Кәсіпорын табысын қалыптастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2012 в 21:33, реферат

Описание

Нарықтық қатынастар жағдайларында кәсіпорынның қоршаған ортадағы өзгерістер, сондай-ақ, осы өзгерістерден туындайтын қосымша мүмкіндіктер мен тәуекелдер де тұрақты өсіп отырады.

Содержание

Кіріспе 3

1. І Кәсіпорын табысының ұғымы және оны қалыптастыру мен орналастыру 4

2. 1.1 Кәсіпорын табысының экономикалық мәні 4

3. 1.2 Табыстың кәсіпорын қызметіндегі рөлі және функциялары 6

4. 1.3 Кәсіпорын табысының қалыптасуы және орналастырылуы 8

Қорытынды 10

Қолданылған әдебиеттер тізімі 12

Работа состоит из  1 файл

кәсіпорын табыс қалыптастыру .doc

— 131.00 Кб (Скачать документ)

                                             

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ.И. Сəтбаев  атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті

_______________________________________________________ институты

________________________________________________________ кафедрасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: «_______________________________________________________

__________________________________________________________»

 

 

_____________________________

(мамандық шифры, атауы)

Орындаған: ______________ Т.А.Ж.

Оқытушы

______________________________

(ғылыми дəрежесі, атағы)

________________________ А.Ж.Т.

«____» __________________ 20__ ж.

 

 

 

 

Алматы 2012

                                                       Мазмұны

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Нарықтық қатынастар жағдайларында  кәсіпорынның қоршаған ортадағы өзгерістер, сондай-ақ, осы өзгерістерден туындайтын қосымша мүмкіндіктер мен тәуекелдер де тұрақты өсіп отырады. Сондықтан кәсіпорынды басқару стратегиясы осы өзгерістерден мүмкіндіктерді алу мүмкіндіктерін, шаруашылықты жүргізу үшін барлық қосымша мүмкіндіктерді және тәуекелдерді қамтитындай болуы керек.

Бәсекелестік ортада кәсіпорынның қаржы менеджменті оның нарықтық және өндірістік стратегиясын анықтайтын басқару қызметінің басты буыны болып табылады. Осы жағдайға байланысты қаржы менеджменті кәсіпорынның өндірістік барысы қаржы ресурстарымен қажетті көлемде қамтамасыз етілуін, тартылған қаржы ресурстарын өндіріске тиімді орналастырылуын, өндірілген өнімнің шығындарын барынша азайтуды, нәтижесінде кәсіпкерлік қызметтен табыс алуды қамтамасыз етуге байланысты міндеттерді атқарады.

Табыс кәсіпорын қызметіндегі атқаратын ролі үлкен, ол кәсіпорынның мүлкінің ұлғаюының, қарыз қаражаттар тартудың, жалпы әлеуметтік-экономикалық дамуының алғы шарты болып табылады. Табыс таппай кәсіпорын кредиторлар мен инвесторлар тарапынан қосымша қаражаттар тарту мүмкіндігіне үміт арта алмайды. Сонымен қатар, табыс кәсіпорынның ішкі қаржылық мұқтаждықтарының негізгі көзі болып қоюмен шектеліп қана қоймайды, ол қоғам өмірінде, мемлекеттік бюджет ресурстарының, бюджеттен тыс қорлардың және қайырымдылық қорларының қаражаттарының қалыптасуында да үлкен роль атқарады.

Кәсіпорынның өндіріске салынған активтерінің табыстылық деңгейі инвестициялық шешімдер қабылдау барысында, қаржылық жоспарлау жұмыстарында, жоспарлық көрсеткіштерді нақты көрсеткіштермен салыстыру және үйлестіру, сондай-ақ шаруашылық қызметі мен оның нәтижесін бақылау мен бағалауда маңызды роль атқарады. Үлгілі басқарылатын кәсіпорындар табыстың қалыптасуын, оның әрбір орталықтары бойынша қатаң түрде бақыланып отырады және сәйкесінше, осы нәтижелер негізінде құрылымдық басшыларға сыйақылар беріледі, бұл өз кезегінде олардың өз қызметіне деген ынтасын арттыруға септігін тигізеді. Өндірістік активтерге немесе инвестициялық жобаларға жаңа қаржы салымдарын салу қажеттілігін бағалаған кезде, олардан алынатын табыс есептеледі және бұл есептер қаржылық сипаттағы шешімдер қабылдауда негіз болып табылады.

