Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2012 в 13:19, курсовая работа
Соңғы жылдары Қазақстанда өз алдына жекелік, белсенділіктікті білдіре отырып өз мүлкімен жауапкершілікті артатын пайда алуға көзделген шағын кәсіпкерліктің даму қарқыны күшеюде.
Кеңес үкіметі кезінде “кәсіпкерлік не бизнес” түсінігі экономикалық лексикадан мүлдем алынып тасталынып, жағымсыз пікір тудырды. Нарықтық экономиканың дамуы шағын кәсіпкерліктің қалыптасуы мен тәрбиесіне нұсқау береді.
Кіріспе....................................................................................................3
1.Кәсіпкерлікті дамытудың теориялық негіздері.................................6
1.1. Кәсіпкерлік түсінігі және оның мәні...............................................6
1.2. Шағын кәсіпкерліктің нарықтық экономикадағы маңызы мен оның ерекшеліктері.........................................................................................8
1.3. Шағын бизнес құрудың өзекті формалары......................................13
1.4. Шағын инновациялық кәсіпкерліктің формалары............................15
2.Қазақстан Республикасында шағын бизнестің дамуы..........................19
2.1. Қазақстан Республикасындағы шағын бизнестің деңгейін талдау........19
2.2. Қазақстан Республикасында шағын бизнесті дамыту мәселелері....25
2.3. Отандық шағын кәсіпкерліктің құқықтық қамтамасыз ету көздері..................................................................................................27
3.Қазақстан Республикасында шағын бизнесті жетілдіру жолдары......28.
Қорытынды...........................................................................................40
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..........................................................44
Жапонияда шағын және орта бизнес кәсіпорындарының критерийлері заңмен анықталған: өнеркәсіпте, көлік саласында және құрылыста- 300 адамға дейін, көтерме саудада- 100, қызмет көрсету саласында- 50. Заң бойынша жарғылық капитал да шектелген: өнеркәсіпте, құрылыс және көлік саласында- 770 мың доллардан аспау керек, көтерме саудада- 230 мың доллар, қызмет көрсету саласында- 77 мың доллар.
Ресей заңнамасы бойынша кіші кәсіпкерлікке жататындардың жұмыскерлер саны келесідей болу керек:
өнеркәсіпте- 200 адамға дейін;
құрылыста- 100 адамға дейін;
көтерме саудада- 50 адамға дейін;
ауылшаруашылықта- 50 адамға дейін;
ғылым мен өндірістік емес салада- 25 адамға дейін;
бөлшек саудада- 15 адамға дейін.
Қазақстан Республикасының заңы бойынша шағын бизнеске жататын кәсіпорындардың жұмысшылар саны келесідей болу керек:
өнеркәсіпте, құрылыс саласында және ауылшаруашылықта- 50 адамға дейін;
саудада және тұрмыстық қызмет көрсету саласында- 30 адамға дейін;
көлік және байланыс саласында- 25 адамға дейін;
ғылым мен инновациялық салада- 20 адамға дейін.
Қазіргі заманғы зерттеулерде шағын бизнесті сипаттаудың келесідей критерийлері ұсынылады: бағалы қағаздардың ашық түрде сатылмауы; кәсіпорынның бағалы қағаздардың шектелген көлемін иеленуі; шектелген жауапкершіліктің болмауы; кәсіпорынның негізін қалайтын адамдар- тәуекелге бара алатын жаңа заман адамдары; менеджерлер командасының толық болмауы; акционерлердің арасындағы қарым-қатынастардың нақты формальды түрде болмауы.
Шетел тәжірибесін ескере отырып, Қазақстанның шағын бизнесіне келесідей анықтама беруге болады. Бір немесе бірнеше инвесторлармен құрылған, шектелген географиялық аймақта жұмыс істейтін және нарықтың шектелген үлесіне иеленетін, негізгі стратегиялық шешімдерді қабылдайтын, басқару ісін осы кәсіпорынның негізін қалаушылар жүргізетін кәсіпорындар шағын бизнеске жатады. Шағын бизнес мемлекет экономикасына қажетті жаңа жұмыс орындарды қамтамасыз етеді. Американ Экспресс мәліметі бойынша, барлық жаңа жұмыс орындар ірі компаниялармен қамтамасыз етілмейді, олар жаңа ғана құрылған шағын фирмалармен бірге пайда болады. Мысалы, 1987 жылы жаңа жұмыс орындарының өсу темпі АҚШ-тың 7 миллион шағын фирмаларда 500 ірі компаниялардың жұмыс орындарының өсуінен 3 есе көп болған.
