Лизинг

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2011 в 07:22, курсовая работа

Описание

Лизинг түсінігі үш негізгі аспектілерді қамтиды:
1. Лизинг маркетингтің белсенді бөлігі ретінде қызмет атқарады:
а) машина –техникалық өндіріс ретінде ұйымдастырылады;
б) материалдық – техникалық өндірісті қамтамасыз етеді;
2. Лизинг – ішкі нарыққа капитал салу және инвестициялық форманы ұйымдастырады:
а) банктік қызметтің жаңа формасы ретінде көрінеді;
б) лизинг – лизингтік компанияларды несиесіз қаржыландыру көздері.
3. Лизинг – экономикалық жоспардың ұйымдастыру формасы:
а) ұлттық экономикада сыртқы нарықтық бәсекелестікті көтеру;
б) мемлекеттің сыртқы қарыздарының көбеюіне жол бермеу.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................3
Бөлім 1. Лизинг туралы жалпы түсінік.
1.1.Лизингтің шығу тегі, пайда болуы.................................................5
1.2.Лизингтің негізгі түрлері.................................................................6
Бөлім 2. ҚР лизинг бизнесі.
2.1.Лизингтік операциялар есебі.........................................................12
2.2.Лизингтік келісімшарт....................................................................25

Бөлім 3. ҚР лизингтің сыртқы жағдайы
3.1.ҚР лизингтің даму жолдары. .........................................................27
3.2. Лизингтік қызметтер нарығының сегменттері............................28
3.3.Лизингтің артықшылықтары мен кемшіліктері...........................36
Қорытынды............................................................................................39
Пайдаланған әдебиеттер.......................................................................42

Работа состоит из  1 файл

Лизинг.doc

— 193.50 Кб (Скачать документ)

     б) Негізгі борыш сомасына:

     Дт 1050 «Банктердің корреспонденттік  есепшоттары»

     Кт 5452 «Басқа банктерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша арнайы резервтерге (мәжбүрлі шығындарға) ақша бөлу»

          5455 «Клиенттерге берілген қарыздар  және қаржы лизингі бойынша  арнайы резервтерге (мәжбүрлі  шығындарға) ақша бөлу» бір кезекте,  шығын 7130 «Шығынға шығарылған борыштар».

     Қаржылық лизинг бойынша берешекті  өтеу келесі жылы жүргізілетін  болса, ағымды жылда мынадай  бухгалтерлік жазба жасалады:

     а) Айып, өсімақы немесе тұрақсыздық  жне сыйақы сомасына:

     Дт 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары»

     Кт 4921 «Банк қызметінен өзге кірістер» бір кезекте, шығын 7130 «Шығынға шығарылған борыштар».

     ә) Шығындар шотында (мәжбүрлі  шығындар бойынша) қаржы боған  кезде, қаржылық лизинг бойынша  негізгі борыш сомасына:

     Дт 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары»

     Кт 5452 «Басқа банктерге берілген  қарыздар және қаржы лизингі  бойынша арнайы резервтерге (мәжбүрлі  шығындарға) ақша бөлу»

          5455 «Клиенттерге берілген қарыздар  және қаржы лизингі бойынша  арнайы резервтерге (мәжбүрлі шығындарға) ақша бөлу» бір кезекте, шығын 7130 «Шығынға шығарылған борыштар».

     б) Шығындар шотында (мәжбүрлі  шығындар бойынша) қаржы жеткіліксіз  боған кезде, қаржылық лизинг  бойынша негізгі борыш сомасына:

     Дт 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары»

     Кт 4921 «Банк қызметінен өзге кірістер» бір кезекте, шығын 7130 «Шығынға шығарылған борыштар».

     Лизинг алушы банкіде операциялар келесі ретпен жүргізіледі:

     Жасалған лизинг келісіміне сәйкес, лизинг алушыға лизинг заты  барлық нәрселерімен және тиісті құжаттар беріледі. Бұл кезде келесі бухгалтерлік жазба жасалады:

     Дт 1655 «Қаржылық лизингке алынған  негізгі құралдар»

     Кт 2057 «Басқа банктерден алынған  қаржы лизингі»

           2227 «Алынған қаржы лизингі».

     Ай сайын айдың соңғы жұмыс күнінен кешіктірмей лизинг алушы лизинг бойынша сыйақы сыйақы қосады және келесі бухгалтерлік жазбаны жүргізеді:

     Дт 5057 «Басқа банктерден алынған  қаржы лизингі бойынша сыйақыны  төлеумен байланысты шығындар»

           5227 «Алынған қаржы лизингі бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығындар»

     Кт 2705 «Басқа банктерден алынған  қарыздар және қаржы лизингі  бойынша есептелген шығындар».