 

 

І Кәсіпорын табысының  ұғымы және оны қалыптастыру мен  орналастыру

1.1 Кәсіпорын  табысының экономикалық мәні

 

Табыстың экономикалық мәні бүгінгі  экономикалық ілімдердің ең бір күрделі және әрқилы ұғымдарының бірі болып табылады. Экономикалық көзқарас бойынша табыс дегеніміз – бұл ақша шығыстары мен кірісерінің айырмасы болып табылады. Шаруашылық тұрғыдан қарастыратын болсақ, табыс – бұл кәсіпорынның  есепті кезеңнің басындағы және соңындағы мүліктік жағдайының айырмасы болып табылады. Бұл жерде табыс ұғымы кәсіпорынның өзінің қаржылық-шаруашылық қызметінен алатын алуан түрлі табыстарының шығындар көлемінен басым болатын жағдайын білдіреді.

Біз білетіндей, кәсіпорын табыстары  оларды алудың және қолданудың сипаттамасы  мен шарттарына байланысты негізгі екі түрге бөлінеді:

  • негізгі қызметтен алынған табыс;
  • өзге де табыстар.

Негізні қызметтен алынған табыс  өнімді өткізумен, қызметтер көрсетумен және жұмыстар орындаумен байланысты қаражат кірістерін қамтиды.

Өзге табыстарға өткізілімнен тыс операциялардан, мүлікті сатудан түскен қаражаттар, сондай-ақ, төтенше жағдайлардан алынған табыс жатады.

Бухгалтерлік есеп теорияшылары табыс  ұғымымен байланысты келесідей мәселелерді  атап көрсетеді. /1,22 б/

  1. Тауарлар жөнелтілді, өнімдер сатылды, қызметтер көрсетілді, жұмыстар орындалды, алайда олар әлі төленген жоқ, демек кәсіпорын әлі табыс алған жоқ. Бұл мәселе кәсіпорынның өндіріс барысына салынған, алайда әлі бітпеген капитал айналымының экономикалық мәні мен меншіктік құқықтың сәйкес келмеуінен туындайды.
  2. Тауарлар жөнелтілді, өнімдер сатылды, қызметтер көрсетілді, жұмыстар орындалды, алайда олар әлі төленген жоқ, алайда кәсіпорынның балансында табыс көрсетіледі. Бұл жағдайда құндылықтар толық құны бойынша дебиторлық борыш құрамында тіркеледі. Қаржылық тұрғыдан қарастырғанда кәсіпорынның өзінің алған табысын пайдалануға нақты мүмкіндіктері жоқ.
  3. Кәсіпорын өзінің табыс сомасына үлкен сомаға ірі көлемдегі құндылықтар сатып алды. Бухгалтерлік есеп бойынша табыс бар, алайда кассада немесе есеп-шоттарда нақты ақша қаражаттары жоқ. Бұл жағдайда кәсіпорын ақша қаражаттарымен қамтамасыз етілмеген салықтық, пайыздық, дивидендтік төлемдерді жүзеге асыруына тура келеді.
  4. Жоғарыда аталған жағдайдың шегіне жеткен нұсқасы – бухгалтерлік есепте табыс көрсетілген кәсіпорын банкрот деп жарияланады. Мұндай жағдай кәсіпорын өзінің шаруашылық қызметі нәтижесінде алынған табысты өтімсіз активке салумен сипатталады. Нәтижесінде кәсіпорынның өтімділігі жойылады да, банкроттық жағдайға ұшырайды.
  5. Кәсіпорынның мүлкі есепті кезеңде ұлғайғанмен, табыс жоқ. Құндылықты қайтарымсыз және өтелімсіз берген жағдайларда кәсіпорынның табысы емес, қосымша капиталы ұлғаяды. Мұндай жағдай мүлікті қайта бағалау немесе инвентаризация барысында артық құндылықтарды анықтау нәтижесінде де кездеседі.
  6. Кәсіпорын нақты түрде шығын көруде, бірақ бухгалтерлік есепте номиналды есептік табысты көрсетеді. Мысалға, кәсіпорын қандай да бір өндірістік активке ірі көлемдегі қаражаттар салды, ал бұл актив бірнеше жылдан кейін ғана толық өтеледі. Нәтижесінде, активтік бүкіл өтелім кезеңі бойында кәсіпорын зиян көруде болады, ал бухгалтерлік есеп тұрғысынан осы кезеңдер ішінде ай сайын табыс көрсетіледі.
  7. Кәсіпорынның біртұтас тұлға ретіндегі құны мен оның активтерінің құнының жиынтығының арасында айырмашылықтар болады. Бұл көрсеткіштердің айырмасы «гудвилл» немесе «фирманың құны» деген ұғыммен белгілі. Әдетте бұл көрсеткіш оң нәтижені көрсетеді, яғни кәсіпорынды бөлшектеп сатқан жағдайда оны толық сатқандағы жағдаймен салыстырғанда көп қаражат өндіріп алуға болады.

