Мемлекет және бизнес

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2012 в 20:15, лекция

Описание

1.1 Экономикалық жүйе.
Ұлттық экономикалық жүйе.
Ұлттық экономика үлгісі.

Работа состоит из  1 файл

Документ Microsoft Office Word (5).docx

— 20.81 Кб (Скачать документ)
  1. Тарау

1.1 Экономикалық  жүйе.

Ұлттық  экономикалық жүйе.

Ұлттық  экономика үлгісі.

 Қоғамның экономикалық  өмірі нақты елдерде жүзеге  асырылады.Әрбір осы кезенде ол  қоғамның экономикалық өмірінің  тарихи құрамдас бөлігі болатын  елдердің өткен тарихының бір  парағы болып табылады.Қоғамның  экономикалық өмірінде осы тарихтың  ерекшеліктері ғана емес, сонымен  бірге онда жалпықоғамдық дамуға  тән жалпыэкономикалық процестер  мен заңдылықтар, сондай-осы жүйенің дамуының ерекшеліктері де із қалдырады.Осыған байланысты ел экономикасы- жалпыэкономикалық, жалпыәлемдік, өңірлік және елдің экономикалық процестерінің өзара ықпалдасуының айрықша күрделі өнімі.сонымен бірге ол – қоғамның өркениетті негіздерінің дамуымен біртұтас алынған елдердің тарихи өзгерістерінің нәтижесі. Экономика тарихынан ұлттық экономика мен оның жұмыс істеу қағидалары ұлттық шаруашылықтың қалыптасу жағдайында  немесе елде оның дамуының негіздерін қозғайтын түбегелі қайта құрулар жүзеге асырылғанда ерекше маңызға ие болатынын айғақтайды.

Германияда XXI ғасырдың басында ұлттық экономика теориялары кездейсоқ жасалмады.Осы кезде ел кеден шекараларымен бөлінген экономикасы бөлшектенген  мемлекеттердің бірлестігі ретінле өмір сүрді.Сыртқы шекаралардың шет ел тауарлары үшін ашық болуы өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының ауыр жағдайын одан бетер шиеленістіреді. Осының барлығы Германияның бірігуіне және ұлттық экономикалық шекералар мен мүдделері қорғау нысандарын іздестіруге ынталандырады.осы жағдайдың теориялық жағы Фридрих Листің «Ұлттық саяси экономия жүйесі» деп аталатын атақты еңбегінде ұлттық экономиканың алғашқы жалпы теориясының қалыптасуында баяндалды.(1841).

Теорияның кезекті даму сатысы нарықтық шаруашылық жағдайында, бәсекелік  орта, еркін кәсіпкерлік дамудың  белсенді факторы болса да өзінің ерекшеліктеріне сай  бүкіл ел ауқымында белгілі бір реттеуді қажет ететін болғанда ұлттық экономиканың негіздерін іздеумен байланысты  болды. Ордолиберализмнің негізін қалаушыларының бірі Вальтер Ойкеннің « Ұлттық экономика  негіздері» деп аталатын еңбегінде  экономикалық өмірінің институционалдыдық жағдайлары конституциялық құқықтық нысандар ғана емес, сонымен бірге осы елге тән салтдәстүрлерді де сіңіруге  тиіс деген тұжырымдама жасалған. Осы негізде ГФР- да әлеуметтік нарықтық шаруашылықтың экономикалық саясатының ғана емес, сонымен бірге ХХ ғасырдың экономикалық теориясының жаңа деңгейінің заңды нәтижесіне айналды.

Ұлттық экономика мәселесі қазіргі заманғы жағдайында өзінің өзектілігін жоғалтқан  жоқ.Біріншіден, өтпелі экономикада жаңа тәуелсіз мемлекеттердің экономиканың үлгілерін таңдаумен, елдердің экономикалық  шекараларды  анықтауының қажеттілігімен, олардың  ұлттық қауіпсіздігімен  байланысты. Ұлттық экономикалық жүйелер мен  оларды зерттеуге деген ықылас ірі  интеграциялық процестер жағдайында одон бетер күшейді. Екіншіден, ғаламдану  барлық елдердің алдына оның жалпы  тенденциялары мен заңдылықтарын  мемлекеттердің ұлттық мүдделерімен үйлестіру  мәселесін шешуді талап етті.Осы  мәселенің шешімін табу үшін ұлттық мүдделерінің рөлі жөніндегі түсініктерді нақтылап,қазіргі  бар ұлттық экономикалық жүйелердің қызметіне өзгеріс енгізу қажет.

Ғаламдану бір жақты түсінік  емес,ло элемнің әр алуандылығы,қөғамдық дамудың ұлттық үлгілерінің ерекшелігі, қатынастарды өңірлерге бөлу арқылы жүзеге асырылады. Осының барлығы ұлттық экономикаларды зертеуге деген ынтаны төмендетпейді, керсінше, оларды зерттеуді  талап етеді.Ұлттық экономикалардың  әледік  шаруашылыққа кіру  тәсілдерінің  өзгеруі,ұлттық мүдделерді қорғаудың  жаңа нысандарының пайда болуы, экономикалық егемендік проблемасының шиеленісуі, елдердің ғаламданудың бір жақты идеяларын жақтаушыларға төтеп беруге тиіс болуы осыған  себепкер болды.Ғаламдану ұлттық ерекшеліктерді жоймайтынының тағы бір дәлелі ретінде ұлттықтан жоғары құрылымдар мен халықаралық  корпорациялардың жұмыс істеу тәжірбиесін атауға болады. Осы мысал аталмыш институттар өзінің қызметін ұлттық жағдайларды, дәстүрлер мен мүмкіндіктердің ерекшеліктері мен артықшылықтарын елемей емес, керсінше соларды пайдалана лтырып құратынын көрсетеді.

    Ұлттық экономиканы  әр түрлі ғылымдар-экономикалық  география, экономикалық тарих,  халық шаруашылығы экономикасы,  халық шаруашылығын болжау, халық  шаруашылығы  салаларының экономикасы және т.б. зерттейді.

Ұлттық экономиканы  экономикалық теория ауқымында қарастыру ел  экономикасын  сипаттау тәсілдерімен айтарлықтай ерекшеленеді. Осы орйда  елдің экономикалық қатынастарының бағынышты құрлымы ретінде қарастырады.Алайда кез келген экономикаға, кез келген экономикалық құрлымға тән экономикалық қызметті  ( шаруашылық жүргізу нысандарын) үйлестіру қажеттілігі, экономикалық қызметтің (меншіктің) факторлары мен нәтижелерін бөлу, табыстарды бөлу және қайта бөлу нысандарын, жеке меншік және қоғамдық  ұдайы өндіріс нысандарының бірқатар елдерге  тән ортақ қасиеттері ғанабар емес, сонымен  бірге олардың айтарлықтай айырмашылықтары да жоқ емес. Аталмыш айырмашылықтар кез келген экономиканың экономикалық құрлымының элементтерінің осы елдің ерекшеліктеріне байланысты жалпы өзгеруіне орай ерекшеленеді.

  Әр елдің экономикасы-  ұдайы өндіріс жүйесі. Демек елдің  экономикалық тірлігінің  ең өзекті  мәселесі- осы елдің қарапайым  және кең салалы ұдайы өндірісінің  ішкі көздері. Тиісінше осы  көздерді, экономиканың оңтайлы  құрлымын, меншік құқықтарының бөлінуін , қаржы механизімдерін,  әлеуметтік  – еңбек нысандарын, экономиканы  жалпы басқару жүйелерін, ұлттық  экономиканың экономикалық шекараларының  ұдайы өндірісінің өзіндік ерекшеліктерінің  бар екеніне көз жеткіздік.

ХХI ғасырдың басындағы қазіргі заманғы ұлттық экономикаларды жалпы шолудың өзі экономикалық құрлым тұрғысынан алып қарағанда ұлттық экономикалардың түбегейлі айырмашылықтарының барын көрсетеді.Аралас тұрпатта дамыған нарықтық экономикалармен « АҚШ, Батыс Еуропа) қатар нарықтық тұрпаттағы  емес орталықтандырылған экономикалар (КХДР), дәстүрлі шаруашылық жүргізу нысандары басым елдер ( бірқатар Африка елдері), постиндустриялық технологиялар негізінде дамитын елднр тіршілік етеді.Кейбір  елдер қалыптасқан экономикалық құрлымды дамытуда, ал басқалары өздерінің ұлттық экономикалық жүйесін қалыптастыру сатысын жүзеге асыруда.

  Ұлттық экономикалардың  осы алуан түрлері мына екі  негізгі факторға негізделеді:

Біріншіден, елдердің экономикалық құрлымы осы елдердегі экономикалық жүйенің ерекшелігіне орай қалыптасады;

Екіншіден, елдердің экономикалық құрлымы осы елге тән экономикалық емес даму ерекшеліктері мен жағдайына  байланысты болады.

1 тарау  1.6 Ұлттық экономика үлгісінің  дамуы мен қалыптасуының обьективтік  тенденциялары

ХХ ғасырдың екінші жартысында – ХХІ ғасырдың басында дамыған  елдерде экономикалық қатынастардың  әр түрлі нысандары мен біркелкі емес экономикалық қатынастар үйлескен ХХІ ғасырға тән экономикалық жүйенің жаңа түрі, яғни аралас экономиканың түрі қалыптасты.Өткен ғасырдың ортасы мен екінші жартысының нарық пен  мемлекеттің бірлігіне  негізделген  аралас экономикасымен  салыстырғанда  аталмыш экономика үш негізгі  қатынастың, яғни үйлестірілген  нарық  жүйесінің, мемлекетті саналы түрде  реттеу  мен әлеуметтік тұрақтылықтың ұштасуына негізделдеді.

Жаңа экономикаға тән  белгілер оның «білім экономикасы! Анықтамасына қайшы келмейді.Алайда, егер бірінші  жағдайда экономикалық жүйе оның негізгі  құрлымдық элементтері мен олардың  қоғамның экономикалық  құрлымындағы рөлі жөнінде  сөз қозғалса, екінші жағдайда экономикалық және әлеуметтік дамудың озекті факторы тілге  тиек етіледі.

Осы үш негізгі белгі бірігіп  ұлттық экономиканың экономикалық  жүйелері дамитын негізгі жолды  және экономикалық сала ғаламданатын  ХХІ ғасырдың аралас  экономикасының жаңа тұрпаиын құрайды. Дамыған елдердің экономикалық жүйелері негізінен осы  жолмен дамиды.

Сөйтіп, Қазақстанның экономикалық жүйесінің  жаңа ұлттық үлгісінің  қалыптасуы экономикалық дамудың прогрессивтің  тенденцияларын іске асыратын және элементтерді ел экономикасына ғана тән үйлесімде біріктіретін жаңа аралас экономика үлгісін құруға бағытталуы тиіс.

1 тарау  1.7 Ұлттық экономиканың мақсаттары

Қазақстан қоғамдық ұдайы  өндірістің  иннвациялық тұрпатына  көшуге тиіс, ол үшін;

  • Өндіріс сатысының алдында ұдайы өндірісті ғылыми жағынан дайындау;
  • Кеңейтілген  ұдайы өндірісті ресурспен қамтамасыз ету;
  • Бүкіл өндіріс циклін жаңа озық технологиялар базасында ұйымдастыру;
  • Өндіріс факторлары құрамдастарының барлық жаңа нұсқаларын құру;
  • Өркениетті кәсіпкерлердің  тобын қалыптастыру;
  • Инновациялық менеджментті дамыту;
  • Ұдайы өндірістің кеңейтілген тұрпатының қарқынды түрінің институционалдық талаптарын жасау;

          Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2006 жылы    « Қазақстан өз дамуындағы  жаңа серпіліс жасау қарсаңында» атты   Қазақстан   халқына Жолдауында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елдердің қатарына кіруінің  келесі жеті басымдығы аталған:

1.Бірінші  басымдық:

Қазақстан әлемдік экономикаға  ойдағыдай кірігуі- елдің экономикалық дамуының сапалық  серпілісінің негізі.

2.Екінші  басымдық:

Қазақстан экономикасын тұрлаулы экономикалық өрлеудің іргетасы ретінде  одан әрі жаңарту  және әртараптандыру.

3.Үшінші  басымдық:

Халықтың неғұрлым « әлжуаз» топтарын қорғайтын және экономиканың дамуына қолдау көрсететін осы заманғы әлеуметтік саясат.

4. Төртінші  басымдық:

Осы заманғы білім беруді дамыту, кадрларының біліктілігі  мен оларды қайта даярлау ұдайы  арттыру және Қазақстан халқы  мәдинетінің одан әрі өркендеуі.

5.Бесінші  басымдық:

Демократияны одон әрі  дамыту және саяси жүйені жаңарту.

6.Алтыншы  басымдық

Осы заманғы қауіп- қатерлер мен қыр көрсетулерге қарсы бара-бар  ұлттық қауіпсіздік стратегиясын іске асыру.

7.Жетінші  басымдық:

Қазақстанның  мүдделерін, өңірлік және әлемдік дамудың  серпінін ескеретін теңдестірілген және жауапты сыртқы саяси  бағытты  одан әрі іске асыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Мемлекет және бизнес