

Абсолюмов “Экономикалық  теория негіздері”

Мамыров “Микроэкономика”

Осипова Г.М. “Экономикалық  теория негіздері”

www.google.kz

www.google.ru

www.wikipedia.ru

www.testent.ru 

Информация о работе Кәсіпкерлік және олардың түрлері