Әлемдік қаржы нарығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2013 в 09:08, контрольная работа

Описание

Әлемдік қаржылық нарықтың құрылуы ХХ ғасырдың 30 жылдарына тиесілі. Бірақ, екінші дүниежүзлік соғыс кезінде орын алған әлемдік қаржылық-экономикалық дағдарыс сауда-экономикалық байланыстарды бұзды. Әлемдік қаржылық жүйені қайта құру 1944 жылы болған Бреттон-Вуд конференциясынан басталады.
Әлемдік қаржылық нарық түсінігіне қатысты экономистер пікірі әр түрлі тарқатылады. Біреулері оны қарыз капиталы нарығының құрамдас бөлігі ретінде және функционалдық көзқарас тұрғысынан, екіншілері оны ұдайы өндірістің үздіксіздігі мен тиімділігі мақсатында әлемдік қаржылық ағымдардың жинақталу мен қайта бөлінуін қамтамасыз ететін нарықтық қатынастар жүйесі ретінде қарастырады.

Содержание

1. ӘЛЕМДІК ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ РӨЛІ

2. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ (АЙМАҚТЫҚ) ҚАРЖЫ ОРТАЛЫҒЫН ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ

Работа состоит из  1 файл

Әлемдік қаржы нарығы.doc

— 36.50 Кб (Скачать документ)

Әлемдік қаржы нарығы

Жоспар

Жоспар: 
 
1. ӘЛЕМДІК ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ РӨЛІ 
 
2. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ (АЙМАҚТЫҚ) ҚАРЖЫ ОРТАЛЫҒЫН ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ

 

