Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 18:55, доклад
«Қазақ әліпбиін латынға көшіру жөніндегі мәселеге қайта оралу керек. Бір кездері біз оны кейінге қалдырған едік. Әйтсе де латын қарпі коммуникациялық кеңістікте басымдыққа ие және көптеген елдер, соның ішінде посткеңестік елдердің латын қарпіне көшуі кездейсоқтық емес. Мамандар жарты жылдың ішінде мәселені зерттеп, нақты ұсыныстармен шығуы тиіс. Әлбетте, біз бұл жерде асығыстыққа бой алдырмай, оның артықшылықтары мен кемшіліктерін зерделеп алуымыз керек».
«Қазақ әліпбиін латынға көшіру жөніндегі мәселеге қайта оралу керек. Бір кездері біз оны кейінге қалдырған едік. Әйтсе де латын қарпі коммуникациялық кеңістікте басымдыққа ие және көптеген елдер, соның ішінде посткеңестік елдердің латын қарпіне көшуі кездейсоқтық емес. Мамандар жарты жылдың ішінде мәселені зерттеп, нақты ұсыныстармен шығуы тиіс. Әлбетте, біз бұл жерде асығыстыққа бой алдырмай, оның артықшылықтары мен кемшіліктерін зерделеп алуымыз керек».
2006 жылдың 24 қазанында өткен Қазақстан халықтары Ассамблеясының ХІІ сессиясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деген болатын.[1]
Еліміз тәуелсіздік алған кезеңдерден бері айтылып та, талқыланып та келе жатқанымен, күні бүгінге дейін тоқтамды, әрі бір байламды шешімге келе алмай отырған мәселенің бірі – латын әліпбиіне көшу мәселесі. Бұл жайында жиырма жыл бойы тіл мамандарымен қатар, қоғам қайраткерлері де, саясатшылар да, түрлі БАҚ өкілдері де айтып та, жазып та келеді.
1917 жылғы болған төңкеріс Ресей жерін ғана емес оның айналасындағы көрші жатқан елдердің барлығының, біздің еліміздің де тарихы мен тілінде өшпес із қалдырды. 1920 жылдардың басында сол кездегі биліктің жарлығымен араб әрпімен жазып келген түркі тілдес халықтардың барлығын жаппай басқа әліпбиге көшіру саясаты қолға алынды. Сонымен бірге бұл саясаттың астарында әліпбиін жоғалту арқылы ислам дінінің ықпалын жою да көзделгені анық. 1925 жылы латын әрпіне көшіру туралы конференцияда сөз алған А.Микоян: «Бұл әліпбиге көшу арқылы еуропалық және мұсылмандық өркениеттің арасына қабырға қойылып, Батыс пен Шығыстың арасында жаңа қарым-қатынас орнайды» деп болжам жасады. Басында араб әліпбиінің негізінде жаңа заманға лайықты әліпби дайындау туралы ұсыныстарды талқыға салғанымен де, осы жиыннан кейін латын әліпбиіне көшуді жақтаушылар белсенді әрекет ете бастады. Араб әрпімен жазылған рухани мұраны жойып алу қаупі ол кездегі билік иелерін мүлде толғандырған жоқ, араб әліпбиімен жазылған кітаптар мен ондай дүниелерді сақтағандарды аяусыз жазалау шаралары жүргізілді. Осындай жазалаудың мысалдарының бірі ретінде Әндижан қаласындағы бір партия қызметкерінің үйінен табылған кітап үшін, НКВД оны ату жазасына кесті. Кейін ол кітаптың ең алғаш араб әліпбиімен жазылған «Коммунистік партияның манифесті» атты кітап екені анықталса да, ол кезде кітаптың иесі атылып кеткен еді. Осы қатал саясаттың күшімен Кеңестер Одағының құрамындағы түркітілдес елдердің барлығын латын әліпбиіне көшіру науқаны басталды. Ең бірінші қадам Кавказ және Әзірбайжан елінде жасалды.[2]
Әзірбайжан еліндегі реформа
Латын
әліпбиіне көшіру тәжірибесі Әзірбайжан
елінде жүргізілді. Осы тәжірибе негізінде
бүкіл Кеңес елдерінде латын әліпбиіне
көшіру жүйесі пайда болды. 1926 жылы 26 ақпан
мен 6 наурыз аралығында Баку қаласында
тұңғыш рет Бүкілкеңестік Түркологияның
съезі өтті. Бұл жиынға шешім шығару мақсатында
131 делегат жиылды. Қазақтар, қырғыздар,
татарлар мен өзбектер, чуваштар, Солтүстік
Кавказ және Саха елінің азаматтары қатысты.
