Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын жақсарту жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2011 в 15:01, курсовая работа

Описание

Экономикалық дамуға көптеген факторлар әсер етеді, олар табиғи ресурстардың саны мен сапасы, қолдану мүмкіншілігі, негізгі капиталдың көлемі мен сапасы, технологияның дәрежесі, жаңа техниканы қабылдау жүйесі, еңбек ресурстарынның кәсіптілік дәрежесі, оның ғылыми және мамандану сипаттамасы, өндірілген өнімге сұранысты арттыру және қолдана білу, ұлттық басқаруда бар ресурстарды тиімді қолданып өте көп мөлшерде сапалы өнім өндіре білу.

Содержание

Кіріспе....................................................................................................................................3-4
1 Нарық жағдайында өнеркәсптік кәсіпорынның инвестициялық қызметін арттырудың теориялық негіздері ................................................................................................................5
1.1 Өнеркәсіптік кәсіпорындарда инвестицияның мәні, мазмұны және инвестициялық қызмет түсінігі ...................................................................................................................5-12
1.2 Өнеркәсіптік кәсіпорындардың инвестициялық қызметін анықтайтын көрсеткіштері
............................................................................................................................................12-17
1.3 Өнеркәсіптік кәсіпорындарда инвестициялық жобаларды ұйымдастыру жолдары
............................................................................................................................................17-20
2 «АТАМЕКЕН» АҚ-ң инвестициялық және экономикалық әлеуетін талдау................21
2.1 «Атамекен» АҚ-ның экономикалық қызметін талдау............................................21-27
2.2 «Атамекен» АҚ-ның қаржы экономикалық тұрғыдан талдау жасау....................27-30
2.3 Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын бағалау......................................30-35
3 Өнеркәсіптік кәсіпорындардың инвестициялық тартылымдылығын жетілдіру жолдары
.................................................................................................................................................36
3.1 Қазақстан Республикасында инвестициялық ахуал және инвестициялық саясатты жүйелі түрде пайдалану................................................................................................................36-44
3.2 Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын арттырудың негізгі бағыттары
.............................................................................................................................................44-48
Қорытынды........................................................................................................................49-50
Қолданылған әдебиеттер тізімі..............................................................................................51

Работа состоит из  1 файл

Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын жақсарту жолдары.doc

— 455.00 Кб (Скачать документ)

     Барлық  өркенниетті мемлекеттерде неғұрлым болашағы бар кәсіпорындар өз қызметтерін  кеңейте келе, міндетті түрде инвестиция тартуға есік ашады. Бұл өз кезегінде  инвестициялық жобаларын тиімді де тартымды түрде ұсыну арқылы инвестиция тарту тәжірибесі кеңінен қолданалынады.  
 

     2 «Атамекен» Ақ-ның инвестициялық және экономикалық әлеуетін талдау

     2.1 «Атамекен» АҚ-ның экономикалық  қызметін талдау

 

     «Атамекен» АҚ-ның өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы, Азаматтық кодекс, Салық және бюджет төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы ҚР кодексі (Салық кодексі), кәсіпорынның жарғысы, ұйымдастырушы құжаттар және басқа да заң актілері негізінде жүзеге асырады. Акционерлік қоғамның жеке фирмалық атауы, көрсетілген мөр таңбасы, арнайы мүлкі бар. Ол Қазақастан Республикасының заңына сәйкес өзінің барлық мүлкімен өз міндеттемелері бойынша жауап береді. Кәсіпорынды құру мен қызметтің басты мақсаты – тұрғындардың қажеттіліктерін қанағаттандыру, шетел және отандық бәсекелестеріне орын бермейтін сапалы жиһаз өнімдерін шығару оны өткізу арқылы табыс табу болып саналады. Табыс табу негізінде кәсіпорын қатысушыларының экономикалық және әлеуметтік мүдделерін жүзеге асыру.

     Өз  қызметтерін жүзеге асыру үшін кәсіпорын  келесі қызмет түрін орындайды:

    • жиһаз жасауға арналған материалдарды өңдеп, дайындау;
    • жиһаз бұйымдарын бөлшектеп сату;
    • жиһаз бұйымдарын дайын тауар ретінде құрастырып оны нарыққа шғару;
    • көтерме және бөлшек сауда;
    • сыртқы экономикалық қызмет;

     және  басқа да қосалқы қызметтер.