Кіші бизнес ірі фирмалардың және компаниялардың жақсы жұмыс істеуі үшін жағымды шарттар қалыптастырады. Мысалы, Жапонияда 50- жылдардан бастап контракт арқылы ірі фирмалардан мамандандырылған шағын фирмаларға берілген жұмыстың көлемі өте тез өскен. 1966 жылмен 1981 жылдары арасында ірі компаниялармен контракт арқылы жұмыс істейтін шағын фирмалардың үлесі 53,5 %-дан 65,5 %-ға дейін көбейген. Ал, электронды өнеркәсіпте бұл үлес 1981жылы 85,7%- ға дейін жетті. Кесте-2. Шағын бизнесті құру жолдары
Шағын бизнестің артықшылықтары айқын. Ол шағын бизнестің серпінді, өндіріп отырған тауардың түрін, ассортиментін тез өзгерту қабілеттілігі, технология және басқа салаларда да жаңалықтар енгізуде икемді болуынан көрінеді. Шағын бизнестің басты ерекшелігі- коллективтік еңбекке ұмтылу, жұмыстың максималды жемісті нәтижесіне жету үшін жалпылықтың қызығушылығының болуы. Қазіргі уақытта көптеген елдердің экономикасы үшін шағын бизнес өте маңызды болып келеді. Шағын бизнес- жаңа идеялардың, табыстың, жұмыс орнымен қамтамасыз етудің негізгі көзі және экономика дамуының негізгі кепілі екенін біле отырып, көптеген мемлекеттер оны дамыту үшін маңызды іс-шаралар қабылдап, оған максималды түрде қолдау көрсетеді. 1.3.Шағын бизнес құрудың өзекті формалары.
Қазіргі кезде шағын бизнесті құрудың өзекті формалары: франчайзинг және отбасылық бизнес. Ең алғаш франчайзингтік келісім XIX ғасырда тігін машиналарды өндіретін компаниямен оның дилерлері арасында жасалған болатын. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін франчайзинг мейманхана комплексі, бөлшек сауда, фармацевтика салаларында франчайзинг принциптері кең қолданылған. 60-70 жылдарда тамақты тез дайындау технологиясы кең таралғанда («Макдональдс» фирмасы) франчайзингтік қатынастардың кезекті серпілісі байқалған. 90-жылдары франчайзингтік келісімдер түрлі мемлекет өкілдерінің арасында жасалғанда, франчайзинг глобальды сипатқа ие бола бастады. Франчайзингтік компаниялар өздерінің франчайзи-мүшелеріне фирманың атын, сауда маркасын, өнімді, жабдықты және тағы басқаны пайдалану құқығын береді. Бастап келе жатқан кәсіпкер үшін франчайзинг жаңа кәсіпорын ашуда тәуекелділікті маңызды төмендетеді. Франчайзингтік келісім жаңа бизнеске үлкен кәсіпорынның жинақталған тәжірибесін пайдалану құқығын береді. Сондықтан, шетелде әрбір 12- кәсіпорынның франчайзингтік болып келуі кездейсоқ жағдай емес. Франчайзингтік қатынастардың үш типі бар:
1. Франчайзер- өнім өндіретін немесе қызмет көрсететін фирма, өзінің франчайзине өнім өндіру немесе қызмет көрсету құқығын береді.
2. Франчайзер- өнімнің негізгі өндірушісі, өзінің франчайзине көтерме сауданы жүргізу құқығын береді.
3. Франчайзер- көтерме саудагер, франчайзи- фирмасына бөлшек сауданы жүргізу құқығын береді.
