Лизингтің құқықтық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Ноября 2011 в 13:42, лекция

Описание

Лизинг – бұл жалға берушінің уақытша бос немесе тартылған қаржы қаражаттарын инвестициялау. Бұл кезде жалға беруші белгілі бір сатушыдан өз меншігіне келісім-шартта көрсетілген мүлікті сатып алуға міндетті болады және осы мүлікті жалданушыға уақытша пайдалануға, ақылы негізде, беруге міндетті болады және оны кейін сатып алу құқығының бар болуын көрсетеді.

Работа состоит из  1 файл

Лизингтің құқықтық негіздері.doc

— 47.50 Кб (Скачать документ)

Лизингтің құқықтық негіздері 

      Лизинг – бұл жалға берушінің уақытша бос немесе тартылған қаржы қаражаттарын инвестициялау. Бұл кезде жалға беруші белгілі бір сатушыдан өз меншігіне келісім-шартта көрсетілген мүлікті сатып алуға міндетті болады және осы мүлікті жалданушыға уақытша пайдалануға, ақылы негізде, беруге міндетті болады және оны кейін сатып алу құқығының бар болуын көрсетеді.  

      Лизинг дегеніміз аренда келісім-шарты. Ол жалға беруші өз иелігіндегі жабдықтарды, машиналарды, ЭЕМ, оргтехниканы, транспорттық құраларды, өндірістік, сауда және қойма мәні бар құрылғыларды жалданушыға белгілі бір мерзімге, өзіне проценттік ставканы қосатын, жалданушының ақша нарығындағы тартылған қаражаттардың құнын жабатын, банктің пайдасын есепке алатын және мүліктің амортизациясын ескеретін, анықталған арендалық төлем негізінде беруді білдіреді.

     Сатып алу-сату келісім-шартында тауарға  иелік ету құқығы сатушыдан сатып  алушыға өтеді, ал лизингте аренда келісім  шартын жасасқан кезінде, мүлікке ие болу құқығы жалға берушіде қалады. Лизингтік келісім шартының мерзімі аяқтаған соң, жалданушы лизингтік жабдықты келісілген бағада сатып алу, келісім шарт мерзімін ұзарту немесе жалға берушіге жабдықты қайтару мүмкіндігі болады.

     Лизингтің нысандары:

  1. қатысушылар құрамына байланысты:
    • тура лизинг, келісім шарт екі жақ арасында жасалынады, яғни жалға беруші және жалға алушы арасында;
    • жанама лизинг, келісім шарт үш немесе одан да көп жақтар арасында жасалынады, яғни жалға беруші, жалға алушы және делдал арасында.
  2. мүлік нысанына  байланысты:
  • жылжитын мүлік лизингі ( жабдықтар, техника, автомобильдер, кемелер,ұшақтар, т.б.), соның ішінде жаңа және қолданыста болғандар.
  • жылжымайтын мүлік лизингі ( жалға беруші ғимараттарды, құрылғыларды жалға алушы тапсырысы бойынша салады немесе сатып алады).
  • қолданыста болған лизинг мүлігі.

     3. мүліктің өтелімділігі бойынша:

  • толығымен өтелінетін лизинг, келісім шарт мерзімі ішінде жалданатын мүліктің құны толығымен өтелінеді;
  • жартылай өтелінетін лизинг, бір келісім шарт мерзімі ішінде мүліктің жартылай амортизация өтеді және оның жартысы ғана өтелінеді.

      4. амортизация деңгейіне байланысты:

  • толық амортизация деңгейі;
  • толық емес амортизация деңгейі.

     5. қызмет көрсету мөлшері бойынша:

  • таза, мүлікке қызмет көрсеткенге кететін шығындарды лизинг алушы өзіне алады;
  • толық, мүлікке қызмет көрсеткенге кететін шығындарды лизинг алушы өзіне алады.
  • жартылай, мүлікке қызмет көрсетуге байланысты функциялардың жартысын лизинг берушіге жүктелінеді.

      6. Нарық секторына байланысты:

  • ішкі, келісім шарттың барлық тұлғалары бір елді ұсынады;
  • халықаралық, келісім шарттың бір ғана тұлғасы немесе барлық тұлғалар әртүрлі елдерде орналасса, сонымен қатар жақтардың бірі өзара кәсіпорын болған жағдайда. Халықаралық лизинг:
  • импорттық – егер лизинг беруші мен лизинг алушы бір мемлекетте, ал жабдықтаушы басқа елде болса.
  • экспорттық – егер жабдықтың өндірушісі және лизинг беруші бір мемлекетте орналасса, ал лизинг алушы басқа елде болса.   
  • транзиттік – егер барлық қатысушылар әртүрлі мемлекеттерде орналасса.  

     7. лизингтік төлемдер  сипатына байланысты:

  • ақшалай төлемді лизинг (барлық төлемдер ақшалай нысанда);
  • өтемақы төлемді лизинг (жалға алынған жабдықта өндірілген тауарларды жеткізу);
  • аралас төлемді лизинг.