Табыспен байланысты барлық көзқарастарды  зерттеудің нәтижесінде ғалымдар мынадай  қорытындыға келді: «бухгалтерлік  есепте көрсетілген табыс қаржылық-шаруашылық қызметтің нақты нәтижелерін  көрсетпейді. Бұл, өз кезегінде, бухгалтерлік және экономикалық табыс деген түсініктерді бөліп қарастыру керек деген тұжырымға алып келді. Біріншісі – тауарлар мен қызметтерді өткізудің нәтижесі деп қарастырылса, екіншісі – капиталдың «жұмыс істеуінің» нәтижесі деп қарастырылады. /2,55 б/

Табыстың осындай екі түрлі  тұжырымдамасы батыс елдерінде кеңінен даму алды. Батыстық негіздерге сүйенсек, табыс концепциясы үш түрлі мақсат үшін маңызды:

  1. салықтарды есептеу үшін;
  2. кредиторлар мен акционерлердің мүдделерін қорғау үшін;
  3. тиімді инвестициялық саясатты жүзеге асыру үшін.

Табыстың бухгалтерлік тұжырымдамасы тек бірінші мақсатқа қол жеткізу үшін ғана қолайлы және үшінші мақсатты қамтамасыз ету үшін мүлдем қолайсыз болып табылады.

Табыстың түрлі ғылыми тұжырымдамаларын талдай отырып, «табыс» ұғымына келесідей  анықтама беруге болады. Табыс деп тауарды өткізу, қызметтер көрсету және жұмыстар атқару нәтижесінде қалыптасқан қосылған құнды айтады. Өзге мүліктерді сату, өткізілімнен тыс операциялардан түскен қаражаттар және басқа да қаражат кірістері кәсіпорынның пайдасын арттырады.

Бүкіләлемдік банктің бухгалтерлік есеп, қаржылық есеп беру және аудит бойынша әдістемелік нұсқаулығында «табыс» ұғымы келесідей түрде анықталады. «Табыс дегеніміз – қаржының келуі немесе активтердің құнының өсуі, не болмаса пассивтердің азаюы түріндегі есепті кезеңдегі экономикалық пайданың ұлғаюы болып табылады; бұл акционерлер салымдарының есебінен өсуден басқа жағдайдағы капиталдың өсуіне алып келеді».

 

           

1.2 Табыстың кәсіпорын  қызметіндегі рөлі және функциялары

 