Франчайзингтің артықшылықтарының біріне- франчайзерден дайындық пен білім алу мүмкіндігі жатады. Франчайзер оқыту процесін ұйымдастырғанда, ол тек өндіріске қатысты сұрақтармен шектелмейді, ол сонымен қатар франчайзді бухгалтерлік есепке, тауар- материалды құндылықтарды бақылауға, еңбек ресурстарын басқаруға үйретеді. Оқу процесі бір-екі күннен бірнеше жұмаға дейін жалғасуы мүмкін. Осы мақсатта арнайы оқыту орталықтары қалыптасады. Мысалы, әлемге әйгілі «Макдональдс» фирмасының қарамағында Университет бар, 1961 жылдан бұл жоғарғы оқу орнын 40000 бизнесмен, менеджерлер бітіріп шыққан. Университетте жақсы жабдықталған 30 дәрісхана бар және бұл жоғарғы оқу орнында отыздан астам профессор жұмыс істейді. Франчайзингтік қатынастардың келесі маңызды артықшылықтардың бірі- франчайзердің қаржылық көмек көрсетуі. Маркетингтік көмек франчайзер сауда маркасын және атын пайдалану құқығына негізделген. Көптеген зерттеулердің нәтижесінде соңғы 5 жылдың ішінде қалыптасқан франчайзингтік фирмалардың 97%-ы әлі күнге дейін жақсы дамып отыр. Франчайзингтің негізгі кемшіліктеріне келесілерді жатқызуға болады: франчайзинг құны, фирма өсуінің шектелуі, франчайзерге тәуелді болуы. Кемшіліктеріне қарамастан, 1970 жылдан 1990 жылға дейін франчайзингтік фирмалар арқылы жүргізілген сауданың көлемі 10%- дан 15%- ға дейін өсті. Франчайзинг жүйесі арқылы АҚШ-та сауда көлемі 758 миллиард долларға дейін жетті, франчайзерлердің көлемі- 2177, ал франчайзи саны- 542000. АҚШ-та 374 франчайзерлердің қарамағында шетелде 35000 франчайзи бар, оның 75%-ы Канадада, Жапонияда, Шығыс Еуропада және Австралияда.
Шағын бизнес құрудың келесі формасы- жанұялық бизнес.Кез-келген жанұялық бизнес- отбасы мен бизнестің симбиозы болып келеді. Жанұялық бизнестің басты артықшылығы-бизнес жүргізуге көмектесетін туысқандық қатынастардың жақсы болуы. Жанұялық бизнесте ірі корпорацияларға қарағанда қызметкер үшін жасалынатын жұмыс жағдайы жақсырақ болып келеді. Сондықтан, АҚШ-та кәсіпорындардың 80-90% жанұялық бизнес болып келуі кездейсоқ жағдай емес. Қазақстандағы кәсіпорындарға келетін болсақ, жанұялық бизнес қазіргі кезде жақсы даму үстінде. Бизнестің бұл түрін көбінесе шаруа қожалықтары құрайды.
1.4.Шағын инновациялық кәсіпкерліктің формалары.
Жалпы «Инновация» ұғымы ағылшынның «innovation» сөзінен аударғанда жаңа енгізілімдер, жаңалықты ғылыми- техникалық игеру мағынасын береді.Шағын кәсіпкерліктегі инновациялық үрдіс 4 қолданбалы кезеңдерден құралады.
1-ші кезеңде іргелі ізденістік ғылыми- зерттеулік жұмыстар жүргізілді.
2-ші кезеңде қолданбалы ғылыми-зерттеулік жұмыстың соңғы іске асуына мүдделі, инвесторлардың тапсырыстары мен қаржылық құралдар есебіне қолданбалы ғылыми- зерттеулік жұмыстың іске асу үрдісі сипатталады.
3-ші кезеңде инновациялық жобаны қаржыландырудағы технико- экономикалық үйлесімдік турасында негізгі шешімі өнделетін тәжірибелі- конcтрукторлық жұмыс жүргізіледі немесе кейбір компоненттер инвестицияланады.
4- кезеңде ғылыми сыйымдылықтағы өндіріс іске қосылады, технологияның жобалық- сериялық шығарылуынан бастап, масштабтық өндіріспен нарыққа шығуға дейінгі кезең.
Шағын инновациялық кәсіпкерліктің формаларына келетін болсақ, оның келесідей негізгі үш түрі бар.
Бірінші формасы ескі қызмет етуші компаниялар негізінде мүлдем жаңа шағын кәсіпкерлік субъектісінің қалыптасуымен сипатталады.
Бұрыннан қызмет етуші компаниялар шегінде қалыптасатын шағын кәсіпкерлік субъектілері жас компаниялардың құрылуының прогрессивті әдісі болып саналады. Жаңа компаниялар ірі, алдыңғы қатарлы компаниялармен бұрын ғылыми- зерттеулік және оқу- білімдік мекемелерде жұмыс істеген инженерлер мен ғалымдарды өздерінің инновациялық бағдарламалары мен жаңа өнімдерін әзірлеп, іске асыру үшін олардың күш-жігер, ойларын шоғырландыру және қолдану мақсатында жәрдемдік көмек көрсетіледі. Екінші форма тәуекелділік-венчурлік фирмалардың қалыптасуы мен қызмет ету үрдісімен байланысты. Тәуекелділік- венчурлік фирмалар елеулі түрдегі тәуекелділіктегі инновациялық бағдарламалар мен жобаларды іске асыру үшін құрылатын субъектілерді сипаттайды. Жаңа технологиялар мен жаңа өнімдер саласында жаңа керемет ойларды игерген бірнеше адамдардан құралатын жобалық топ, сол өздерінің жаңа жобаларын іске асыру үшін қажетті қаржылық және басқа да құралдарды иемденбегендіктен венчурлік технологияларға маманданған венчурлік қорлар немесе инвесторлармен ынтымақтастық құрады.