Кіріспе

ӘЛЕМДІК ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНЫҢ ЖАЛПЫ ТҮСІНІГІ 
 
1. Әлемдік қаржылық нарықтың құрылуы ХХ ғасырдың 30 жылдарына тиесілі. Бірақ, екінші дүниежүзлік соғыс кезінде орын алған әлемдік қаржылық-экономикалық дағдарыс сауда-экономикалық байланыстарды бұзды. Әлемдік қаржылық жүйені қайта құру 1944 жылы болған Бреттон-Вуд конференциясынан басталады. 
Әлемдік қаржылық нарық түсінігіне қатысты экономистер пікірі әр түрлі тарқатылады. Біреулері оны қарыз капиталы нарығының құрамдас бөлігі ретінде және функционалдық көзқарас тұрғысынан, екіншілері оны ұдайы өндірістің үздіксіздігі мен тиімділігі мақсатында әлемдік қаржылық ағымдардың жинақталу мен қайта бөлінуін қамтамасыз ететін нарықтық қатынастар жүйесі ретінде қарастырады. Олар әлемдік қаржылық нарықты үлкен жинақтарды иеленетін елдерден оның жетіспеушілігі байқалатын елдерге капитал ауысуы функциясымен ғана шектеуге болады деп есептейді. Осы кезде олар өздерінің қорытындыларын дамыған саланың экспортталатын капиталдары дәл сондай дамыған салалар мен оффшорлы аймақтарға ауысуына негіздеп жасайды. Олар әлемдік қаржыларының негізгі арналымы тәуекелділікті басқару, құқықтық реттеу мен салық салудан жалтару деп есептейді. Басқа экономистер валюта нарығынан спекулятивті операцияларды бөліп алу қажет деп есептейді. Бірақ тәжірбиеде спекулятивті мәмілені хеджирлеу мәмілесінен ажырату өте қиын деп айтылады, себебі екі жағдайда да шаруашылық жүргізуші субъектілеріне ашық валюталық ұстанымды қабылдауға тура келеді. Әдістемелердің тұтастығы сауда нарығын – ақша нарығының қысқа мерзімді активтері және капитал нарығын – ұзақ мерзімді активтері деп бөлуден тұрады. Бұдан басқа барлығы дерлік қызметті халықаралық қаржылар саласымен шектелмейтін еуронарықты бөліп шығарады, сондай-ақ әлемдік қаржылық нарықта мынадай – әр түрлі ел резиденттері арасында активтерді жай айырбастау деген ерекше белгіні енгізуге тырыспайды. 
Алайда, капитал ауысуының күшейуі қаржы нарығына халықаралық сипат береді, сондықтан толық көлемде ел экономикасына салынған шетел капиталын бөліп алып, шетелде орналастырылған ұлттық капиталды есепке алу қиын. Сондықтан да «өзін үздіксіз көбейтетін құн ретіндең капитал қозғалыссыз өмір сүре алмайды, ол ұдайы өндіріске құйыла отырып, жаңа құн құрып үнемі айналымда болуы қажет. Сондықтан, егер капитал үнемі өте пайдалы салымдарды іздеуде болса, онда оны осы жай бір елден басқа елге ауысуға мәжбүрлейді. 
Сонымен, әлемдік қаржылық нарық – бұл түбінде капитал экспортеры, оның рецепиеттері және осы рөлдерге сәйкес, мысалы, транзит капиталы сияқты әр түрлі рөлдерге шыға отырып, барлық елдер қатысатын экономикалық қатынас. Мұнда постиндустриалды елдерге көбірек мән беріледі. Бұдан басқа, оларда есеп айырысу орталығы болып табылатын банктер орналасады. Мысалы, Лондон, Гонконг және Токиода басқа жерлерде орналасқан субъектілер арасында жүретін мәмілелер бейнеленуі мүмкін, сондықтан оларды өздерінің ақша-қаржылық жүйесі әлемдік қаржылық нарықтың негізін құрайтын капитал клирингінің елдері деп атауға болады. 
Берілген нарық әр түрлі мемлекеттердің субъектілері жүзеге асыратын мәмілелер негізінде құрылады. Қандай қаржылық құрал сату-сатып алу объектісі болып табылатындығына байланысты валюталық, несиелік, қор нарығы, алтын және т.б. бағалы металдар нарығы деп бөлінеді. Соңғы он жылда туынды қаржылық құралдар арқылы жасалатын операциялар шапшаң дамуда. 
Әлемдік қаржылық нарыққа валюталық нарық жатады, мұның қатысушылары: 
• оларға тауар және қаржы нарығындағы операциялар үшін конверсия қажетті алдын алушылық сату болып табылатын жеке және заңды тұлғалар; 
• осы операция түрлерін жүзеге асыратын спекулянттар мен арбитражерлар; 
• валюталық тәуекелділікке байланысты хеджерлер; 
• барлық қатысушылар үшін валюта айырбастау қызметтеріне мамандандырылған делдалдар; 
• валюталық-қаржылық жүйені тұрақтандыру мақсатында валюта нарығын реттейтін мемлекеттік және мемлекетаралық ұйымдар 
Әлемдік қаржылық нарыққа тікелей ұзақ мерзімді несиелеу нарығын жатқызуға болады. Дегенмен, үлкен бөлік бойынша қысқа мерзімді мәмілелер спекулятивті ақшаларды тартады және әлемдік нарықтың өзінің негізгі қозғалу үрдісінен қысқа мерзімді ауытқуы нәтижесінде жылдам пайда алуға негізделеді деп есептеледі. Салық салудағы айырмашылығы басқаша заңнамалық негіз жағдайында кейде қысқа мерзімді, бірақ револьверлік ауысу шартымен несиелік келісімді қайта жасау формасында елдер арасында әр түрлі үлгіде қаржылық және экономикалық қатынастарды рәсімдеу пайдалы болуы мүмкін. 
Бағалы қағаздар нарығы капиталға ақша ретінде негізделсе, онда ол қор деп аталады және ол осы сипатта ауқымы мен көлемі бойынша қаржы нарығы негізгі операциясының құрамдас бөлігі болып табылады. Осы кезде қор нарығы бағалы қағаздар нарығының үлкен бөлігі екендігін белгілеп кету қажет, сондықтан осы екі түсінік те ғылыми әдебиеттерде синонимдер болып есептеледі. Сонымен бірге негізгі және туынды қор құралдарының анықталуына берілмейтін бағалы қарыздардың қалған бөлігі нақты шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін айналым құралдарын уақытша толықтыру көзі ретінде шыға алады. Сондықтан да қайта орнын босататын және қайта орнын босатпайтын қарыздық бағалы қағаздар айналатын бағалы қағаздар нарығының бөлігі қаржы нарығына жатады.

 

Қолданылған әдебиеттер

Пайдаланылған әдебиеттер: 
 
1. Ысқақов У.М., Боқаев Д.Т., Рузиева Э.А. 
Қаржы нарығы және делдалдары: Оқулық. – Алматы: Экономика, 2006. – 298 бет.

Дисциплина: Қаржы 
Тип работы: Реферат


Информация о работе Әлемдік қаржы нарығы