Кәсіпорынның пайдасы, оның түсінігі және мәні

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 12:48, курсовая работа

Описание

Экономикада пайданың мәні өте үлкен. Оны білу әрбір кәсіпкердің міндеті. Өйткені капиталдың дұрыс жүруіне ықпал ететін негізгі фактор - пайда. Пайда болмаса, кәсіпорын немесе өнеркәсіп, яғни жалпы тілмен айтқанда, капитал, жүрмей, кәсіпкер банкротқа ұшырап, мекеме жабылып қалады.

Содержание

КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Пайданың мәні, мазұмұны
2.2 Пайданы бөлудің принциптері мен қызметтері
2.3 Пайданы бөлудің қажеттілігі
2.4 Пайда нысаныдары және олардың жолдары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа состоит из  1 файл

Кәсіпорынның пайдасы, оның түсінігі және мәні.doc

— 343.00 Кб (Скачать документ)

Маңызды сұрақ: бұл артық  пайда қарапайым пайдадан көп  қаншалықты тұрақты сақталады? Ол осы  салаға жаңа фирмалардың ену мүмкіндіктеріне  байланысты. Жетілген бәсеке кезінде  қосымша пайда салаға (әдеттегіден  жоғары) жаңа фирмалардың көптеп енуіне байланысты тез жоқ болып кетуі мүмкін. Егер салаға ену тосқауылдары жеткілікті жоғары болса, онда монопольді пайда тұрақты сипат алады. Жетілген бәсеке өндірістің барлық факторларының бір саладан екінші салаға еркін сақталуына жол ашады. Сондықтан жетілген бәсеке жағдайында, неоклассикалық мектеп атап көрсеткендей, нөлдік пайдаға деген тенденция анық көрінеді. Нөлдік, пайданың жоқ болуы емес, тек пайданың әдеттегі деңгейінде болуы.

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Айналыс шығындары өнеркәсіп  капиталына өнім бермейтін шығындар болып көрінеді және шыныда да солай. Көпеске бұл шығындар пайданың көзі болып көрінеді, ал пайда, - егер жалпы пайда нормасын жорамалдайтын болсақ, - сол шығындар көлеміне сәйкес болады. Сондықтан, осы айналыс шығындарына жұмсалатын қаражат сауда капиталына өнім беретін шығын болып көрінеді. Демек, ол сатып алатын сауда еңбегі де ол үшін - тікелей өнім беретін еңбек.

Айткан сөзді қорытындылай келетін болсақ, кәсіпкер үшін пайда ролін және қызметін білген өте қажет. Себебі Қазақстанның қазіргі экономикалық өтпелі кезеңінде капиталмен айналысу үшін экономикалық теорияның негізін, пайда табудың мәнін білу ең керек білімдердің бірі болып табылады. Егер капитал жүрмесе, кәсіпкер банкротқа ұшырайды, бірақ бұл қауіпке қарамастан бизнеспен айналысады, демек, ол рискке барады. Пайда таппаса, дами алмайды, демек, нарықтық экономикаға бейімделе алмайды. Неге? Өйткені кәсіпкер пайда табудың мәнін білмейді. Экономикалық теорияда сұраныс пен ұсыныс қана қарастырылмайды, экономикалық теорияда жалпы экономиканың заңдылықтары зерттеледі.

Демек, пайда - нарықтық экономиканың негізі болып табылады.

Пайданың нарықтық экономиканың негізі ретінде қарастыра отырып, оның теориялары мен мәнін, қызметін және экономикадағы ролін қысқаша  айту мүмкін емес, оған себеп – жоғарыда айтылып кеткендей, пайда – нарықтық экономиканың негізі.

Әрбір кәсіпорынның жиынтық  көрсеткіші пайда түсімі болып табылады, яғни өндірісітің және айналымның қаржы  қорытындысын білдіретін кәсіпорын  жұмысының нәтижелі көрсеткіші. Сонымен, пайда дегеніміз - өнім сатудан және қызмет көрсетуден түскен ақшалай кіріс пен оны өндіруге және сатуға жұмсалған шығындардың айырмасы.

Пайда өндіріс және таза табысты бөлу, экономикалық ынталандыру  қорын жасау және пайдалану үдерісі  кезінде кәсіпорын ұжымдары мен оның жеке мүшелерінің арасында, сонымен бірге мемлекеттік кәсіпорындар мен жеке кәсіпорындар арасында қалыптасатын экономикалық қатынастардың белгілі бағытын білдіреді.

Кәсіпорындар пайдасының жалпы мөлшеріне мыналар жатады: олардың өнімдерін сатудан түскен пайда, көмекші, қайта өңдейтін өндірістен және олардың салаларынан, қызмет көрсетуден алынатын кіріс, сатуға жатпайтын кірістер.

Пайдалылық дегеніміз – кәсіпорынның пайдамен және табыспен жұмыс істеуі.кономикалық категория ретінде пайдалылық кәсіпорынның тек қана ағымдағы өндірістік шығындарды өнімдер сатумен қызметі үшін ақшалай өндіріп алынған қаржымен өтеу қабілеттілігін ғана емес, сонымен қатар өндірісті ұлғайтуға және дамытуға, еңбекшілердің мәдени тұрмыс дәрежесін арттыруға қажетті пайда ала алатындығын да көрсетеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  1. Кулагин   П. «Рынок  в социалистической экономике» -  Қаржы экономика 2005.- 356-361 бб.
  2. Чалбаев К.К. «Интенсификация производства  и рыночные отношения» - М., Экономика, 1999 ж. 134 б
  3. Блеутаева К. Б. Қаржы. Оқу құралы.- Алматы: Қазақ университеті, 2006 жыл.- 220-264 бб.
  4. Мельников В. Д., Ли В. Д. Қаржының жалпы курсы: Оқу құралы.-Алматы: Қазақ университеті, 2005.- 165-167 бб.
  5. Шеденов Ө.Қ. Жалпы экономикалық теория,-Алматы 2002.- 236-239 бб.
  6. Ілиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. Қаржы: -   Алматы: Қазақ университеті, 2005 жыл.- 365-368 бб.
  7. Абилов Р.Д. «Нарықтық қатынастарды дамыту»// Қаржы-қаражат, 2005ж.№6. 35-37 бб.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Кәсіпорынның пайдасы, оның түсінігі және мәні