Ұлттық есеп шоттар жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Ноября 2012 в 08:10, реферат

Описание

Ұлттық есеп жүйесi – елдегi экономикалық үрдістердің нәтижесiн, экономиканың құрылымын, ұлттық шаруашылықтағы өзара байланысты макродеңгейде көрсететiн нарықтық экономиканың статистикалық үлгiсi. Бұл үлгiде қолданылатын көрсеткiштер белгiлi бiр шоттар мен баланстық кестелер түрiнде берiледi. Ұлттық есеп жүйесi халықаралық анықтамаларға, конвенцияларға (халықаралық шарт), топтастыруларға, тұжырымдарға және есепке алу ережелерiне негiзделген.
Ұлттық есеп жүйесiнiң негiзгi мақсаты – экономиканың және оның секторларының дамуын талдау, экономиаклық саясатты жете зерттеп, белгiленген бағдарлама бойынша шешiм қабылдау үшiн әлеуметтiк – экономикалық статистиканың әр түрлi көрсеткiштерiн үйлесiмдi түрде қолдану.

Работа состоит из  1 файл

Л.docx

— 24.20 Кб (Скачать документ)

Л.Н.Гумилев  атындағы  Еуразия  ұлттық  университеті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                             Дайындаған:  Баксикова  Ж

                                                Тексерген:       Дошан А.С. 

 

 

 

 

2012  жыл

Ұлттық  есеп  шоттар  жүйесі

Ұлттық есеп жүйесi – елдегi экономикалық үрдістердің нәтижесiн, экономиканың құрылымын, ұлттық шаруашылықтағы өзара байланысты макродеңгейде көрсететiн нарықтық экономиканың статистикалық үлгiсi. Бұл үлгiде қолданылатын көрсеткiштер белгiлi бiр шоттар мен баланстық кестелер түрiнде берiледi. Ұлттық есеп жүйесi халықаралық анықтамаларға, конвенцияларға (халықаралық шарт), топтастыруларға, тұжырымдарға және есепке алу ережелерiне негiзделген.  
Ұлттық есеп жүйесiнiң негiзгi мақсаты – экономиканың және оның секторларының дамуын талдау, экономиаклық саясатты жете зерттеп, белгiленген бағдарлама бойынша шешiм қабылдау үшiн әлеуметтiк – экономикалық статистиканың әр түрлi көрсеткiштерiн үйлесiмдi түрде қолдану.  
        Ұлттық есеп жүйесi – жан жақты жүйе, оны әр түрлi салалардың мiндеттерiн шешу үшiн қолдануға болады. Ол елдiң макроэкономикалық көрсеткiштерiн басқа елдердiң осындай көрсеткiштерiмен салыстыруға мүмкiндiк бередi. Соынмен қатар, әр елдiң ерекшелiгiн ескере отырып, бұл жүейнiң шоттарын, экономика секторларын көрсеткiштерiн нақтылауға, өзгертугеболады. 
        Ұлттық есеп жүйесiн экономиканың әр түрлi саласында қолану арқылы мына мiндеттердi шешуге болады: 
- мемлекеттiк реттеу шараларын жете зерттеу. Ұлттық есеп жүйесiнде экономиканың салалары, секторлары, әр түрлi экономикалық қатынастар туралы ақпараттардың болуы жоғарыда аталған мiндеттi шешуге көмектеседi. ҰЕЖ – нiң ақпараттарын пайдалана отырып, мемлекеттiң, шаруашылық субъектiлерiнiң тұтыну шығындарын тексеруге, қажеттi деп саналатын салық және бюджет саясатын жүргiзуге, сыртқы сауда мен сыртқы экономикалық байланыстарды жақсартуға жағдай жасауға, айналымдағы ақша массасын реттеуге, инфляцияға қарсы күрес шараларын жүргiзуге, т.б. макроэкономикалық саясаттарды реттеуге болады; 
- макрокөрсеткiштердi пайдалана отырып, талдау жасау, экономикалық айнымалы көрсеткiштер арасындағы функционалды байланыс параметрлерiн бағалау негiзiнде және уақыт қатарларын қолданып, экономиканың дамуының үлгiсiн құру; 
- экономикалық даму стратегиясын жетiлдiру және оны iске асыратын шешiмдердi қабылдау; 
ұлттық есеп жүйесiнiң негiзгi көрсеткiштерi – жалпы iшкi өнiм мен қолда бар жалпы ұлттық табыс арқылы халықаралық салыстыру жүргiзу.

Ұлттық өндірістің макроэкономикалық  нәтижесіне алғаш рет баға беру Ф.Кенэ бастаған физиократтардың үлесіне  тиеді. Ол осы туралы өзінің көзқарасын «экономикалық кесте» (1758 ж.) деген  белгілі еңбегінде баяндаған. Ф.Кенэ Францияның 18-ші ғасырдағы экономикасын негізге ала отырып, жай ұдайы  өндірістегі балансты талдауды көрсетті.