      8. Салық және амортизациялық жеңілдіктерге қатысты:

  • нақты – жалға беруші инвестициялық жеңілдік және жедел амортизация секілді, ал жалға алушы арендалық төлемдерді салықты төлеу үшін алынатын табыстардан шегере алу сияқты салықтық жеңілдіктерге ие болады.
      • жалған – мәміле спекулятивті сипатта болады және ең жоғарғы пайда алу мақсатында негіссіз салықтық және амортизациялық мәміле жасасу негізінде жүргізіледі.
  1. қаржыландыру әдісіне байланысты:
  • мерзімдік лизинг, бір жолғы аренда жүзеге асырылатын лизинг;
  • жаңғыртымалы лизинг, лизинг келісім-шарты бірінші келісім-шарт аяқталған соң қайта жалғастырылады. 
  1. жалға алынатын мүлікке қатысты:
    • таза лизинг, бұл лизингте жалға алынған мүллікке байланысты шығындарды жалға алушы өзіне алады;
    • толық лизинг, бұл лизингте жалға алынған мүллікке байланысты шығындарды жалға беруші өзіне алады.
 

      Лизингтің түрлері:

        1. Қаржылық лизинг. Жалға беруші төлейтін төлем есебінен, жалға алынатын жабдықтың толық амортизациясын білдіретін ұзақ мерзімді келісім-шарт.

      Қаржылық  лизинг келесі негізгі  белгілермен сипатталады:

          • Үшінші тұлғаның қатысуымен;
          • Келісім-шарттың мерзімі аяқталуына дейін келісім-шартты бұзу мүмкіндігінің болмауы;
          • Лизингтік келісім периодын одан әрі жалғастыру мүмкіндігінің жоқтығымен;
          • Қаржылық лизингте негізінен объектілер жоғары құнға ие болады.

       Осындай келісімдер аренданың уақытына дейін  аяқталуын көздемегендіктен, арендалық  төлем сомасын дұрыс есептеу  өте маңызды болып келеді, себебі осы мүліктің иесіне жабдықты сатып  алуға және қолдануға байланысты барлық жоғалтуларды, сонымен қатар табыстылықтың қажетті нормасын өтеуге мүмкіндік береді. Лизингтің осындай нысанында мүлікті орнату мен сақтауға, ағымды қызмет көрсетуге байланысты шығындарды, көбінесе, жалға алушы өзіне алады. Көп жағдайда осындай келісімдер жалға алушының келісім-шарт аяқталған соң, мүлікті қалдықты құн немесе жеңілдікпен сатып алуға құқық береді. Жедел лизингкке қарағанда, қаржы лизингі мүлік иелерінің тәуекелін төмендетеді.

       Қаржылық  лизингтің объектілеріне жылжымайтын мүлік (жер, ғимараттар мен құрылғылар), сонымен қатар, өндірістің ұзақ мерзімді құралдары жатады. Қаржылық лизинг ұзақ мерзімді аренданың басқа екі түріне, қайтарымды және үлестік негіз болады. 

        1. Жедел лизинг. Ағымды аренда туралы келісім-шарт болып табылады. Жабдықты сатып алу мен қолдануға байланысты шығындар арендалық төлемдер есебінен бір лизингтік келісім-шартта өтелмейтіндіктен, осы жабдықты жалға бірнеше рет беруді талап етеді. Ол, көбінесе, 2 – 5 жылға келіседі. Жедел лизинг кезінде объктіге қатысты залал шегу мен жоғалтуға байланысты шығындарды жалға беруші өзіне алады. Лизингтік төлемдер ставкасы, көбінесе, қаржылық лизингке қарағанда жоғары болады, себебі шығындардың толық өтелетіндігіне ешкім кепілдік бермейді.

        Жедел лизингтің  негізгі объектілеріне жабдықтардың жедел тозатын түрлерін жатқызамыз: компьютерлер, көшірме және көбейткіш техника, оргтехниканың әр түрлі нысандары, т.б. және тұрақты сервистік қызметті талап ететін күрделі техникалық жабдықтар: (жүк және жеңіл автомобильдер, әуе лайнерлер, темір және теңіз транспорт).

      Жедел лизингтің шарттары жалға алушы үшін тиімдірек кенін байқауға болады.  Мысалы, егер жалға алушы моральды тозған жабдықтан келісім-шартты уақытының аяқталуына дейін күшін жойса, жалға алушының жаңа жоғары технологиялы және бәсекелесті құралдарды пайдалануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жалға алушы әртүрлі қолайсыз жағдай туындаған жағдайда, осы іскерлік түрінен бас тартуы мүмкін. Ол мүлік иесіне уақытына дейін жалға алынған мүлікті қайтарып, өндірістің жойылуына және қайта құруына байланысты шығындарды азайтуға  мүмкіндігі болады. Егер бір жолғы жобаларды немесе тапсырыстарды жүзеге асыру кезінде, жедел лизинг одан әрі қажетсіз болатын жабдықтар мен құралдарды сатып алудан босатады. 
 

Информация о работе Лизингтің құқықтық негіздері