Әлеуметтік саясат

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Февраля 2013 в 22:34, реферат

Описание

Сонымен әлеуметтік саясат қоғамдағы әлеуметтік теңсіздікті жұмсартуға, әр адамның лайықты өмір сүруге деген құқығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар жиынтығы. Бұл саясатты жүргізу және әр адамның осы ажырамас құқығының орындалуы үшін жауапкершілік мемлекетке жүктеледі, бұл мақсаттарда ол сәйкесінше табыстар қайта бөлінуін ұйымдастырады, еңбек нарығы мен еңбек қатынастарын реттеуді жүзеге асырады, әлеуметтік қорғау және әлеуметтік қамтамасыз ету жүйелерін қалыптастырады және дамытады, осының барлығы әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттарын құрайды.

Содержание

Кіріспе. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3
Негізгі бөлім. Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясаты
1.1. Әлеуметтік саясаттың мәні мен анықтамасы, теориялық талдаулар.5
1.2. Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясаты . . . . . . . . . . . . . . .8
1.3. Қазақстан Республикасындағы кедейшілік мәселесі . . . . . . . . . . . . .13
1.4. Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік саясаттың саяси проблемалары . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .14
Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 17
Пайдаланылған әдебиеттер . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .18

Работа состоит из  1 файл

Алеуметтик саясат.docx

— 52.15 Кб (Скачать документ)

кедейшілікті төмендету  мəселесі бойынша мемлекеттік органдар мен мүдделі бұқаралық ақпарат құралдарын, оның ішінде жеке меншік, кедейшілікті облыстық жəне аудандық мемлекеттік өкімет органдары өздерінің қызметтері, облыста экономиканың тұрақты өсуін қамтамасыз ету есебінен халықтың кедейшілік деңгейін төмендетудегі үкіметтік емес ұйымдардың және кәсіподақтардың, мұқтаж болғандардың жарамды санына негізделген кедейлерді қолдауға Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» үкіметтік емес жастар ұйымының қатысуымен білім сапасы еңбек құқығы, нарықтық экономика жағдайындағы кәсіподақтардың ролі Қазақстан Республикасы «Әлеуметтік әріптестік туралы» Заңының орындалуын бақылауды шағын несиелеу саласында жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдардың облыста кедейшілік деңгейін төмендетуде жеке меншік секторлардың қызметін жұмыс орындарын құруға, жұмыс берушілерді ынталандыру мүмкіндіктеріне талдау, жұмыссыздарды оқыту жəне оларды жұмысқа қабылдау бойынша кəсіпорындарды дайындық жəне қайта дайындық курстарын ұйымдастыру кезінде мамандарға халықтың кедей тобы үшін əлеуметтік мəні бар тиімді қайырымдылық шаралары түрінде халықтың кедей тобына əлеуметтік көмек беру.

 

    1. Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік саясаттың саяси проблемалары

 

Қазіргідей нормативтік  актілер мен тәртіптер өмірге жиі-жиі енгізіліп жатқанда әлеуметтік жүйенің қалыптасу ережелері, қоғамнан тұрақты арнасын таба алмай отырған  кезеңде мемлекеттің әлеуметтік саладағы икемді саясатының мәні зор. Әр түрлі деңгейдегі дау-дамайлар мен  көзқарастар қайшылығын шешу тәжірибесі мен соған маманданған институттардың болмауы әлеуметтік шиеленісті саяси  деңгейге көтеріп жіберуі де ықтимал. Мұндай жағдайда мемлекет пен елдің  негізгі әлеуметтік топтары арасындағы өзара түсінікті де нәтижелі қарым-қатынастан мемлекеттік басқару құрылымдары  өз қызметтері үшін үлкен кеңістік ашып, республикалық және аймақтық деңгейде әлеуметтік саланы басқаруды  жетілдіре түсуге негіз қалары сөзсіз.

Жалпы мемлекет жүргізетін әлеуметтік саясаттың алға қойған мақсаттарына жетуі және проблемаларды шешуі  үшін төмендегідей шарттарды сақтау қажет деп пайымдауға болады:

- әлеуметтік саясатты  әзірлеу кезінде күнделікті өмірдің  тұтастық сипатын, яғни бір  саладағы өзгеріс барлық басқа  салаларды да қамтитынын ескеру;

- әлеуметтік саясат енгізетін  өзгерістердің кезең-кезеңдік және  тұтастық сипаты болуға тиіс  және ол халықтың жаңа жағдайға  үйренуіне мүмкіндік беруі қажет;

- әлеуметтік саясат арқа  сүйейтін нормалар мен талаптар  қоғамда кең таралған болуы  шарт;

- осыған сәйкес әлеуметтік  саланы мемлекеттік басқару органдарының  құрылымы, олардың қызметінің әдістері  мен тәсілдері жаңа жағдайға  орай жедел өзгеріп, қалыптасып  отыруы қажет.

