Малазия

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 14:36, реферат

Описание

Менің таңдаған мемлекетім қарқынды дамушы индустриалды-аграрлық мемлекет яғни, Малазия мемлекеті. Мұнда қарастыратын мәселелерім Малазия мемлекетінің экономикасы, сыртқы саясаты, тарихы, халқының жағдайы жалпы саны, және Қазақстанмен қарым-қатынасы туралы. 14 ғасырға дейін Шривиджая империясының құрамына кірген 7 ғасырда пайда болған индуистік мемлекет. Малайзия әлем елдерінің 120-дан астам елдерімен дипломатиялық қатынас ұстануда. Куала-Лумпурда 100-ден астам мемлекет пен халықаралық ұйымдардың дипломатиялық миссиялары қызмет жасауда.

Содержание

I.Кіріспе
II. Негізгі бөлім

 Мемлекеттік құрылымы

 Халқы

 Малазия экономикасы

 Сыртқы саясат және қауіпсіздігі

 Тарихи шолу

 Малазия мен Қазақстан

 Пайдаланылған әдебиеттер

III. Қорытынды

Работа состоит из  1 файл

малазия.doc

— 182.00 Кб (Скачать документ)

 

    

                    Сыртқы саясат және қауіпсіздігі


Малайзия әлем елдерінің 120-дан астам елдерімен дипломатиялық қатынас ұстануда. Куала-Лумпурда 100-ден астам мемлекет пен халықаралық ұйымдардың дипломатиялық миссиялары қызмет жасауда. Малайзияның шетелде жалпы саны 105 болатын дипломатиялық өкілеттіліктері бар. Малайзия – негізгі халықаралық ұйымдардың мүшесі: БҰҰ және оның арнайы органдарының (1998-2000 жж. Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес өкілі болды),ӘСҰ, ӘВФ және Әлемдік Банк, Британ Достығы, дамушы елдер бірлестігінің қатысушысы, (Қосылмаушылар қозғалысы, Топ-77, ИКҰ) және аймақтық ұйымдар (АСЕАН, РФА, АТЭС, ВАС). Малайзия Движения неприсоединения төрағасы болды (2003-2006 жж.), ОИК (2003-2008 жж.), АСЕАН (2005-2006 жж.). 2008 жылдың мамыр айында Малайзия Британ Достастығының «Хараре Декларациясының» (CMAG) міндеттемелерін орындау бойынша Министрлік тобының төрағасы орнына сайланды. Бұл шешім 12 мамырда Лондонда 29-шы Топтың отырысы қарсаңында бір дауыспен қабылданды. Малайзия сыртқы саясатының маңыздысы болып асеандық бағыт қалуда. 2020 жылдарға таяу АСЕАН қауымдастығын құру жоспарлануда, сондайа-ақ бщества, «АСЕАН + 3» форматындағы ынтымақтамтық дамуы қаралуда(Қытай,Жапония, Корея). 2008 жылы Малайзия Парламенті 2007 жылы 20 қарашада қол қойылған АСЕАН Жарғысын ратификациялады. Малайзия XIII саммит қарсаңында АСЕАН Сингапурдағы «ондық» көшбасына кіреді. Оның қабылдануы халықаралық құқықсубъектілігі бар АСЕАН эволюциясының, толық аймақтық ұйымға айналуының жаңа кезеңінің бастамасы болып табылады. АСЕАН Жарғысы ресми түрде 2008 жылдың 15 желтоқсанындағы заң күшіне енді. 2009 жылы Малайзияның Сыртқы істер министрлігі жергілікті құқыққорғаушының, Әлемнің Нобель премиясының лауреаты Аун Сан Су Чжидің Мьянмада тұтқындалуына қарсы наразылық білдірді және бұл әрекеттерді елдің демократизациясы бойынша «жол картасы» ұлттық бейбітшілік процессінің үзілуі дет атады. Малайзия инициативасы]] бойынша бұл мәселе 2009 жылдың 19-20 мамырында в Пхукетте (Таиланд) өткен АСЕАН мүше-мемлекеттерінің Үлкен лауазымды тұлғалары отырысының күн тәртібіне енгізілді, Маңызды приоритет батыс жетекші мемлекеттерімен әріптестік қатынастардың дамуы болып табылады – АҚШ және Евроодақ. Мұндай саясаттың жүргізілуіне сауда-экономикалық және әскери-саяси ынтымақтастықтың жоғары деңгейде болуы ықпал етеді. Сонымен, Америка Құрама Штаттары Малайзияның үлкен сауда әріптесі болып табылады, ал Малайзия АҚШ-тың сыртқы экономикалық байланыстарында 10 орында тұр. 2008 жылы екі ел арасындағы тауарайналымы 43,703 млрд. АҚШ долларын құрады. Сауда-экономикалық ынтымақтастықтың нәтижелі болуының бір көрсеткіші АҚШ пен Малайзияның Еркін сауда туралы келісіміне қол қоюға мүдделлі болуы, бұл жөніндегі келіссөздер 2006 жылдың маусымынан бері жүргізілуде. Бұл бағыттағы белсенділікті күшейту мақсатында 2009 жылдың 14-15 мамырында Малайзия сыртқы істер министрі Датук Анифах Аман АҚШ-қа іссапармен барды. Іссапар кезінде АҚШ мемлекеттік хатшысы Х.Клинтонмен және АҚШ Сенатының Халықаралық істер жөніндегі комитетінің төраға орынбасары Ричард Лугармен кездесулер жүргізілді.