Венчурлік фирма-ғылыми зерттеумен және оны әрі дамытумен айналысатын коммерциялық ұйым. Олар, осымен қатар, ғылыми жаңалықтарды иемденетін компанияларды қаржыландырады және консультация жүргізеді. Венчурлік кәсіпорындар жаңалық енгізуден бизнес жасайды. Олардың әрекеттері тәуекелділікті тілейді, бірақ жаңа өнім нарықтың талабына, сатып алушылар қажеттеріне, шығындардың төмендеуіне сәйкес келмесе,күйіп кету мүмкіндігі мол. Сондықтан венчулік фирмалар өнімнің бір түрін жасауды тез аяқтап, оның басқа жаңа түрлерін жасаумен айналасуға тырысады. Венчурлік кәсіпкерлік екінші дүниежүзілік соғыстан кейін тұңғыш рет АҚШ-та пайда болған. Венчурлік бизнес АҚШ-та пайда болып және сол жерде кең қанат жайды. Кез-келген кіші инновациалды бизнес материалдық және қаржылық ресурстарда шектеулі. АҚШ-та кіші инновациалды бизнесті дамыту үшін арнайы комплекстік бағдарлама әзірленген. Ол бағдарлама бойынша мемлекет кіші кәсіпкерлікті федералды бюджеттен тікелей қаржыландырады. АҚШ-тағы венчурлік бизнестің негізгі мәні: инновациялық фирмалар жаңалықтарын өткізу инвесторлардың көмегімен жүргізілуінде және кейіннен инвесторлардың осы қалыптасқан компанияның акцияларын сатып алғанда бағаға жеңілдіктер болуында. Қазіргі уақытта Ресейде венчурлік кәсіпкерліктің дамуына барлық алғышарттар қалыптасты. Біріншіден, ол- дамыған құнды қағаздар нарығының болуы. Екіншіден, ол- шетел фирмаларының Ресейдегі зиялы меншік нарығына өтуі,яғни шетел инвесторларының отандық инвестиция жобаларына инвестиция салуы. Алғышарттың бірі болып мемлекеттік зиялы меншіктің жасырын жекешелендіруі болып келеді. Ғылыми жаңалық ашқан шағын кәсіпорынды дамыту аса маңызды, оның тиімділігі экономикада, сонымен қатар әлеуметтік салада байқалады.
Үшінші формада- технологиялық бизнес-инкубаторлардың қалыптасуы мен қызмет етуіне байланысты. Технологиялық бизнес-инкубаторлар билік немесе ірі жеке меншік компаниялармен немесе ғылыми мекемелермен кәсіпкерліктің жаңа субъектісін жетілдіру мақсатында құрылатын ұйымдар. Инкубатор ұйымдар жаңа құрылған кәсіпорынға жеңіл төлем негізінде жалға беру, экономикалық, техникалық, білімдік, құқықтық және басқарушылық сияқты кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру бойынша кеңестер беруге арналып құрылады. Бизнес-инкубаторлар көбінесе коммерциялық емес ұйымдар болып келеді, олардың құрылудың негізгі мақсаты шағын бизнесті дамыту. «Бизнес-инкубатор» сөзінің мағынасы жаңа кәсіпорын құруда икемді тәсілдердің жүйесін білдіреді. Бизнес-инкубаторлардың тараған жері АҚШ, сонымен қатар бұл жүйе Францияда, Германияда, Швецияда, Англияда, Жапонияда, Қытайда кең қанат жайған болатын. Инкубаторлардың көлемі АҚШ-та 1980 жылы 10 болса, 1994 жылы оның саны 500-ге дейін жетті. Бизнес-инкубаторлардың Ұлттық Ассоциациясының мәліметі бойынша, қазіргі кезде бизнес-инкубаторлар 82000 жұмыс орнын қамтамасыз етеді. Бизнес-инкубатордың болуы- шағын кәсіпорындардың банкротқа ұшырау мүмкіндігін төмендетеді. Бизнес-инкубаторлар келесідей қызмет көрсетеді: қаржылық көмек көрсету бойынша консультация, ғимаратпен және жабдықпен жеңілдетілген бағамен қамтамсыз ету. Инкубаторлардың негізгі миссиясы- шағын кәсіпорынның дамуы. Шын мәнінде, бизнес-никубаторлардың негізгі идеясы- жаңа кәсіпорын құруда көмек көрсету және оның жақсы дамуына жағдай жасау. Тәжірибе жинақтаған және потенциалы бар кәсіпорын уақыт өте келе өз күшімен дамиды, яғни, аймақтың экономикасының дамуына әсер етеді, жаңа ашылуларды енгізеді, жаңа жұмыс орындарын қамтамасыз етеді. Бизнес-инкубаторлар бизнестің өзге түрі болғандықтан, оны құру үшін ең алдымен маркетингтік зерттеу жүргізіп, қаржы көздерін анықтап, бірнеше фирмалардың дамуын қамтамасыз ететін түрлі бағдарламалар жасау. Университеттің және ғылыми-зерттеу орталықтарының негізінде құрылған бизнес-инкубаторлардың орны ерекше. Олардың негізгі мақсаты- жаңа технологияларды дамыту жолымен ғылыми зерттеулерді коммерциализациялау мүмкіндіктерін іздестіру. Осындай бизнес-инкубатордың алғашқысы Филадельфияда құрылған. Оның орналасатын жерінің ауданы 400 мың шаршы метр. Орталықта 6000-ға жуық адам жұмыс істейді.