     «Атамекен»  АҚ 1997 жылы ЖШС болып құрылған. Кәсіпорын  нарық жағдайына икемделіп тұрақты  жұмыс жасау салдарынан және өндірісі активтер айналымының жоғарлауына  байланысты 2000 жылы акционерлік қоғам  болып мемлекеттік тіркеуден  өтеді. Алдағы кезеңде де компания өндірістік орындарын кеңейтіп, Қазақстанның басқа да өңірлерінде өндірістік цехтар ашуды көздеп отыр.

     Компанияның негізгі өндірісі әртүрлі жиһаз  өнімдерін шығару болғандықтан өз маман  кадрларына жіте назар аударып отырады. 1 суретте кәсіпорынның ұйымдық құрылымы көрсетілген.

     «Атамекен»  АҚ-ның негізгі органдары:

    • жоғарғы орган – Акционерлердің жалпы жиналысы.
    • басқару органы – Басқармалар кеңесі.
    • атқарушы оргпн – Басқарма
    • бақылау органы – Ревизиялық комиссия.
 
 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     2 - сурет.  «Атамекен» АҚ-ның ұйымдық құрылымы. 

     1- суреттен көргеніміздей атқарушы орган өз жұмысын бөлімдер арқылы жүзеге асырады. Әр бөлім өз ішінде жеке функционалды бөлімшелерге бөлінеді және әрқайсының өзінің орны мен қызметтері белгіленген.

     Кәсіпорынның  инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін жұмыс нақты өнім мен тұтынушыға жұмсалу керек.

     Ұйым  құрылымы бөлімдердің өзара жақсы  байланыста болуын, жауапкершілік пен  құқықтардың дұрыс бөлінуін қалайды. Алайда бұл мақсаттар кәсіпорынның басқару жүйесінің дамытылғанына да байланысты. Кәсіпорындағы қызметті ұйымдастырудың мәліметтері 2 кестеде келтірілген.  

Көрсеткіштер 2004 ж 2005 ж
адам  саны % адам саны %
1 Басшылар 5 1 9 1
2 Мамандар 46 5,5 47 5,2
3 Қызметкерлер 4 0,5 9 0,3
4 Жұмысшылар 777 93 831 93,4
5 Барлығы: 832 100 896 100
 

     2 кесте . «Атамекен» АҚ-ң жұмыскерлерінің ұйымдастырушылық құрылымы.

     2 кестеден 2005 жылы жалпы жұмыскерлер  55 адамға көбейсе, соның ішінде  пайыздық мөлшерде жұмысшылар  саны 93,4 деңгейін көрсетеді. Өйткені  кәсіпорын жұмысы жақсарып, өндірістік қуат ұлғайып, жаңа жұмыс орындары туындау салдарынан болып отыр. Кәсіпорын жекеменшік нысанында бола жұмыскерлердің орташа жалақысының жылдан жылға өсуіне куә болып отырмыз. Еңбекақы негізгі және қосымша бөлімдерден тұрады. Негізгі бөлім тұрақты болса, қосымша- үстемақы мен сыйақыдан тұрады. «Атамекен» АҚ-да жұмыскерлердің материалды қызығушылығын арттыру мақсатында кәсіпқойлық шеберлігіне, басқа персоналдарды үйреткені үшін, жоғары біліктілігі үшін және тағы басқа қосымша үстемақылар мен сыйақылар төленеді. Шаруашылық субъектілердің эконосмикалық қызметін талдаудың көмегімен кәсіпкерлік қызметтің жоспары жасалады, өндірістің даму қорлары анықталып, кәсіпорын бөлімшелерінің, жұмысшыларының қызметтері нәтижесін бағалауға болды. Бұл – кәсіпорынның инвестициялық қызметінің тартымдылығына үлкен септігін тигізуі мүмкін.