Малайзияның сыртқы саясатындағы маңызды сектор Қытаймен қарым-қатынас болып табылады. Бұл бағыттағы маңызды оқиға 2009 жылдың 2-5 маусымында Малайзия Премьер-министрі Наджиб Тун Разактың ҚХР-на ресми іссапары облды. Бұл іссапар барысында ҚХР Президенті Ху Цзиньтао мен ҚХР Мемлекеттік Кеңесінің төрағасы Вэнь Цзябаомен кездесулер өтті. Тараптар «Қытай-малайзиялық шұғыл ынтымақтастық бойынша біріккен әрекеттер жоспарына», қызметтік және дипломатиялық паспорттармен визасыз бара алу туралы келісімдерге қол қойды. Келісімдер нәтижесі бойынша Малайзия үкіметіның басшысы Н.Разак екі елдің өзара сауда тәжірибесінде толықтай американдық доллардан бас тартып тек қытай юандары мен малайзиялық ринггиттерді пайдалана отырып есептесу туралы жариялады. Малайзияның мұсылман қауымдастығындағы ықпалы күшеюде. Ислам әлемінде ИКҰ төрағасы (2003-2008 жж.) есебінде басқару орындарында болған кезеңдерінде Куала-Лумпур өзін беделді және экономикалық дамыған ислам мемлекеті ретінде көрсете білді. Малайзия палестиндік мәселені реттеу сауалдарында жоғары саяси белсенділік танытуда. Бұл үрдістің соңғы көрінісі ретінде ел үкіметінің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде бұрын болмаған арыздары, Израильдің Палестинаға қарсы агрессиясын сынға алатын резолюция қабылдау ультиматумымен шығуы және Израильдің Газа секторына басып кіруін талқылау үшін БҰҰ шұғыл сессиясын шақыруын айтуымызға болады. Малайзия, сондай-ақ БҰҰ арқылы халықаралық бақылаушылар топтарын Газа секторына бағыттау және БҰҰ мирасқорлық күштерін Палестина территориясына енгізу инициаторы болып табылады. Халықаралық өркениет диалогы мен әріптестігінен туындаған сауалдар аса көңіл аударуды талап етіп отыр. Сонымен, 2006 жылдан бері Сыртқы істер министрлігі «Cordoba Initiative» (АҚШ) ықпалды халықаралық үкіметтік емес ұйыммен жыл сайын мұсылман әлемі мен Батыс өзара әрекеттері сауалдарына арналған конференциялар жүргізуде. Бұл форум азаматтық қоғам, дін өкілдері, ғылым, мәдениет, БАҚ өкілдерінің қатысуымен халықаралық конфессиялық және халықаралық өркениет үшін маңызды қадам болып табылады.