Кейінірек макроэкономикалық  элементті талдауды Д. Рикардо (1771-1823ж.ж.) «Саяси экономияның басы және салық  салу» (1817ж.), Т.Р. Мальтус (1766-1834ж.ж.) «Тұрғындар саны заңының тәжірибесі»(1798ж.), К.Маркс (1818-1883жж.) «Капитал» (1867ж.) сияқты еңбектерінде қолданды. Ұлттық есеп-шот жүйесін  жүргізуге неокласикалық мектептің  өкілдері.У.Джевонс (1835-1882жж.) пен Л.Вальрас (1834-1910жж.) белгілі үлес қосты. Ұлттық есеп-шот жүргізу теориясының  дамуына Дж. М. Кейнс (1883-1946жж.) пен  С.Кузнец (1901-1983жж.) айтарлықтай еңбек  сіңірді.

Өнеркәсібі дамыған барлық елдерді шалқасынан түсірген «Ұлы тоқырау» деп аталған 1929-1933-ші жылдардағы экономикалық дағдарыс макроэкономикалық талдаудың  қажеттілігін көрсетті.Сондықтан ұлттық өнім құрылуының факторларын, жұмыссыздық  пен инфляция сауалдарын, экономикалық өсу қарқынын және ұлттық өндіріс  көрсеткіштерін болжай білу тек ұлттық есеп-шот жүйесін жүргізу арқылы шешіледі. Осы кезден бастап ғалымдар экономика нәтижесіне баға беру мәселесін  және ұлттық табысты есептеуді біліп  — зерттеумен қоян — қолтық айналыса бастады.

Қазіргі ұлттық есеп-шот  жүйесін жүргізуді (ҰЕшжЖ) жасаудың тәжірибелік жұмыстарын ағылшын  экономисі Р.Стоун (1913ж.) енгізді.Алғашқы  рет оның ҰЕшжЖ сызбасы 1953-і жылы БҰҰ — ның статистикалық бөлімінде  басылып шықты. Ұлттық есеп-шот оның жүйесін деметрикалық түрде бейнелеген, онда әрбір есеп — шот көлденең (табыс) және тік (шығын) матрицаларда көрсетілген. Ұлттық есеп — шот жүйесін құрудағы ертеректегі талпыныстан Р.Стоун  ұсынған айырмашылық сол. Ол алғаш  рет макродеңгейде екі еселей жазу принципінің «қоғамдық матрицаларда»  қолданды. Стандарттық сипаттамалар — ұлттық өнім, тұтыну, сауда балансы  және басқалары солай топталған, олар экономика құрылымы мен оның қызмет жасау процесінде толыққанды бейнеленгенін көрсетеді. Мұнда  сондай — ақ қаржы балансы, ұлттық есеп — шот жүйесі және демографиялық  есептеп шығару жүйесі енген.

Қоғамдық өндірістің макроэкономикалық  көрсеткіш-терінің ең маңыздысы: жиынтық (жалпы) қоғамдық өнім, жалпы ұлттық өнім, ұлттық табыс болып табылады.

Экономикалық әдебиетте  және шаруашылық тәжірибеде қоғамдық өнімнің мөлшерін анықтауда дәстүрлі көзқарас бойынша, қызмет көрсетудің материалдық емес өндірісі оған енбейді. Бұл өнім жиынтық (жалпы) қоғамдық өнім (ЖКӨ) болып аталады. Дүниежүзілік шаруашылық тәжірибеде қалыптасқан келесі көзқарас бойынша, қоғамдық өнім мөлшерін есептегенде мынаны ескереді: өндірілген өнім массасы материалдық өндіріс өнімінің ғана емес, сондай — ақ қызмет көрсетудің материалдық емес өндіріс қызметтерін де ендіреді. Бұл өнім жалпы ішкі өнім болып табылады.

 

Халықаралық  сауданың  табыстарға  әсері

 

Халықаралық сауданың барлық теориялары сұраныс пен ұсыныстың  әлемдік балансы негізінде тепе-теңдік бағасының қалыптасу заңдылықтарына ерекше назар аударады. Осы баға көптеген жағдайларда бір-бірімен  өзара саудаласатын елдердің ішкі бағаларынан  ерекшеленетіндіктен елдер арасында, сондай-ақ олардың ішінде халықаралық  саудадан түскен табысты бөлу мәселесі туындайды. Ел ішінде осы факторлар  көмегімен өндірілген соңғы тауарлар бағасының өзгеруі нәтижесінде  өндіріс факторларының иелері табыстарға (шығындарғаие болады. Абсолютті және салыстырмалы артықшылықтардың классикалық  теориялары халықаралық сауда ел ішіндегі табыстардың бөлінуіне  ықпал етпейді деген.

Хекшер—Олиннің өндіріс  факторларының өзара ара-қатынас  теориясы салыстырмалы артық өндіріс  факторларының иелері саудадан ұтысқа ие болып, ал салыстырмалы жеткіліксіз  өндіріс факторларының иелері ұтылатынын көрсеткен. Осыдан мынадай қорытынды  шығаруға болады: алғашқылары еркін  сауда үшін, ал екіншілері оған қарсы  шығады.  Алайда, Хекшер—Олин—Самуэльсонның  өндіріс факторларына бағаларды  теңестіру теориясы сауда-саттық нәтижесінде  тауарлардың салыстырмалы бағаларын  теңестіру өндіріс факторларының  салыстырмалы бағаларын теңестіруге  әкелетінін көрсетті.