Әлеуметтік саланы дамыту проблемаларына жете көңіл бөлмеу, оны жеткілікті дәрежеде қаржыландырмау экономиканың өсуі мен оны реформалауды тереңдету мүмкіндіктерін тежейді. Егер елімізде реформаның экономикалық өсуге деген біржақты басым бағдары  сақталатын болса, ол проблема тереңдей түсуі мүмкін. Мұның өзі үкіметтің  әлеуметтік саясатының түпкі мақсаты  – ел Конституциясы жария еткен  әлеуметтік мемлекет құруды ұзаққа созуы  мүмкін.  Сондықтан Қазақстанның ХХІ ғасырдағы дамуы әлеуметтік мемлекеттің қағидаларымен қиюласқан экономикалық тиімділік пен шаруашылықтардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталуы тиіс.

Қазақстан Республикасының  жаңа әлеуметтік саясатының стратегиялық мақсаты бүгінде  мемлекет пен  адам арасындағы өзара жауапкершілік  арқылы тұрақты әлеуметтік дамуға өту  негізінде анықталады. Республикамыздың тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы мен нарықтық экономиканың дамуы  әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеудің жаңа формаларының пайда  болуына әсерін тигізді. Бүгінгі  таңда бізде негізінен әлеуметтік әріптестік үлгісі құрылып отыр. 1995 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Үкіметі мен республикалық бірлестіктер, кәсіподақтар және жұмыс берушілер  арасында Бас Келісімге қол қою  тәжірибесі жұмыс жасап келеді. 2000 жылы алғаш қабылданған «Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік серіктестік  туралы» Заңда әлеуметтік салада болып жатқан объективті саяси-әлеуметтік үрдістер айқын көрінеді. Нақтырақ тоқталар болсақ, онда құқықтық негіздер, міндеттер мен қорытындылар реті, жалпыға ортақ әлеуметтік маңызы бар мақсаттарға жету үшін, келісімдерді өзгерту және бұзу секілді бағыттар анықталады.

Қазіргі кезеңдегі Қазақстан  Республикасының әлеуметтік саясатындағы саяси мәселелердің өзектісі – кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігін мемлекеттік  тұрғыда негіздеу болып табылады. Бұл соңғы уақытта ғана пісіп  жетілген мәселе емес. Ол бұрыннан бері көтеріліп жүрген саяси - әлеуметтік мәселе. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін  жете сезінген бірқатар ірі компаниялар  мен орта бизнес өкілдері бар. Шетелдік компаниялар үшін әсіресе мұнай-газ  саласындағы компаниялармен келісім-шарттарда  жергілікті жерде әлеуметтік қолдауды жүзеге асыру міндеті талап етілуде.

Қазіргі кезеңдегі Қазақстан  Республикасының әлеуметтік саясатының көкейтесті саяси мәселелеріне орта  тапты қалыптастыру мен әлеуметтік бағдарлы экономика құру да жатады. Қазақстан қоғамында орта тапты қалыптастыру мәселесі саяси - әлеуметтік мәселе ретінде күн тәртібіне сонау тәуелсіздік алған алғашқы жылдарда қойылған еді. Өйткені, шынайы нарықтық экономиканы қалыптастырудың алғышарттарының бірі –   әлеуметтік тұрғыда белсенді орта тапты орнықтыру болатын. Сондай ақ, орта тапты қалыптастыру бәсекеге қабілетті экономиканы құруға да, әлеуметтік бағдарлы экономиканы қалыптастыруға да негіз бола алады. Бұл мәселенің түйінін толық шешу бүгінгі күнге дейін мүмкін болмай келеді. Қорыта айтқанда, әлеуметтік саясаттың саяси мәселелерін шешу мен халқымыздың әл-ауқатының одан әрі артуы үшін, азаматтарымыздың денсаулығы мен білім беру сапасын жақсарту үшін үкімет қабылдаған кешенді мемлекеттік әлеуметтік бағдарламалар қажетті қаржымен, жауапты әрі білікті мамандармен қамтамасыз етілуі тиіс.