     «Атамекен»  АҚ-да жұмысшылардың еңбек ету  өнімділігін кәсіпорын басшылығы  еңбекақы төлеу мәселесін екі  тұрғыдан қарастырады. Жұмысшылардың  жұмыс істеу қабілетіне байланысты негізгі және қосымша жалақысын төлейді, соның ішінде әлеуметтік жағдайларына байланысты жұмысшыларға жеңілдік пайызбен үй алуға көмектеседі сондай-ақ жұмысшыларына тікелей сыйақыларды беріп тұрады. Осы мәселе бойынша кәсіпорынның жұмысшылардың кәсіподағы жұмыс берушіге әлеуметтік әріптестік жүйесіндегі келісімнің Қазақстан Республикасындағы 2004 жылғы мемлекет, жұмыс берушілер және жұмысшылардың мүддесін қорғайтын кәсіподақтың Республикадағы ұйымдары ат салысып еңбек қатынастарын реттеуге үлкен үлес қосу керек. 

     «Атамекен»  АҚ-ның экономикалық жағдайын талдау үшін кәсіпорынның техника-экономикалық көрсеткіштерін анықтаймыз. Оны 3 кестеден көруге болады.  

Көрсеткіштер   Жылдары Ауытқулар
2004 2005 +/- %
1 Өнімді өткізуден  түскен табыс мың тг 250834 905276 654442 360
2 Өткізілген  өнімнің өзіндік құны мың тг 183770 756074 572305 411
3 Жалпы табыс мың тг 67064 140202 73137 209
4 Кезең шығындары мың тг 45093 132001 86908 293
5 Негізгі қызметтен  түскен табыс мың тг 21971 8201 -13770 37
6 Негізгі емес қызметтен түскен табыс мың тг 3980 6881 2901 173
7 Салық салынғанға дейінгі табыс мың тг 25951 15082 -10859 58
8 Таза табыс мың тг 18166 11613 -6453 64
9 Жұмысшылардың тізімдік саны адам 777 831 54 106
10 Жұмысшылардың жылдық еңбек ақы қоры мың тг 230437 279192 48755 121
11 Жұмысшылардың орташа айлық еңбек ақысы тг 24714 27997 3283 113
12 Өндірістегі негізгі  қорлардың жылдық орташа құны мың тг 7709 10871 3162 141
13 Қор сыйымылығы тг 0,31 0,01 0,30 3,2
14 Қор қайтарымдылығы тг 32,5 83,2 50,7 256
15 Жұмысшылардың қормен қарулануы тг 9921 13082 3161 132
16 Өнімнің 1 теңгесіне  кететін шығын тг 0,73 0,84 0,11 115
17 Еңбек өнімділігі мың тг 323 1089 766 337
 

     3 кесте. «Атамекен» АҚ-ның қызметін техника-экономикалық талдау. 

     Кәсіпорын инвестициялық тартымдылығын артыруда инвеисторлар көптеген экономикалық-қаржылық көрсеткіштеріне мән беретіні анық. «Атамекен» АҚ-ның техника-экономикалық жағдайы қанағаттандырарлық.

     1) Өткізілген өнімнен түскен табыс  көрсеткіші бойынша :

     Әрине өнімді өткізу ол кәсіпорынның шығарылған өнімінің ең соңғы кезеңі деп айтсақ болды және ол кәсіпорын үшін өте  маңызды. Бұл - өнім өткізу жұмысшының әсері оның цехтарының, түскен табыстарының талдауында және тағы басқа қаржы көрсеткіштерінде көрінеді, талдау кезеңі 2005 жылы 2004 жылға қарағанда 654442 мың тг. болып, пайыз түрінде 360% артты. Бұл жалпы Қазақстан тұрғындарының төлем қабілеттілігін және кәсіпорын тауарларына сұраныстың бар екендігін аңғарады. (3,6 есеге сатудан түскен табыс артты.) 

     2) Өткізілген өнімнің өзіндік құны көрсеткіші бойынша:

     Бұл кәсіпорынның басқару есебі қалай  жүргізіліп жатқанын аңғартатын көрсеткіш. Басқару есебінде шығындар мәселесі бірінші орында болғандықтан, өндірістегі шығындарды есептеу, қаржылық жұмыс, нақты субъектідегі басқару, ұйымдастыру мәселесі тікелей осы деңгейді көрсетеді. Өнімнің өзіндік құны 2005 жылы 4,1 есеге төмендегенін көрміз. Бұл бұйымдарды өңдеу мәселесін кәсіпорын деңгейінде атқаруға бағытталған шешімнің көрсеткіші.

