Ұлттық экономика
жүйе ретінде негізгі макроэкономикалық
көрсеткіштер.
1.Экономикалық теория
да шаруашылық практикасы сияқты
қоғамдық өнімнің әр қилы өлшемдерін
пайдаланады. Бұл әр қилылық мына жайлармен
байланысты: біріншіден, қоғамдық өнімді
сипаттауға теориялық тұрғыдан жан-жақты
қарау; екіншіден (бұл бірінші жағдайдан
туындайды) статистикалық есептеудің
сан алуан методологиясы, үшіншіден, қоғамдық
өнім қозғалысының әр түрлі сатысы тиісінше
макроэкономикалық көрсеткіштерді талап
етеді.
Кеңес елінің саяси экономикасында
материалдық өндіріс саласына жұмсалған
еңбек қоғамдық өнімді өндіреді деп түсіндіріледі.
Материалдық өндірісте тысқары қалғандар
қайта бөлуден кейін қоғамдық өнімді тұтыну
саласын құрайды. Демек, бұрынғы КСРО-да
жиынтық өнім материалдық өндіріс саласы
өнімдерінің қосындысы ретінде анықталды
(өнеркәсіптің, құрылыстың, ауыл шаруашылығы
мен орман шаруашылығыныңжүк транспортының,
байланыстың (материалдық өндіріске қызмет
ететін бөлігі), материалдық-техникалық
жабдықтау, ауыл шаруашылығы өнімдерін
дайындаудың, сауда мен қоғамдық тамақтандырудың,
металл қалдықтарын жинау мен дайындау,
кинофильм өндірісінің, кітап және газеттерді
баспадан шығару, отын дайындау т.б. салалары).
Айналыс саласында өндіріс процесінің
қорытындысын саудадан анықтау практикалық
тұрғыдан мүмкін болмағандықтан КСРО
статистикасында сауда толығымен өндірістік
салаға жатқызылды, сөйтіп жалпы өнім
мен ұлттық табысты есептеудің құрамдас
бөлігіне айналды.
Материалдық өндіріс саласы
материалдық игіліктерді өндіруші салаларды
қамтитыны белгілі (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы,
құрылыс), сонымен қатар материалдық қызмет
көрсету саласы (өнімдерді) тұтынушыларға
жеткізуші транспорт пен сауда, коммуналды
шаруашылық, тұрмыстық қызмет көрсету,
атап айтқанда, киім тігу мен жөндеу, киімді
жуу, тазалау, радио және электрлік тұрмыс
тауарларын жөндеу т.б.
Соңғы отыз жылда ғылыми-техникалық
революцияның қарқынды және терең дамуына
байланысты материалдық өндіріс түбегейлі
өзгерістерге ұшырады. Жаңа технологияның
пайда болуы мен қоғамдық еңбектің тереңдеуі,
қоғамдық бүкіл-әлеуметтік шаруашылық
жүйесінің күрделенуі жаңа салалардың
пайда болуына, ал ескі салалардың рөлі
өзгеріп, жаңаша сипатқа ие болуда. Мысалы,
ғылым бірте-бірте қоғамның тікелей өндіргіш
күшіне айналуда. Күрделі де, көп салалы
және көп дәрежелі қоғамдық өндіріс организмі
осы мамандығы терең де жоғары басқарушылар
мен ұйымдастырушыларды, қаржы-несие мәселелері,
маркетинг т.б. бойынша маман кадрларды
талап етуде. Бұл қызметкерлердің еңбегіне
деген сұраныс, еңбекті өнімді және өнімсіз
деп бөлудің қандай да болмасын жолдарының
теориялық негізін жоюда.
Материалдық емес игіліктерді
(рухани байлықтарды) өндіретін сонымен
қатар материалдық емес қызмет көрсететін
сала (денсаулық сақтау, білім беру, ғылыми
болжам жасау) үлкен маңызға ие болуда.
Аталған салалардың барлығы да ұдайы өндірісте
және өндірістің басты факторы – жұмыс
күшіне баға белгілеуде тікелей қатынасады.
Көрсетілген салалардың даму деңгейі
еңбек өнімділігінің дәрежесімен қоғамдық
өндірістің тиімділігіне ықпал етеді.
Жоғарыда айтылғандарды
ескере отырып, жалпы (жиынтық) қоғамдық
өнім, қоғамның бір жыл ішінде өндірілген
материалдық игіліктер қосындысы десек,
онда тек материалдық өндірісте еңбек
ететіндердің қоғамдық еңбегі – қазіргі
экономиканың жағдайын сипаттайтын өлшем
деп айтуға болмайды.
Жалпы қоғамдық өнім көрсеткішінде
еңбек заттары қайталама (екінші
рет) есептеліп отыр, яғни шикізат
материалдар, аспаптар, отын, энергия.
Мұндай қайталама есеп біртекті еңбек
заттарын өндіріс циклының әр қилы сатысында
есептеуіне байланысты орын алды.
Бір айта кететін жағдай, батыс
статистикасында қайталама есепте үстеме
құн көрсеткішін пайдаланады, соңғысы
болса бір фирманың екінші бір фирмадан
материалдар мен қызмет көрсетуді сату
және сатып алуымен байланысты көрсеткіш.
Кеңестік экономикалық статистикада
қайталама есепті болдырмау үшін
түпкі өнім көрсеткішін пайдаланып
келді. Бұл көрсеткіш жеке және қоғамдық
өндірістік емес заттарын, инвестициялық
қаражатты қамтиды. Түпкі өнім элементтері
осы жылғы қайтадан өңдеуге түспейді.