     Қазіргі кезеңде  Қазақстан Республикасында мемлекеттің әлеуметтік саясатының саяси мәселелеріне жете назар аударылуда. Өйткені әлеуметтік мемлекетті қалыптастыру барысында әлеуметтік саясаттың әдістерін жетілдірудің саяси тетіктері іске қосылуы керек. Мемлекеттің әлеуметтік саясатын жетілдірудің саяси мәселелері негізінде әлеуметтік әріптестік ұстанымы, әлеуметтік бағдарланған экономиканы қалыптастырудың тиімді жолдары қарастырылуда. Бұл шараларды жүзеге асырмайынша Қазақстанның әлеуметтік саясаты ішкі және сыртқы экономикалық дағдарыстарға тәуелділігінен құтыла алмайды. Ал егер мұндай тәуелділік жойылмаса немесе азаймайтын болса, мемлекеттік әлеуметтік саясат қоғамның орнықты дамуына кепілдік бере алмайды және әлемдік экономикалық дағдарыстар немесе басқа да күтілмеген жағдайларда сан түрлі өзгерістер енгізуге мәжбүр болады.  Әсіресе жұмыссыздыққа қарсы күрестің арнайы бағдарламасының тиімділігін арттыру, жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған іс-шаралардың пәрменділігін арттыру қажет. Сонымен бірге, еңбек нарығын ұйымдастыруда халықаралық нормаларды басшылыққа ала отырып жұмысшылар мен қызметкерлерге жасалатын әлеуметтік қолдаудың жүйесін, нормаларын бекіту кезек күттірмейтін іс болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Осы жұмысты жазу барысында мынадай қорытынды шығарылды: Қазақстан Республикасының мемлекеттік әлеуметтік саясатының бастамасы орта деңгейде жүргізіліп жатыр деуге болады. Әлеуметтік саясаттағы басты ұстаным оның негізгі субъектілері мемлекет, өндіріс және жеке адамның әлеуметтік саясаттың жүзеге асырылуы барысындағы өзара қатынасына орай айқындалады.

Қазіргі кезеңде әлеуметтік мемлекетті қалыптастыру үшін адам ресурстарының  дамуына жауапкершілікпен қарайтын күшті мемлекет болуы керек және мемлекеттік билік органдарын бақылай  алатын, ұлттық байлықтың қоғам мүшелері арасында әділетті бөлінуін қадағалайтын азаматтық қоғамның дамыған институттары қалыптасқан болуы шарт. Қазақстан  сияқты тәуелсіздікке жаңа қол жеткізген  мемлекеттер үшін әлеуметтік саясаттың  жаңа үлгісін қалыптастыру барысындағы  аса күрделі проблема –  мемлекет пен жеке адамның әлеуметтік саладағы жауапкершілігін үйлесімді етіп бөлу және сол арқылы бірін-бірі толықтырып тұратындай етіп құру болады. Нарықтық экономиканы енді қалыптастырып  жатқан елдердің әлеуметтік саясат үлгісі негізінен мемлекеттің патерналистік  қызметін біртіндеп төмендетуге  бағытталып, керісінше жеке адамдар  мен азаматтардың, шаруашылық субъектілерінің  әлеуметтік шешімдер қабылдаудағы жауапкершілігін  арттыруға көңіл бөлетіні байқалады. Сонымен, жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе Қазақстан Республикасының  әлеуметтік саясатының стратегиялық міндеттеріне мына мәселелерді енгізіп, олардың  орындалуы қатаң жүзеге асырылуы тиіс деп ойлаймын. Олар:

- әлеуметтік саланы мемлекеттік  реттеу мен басқарудың мақсатты  бағдарламалық әдістерін одан  әрі жетілдіру қажет;

- саяси билік органдары  мемлекеттік әлеуметтік саясаттың  үздіксіз жүргізілуін және сабақтастығын  қамтамасыз ететін саяси тетіктерді  қалыптастыруы керек;

- денсаулық сақтау саласында ақылы және ақысыз медициналық қызметтердің ара жігін ашу жөнінде шаралар қолданылып, халыққа тегін медициналық көмек берудің кепілді көлемі толығымен жүзеге асырылуы тиіс және ол билік органдары тарапынан қатаң бақылауға алынуы қажет. Сол арқылы мемлекеттік тапсырыс шегінде халыққа медициналық көмек көрсетудің барлық түріне қол жеткізу қамтамасыз етілуі керек;

- елімізде ана мен баланы қорғау мәселесіне ерекше көңіл бөліне бастағаны белгілі. Дегенмен ана мен баланы мемлекеттің ерекше әлеуметтік қамқорлығына алып, оны демографиялық өсудің кепілі ретінде қарап ұлттық қауіпсіздік мәселесінің деңгейінде оған саяси мән берілуі қажет.

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

 

  1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы.- Алматы: Дәуір, 1992.- 56 б.- 20-21 б
  2. Мұхамеджанов М.Ә. Қазақстандағы әлеуметтік саясаттың кейбір  мәселелері. // Ақиқат.- 2002.- №4.- 39-40 б
  3. Сапарбаев Б. Халықты жұмыспен қамту. // Мирас.- 2008.- №8.-89-91б
  4. С.Ақтаев. Берекелі бәсеке бағдарламасы – ендігі болашақ.- Парасат.-2006.- №8.-9-12б
  5. Кедейшілікпен күресу. «Нұр-Астана».-2005 31наурыз 5-7б
  6. www.kazsocium.kz
  7. http://www.1tv.kz
  8. http://www.agu.kz
  9. www.stat.gov.kz

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Әлеуметтік саясат