     3) Жалпы табыс көрсеткіші бойынша:

     Жалпы табыс кәсіпорынның нақты нәтижелігін  көрсетуге неғайбіл көрсеткіш. Ол 2005 жылы 572305 мың теңгеге, яғни 2 есеге  өсті.

     4) Кезең шығындары көрсеткіші бойынша:

     Бұл көптеген кәсіпорындардың шығыстар бөлігіндегі қомақты үлестерді алатын бөлігі. «Атамекен» АҚ-дағы кезең шығындарын басқару аппаратың үнемдеуін және оңтайлы шешімдер қабылдауынан болуы мүмкін. Мәселен 2005 жылы жалпы табыс 2,9 есеге өскенімен, кезең шығындарын басқару мүмкінділігі басқармаға тәуелсіз болады. Кезең шығындары көптеген бухгалтерлік сатыларды қосатындықтан, жалпы-бағаның барлық салаларда өсіуі 2005 жылы кәсіпорындардың тиімділігін сонымен қоса кезең шығындарын да өсірді.

     5) Негізгі қызметтен түскен табыс көрсеткіші бойынша:

     2005 жылы негізгі қызметтен түскен  табыс 13770 мың тг. төмендеді. Бұл  – кәсіпорынның инвестициялық  және экономикалық тартымдылығын,  сондай-ақ басқару есебін қайта қарастыруды талап етеді.

     6) Негізгі емес қызметтен түскен табыс көрсеткіші бойынша:

     Негізгі емес қызметтен түскен табыс 2005 жылы 2901 мың тг. артып отыр.

     7) Салық салғанға дейінгі табыс  көрсеткіші бойынша:

     Бұл көрсеткіш табыстың 2004 жылмен салыстырғанда  –10859 төмендегенін көрсетуде.

     8) Таза табыс көрсеткіші бойынша:

     Таза  табыс көрсеткіші 6453 мың тг. төмендеуде. Осының салдарынан кәсіпорын инвестиция тарту мәселесін мәселесін алға шығаруда. Ол – мәселе талданып бағаланады.

     9) Жұмысшылардың тізімдік саны  көрсеткіші бойынша:

     Жұмысшылардың тізімдік саны сәйкесінше 54 адамға артып  отыр.

     10) Жұмысшылардың жылдық еңбек ақы  қоры көрсеткіші бойынша:

     Еңбек ақы қоры Қазақстан Республикасының  Заң, нормативті актілері, сондай-ақ тұтыну себебі мен еңбек өнімділігіне сәйкес 1,2 есеге өсті.

     11) Жұмысшылардың орташа айлық еңбек  ақысы көрсеткіші бойынша:

     Жұмысшылардың орташа айлық еңбек ақасы инфляция деңгейі және кәсіпорынның ынталындыру шеңбері есебін өскенін көреміз.

     12) Өндірістегі негізгі қордың жылдық орташа құны көрсеткіші бойынша:

     Негізгі қордың орташа жылдық өсімі біріншіден, негізгі қорларды қайта бағалау  есебінен, (нақты бағамен) екіншіден, құрылтайшылардың негізгі қор есебінен жарналарын көбейтулерінен және негізгі қорларды реконструкциялау және тағы басқа көздерден.

     13) Қор сыймдылығы көрсеткіші бойынша:

     Қор сыйымдылығы 2005 жылы өндірілген өнімнің 1 теңгесіне 0,01 теңге өндірістік негізгі құралдар келгенін көрсетеді.

     14) Қор қайтарымдылығы көрсеткіші  бойынша:

     Қор қайтарымдылығы кері көрсеткіш, сондықтан әрбір негізгі құралдардың бір теңгесіне 2005 жылы 2,5 есеге өнім өндірілгенін көрсетеді.

     15) Жұмысшылардың қормен қарулануы  көрсеткіші бойынша:

     Бұл - әрбір жұмысшыға қанша өндірістік негізгі қордың деңгейін көрсетеді. 2005 жылы 1 жұмысшы 2004 жылға қарағанда 3161 теңгеге артық қаруланған. Осының салдары кәсіпорынға шығындар статьясын көбейтіп отырғанын көреміз.

Информация о работе Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын жақсарту жолдары