Түпкі өнімді жалпы өнім көлемінен еңбек
заттарының айналымын шегеру арқылы да
анықтауға болады. Сонымен қатар, оның
құрамында затталған еңбек құралдары
шығынының бір бөлігі бар, ол өзінің экономикалық
қызметі бойынша еңбек құралдарын жаңартудың
көзі болып табылады, яғни амортизация
көзі.
Таза өнім (Т. Ө.). Қоғамның
таза өнімі – жалпы өнім, одан
жыл бойы жұмсалған өндіріс құрал-жабдықтарының
орнын толтыруға пайдаланатын амортизация
жарнасын машиналар, жабдықтар, транспорт
құралдары, әр қилы өндірістік объектілер
құнынан, тұтынылған шикізат, отын, қосымша
материалдар құнынан шегеріп тастағанда
қалған бөлігі. Осыдан байқауға болады,
таза өнім өзінің заттық мазмұны бойынша
өндірісті ұлғайтуға арналған, жеке тұтыну
заттары мен өндіріс құрал-жабдықтары,
т.ө. – амортизация жарнамасы (АЖ) = Т.Ө.
Ұлттық экономика құрылымын
қарастыруды қоғамдық өндіріс құрылымы
түсінігін анықтаудан бастаған жөн. Қоғамдық
өндіріс құрылымы деп отырғанымыз, сол
мерзімде экономикада әр қилы факторлар
ықпалымен, қоғамдық еңбек бөлінісі мен
қоғамдық ұдайы өндіріс пропорцияларын
сипаттайтын салалардың арақатынасы.
Қоғамдық ұдайы өндірістің
пропорциялары өндірістің әр қилы элементтері
мен бөліктерінің қалыптасқан арақатынасы
және ұдайы өндірістік процестің жеке
фазаларының, факторларының, салаларының
т.б. арасындағы өзара байланыс пен өзара
тәуелділікті сипаттайды.
Қоғамдық ұдайы өндіріс
пропорцияларының құрылуы объективті
экономикалық заңдар ықпалымен қалыптасатын
күрделі әрі қайшылықты экономикалық
процесс. Оны орнату, ұстау, өзгерту шаруашылық
тетігінің тиімді қызмет етуіне әсерлі
ықпал етеді және өз кезегінде сол елдің
әлеуметтік-экономикалық хал-ахуалына,
өндіргіш күштерінің даму дәрежесіне,
ғылыми-техникалық прогресс қарқыны мен
ауқымына тәуелді.
Экономикалық процестердің
арасындағы байланыс белгілі бір сандық
пропорциялар арқылы көрсетуге қарай
былайша бөлінеді:
Жалпы экономикалық қоғамдық ұдайы өндірістің
макро құрылымының элементтерінің арасындағы
сандық арақатынас (мысалы, тұтыну мен
қор жинау, жалпы ұлттық өнім мен ұлттық
табыс, өндіріс құрал-жабдықтары өндіріс
пен тұтыну заттары, өндірісі т.б. арасындағы);
Салааралыққа – қоғамдық өндірістің әр
қилы салаларының сандық арақатынасы
(мысалы, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы
материалдық пен материалдық емес, өндіруші
және өңдеуші өнеркәсіп т.б. арасындағы);
Ішкі салааралыққа – сала мен өндіріс
ішіндегі сандық арақатынас (мысалы, шойын
мен болат, мақта-мата өндірісі т.б.);
Мемлекетаралыққа – ұлттық
шаруашылықтар мен әр қилы елдердің
жекелеген өндіріс салаларының сандық
арақатынасы.
Ұлттық экономиканың құрылымы
жалпы өнімнің ұлттық салалық
құрылымы арқылы көрініс алады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Қазақстан Республикасының
Конституциясы Алматы, 1995ж.
2. Қазақстан Республикасының
Азаматтық кодексі (Жалпы бөлім).
Алматы, 1995ж.
3. Ел Президентінің Қазақстан
халқына жолдауы “Қазақстан - 2030”;
1-3 тараулар. Алматы,1997ж.
4. Президенттің Қазақстан
халқына жолдауы “2004 жылғы ішкі
және сыртқы саясаттың негізгі
бағыттары” 2003ж. 4-сәуір.
5. Қазақстан Республикасында
кәсіпкерліктің дамуы мен қолдау
туралы мемлкеттің 1996-1998 жылғы Бағдарламасы,
10-шілде 1996ж. №1727.
6. “Жеке кәсіпкерлікті
қолдау мен қорғау” туралы
Қазақстан Республикасының Заңы.
№ 3 Х11, 4-шілде 1996ж.
7. Әубәкіров Я.. ҚаидиевА.,
Досқалиева В. және т.б, - Экономика.
Оқулық, Алматы: Экономика, 1997ж.
8. Әубәкіров Я., Ескалиев К. Экономикалық
теория негіздері. Алматы: Экономика,1996ж.
9. Әубәкіров Я., Нәрібаев
К. Ескалиев К.т.б. Экономикалық теория
негіздері. Алматы: Экономика, 1998ж.
10. Дорнбуш Р.. Фишер Р.С.
“Макроэкономика”. Алматы, КазМБА
және білім баспасы, 1997ж.
11. Жатқанбаев Е.Б. Аралас экономика
негіздері. Алматы, 1997ж.
12. Жүнісов Б., т.б. Нарықтық
экономика негіздері. Алматы. 1996ж.
13. Қожамкулов Т. Саяси
экономия негіздері, Алматы,1996ж.
14. Нүрпейсов Ж.К. Экономикалық
теория негіздері. Оқу құралы, Ақмола,
1996ж.
15. Мадешев Б. Нарықтық
экономика теориясына кіріспе. Алматы.
Экономика 1995ж.
|