Малайзия 1996 жылы Бангкокта құрылған Азия мен Еуропа арасында саясат, экономика, мәдениет және әлеуметтік сала мәселелері бойынша диалогты дамыту бағытында жасалып жатқан жұмыстарға белсенділік танытуда.( «Азия – Европа»саммиті). Малайзиялық дипломатияның обьективті жетістіктеріне қарамастан, соңғы бірнеше жыл сыртқы саясатта кейбір қолайсыз мәселелер туындап отырды. Мәселен, 2008 жылы Малайзия Гаагадағы Халықаралық Сотта Сингапурмен аймақтық мәселе бойынша дауда халық мүдделерін қорғай алмады. Сот дауласуы нәтижесі бойынша Куала-Лумпур Оңтүстік-Қытай теңізіндегі шұғыл маңызды арал Педра Бранкадағы бақылау құқығын жоғалтты. Даулы жердің Малайзии штаты – Джохор маңайында және Малайзия аймақтық суларында болғанына қарамастан. Вердикт қабылдауда судьялар Сингапурдың 130 жыл бойы Малайзия тарапынан наразылықсыз аралдағы теңіз маягын пайдаланғанына сүйенді. Ал Малайзия 100 жылдан астам уақыт бойы Педра Бранкада ешқандай шаруашылық қызметін жүргізуге ынта білдірмеген. АҚШ Мемлекеттік департменті есебінде «2009 жыл бойынша Адам саудасы жөнінде», Малайзия ең төмен, тізімдегі үшінші деңгейдегі назарда болды (2007 ж. Малайзия 2-ші деңгейде болды). Елдер 2000 жылы «Адам саудасының құрбандарын қорғау туралы»(TVPA) АҚШ Заңымен бекітілген стандарттар бойынша жүргізіледі. Минималды стандарттарды сақтау үшін аса күш білдірмеген елдер 3-ші деңгейге жатады. Мұндай баға Америка Құрама Штаттарын бұл мемлекеттерге гуманитарлық және сауда мәселелерінен басқа сауалдарда көмегін тоқтатуға итермелеуі мүмкін. «2-ші деңгейдегі бақылау тізімі» үкіметтері TVPA минималды стандарттарын толықтай сақтамаған, бірақ бұл мәселеге аса күш жұмсайтын елдер үшін арналған. Малайзиялық сыртқы саясатының қосымша қоздырғышы жыл сайынғы 2008 жыл бойынша Малайзиядағы саяси жағдай туралы Халықаралық құқыққорғаушы «Freedom House» ұйымының есебі және демократия, рыногтық экономика және саяси жүйенің дамуы жөніндегі «Bertelsmann-Stiftung» (Германия) фондының мәлімдемесі болып отыр. Жоғарыда айтылған мәлімдемеге сәкес, елдегі саяси реформалар жеткіліксіз, қоғамның этно-діни құрылымымен байланысты мәселелері бар, билік жүйесіндегі коррупцияның болуы аса қауіп туғызуда. 2009 жылы «Freedom House» анықтамасы бойынша «Әлемдегі еркіндік жағдайы - 2008» (Freedom in the World) рейтингіне сәйкес, Малайзия «толықтай емес еркін мемлекеттер» категориясына енді (салыстырмалы түрде, Индонезия «Еркін мемлекеттер» тобына кірді). 2009 жылдың қаңтарынан бастап Малайзия СІМ шұғыл стратегиялық жоспарлау жүйесі енгізілді. 2009-2015 жж. аралығына бекітілген бұл жүйе, институциялық потенциал және сыртқы саяси мекемесінің адамзат қорының дамуы мен нығаюына бағытталған. Аталған мақсаттар қызметкерлерді қазіргі дипломатиядағы тиісті білім мен тәжірибемен қамтамасыз етуді көздейді, атап айтқанда – саяси және экономикалық анализ, кризис басқаруы, экономикалық дипломатия және стратегиялық жоспралау амалдарын зерттеуді қамтиды. Шетел тілдерін меңгеру және келіссөздер жүргізу тәжірибесін арттыру мәселесіне аса назар аударылады. 2009 жылдың сәуір айында Малайзияның Сыртқы істер министрі болып [[[Датук Анифах Аман]] тағайындалды.