Жоғары келтірілген мысалдарды негізге ала отырып, шағын бизнесті дамыту және оны құруда тәуекелділікті азайту үшін бизнес-инкубаторлардың болуы- маңызды үрдіс. 2-тарау. Қазақстан Республикасында шағын бизнестің дамуы. 2.1. Қазақстан Республикасындағы шағын бизнестің дамуын бағалау. Бұл бөлімде бизнеспен айналысатын шағын кәсіпорындардың және шаруа қожалықтарының қызметтері туралы жедел мағлұматтар берілген. Әлемнің дамыған елдерінде шағын және орта бизнес қоғамның орта сыныбын құрайтын экономика желісі болып табылатыны мәлім. Шетелде шағын және орта бизнес кәсіпорындары экономиканың барлық субъектілерінің 99% дерлік құрайды. Ал Қазақстанда (2006 ж. қорытындылары бойынша) шағын бизнес субъектілері бүкіл экономиканың 92% ғана құрайды. Әлемнің дамыған елдеріндегі елдің ЖІӨ-індегі ШОК үлесі 45-55% шегінде ауытқиды, Қазақстанда шағын бизнес үлесі елдің ЖІӨ-нің барлығы 15,7% құрайды. Мұнда ШОК-тің жұмыспен қамтылуы экономикалық белсенді халықтың 50-70% құрайды, ал Қазақстанда бұл көрсеткіш 21%-дан аспайды. ЭЫДҰ елдерінде 1000 адамға ШОК саны 50-80 кәсіпорынды, ал Қазақстанда ол 41 кәсіпорынды құрайды.
Статистика мәліметтері бойынша 2001-2006 жж. елдің ЖІӨ-де шағын бизнестің үлесі елдің ЖІӨ-нің 15,7% құрап, 3 еседен артық (0,4-тен 1,5 трлн. теңгеге дейін) өсті.
ҚР-ның Статистика жөніндегі агенттігінің мәліметтері бойынша 2001 жылдан 2007 жылға дейінгі кезеңде елде тіркелген ШОК санының 221-ден 846 мың бірлікке дейін төрт еседей дерлік өсуі байқалып отыр. Бірақ бұл кезеңдегі әрекет етуші ШОК санының үлесі іс жүзінде өзгеріссіз - 76-77% деңгейінде қалды. Жұмыс істеуші ШОК саны 4 есе дерлік ұлғайып, 639 мың бірлікке жетіп, елдегі барлық шаруашылық субъектілерінің жалпы санының 91%-дан астамын құрайды. Елдегі шағын кәсіпкерліктің қарастырылып отырған кезеңдегі салалық құрылымы іс жүзінде өзгерген жоқ: 40% дейін ол автомобильдерді, тұрмыстық бұйымдарды сатумен және жөндеумен көрсетілген;26,3% ауыл шаруашылығында;20% дерлік өндіріс пен қызмет көрсетуде;және тек 3-4%-дан құрылыс пенөнеркәсіпте.
Кесте-3. Қ.Р.-ның статистика агентігінің 2006 жылғы мәліметтері бойынша тіркелген кәсіпорындар саны:
Информация о работе Кәсіпкерлікті дамытудың теориялық негіздері