     Егер лизинг алушы өзінің меншікті  қаржылары есебінен және лизинг  берушінің жазбаша келісімімен лизинг затына зиян келтірмейтін жақсарту жүргізсе, лизинг беруші лизинг алушы алдындағы бұл жақсартудың құнын өтеу бойынша лизинг келісімінің әрекет ету мерзімі аяқталғанда өз міндеттемелерін мойындайды, бұл кезде келесі бухгалтерлік жазба жасалады:

     Дт 1860 «Банк қызметі бойынша өзге дебиторлар»

     Кт 4922 «Банктік емес қызметтен  өзге кірістер».

     Лизинг келісімімен құралған  төлемдерді мерзімінде төлегенде,  лизинг алушы мынадай бухгалтерлік  жазба жасайды:

     а) лизинг бойынша есептелген  сыйақыны өтеу бойынша:

     Дт 2705 «Басқа банктерден алынған  қарыздар және қаржы лизингі  бойынша есептелген шығындар»

     Кт 1050 «Банктердің корреспонденттік  есепшоттары».

     ә) лизинг затын алу, жеткізу  және лизинг келісімін жасау  кезіндегі баға бойынша лизинг келісіміне сәйкес мақсатында қолдану үшін жұмыс жағдайында келген шығындар мен басқа да кез келген шығындарды қалпына келтіру бойынша:

     Дт 2057 «Басқа банктерден алынған  қаржы лизингі»

           2227 «Алынған қаржы лизингі».

     Кт 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары».

     Тозу құны банктің есеп саясатына  сәйкес есептеледі. Егер жалдау  мерзімінің соңында меншік құқы  лизинг алушыға өтетініне толық  сенімділік болмаса, өте қысқа  екі кезеңнің бірінде активке  тозу құны есептеледі: жалдау  мерзімі немесе оны тиімді қолдану мерзімінде бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:

     Дт 5784 «Қаржы лизингі бойынша  алынған негізгі құрал – жабдықтар  бойынша амортизациялық аударымдар»

     Кт 1695 «Қаржы лизингі бойынша  алынған негізгі құрал – жабдықтар  бойынша есептелген амортизация».

     Лизинг алушы сыйақы бойынша  төлемді, сондай – ақ қаржылық  лизинг бойынша негізгі борыш  сомасы кешіктірілгенде, келесі  бухгалтерлік жазба жасалады:

     а) Есептелген сыйақының сомасына:

     Дт 2705 «Басқа банктерден алынған қарыздар және қаржы лизингі бойынша есептелген шығындар»

     Кт 2741 «Алынған қарыздар және  қаржы лизингі бойынша мерзімі  өткен сыйақылар».

     ә) Негізгі борыш сомасына:

     Дт 2057 «Басқа банктерден алынған  қаржы лизингі»

           2227 «Алынған қаржы лизингі»

     Кт 2058 «Басқа банктерден алынған  қарыздар және қаржы лизингі  бойынша мерзімі өткен берешек» 

           2225 «Банктің клиенттермен жасалған  өзге операциялары бойынша мерзімі  өткен берешегі».

     Есептелген сыйақы мен негізгі  борыш уақтылы бір кезде төленбесе (егер бұл лизинг келісімінде көрсетілмесе) лизинг беруші айып, өсімақы және тұрақсыздық сомасын есептейді. Бұл кезде:

     а) Айып, өсімақы және тұрақсыздық  сомасына:

     Дт 5900 «Тұрақсыздық айыбы (айыппұл,  өсімпұл)»

     Кт 2860 «Банктік қызмет бойынша өзге кредиторлар».

     ә) Мерзімі ұзартылған сыйақы  сомасына:

     Дт 2741 «Алынған қарыздар және  қаржы лизингі бойынша мерзімі  өткен сыйақылар»

     Кт 1050 «Банктердің корреспонденттік  есепшоттары».

     б) Негізгі борыш сомасына:

     Дт 2058 «Басқа банктерден алынған  қарыздар және қаржы лизингі  бойынша мерзімі өткен берешек»

     Кт 1050 «Банктердің корреспонденттік  есепшоттары».

     Лизинг келісімінің әрекет ету  мерзімі аяқталған соң лизинг  заты лизинг шартының келісіміне  сәйкес лизинг алушыдан лизинг берушіге қайтарылады, егер лизинг толық амортизацияланбаса, онда лизинг аушы аталған лизинг затын қабылдап - өткізу акті бойынша реттейді, ал егер лизинг заты толық амортизацияланбаса, онда қалдық құн сомасына келесі бухгалтерлік жазба жасалады:

  • Есепелген амортизация сомасына:

     Дт 1695 «Қаржы лизингі бойынша  алынған негізгі құрал – жабдықтар  бойынша есептелген амортизация»

     Кт 1655 «Қаржы лизингіне қабылданған  негізгі құрал – жабдықтар»

  • Қалдық құнына:

     Дт 2057 «Басқа банктерден алынған қаржы лизингі»

           2227 «Алынған қаржы лизингі»

     Кт 1655 «Қаржы лизингіне қабылданған  негізгі құрал – жабдықтар».

