Әлемдік
экономиканың жаһандануы – шаруашылық өмірдің интернационалдануының ең жаңа сатысы. Әлемдік экономиканың жаһандануының жалпы жұрт қабылдаған
анықтамасы жоқ. Қазіргі әлемдік экономика ұлттық экономикалардың барған сайын біте қайнасуымен
сипатталады. 19 ғасырдың аяғында басталған интернационалдану жаңа сатыға аяқ басып, бірыңғай
жаҺандық әлемдік шаруашылық қалыптасты. 1980 – 90 жылдары өндіріс аялары мен салалары бойынша
дағдылы мамандануға ғана емес, сонымен
қатар компоненттерді,тораптарды, бөлшектерді әлемдік нарыққа шығарып, жеткізуге
де маманданған мүлде жаңа халықаралық
еңбек бөлінісі қалыптасты. Шаруашылық жүргізуші субъектілер технологилық үдерістердің
жекелеген салаларына мамандана бастады.
Мұның өзі интернационалданудың одан әрі дамуына негіз болды.
Осы жылдары байланыс құралдары мен ақпараттық
желілер жетілдіріліп, солардың негізінде қаржы аясы Әлемдік экономиканың жаһандануының жаңа деңгейіне
өтуіне мүмкіндік алды. Мұның өзі инвестициялау мен несиелендіру саласында жаңа мүмкіндіктер
туғызды, сондай-ақ сауданың бұрын болып көрмеген деңгейде
дамуына алып келді. Ұлттық шекаралардың
мәні күрт төмендеді. Бұрын сыртқы факторлар
деп есептелетін елдің экономикалық дамуы ұлтаралық бизнес үшін ғана емес, сонымен бірге
ұлттық кәсіпкерлік үшін де бейне бір
ішкі факторларға айналып қалды. Бұл құбылысинтернационалдану деп аталды. Әлемдік экономиканың жаһандануы елдерді өздерінің
басқару атқарымдарының бір бөлігін халықаралық
ұйымдарға, ең алдымен Дүниежүжілік саудаұйымына беруге мәжбүрлеп отыр.
Бұл ұйым өз қызметін айтарлықтай кеңейтіп,
тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің
халықаралық саудасының нормалары мен
ережелерін бұрын болып көрмеген дәрежеде
сәйкестендіруге әрекет жасауда. Қазіргі
уақытта ғалымдар осы үдерістің мәні мен
нысандарын талдап, оның ауқымына, тереңдігі
мен салдарларына түрліше баға беруде.
Алайда жаҺандық экономиканың аса маңызды белгілері қазірдің
өзінде айқындалды. Атқарымдық тұрғыдан
жаҺандық экономикада мына белгілерді баса көрсетуге
болады: жаҺандық қаржы жүйесі (электрондық
байланыс құралдарының дамуы және компьютерлік технологиялардың пайдаланылуы арқасында осындай
жүйеге айналып отыр); зияткерлік қызметтің
нәтижелерін алмасудың жаҺандық жүйесі
(технологияларды пайдалануға берілген лицензиялармен дәстүрлі сауда жасаудан бастап, интернетке біріктірілгенкомпьютерлік ақпараттық желіге дейін); тауарлар мен
көрсетілетін қызметтер қозғалысының
желісі (тасымалдау, сақтау, сақтандыру, маркетинг, жарнама, тауар ағынын ұйымдастыру, т.б.). Сонымен
бірге Әлемдік экономиканың жаһандануының кейбір бағыттарын
асыра бағалаудың жөні жоқ. Мысысалы, халықаралық өндіріс оның негізгі бағытына айналған
жоқ. Әзірге негізінен жаҺандық сауда жүйесі ұлттық өндірістің нәтижелеріне арқа сүйеп келеді.
Сонымен қатар Әлемдік экономиканың жаһандануы әркелкі даму мәселесін
де шешкен жоқ, тікелей шетелдік инвестициялардың әлемдік ағынына да ықпалын
тигізе алмай отыр. [1]
http://www.forecast.ru/_ARCHIVE/Analitics/VoprEconom/Apokin2012.pdf