Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2013 в 18:24, реферат
Қазақстан өзінің жиырма жылдық тәуелсіздігін артқа тастаған зайырлы мемлекет. Елбасымыздың жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауларында еліміздің экономикасымен қатар, мемлекетттік тілге де аса тоқталып өтеді. Тілдің бүгіні мен ертеңіне байланысты Президентіміздің «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы» қабылданғаны белгілі. Тәуелсіздік алған кезеңнен бері тілдің мұңын мұңдап келе жатқан ақпарат құралдарының болашағына қатысты қабылданған заңның әсері күшті болды деуге болады. Дегенмен де, масс-медиа (бұқаралық ақпарат құралы) халыққа ең қол жетімді құрал болғандықтан, оның мемлекеттік тілді дамытудағы рөлі өте жоғары. Тілге байланысты бағдарламада осы БАҚ-тың атқарар қызметі жайлы: «Мемлекеттік тілдің коммуникативтік қызметі нығаюда.
Масс-медианың мемлекеттік тілді дамытудағы рөлі.
Соңғы жиырма жылда бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі күннен-күнге күшейіп келеді. Олардың көтерген мәселелері халық өміріне өз әсерін тигізері сөзсіз. Өйткені баспасөздің, теледидардың, радионың қызметі санымен емес, ұлттық мүддеге негізделген қызметімен өлшенеді.
Қазақстан өзінің жиырма жылдық тәуелсіздігін артқа тастаған зайырлы мемлекет. Елбасымыздың жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауларында еліміздің экономикасымен қатар, мемлекетттік тілге де аса тоқталып өтеді. Тілдің бүгіні мен ертеңіне байланысты Президентіміздің «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы» қабылданғаны белгілі. Тәуелсіздік алған кезеңнен бері тілдің мұңын мұңдап келе жатқан ақпарат құралдарының болашағына қатысты қабылданған заңның әсері күшті болды деуге болады. Дегенмен де, масс-медиа (бұқаралық ақпарат құралы) халыққа ең қол жетімді құрал болғандықтан, оның мемлекеттік тілді дамытудағы рөлі өте жоғары. Тілге байланысты бағдарламада осы БАҚ-тың атқарар қызметі жайлы: «Мемлекеттік тілдің коммуникативтік қызметі нығаюда. Мемлекеттік БАҚ контентінде қазақ тіліндегі хабарлардың көлемі 70%-дан астам, 2750 БАҚ басылымдарының 68%-ы толық немесе ішінара қазақ тілінде шығады»,-делінген. Сонымен қатар, қойылған мақсатқа қол жеткізудің екінші бағыты – мемлекеттік тілді қолданудың аясын кеңейту, қоғамдық өмірдің барлық саласына кіріктіру болып табылады. Осы бағытта мемлекеттік тілде хабар тарататын теле-радиоарналарын құру арқылы тілдік ортаны қалыптастырудағы БАҚ рөлін күшейтуге, балалар мен жастарға арналған қазақ тілді контентті кеңейтуге, мемлекеттік тілді оқыту үдерісін ұйымдастыруда медиалық саланың әлеуетін белсенді пайдалануға негізгі және шешуші екпін түсіріледі. Сондай-ақ, онлайн нұсқаларын орналастыру арқылы қазақ тілді БАҚ-тарға жүйелі қолдау көрсету және қазақ тіліндегі интернет-ресурстарды мемлекеттік қолдау жүйесін құру да маңызды аспектілер қатарына жатады. Қоғамдағы тіл мәдениетінің қалыптасуына тікелей ықпал ететін адамдар ретінде, БАҚ қызметкерлеріне ана тілінің бүкіл талаптарын білуге ерекше мән беріледі. Қазақстанда 8248 тіркелген бұқаралық ақпарат құралдары (соның ішінде белсенділері 2513) жұмыс істеуде, олардың 212-сі электронды БАҚ.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Телерадиобағдарламалар таралуы туралы» Заңнамасында 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап масс-медианың 25 %-ы қазақша таралуы керек, ал 2015 жылға 50%-дан кем болмауы тиіс делінген. Сонымен бірге мемлекеттік бағдарламаның екінші бағытында: «Мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту. Қол жеткізу жолдары және шаралар жүйесі: Тілдік ортаны қалыптастырудағы БАҚ-тың рөлін күшейту»,-деген бөлім бар. Одан бөлек цифрлық телерадиохабарларын енгізу шеңберінде әртүрлі (балаларға, жасөспірімдерге арналған, спорттық, ғылыми-танымдық және т.б.) телерадиоарналарын құру жайына да аса мән берген. Осы саясаттың негізінде «Балапан» және «Мәдениет» телеарналары тек қазақ тілінде таралатын болды.
Қазіргі таңда елімізде қазақ тілін қолданатындар саны - 64 %, ал жоғарыда аты аталған бағдарлама бойынша қазақ тілін қолданушылардың саны – 95%-ға жетуі тиіс. Сондықтан осы үдерісті жеделдету үшін, масс-медианың күшін барынша пайдалана білгеніміз абзал. Мысалы, 2003 жылдары «Хабар» телеарнасынан «Тілашар» бағдарламасының болғаны мәлім. Сол бағдарлама артынан көптеген қолдауға ие болып, демеушілері пайда болып, бағдарлама кітап күйінде және оған қосымша ретінде аудио дискілері де шықты. Ал кейінгі жылдары қазақ тілін үйретуге арналған «Алдар Көсе» мультхикаясының бірнеше сериясы да Тілдерді Дамыту орталығының бастамасымен жарыққа шықты. Осы секілді игі бастамалар тоқтап қалмай жалғасын таба берсе құба-құп болар еді.
Қорыта айтқанда, алдағы уақытта қазақ баспасөзінің болашағы зор. Қабылданған заңның аясында қазақ тілінің мәртебесі де арта түсеріне сенімдіміз. Сондықтан да қазақ елінің азаматы (оның ішінде өзге ұлт өкілдері де бар) ана тіліміздің қадірін түсіне білгені жөн. «Тілдің болашағы – ұлттың болашағы» екенін аңғаратын уақыт жетті.
Информация о работе Масс-медианың мемлекеттік тілді дамытудағы рөл