     Егер лизинг келісімінің шарты  бойынша лизинг заты қайтарылмаса  және аталған лизинг заты толық  амортизацияланбаса, онда лизинг  алушының лизинг берушіге қалдық  құнды қалпына келтіруі лизинг  келісімшартымен реттеледі. Бұл  кезде лизинг алушыға лизинг  затының құнын негізгі құралдар құрамына есептеуде мынадай бухгалтерлік жазба жасалады:

  • Қалдық құн сомасына:

     Дт 1652 «Жер, үйлер мен ғимараттар»

           1653 «Компьютерлік қондырғылар»

           1654 «Басқа да негізгі құралдар»

           1655 «Қаржылық лизингке алынған негізгі құрал – жабдықтар»

           1658 «Көліктік құралдар»

     Кт 1655 «Қаржы лизингіне қабылданған  негізгі құрал – жабдықтар».

  • Есептелген сыйақы сомасына:

     Дт 1695 «Қаржы лизингі бойынша  алынған негізгі құрал – жабдықтар  бойынша есептелген амортизация»

     Кт 1692 «Үйлер және ғимараттар  бойынша есептелген амортизация»

           1693 «Компьютерлік жабдықтар бойынша  есептелген амортизация»

           1694 «Өзге негізгі қрал жабдықтар  бойынша есептелген амортизация».

     Егер бұл заңда немесе лизинг келісімінде қарастырылмаса, лизинг алушы лизинг берушінің жазбаша келісімімен лизинг затын қосалқы лизингке өткізуге құқылы. Лизинг алушы үшінші тұлғаға лизинг келісімі бойынша төлемдерді төлеу міндеттемесін жолдауына болмайды. Лизинг затын қосалқы лизингке жолдау кезінде лизинг алушының банкінде жазба жасалады:

     а) Лизинг затының баланстық  құнына:

     Дт 1655 «Қаржылық лизингке алынған  негізгі құрал – жабдықтар»

     Қосалқы лизингке жолдаған лизинг  заты құнының есебі үшін жеке  дербес шот:

     Кт 1655 «Қаржылық лизингке алынған  негізгі құрал – жабдықтар».

     Лизинг заты қосалқы лизингке  берілген әрбір клиент бойынша  1655 шотта жеке дербес шоттар  ашылады.

     ә) Есептелген амортизация сомасына:

     Дт 1695 «Қаржы лизингі бойынша алынған негізгі құрал – жабдықтар бойынша есептелген амортизация»

     Кт 1695 «Қаржы лизингі бойынша  алынған негізгі құрал – жабдықтар  бойынша есептелген амортизация».

     1695 шотта қосалқы лизингке жолданған  әрбір лизинг заты бойынша  жеке дербес шоттар ашылады.

     Ай сайын айдың соңғы жұмыс  күнінен кешіктірмей лизинг алушы  қосалқы лизинг бойынша сыйақы  төлеуді жүзеге асырады. Бұл  кезде келесі бухгалтерлік жазба  жасалады:

     Дт 1860/1 «Банк қызметі бойынша  өзге дебиторлар»

     Кт 4801 «Жал бойынша кірістер».

     Сонымен қатар 1860/1 шотында лизинг  заты қосалқы лизингке берілген  әрбір клиент бойынша жеке  дербес шоттар ашылады.

     Лизинг алушы қосалқы лизингке  жолданған лизинг заты бойынша  есептелген кірістерді өтеу кезінде  келесі бухгалтерлік жазба жасалады:

     Дт 1050 «Банктердің корреспонденттік  есепшоттары»

     Кт 1860/1 «Банк қызметі бойынша  өзге дебиторлар».

     Клиент мерзімі ұзартылған сыйақы  сомасына қосалқы лизинг бойынша  төлемдерді кешіктірген кезде  келесі бухгалтерлік өткізбе жасалады:

     Дт 1860/2 «Банк қызметі бойынша  өзге дебиторлар»

     Кт 1860/1 «Банк қызметі бойынша  өзге дебиторлар».

     Сонымен қатар, 1860/2 шотта қосалқы  лизинг бойынша мерзімі өткен  төлемдері бар әрбір клиент  бойынша жеке дербес шоттар  ашылады.

     Сол уақытта лизинг алушы айыппұл, өсімақы және тұрақсыздық сомасын (егер бұл қосалқы лизинг келісімінде көрсетілсе) есептейді. Бұл кезде келесі жазба жасалады:

Информация о работе Лизинг