Өндіріс факторларының ара-қатынас  теориясының жеке жағдайы ретінде  қарастыруға болатын өндірістің ерекше факторларының теориясы  халықаралық саудадан түсетін табыстарды бөлу мәселесіне қатысты екі мәселеге жауап бермеген. Өндіріс факторларының  бағалары қалайша бекітіледі және тауарлардың  бағалары жоғарылағанда немесе төмендегенде олардың иелерінің табыстары  қалай өзгереді? Және бір өндіріс  фактор ұсынысының артуы өндіріс  көлеміне, экспорт көлеміне және табыстар көлеміне қалай әсер етеді? Осы сұрақтарға халықаралық сауданың жаңа теорияларының  қатарына жатқызылатын екі теория жауап  берді: Столпер—Самуэльсонның өндіріс  факторларының бағаларына ықпал  ету теориясы және  Рыбчинскийдің өндіріс өсіміне факторлар өсімінің ықпал ету теориясы. Осылардың барлығы төмендегі  кестеде көрсетілген.

Халықаралық сауданың түсіндірмесі

Табыстардың бөлінуін түсіндіру

Абсолютті және салыстырмалы артықшылықтар теориясы

Табыстарды бөлу мәселесі қарастырылмады

Өндіріс факторларының ара-қатынас  теориясы

Хекшер — Олин: салыстырмалы артық өндіріс факторларының иелері ұтысқа ие болып, салыстырмалы жеткіліксіз өндіріс факторларының иелері ұтылады.

 

 

Хекшер — Олин — Самуэльсон: тауарларға салыстырмалы бағаларды теңестіру өндіріс факторларына салыстырмалы бағалардың теңесуіне әкеледі (өндіріс факторлары иелеренінің табыстары)

Ерекше өндіріс факторлары

Самуэльсон — Джонс: экспортты салалар үшін тән болып табылатын факторлар иелерінің табыстары ұлғаяды, ал импортпен бәсекелесуші салалар үшін тән болып табылатын факторлар иелерінің табыстары азаяды

 

 

Столпер — Самуэльсон: халықаралық сауда бағасы өсетін тауар өнідісі үшін интенсивті қолданылатын фактор иесінің табысының өсуіне әкеліп, бағасы төмендейтін тауар өндірісі үшін қолданылатын фактор бағасының төмендеуіне әкеледі.

 

 

Рыбчинский: бір фактордың ұсынысының артуы өндірістің пайыздық артуы мен интенсивті қолданылатын саладағы табыстардың артуына әкеледі





 

Халықаралық сауданың түсіндірмесі  Табыстардың бөлінуін түсіндіру

Абсолютті және салыстырмалы артықшылықтар теориясы  Табыстарды бөлу мәселесі қарастырылмады

Өндіріс факторларының ара-қатынас  теориясы  Хекшер — Олин: салыстырмалы артық өндіріс факторларының иелері ұтысқа ие болып, салыстырмалы жеткіліксіз өндіріс факторларының иелері ұтылады.

  Хекшер — Олин — Самуэльсон: тауарларға салыстырмалы бағаларды теңестіру өндіріс факторларына салыстырмалы бағалардың теңесуіне әкеледі (өндіріс факторлары иелеренінің табыстары)

Ерекше өндіріс факторлары Самуэльсон — Джонс: экспортты салалар үшін тән болып табылатын факторлар иелерінің табыстары ұлғаяды, ал импортпен бәсекелесуші салалар үшін тән болып табылатын факторлар иелерінің табыстары азаяды

  Столпер — Самуэльсон: халықаралық сауда бағасы өсетін тауар өнідісі үшін интенсивті қолданылатын фактор иесінің табысының өсуіне әкеліп, бағасы төмендейтін тауар өндірісі үшін қолданылатын фактор бағасының төмендеуіне әкеледі.

  Рыбчинский: бір фактордың ұсынысының артуы өндірістің пайыздық артуы мен интенсивті қолданылатын саладағы табыстардың артуына әкеледі.

Салыстырмалы артық факторлар  неғұрлым көбірек интенсивті және неғұрлым азырақ интенсивті тауарлар өндірісі үшін пайдаланылуы мүмкін. Сәйкесінше, салыстырмалы жеткіліксіз факторлар  салыстырмалы көбірек интенсивті немесе салыстырмалы азырақ интенсивті тауар  өндірісі үшін қолданылуы мүмкін. Мысалы, егер капитал аталмыш елде салыстырмалы артық фактор болып, капитал сыйымды  тауарға жұмсалса, бұл оның салыстырмалы неғұрлым көбірек интенсивті қолданылатынын білдіреді. Егер де ол қандай да бір  шамада еңбек сыйымды тауарға  жұмасалатын болса, онда оның салыстырмалы неғұрлым төменірек қолданылатынын білдіреді.


Информация о работе Ұлттық есеп шоттар жүйесі