Нарықтық жағдайларды табыстың ролі айтарлықтай өсті. Өзіміз білетіндей, жоспарлы-директивті экономика жағдайларында оның ролі төмендетілген болатын. Табыс табу кез-келген кәсіпорынның мақсатты функциясы ретінде төмендетілді. Нарықтық экономикаға көшумен табыс кәсіпорынның қозғаушы күшіне айналды. Тек табыс қана өзара байланысқан үш мәселенің шешімін анықтайды: нені, қалай және кім үшін өндіру керек? Табыс табу кез-келген кәсіпорынның қызмет етуінің мақсаты болып қалыптасты, ал нарықтық экономика кәсіпорынның негізгі өндірістік және әлеуметтік дамуының көзі болып табылады. Бұл принцип өнімді өндірудегі шығындардың толық ақталуын және кәсіпорынның өндірістік-техникалық базасының кеңеюіне негізделеді. Бұл әр кәсіпорын өзінің ағымды және күрделі шығындарын өзінің меншікті қаражат көздерінен жабатындығын білдіреді. Уақытша қаржы тапшылығы кезінде оларға деген қажеттілік, егер бұл ағымды шығындар болса, олар банктердің қысқа мерзімді несиелерімен және коммерциялық несиелермен, сонымен қатар, капитал салымдары бнктердің ұзақ мерзімді несиелерімен жабылуы мүмкін. 

Нарықтық экономикада кәсіпорын  табысының ролі оның атқаратын функцияларымен анықталады. Экономикалық нарықтық қатынастардың  маңызды категориясы ретінде  ретінде табыс бірқатар маңызды  функцияларды атқарады. /3,29 б/

Біріншіден, табыс кәсіпорын қызметінің тиімділігін білдіретін көрсеткіш болып табылады. басқаша айтар болсақ, кәсіпорынның табыстылығы деген деректің өзі оның қызметінің тиімділігінің айғағы болып табылады. Алайда, бұл көрсеткіш кәсіпорын иелері мен кредиторлары үшін нақты бір қолайлы жағдайдың дәлелі бола ала ма? Әрине, жоқ, себебі кәсіпорынға кез-келген бір табыс қажет емес, оның барлық мүдделі тұлғалардың (кәсіпорын иелерінің, қызметкерлердің, кредиторлардың) қажеттіліктерін қанағаттандырарлық мөлшері қажет. Табыс мөлшері көптеген факторлармен анықталады, олардың кейбіреулері кәсіпорынның өзіне байланысты болса, кейбіреулері кәсіпорынның қолынан келмейтін шаралар болып табылады.

Екіншіден, табыс ынталандырушы  функция қызмет атқарады. Кәсіпорындардың  қорытынды қаржылық-экономикалық нәтижесі бола отырып, табыс нарықтық шаруашылық өмірде шешуші роль атқарады. Табыс «кәсіпорындардың басты мақсаты» деген дәрежеге ие екенін білеміз. Бұл шаруашылық субъектілерінің экономикалық әрекеттерінің алғы шарты болып табылады, ал бұл әрекеттердің игіліктерге ұласуы табыстың мөлшеріне, сонымен қатар ұлттық экономикада қалыптасқан оны үлестіру тәртіптеріне (соның ішінде салық салу жүйесіне де) байланысты.

Табыс – меншікті капитал өсімінің бірден-бір көзі. Нарықтық қатынастар жағдайларында акционерлер мен қаржы менеджерлері, кәсіпорын қарамағында қалатын табыс мөлшеріне икемделе отырып, кәсіпорынның даму перспективаларына сәйкес дивидендтік және инвестициялық саясаттар бойынша шешімдер қабылдайды.

Нарықтық экономикада табыс - өндірістік активтердің және өндірілетін өнімнің  қозғаушы күші болып табылады. /4,162 б/

Тағы да айта кететін жағдай –  табыс кәсіпорын жұмысшыларының әлеуметтік игіліктерінің көзі болып  табылады. Салықтарды, дивидендтерді және басқа да бірінші кезектегі төлемдерді өтегеннен кейін кәсіпорын қарамағында қалатын табыс жұмысшыларға материалдық жәрдемақы төлеуге, оларға әлеуметтік жеңілдіктер жасауға, әлеуметтік сала объектілерін қаржыландыруға жұмсалады.

Үшіншіден, табыс мемлекеттік  бюджет қаражаттарының қалыптасу көзі болып табылады. Табыс мемлекеттік бюджет қазынасына салықтар түрінде, сондай-ақ экономикалық санкциялар түрінде түседі. Бұл қаражаттар, өз кезегінде, бюджеттің шығыстық баптарымен қарастырылған және заңды түрде бекітілген мақсаттарына бағытталады.