Бұл съезде олармен бірге орыстың академиктері
мен профессорлары, шетелдік ғалымдар,
соның ішінде Түркияның екі ғалымы, неміс,
парсы, венгр ғалымдары да болды. Бұл жиында
негізгі үш мәселе қаралды. Терминология,
орфография және әліпби. Ол кездегі барлық
түркітілдес елдерді қызықтырған ортақ
бір ғана мәселе – ол әліпбидің тағдыры
еді. Себебі әліпбидің тек жазу ретінде
ғана емес, мәдени және қоғамдық маңызы
бар екенін қатысушылар жақсы түсінді. Түбі
бір түркі халқының келешек тағдыры осы
қадамға байланысты екенін түсінген жанашырлардың
бір бөлігі араб әліпбиін сақтап қалудың
жолдарын ұсынды. Бірақ Кеңес үкіметінің
көздегені ол емес еді. Ислам дінінің негізін
жоюдың басты көздерінің бірі жазуды алмастыру
арқылы араб тілі мен әліпбиін жетік меңгерген
молдалардың сабақ беруін тоқтату яғни
сол арқылы дін насихатын әлсірету және
Құранды оқу мүмкіндігінен ажырату болатын. Мұсылман
емес елдердің көпшілігі латынға оңай
ауысып жатты.
Ал Әзірбайжан елінің латын әріпіне көшудегі
бірінші болуы ол елдегі ұлттық жазудың
кең тарамауымен және басқа түркі елдерімен
салыстырғанда қала мәдениетінің жоғарылығымен
байланыстырылды.[2]
Тәуелсіздік алған жылдары Әзірбайжан
мемлекеті қайтадан латын әліпбиіне көшуді
қолға алды. Бұқаралық ақпарат құралдарының
бір бөлігі латын әліпбиімен жаза бастады.
Түркиядағы реформа
Осман империясы құлағаннан кейін Түркия елінің мемлекет ретінде жаңа дәуірі басталды. Ел басына келген Мұстафа Кемал (Ататүрік) 1928 жылы парламент арқылы елді жаңа жазба жүйесіне ауыстыру туралы шешімді талқыға салғызып, арнайы заң қабылданды. Бұл жердегі мақсат: Осман империясынан кейін жаңашылдық енгізу болса, сонымен қатар КСРО-ның құрамындағы түгелдей латын әрпіне көше бастаған түркітілдес халықтармен байланысты жоғалтпау да көзделген еді. 1929 жылы Түркия тегістей латын әрпіне көшірілді. Күнделікті тұрмыстарында араб-парсы тілдерінде қолданылатын сөздерді түгелдей дерлік түрік тіліне ауыстыру науқаны басталды. Сол кезеңде түрік тілінде көптеген жаңа сөздер пайда болып, сол сөздердің кейбіреулері бүгін біздің елімізде де қолданылады. Мысалы: «тайаре»- ұшақ сөзіне ауыстырылды. Сол кезеңдегі реформаның арқасында түркітілдес елдердің Түркия түрікшесімен түсінісу мүмкіндігі артты.[2]
Кеңестік Ресейдің латын әліпбиіне көзқарасы
Кеңес үкіметінің бастапқы жылдарында тек қана түркі халықтарын ғана емес, сонымен бірге орыс тілін де латын әліпбиіне көшіру мәселесі де көтерілген болатын. 1919 жылы ағарту ісі жөніндегі халық комиссары А.В. Луначарский: «... барлық осы елді мекендеп отырған халықты жаппай латын әліпбиіне көшіру қажет» дегенді айтқан болатын. Осы пікірге орыс сөзін қолдаушылар қоғамы бірден қарсылық көрсетті. Олар бірден комиссия құрып, сол арқылы «латын әлібиіне көшіру шетелдіктерге орыс тілін үйретуді қиындатып жібереді» деген мәлімдеме жасады. Солай орыс әліпбиін латынға ауыстыру бастамасы көтерілмей жатып, бірден өшірілді.
Қазақстан тарихындағы латын әліпбиі
Кеңес одағының құрамына кірген өзге
түркі тілдес елдер тәрізді 1929 жылдары
Қазақстанды да ескі жазудан жаңа әліпбиге
көшіру қарқынды жүргізіле басталды. Басылымдардың
барлығы дерлік латын әліпбиіне көшірілді.