 

                    

 

                                           Тарихи шолу

14 ғасырға дейін Шривиджая империясының құрамына кірген 7 ғасырда пайда болған индуистік мемлекет. 1403 жылы Малайзияның барлық жерлерін біріктірген Малакка корольдігі құрылды. 1511 жылы Малакка Альфонсо де Альбукерктің басшылығындағы португалдық әскермен басып алынды. 1641 жылы португалдықтарды голланддықтар ал 1824 жылы голланддықтарды ағылшындар алмастырды. 1914 жылы бүкіл Малайзия Ұлыбританияның қол астында болды. 1941-1945 жылдары Жапониямен жаулап алынған болатын, бірақ соғыстан кейін қайтадан Ұлыбритания протекторатының астына өтті. 1948 жылы құрылған Малайлық Федерация 1956 жылы автономияға және 1957 жылы Ұлыбритания Достастығының құрамында тәуелсіздікке ие болды. 1963 жылы Малайя, Сингапур, Саравак және Сабахтан тұратын Малайзия Федерациясы құрылды. 1965 жылы саяси және экономикалық келіспеушіліктердің салдарынан Сингапур Федерация] құрамынан шықты.

 

 

 

 

 

 

 

                   

 

                         

                          

 

 

 

 

                            Малазия мен Қазақстан

Қазақстанның Малайзиядағы елшісі Бейбіт Атамқұлов.

Қазақстанмен қарым-қатынасы 1991 жылғы 31 желтоқсанда Малайзияның Қазақстанның тәуелсіздігін мойындағаннан бері басталды. 1992 жылғы 16 наурызда Қазақстан мен Малайзия арасында дипломатиялық қатынастар орнықты. 1996 жылы Куала-Лумпур қаласында Қазақстанның және Алматыда Малайзия елшіліктері ашылды. 2006 жылдың 25-29 мамырында Президент Н.Ә.Назарбаевтың Малайзияға ресми сапары болды, сапар барысында сауда ынтымақтастығы жөніндегі келісімге, инвестицияларды көтермелеу және қорғау туралы келісімге, экономикалық, ғылыми және техникалық ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қойылды. 1996 жылы Қазақстанға ресми сапармен Малайзияның премьер-министрі М.Мохамад, 2003 жылы Малайзияның Жоғарғы билеушісі С.Сираджуддин және 2011 жылы Малайзияның премьер-министрі Дато Сри Наджиб Тун Абдул Разак келді. 2010 жылдың мамыр айында Қазақстанға дипломатиялық қатынас тарихында алғаш рет Малайзияның сыртқы істер министрі Анифа Аман, маусымда Малайзияның премьер-министрі Дато Сри Наджиб Тун Абдул Разак және бұрынғы премьер-министрі А.Бадауи келіп кетті. Аталған сапар барысында Малайзияның премьер-министрі Н.Разак Дүниежүзілік ислам экономикалық форумына қатысты. Туризмді дамыту мақсатында Малайзия Қазақстан азаматтарына біржақты негізде 30 күнге дейін визасыз режим енгізді. «Эйр Астана» әуекомпаниясы Алматы мен Куала-Лумпур арасында аптасына тікелей үш рейс ұшады.

Малайзияда 2 мыңнан астам қазақстандық студент білім алуда (2011). Оның көпшілігі экономика және ақпараттық-технологиялар мамандықтары бойынша оқиды.

 

 

 

 

 

 

 

                     

                             Қорытынды

Малайзия - Калимантан (Борнео) аралының солтүстік және Малакка түбегінің оңтүстік бөлігін алып жатқан Оңтүстік Шығыс Азиядағы мемлекет. Малайзияның солтүстік жағалауы Оңтүстік Қытай, солтүстік шығыста Сулу және шығыста Сулавеси теңіздерінің суларымен шайылады. Малакка түбегінде Таиландпен, Калимантан аралында Индонезия және Брунеймен шектеседі. Малайзияны Сингапурдан Джохор бұғазы ажыратуда. Шекараның жалпы ұзындығы 2 669 км, жалаудың ұзындығы 4 675 км. Климаты экваторилдық, ыстық әрі ылғал. Малазия мемлекетінің экономикасы жақсы дамыған. Бұл мемлекет шетелдіктерге демалуға қолайлы әрі тиімді болып келеді.

 

Пайдаланған әдебиет

1.      ↑ Malaysian Flag and Crest. myGovernment. Extracted September.

2.      ↑ Қазақ энциклопедиясы 6 том

3.      ↑ Қазақстанға ұқсас қуатты ел

                          

 

 



Информация о работе Малазия