Сонымен, кәсіпорынның табысы – оның экономикалық және әлеуметтік дамуының негізгі факторы болып табылады. Бұл қорытынды кәсіпкерлік қызметтің  түпкі мақсатынан келіп туындайды. Қазіргі замандағы батыстық экономика  ғалымдары кәсіпорындардың мақсаттарын келесідей тәртіппен тұжырымдайды:

  • акционерлік меншікті арттыру;
  • табысты арттыру;
  • басқарушылық сыйақыларды арттыру;
  • әлеуметтік жауапкершілікті арттыру.

Қаржыны басқарудың бүгінгі теориясы бизнестің ең бірінші кезектегі  мақсаты – кәсіпорын акционерлерінің материалдық мүдделерін арттыру болып табылады деген тұжымға негізделген. Яғни кәсіпорындар өздерінің қарапайым акцияларының биржалық құнын арттыру тиіс. Кәсіпорынның басқа мақсаттары да оның экономикалық саясатына өз әсерін тигізетіні сөзсіз, алайда олар алғашқымен салыстырғанда маңыздылығы төмен болып саналады.

Кәсіпорын мақсаттарын  бұлайша саралау батыстық экономика  үшін әбден ақылға қонымды. Табысты  арттыру аз ғана уақытты қамтитын қысқа мерзімді міндет болып табылады, ал акционерлік меншікті арттыру – ұзақ мерзімді мақсат болып табылады. Себебі кәсіпорын иелері бүгінгі табысқа да, келешектегі табысқа да мүдделі.

 

 

1.3 Кәсіпорын табысының қалыптасуы және орналастырылуы

 

Кәсіпорын табысының  қалыптасуы және оның орналастырылуы (үлестірілуі, пайдаланылуы) оның кәсіпкерлік қызметінің ерекшеліктерімен және стратегиялық мақсаттарымен анықталады.

Кәсіпорынның жалпы табысы оның ағымды кезеңдегі негізгі, қаржылық, инвестициялық қызметтерден, төтенше  жағдайлардан алған табыстарының жиынтығынан қалыптасады. 1.1-суретте кәсіпорынның жалпы табысының қалыптасу үлгісі берілген.

 

Жалпы табыстың құрамында  кәсіпорынның барлық қызмет түрлерінен алынған табыстары кіреді. Бірінші  кезекте жалпы табыс өнімді өткізуден, яғни негізгі қызметтен алынған табысты қамтиды. Бұл табыс жалпы өнімді өткізуден түскен сомадан қосылған құн салығы мен акциздерді және өнімді өндіруге, өткзуге кеткен шығындарды шегеріп тастау арқылы анықталады.

Екіншіден, жалпы табыстың құрамына тауарлық емес өнімдерді сатудан  алынған табыс, яғни кәсіпорынның балансында есептелетін қосалқы өндірістердің (ауыл шаруашылық өндірісінің, көлік шаруашылығының және басқа да шаруашылықтардың) табыстары кіреді.

Үшіншіден, жалпы табыстың құрамына негізгі қорларды және өзге де мүліктерді сатудан түскен табыс кіреді.

Сондай-ақ, жалпы табыс  өткізілімнен тыс алынған табыстар мен шығындарды, яғни тауарды немесе қандай-да бір активті сатудан  тыс операциялардың нәтижесін, қамтиды. /5,115 б/

Кәсіпорынның қарамағында  қалатын жалпы табысы әрі қарай  үлестіру объектісі ретінде қарастырылады. Оны үлестіруді табыстың бір бөлігін мемлекеттік бюджетке және басқа да міндеттемелерді өтеуге, ал қалған бөлігін кәсіпорынның стратегиялық мақсаттарына сәйкес мүдделеріне бағыттау деп түсінуге болады. Табысты үлестіру заңдылығы – салықтар мен басқа да міндетті төлем шарттары түрінде түрлі деңгейдегі бюджетке түсетін бөлігі. Содан кейін қалатын табысты үлестірудің бағытын анықтау кәсіпорынның құзіретіне жатады.

Информация о работе Кәсіпорын табысын қалыптастыру