Ауылдарда жаппай сауаттандыру мақсатында
қызыл отаулар тігіліп, ол жерде латын
әліпбиі насихаттала басталды. 1940 жылдары
латын әліпбиі кириллицаға ауыстырылды.
Қазақстан тәуелсіздігін жариялаған кезден
бастап қазақ лингвистері мен зиялы қауымының
арасында латын әліпбиіне көшудің пайдасы
мен зияны туралы пікірталастар жүргізіле
басталды. 2006 жылдың 24 қазанында өткен
Қазақстан халықтары Ассамблеясының ХІІ
сессиясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев:
«Қазақ әліпбиін латынға көшіру жөніндегі
мәселеге қайта оралу керек. Бір кездері
біз оны кейінге қалдырған едік. Әйтсе
де латын қарпі коммуникациялық кеңістікте
басымдыққа ие және көптеген елдер, соның
ішінде посткеңестік елдердің латын қарпіне
көшуі кездейсоқтық емес. Мамандар жарты
жылдың ішінде мәселені зерттеп, нақты
ұсыныстармен шығуы тиіс. Әлбетте, біз
бұл жерде асығыстыққа бой алдырмай, оның
артықшылықтары мен кемшіліктерін зерделеп
алуымыз керек» - деген болатын. Латын
әліпбиіне көшірілген көршілес мемлекеттердің
тәжірибесін назардан тыс қалдырмауды
да осы жиында тапсырған еді.
Кезінде
түркі мәдениеті және өнерін зерттеу,
оны әлемдік деңгейде насихаттау мақсатында
құрылған ТҮРКСОЙ-дың жиынында түркітілдес
елдер латын әліпбиіне көшуді бір ауыздан
қолдаған болатын. Түркі халықтары тілі
ұқсас болса да осы кезге дейін әр түрлі
әліпбимен жазып жүр, латын әліпбиін пайдаланатың
түркі тілдес мемлекеттердің жазуы да
бір ізге түсірілген емес. [2]
Көрнекті қоғам және ғылым қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері латын әліпбиіне көшуді қолдап қана қоймай, олар мұны әлемдік өркениет жетістіктеріне алып баратын бірден-бір төте жол деп есептейді.
Бұл реформаның саяси салмағы да бар. Яғни, латын әліпбиіне көшу арқылы Қазақстанның түрік әлемімен жақындасуы одан әрі арта түседі. Еліміздің мемлекеттік мәртебесіне зор ықпал етеді. Сонымен бірге, шет елдерде тұратын қандастарымыз үшін өз атамекенімен қарым-қатынас жасауларын да жеңілдете түсер еді.
Латын әліпбиіне көшудің алғашқы
кезеңінде оған едәуір қаржы жұмсалғанымен,
кейін ол өзін өзі ақтайтын болады. Үнем
жасау жағынан экономикалық тиімділігін
де әкеледі. Ақпарат және телекоммуникациялық
саладағы қолжетімділік арта түседі.
Бүгінгі таңда елімізде латын әліпбиіне
көшу әлі де екі жақты тартыс пен талас
тудырып отырған мәселе болып табылады.
Мәдениет министрі болған кезінде Мұхтар
Құл-Мұхаммед: «Ерте ме, кеш пе Қазақстан
латын әліпбиіне көшеді» деген мәлімдеме
жасағаны да белгілі.[2] Оның ішінде «Лат»
славян қозғалысы мен «Союз казаков степного
края» атты ұйымдар арнайы мәлімдеме қабылдап,
«латын әліпбиіне көшу - Қазақстанның
Ресейден алыстауға бағытталған саяси
қадамы болып табылады. Қазақстанның бүгіні
мен болашағы тек Ресейге тәуелді. Сондықтан
мұндай қадамдар аса қатерлі» деп даурығып,
Путин көкелерінің алдына құшақ-құшақ
арыз апарған болатын.[3]
Елімізде латын әліпбиіне көшу мәселесі соңғы жиырма жылда көтеріліп, соның он жылында қызу талқыланып келеді. Латын әліпбиіне көшуді жақтаушылар бұл мемлекеттік тілдің өзінің күшіне енуіне оң әсерін тигізеді десе, латынға қарсылық білдірушілер халық арасында сауатсыздық бел алады деп шошуда. Кейбіреулер Ахмет Байтұрсынов бастаған қазақтың ардақтылары латын әліпбиіне қарсы болған деген пікірлерін де алға тартады. Оған қоса көптеген филолог ғалымдар да өз пікірлері мен ұсыныстарын аяп қалмауда. Филология ғылымының кандидаты, тілші ғалым Ғарифолла Әнестің айтуынша:
– Мен бұрын да айтқанмын, қазір де айтамын: біз орта білім беретін мектептерімізді түбегейлі реформалап алмай, латын графикасына көше алмаймыз. Біз алдымен «қазақ мектебі», «орыс мектебі», «аралас мектеп» дегендерден мүлде арылуымыз керек. Қараңызшы, көрші Ресейде «русская школа» деген жоқ қой. Дамыған елдердің көбінде адамдар бір тіл мен бір жазу арқылы оқып, жұмыс істейді. Ол үшін орыстілді және аралас мектептерді жабудың қажеті жоқ. Біз тек барлық орта білім беретін мекемелерді мемлекеттік тілге көшіріп, сол жерлерде латын графикасын енгізе бастауымыз керек. Осылайша үлкен жұмыстарды атқармайынша, латынға көшеміз дегеніміз әншейін сөз болып қала бермек. Осы ойымды бүгінде баспасөз беттерінде ашық айтып жүрмін. Біз егер латын графикасына көшкіміз келсе, оны қайта жасақтаудан өткен, бір ізге түсірілген барлық білім ошақтарына бірдей енгізуіміз қажет.[4]
Қазірдің өзінде дайын латын әліпбиінің қазақша нұсқалары 20-30 шақты. «Жеті рет өлшеп, бір рет кес» демекші толыққанды зерттеулер әлі де сарапталуда, жүргізілуде.
Барлап қарасақ, қазіргі таңда қолданыста жүрген жазу үлгілері аз емес. Десе де, әлем халықтарының басым бөлігі латын әрпін қолданып отырғандығын жасыра алмаймыз. Деректерге сүйенер болсақ, дүниедегі адам санының 2/3-і аталмыш әріпті пайдаланады екен. Латын әліпбиін қолданысқа енгізбеген елдердің өзі тауар маркалары мен еларалық құнды қағаздарын осы әріппен таңбалап келеді. Жан саны мен жазу саны жағынан дүниенің 1/4-ін ұстайтын қытайлардың өзі осы жазуға көшкелі ширек ғасыр болды.
Қазақстан Республикасының Президенті
– Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан
– 2050» стратегиясы қалыптасқан
мемлекеттің жаңа саяси бағыты»
атты Қазақстан халқына Жолдауында
«Біз 2025 жылдан бастап, әліпбиімізді латын
қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз
керек. Бұл – ұлт болып шешуге тиіс принципті
мәселе. Бір кезде тарих бедерінде біз
мұндай қадамды жасағанбыз. Балаларымыздың
болашағы үшін осындай шешім қабылдауға
тиіспіз және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге,
балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет
тілін жетік игеруіне, ең бастысы – қазақ
тілін жаңғыртуға жағдай туғызады» деп
жарқын болашаққа бағдар жасады. Демек,
Елбасымыздың осы айқын ұстанымы аясынан
Қазақстан Республикасындағы басқа ұлт
өкілдері оқитын, жазатын бұқаралық ақпарат
құралдары, баспа өнімдері, оқу-ағарту,
ғылым, материалдық және рухани мәдениеттің
барлық салалары да тыс қалмауын қадағалағанымыз
жөн.[5]
Жаңа әліпбиге қашан
көшетініміз әзірге белгісіз. Десек те,
оның толғағы күннен-күнге жақындап келе
жатқаны байқалады. Қоғамдағы кейбір пікірлерге,
соның ішінде, әсіресе, Ресейге қарап бой
түзеп үйренген азаматтардың, қоғамдық
ұйымдардың қарсылығына қарамастан Қазақстан
Әзірбайжан, Өзбекстан елдері сияқты түбінде
латын таңбасына көшетіні анық болып отыр. Яғни
бүгінгі күні осы мәселені дұрыс шешуге
қатысты зерттеулер жүргізілуде, лингвист
ғалымдар ұсыныстарымен шектеліп жатқан
жоқ, тиісті бастамы бар деуге болады.
Қорыта келгенде, Қазақстанның латын әліпбиіне
көшуі экономикасы дамыған отыз елдің
қатарынан орын алу ісіне, мемлекеттік
тілдің ұлттық бет-бедерін сақтап қалуға,
түбі бір туыс түркі халықтарымен рухани-мәдени
жақындасуына, электронды ақпарат құралдарын
жылдам игеруге оң ықпал етеді.
Пайдаланған әдебиеттер: