Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 19:00, реферат
XX ғасырда Батыстың дамыған елдерінде мемлекеттен адамдар үшін әл-ауқат стандартын талап ететін тұжырымдамалар мен доктриналар кеңінен тарай бастады. Әсіресе теория мен тәжірбиеде «берекелі мемлекет» (welfare state) деген ұғым, яғни ауқымды мемлекеттік шараларды, ең алдымен, әлеуметтік қамсыздандыру шараларын жүзеге асыратын мемлекет деген ұғым қалыптасты. Рыноктық экономикасы қалыптасқан елдерде табысты бөлу тек рыноктық күштердің еркін ойынының нәтижесінде ғана емес, түрлі табыстар ағындарын мемлекеттік реттеу, қайта бөлу негізінде де бөлінетінін байқадық.
1.3 Мемлекеттің қоғам өміріндегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды реттеу
XX ғасырда Батыстың дамыған
елдерінде мемлекеттен адамдар
үшін әл-ауқат стандартын
Мемлекеттің әлеуметтік экономикасы - оның қоғам өмірінің әлеуметтік-экономикалық жағдайларын реттеу жөніндегі қызметтің бір бағыты. Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық мәні қоғамдағы әлеуметтік таптардың арасындағы қатынастарды реттеу, қоғам мүшелерінің тұрмыс дәрежесін, әл-ауқатын көтерудің жағдайларын қамтамасыз ету, қоғамдық өндіріске қатысу үшін экономикалық ынталандырудың әлеуметтік кепілдіктерін жасау. Мемлекеттің қоғамдық өндірісті реттеу мақсатында жүргізетін шаралардың құрамды бөлігі ретінде мемлекеттің әлеуметтік саясаты елдегі бүкіл экономикалық ахуалмен тығыз байланысты болады.
Мемлекеттің
әлеуметтік экономикалық
Қоғам мүшелерінің
табыс дәрежесі, деңгейі олардың
әл-ауқатының басты көрсеткіші, өйткені
ол жеке адамның материалдық
және рухани өмірін анықтан
және демалуына, білім алуға,
денсаулығын сақтауға, күнделікті
тұтыну қажеттілігін өтеуге
Халық табысы
мен деңгейі мен динамикасын
сараптау үшін номиналды
Халықтың нақтылы ақшалай табыстарының құрылуының бірнеше қайнар көздері бар, олардың негізгілері: факторлық табыстар, қоғамдық тұтыну қорларының берілетін төлемдер мен жеңілдіктер; финанс жүйесі арқылы келетін (банктерден, жинақ кассаларынан, сақтандыру мекемелеріне және т.б.) және басқа түсімдер. Жалақы кәсіпорындардағы, кооперативтердегі жалақы тектес табыстар; өз шаруашылығының табыстары және басқалар. Еңбек факторына ақы төлеудің тенденциясын талдау, бұл табыс түрінің болашақта да жалпы ақша табыстарының көлемін құруда жетекші рөл атқаратынын көрсетеді.
Халық табысының
құрылуына айтарлықтай әсер
-мемлекеттік сақтандыру төлемдері;
-жеке тұрғын үй құрылысы үшін, жас отбасыларға шаруашылық заттарын алуға, бау бақша серіктестіктеріне жіне т.б. техниеа, инветнарь сатып алуға берілетін қарыз;
-жинақ кассаларындағы салымдарға жыл аяғында қосылатын процентте;
-акция құндарының өсуіне, облигация мен заемдардан түсетін табыста;
-лотерея ұтыстары
-тауарларды несиеге сатып алудан құралатын уақытша бос қаржылар;
-әр түрлі қайтарымдар (компенсациялар);
Басқаша ақша түсімдеріне комиссиондық және сату дүкендерінен, ауыл шаруашылық өнімдерін дайындаудан түскен кірістер жатады. Халық номиналды табысына атап өткеніміздей олардың таза табыстарымен қатар міндетті төлемдері де жатады. Төлемдер мен алымдарды жинақтай отырып, мемлекет өзінің ресурстарын құрайды, әлеуметтік саясатты жүзеге асырады, ақша қаржыларын қайта бөледі, табысы аз азаматтарға көмек көрсетеді. Табысы аз азаматтардың мүддесін қорғау мақсатында және әл-ауқат дәрежесін белгілі деңгейден төмендетпеу үшін мемлекет табыстың ең төменгі табалдырығын анықтап, одан салық алмайды. Сонымен қатар жоғары табысқа үдемелі салық ставкасын тағайындайды. Экономикалық теория салықтың екі түрін бөліп көрсетеді: тікелей және жанама. Тікелей салықтар негізінен табыс салықтары, жанама салықтар көбіне тұтыну салықтары ретінде көрінеді. Тікелей салықтар тек жалақыдан және басқа факторлық табыстардан алынып, мемлекет қазынасына түседі. Жанама салықтар (акциздер) тауар бағасында «жасырылады», бірақ жекеленген елдерде оны дүкенде тауар сатып алғанда ашық мәлімдеу тәжірбиесі қолданылып жүр.
Сонымен халыққа салық салу табысты бөлудің дербес тұтқасы, әлеуметтік саясаттың бір бағыты. Халықтан салынатын салық пен төлемдердің көлемі табыстың өсуімен көбейіп отырады. Салық түсімдерінің ішінде шешуші рөлді табыс салығы алады. Сонымен қатар жеке табыстан, мұрагерліктен, ауыл шаруашылығынан, отбсы шағын азаматтардан, сатудан және т.б. салық алынады.
Елдің экономикалық
даму деңгейі тұтынудың көлемі
мен дәрежесін анықтайды.
Кедейшілік сияқты өткір әлеуметтік проблемаларды шешу–мемлекет жұмысының басты бір бағыты. Бұл әл-ауқатты өмірді қамтамасыз ете алмағанмен экономикалық тұтқалар ең төменгі тіршілік деңгейін жасап, тұрмысы нашар адамдардың саннын азайтуға көмектеседі. Кедейленген топты азайту-рыноктық экономикаға көшкен мемлекеттің әлеуметтік саясытының негізгі міндеті. Тұтынудың әр түрлі деңгейінің еңбек пен жұмысшы күші факторларымен байланыстылығын атап өту керек. Ондай факторлар: отбасының көлемі, ондағы жұмыс істейтіндер мен масылдардың арақатынасы, денсаулық жайы, географиялық, табиғат жағдайлары және т.б. Мемлекеттің ұлттық табысты қайта бөлу қызметінің негізгі мақсаты –осы айырмашылықтарды азайтып, қоғамның барлық мүшелерінің өмір сүруіне қлайлы материалдық негіз жасау. Мұндай мақсатты жүзеге асырудың түрлеріне қызмет пен өнімдерді трансферттік төлем арқылы бөлу немесе табысты тұрақтандырудың мемлекеттік бағдарламасы жатады.
Біздің елімізде қоғамдық тұтыну қорлары экономикалық категория ретінде бүкіл қоғам мен еңбек ұжымдарының, оның мүшелерінің арасындағы өмір сүру қорының бөлінуі жөніндегі қатынасты білдіреді. Олар белгілі дәрежеде бұрыңғы немесе қазіргі еңбекті есепке ала отырып бөлінеді. Қоғамдық тұтыну қорларының бір бөлігі мемлекеттік бюджет арқылы құралып, орталықтан бөлінеді. Оның басқа бөлігі кәсіпорындардың, кооперативтердің пайдасынан және қоғамдық ұйымдардың есебінен жиналады. Мемлекеттік көмек бағдарламасы бойынша қоғамның жаңа мүшелерін тәрбиелеу, қарттарды және еңбекке жарамсыздарды қолдау, білім алу, денсаулық сақтау қажеттіліктері өтеледі.
Қоғамдық тұтыну қорларын бөлу үш бағытта жүреді. Бірінші бағыт халыққа берілетін төлемдер. Олaрдың көлемі еңбекшілердің бұрыңғы және қазіргі жалақысына байланысты.Бұлар алдымен әлеуметтік қамсыздандыруға, ауырған кездегі төлемдерге, ақылы демалысқа, мүгедектігі мен қартайғандығына байланысты зейнетақы, жұмыссыздыққа байланысты көмек және т.б. қатысты. стипендияға даосы тұрғыдан қараған жөн. Өйткені стипендия ынталандыру сипатында болғандықтан жұмсалған еңбекпен өлшенеді.
Қоғамдық тұтыну қорды бөлудегі екінші бағыт адамның еңбегіне байланысты түрлі төлемдер. Мұндай төлемдерге көп балалы ата аналарға, жалғыз басты аналарға, арнайы емдеуге берілетінкөмектер, мемлекеттің мектепке дейінгі балалар мекемелерін, мектеп интернатты қаржыландыруға жұмсайтын дотациялар жатады. Жетім балалар, белгілі жағдайда көп балалы, табысы аз отбасылардың балалары да толыұ мемлекеттік қамқорлықта болады.
Қоғамдық тұтыну қорлардан берілетін төлемдердің үшінші бағытының ерекшелігі жеңілдіктер халыққа өндірістік емес сала мекемелері арқылы натуралды заттай түрінде беріледі. мұндай табыстар жеке дара еңбектің мөлшерімен бөлінбей, қоғамның нақтылы тарихи жағдайымен және мүддесімен анықталады. Қоғамдық қорлардың бұл бөлігін тұтынушылар барлық еңбекшілер емес, тек осыны тұтынуға тиіс қоғам мүшелері және сол қажеттіліктің шеңберінде ғана болады. Сонымен қатар, таза өнім осы жылда жұмсалған еңбектің нәтижесі. Осымен байланысты экономикалық теория мен экономикалық статистика оны қоғамның бір жыл ішінде өндірілген құны немесе ұлттық табыс деп айтады.Заттық мазмұны бойынша бұл тұтыну заттары мен құрал жабдықтардың бір бөлігінің жиынтығы,түпкі пайдалану фазасында тұтыну қоры мен жинақ қорын құрайды.Ұлттық табыс табысты бөлудегі теңсіздіктер мен мемлекеттің әлеуметтік саясаты 70-жылдардың соңы мен 80-жылдардың басында мемлекеттің реттеудегі жаңа кенсиандық қозғалыс («Рейгономика», «тетчеризм») тұсында тағы да қызу теориялық таластар туғызды.Проблема маңызы мынада:қайта бөлу процестеріне мемлекеттің араласуының шегі бар ма? Трансферттік төлемдер көлемі өскенде жалпыэкономикалық қызметтің тиімділігі төмендей ме? Үдемелі салық ставкасының өсуі кәсіпкерлікке деген ынтаны жоймай ма?Әлеуметтік бағдарламалардың көбеюі әлеуметтік мысалдар тобын өсірмей ме?
Жоғарыда аты аталған
американ экономисті П.Хейне мынаны
көрсетеді:желкенді қайығы барлар шынында
да бай адамдар, қоқыс салынған жәшікті
ақтарғандар жарлы адамдар.
Табыстағы теңсіздік едәуір дәрежеде күн заңының (бағалық зиянының ) обьективті әрекеттерінен туындағанын ұмытпау керек. Табыс дифференциясын (әрекеттілігін)түгел жоюға тырысу рыноктық механизмді қиратумен тең.
Қайта бөлу процестерінің көлемі әр түрлі елдерде түрліше, бірақ Швецияда оның шеңбері кең. Мысалы, егер бұл елдегі өндіріс афкиорлары бойынша табысты бөлуші алып, үй шаруашылығының он тобына топтастырғанда (халықтың 20% емес, 10%) онда мынадай қорытынды шығады: үй шаруашылығының жалпы табысы жоғары 10%тік топта халықтың төменгі 10%не қарағанда шамамен жүз есе көп болады. Бірақ қолдағы табысты алсақ (салықты төлегеннен кейін) онда үй шаруашылығының жоғарғы және төменгі топтарының айырмасы едәуір аз көрінеді, артығы жүз есе емес,төрт есе болды. Мұндай қайта бөлудің көлемі швед экономистерінің белгілі күмәнін туғызды, жүргізілген зерттеулер нәтижесінде жалақыдағы айырмашылықтардың азаюы(салықты төлегеннен кейін) еңбек рыногінің динамикасын төмендетті. Сонымен рынок шаруашылығындағы мемлекеттің әлеуметтік экономикалық негізі өте нәзік құрал болуға тиіс, бір жағынан, ол әлеуметтік тұрақтылықты сақтауға және әлеуметтік шиеліністі жұмсартуға көмектессе, екінші жағынан кәсіпкерлік пен жоғары тиімді еңбекті ынталандыруға салқынын тигізбеуі қажет.
Информация о работе Мемлекеттің қоғам өміріндегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды реттеу