Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2012 в 06:44, курсовая работа
Курстық жұмыстың мақсаты :
- ақша теориясының даму жолдарын жүзеге асыруға қол жеткізу;
- ҚР-ғы ақша реформасының ерекшеліктерін түсіну
Курстық жұмыстың міндеті:
- ақша теориясының мәнін, негізгі түрлерін және ақша реформасының теориялық аспектілері мен өткізу қажеттіліктерін қазіргі экономика тұрғысынан ашып қарастыру.
-
КІРІСПЕ.......................................................................................................3
І. АҚША ТЕОРИЯСЫНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ
1.1 Ақшаның пайда болуы және мәні...................................................5
1.2 Ақшаның металдық және номиналдық теориялары...........................17
ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АҚША РЕФОРМАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЖОСПААРЛАУ КЕЗЕҢДЕРІ
2.1 Алғашқы ақша реформасының мазмұны.............................................20
2.2 1993 жылы ақша реформасының ерекшелігі.......................................29
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................34
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР...............................................................36
-ақша –мемлекеттік құқық тәртібінің өнімі, мемлекет билігінің туындысы;
-ақша –бақылау төлем құралы, яғни мемлекеттік мұратты төлем күшімен иемденген белгілер;
-ақшаның негізгі қызметі-төлем құралы. Ол ақшаның мәні белгілердің материалында емес, олардың қолдануын реттейтін құқықтық нормаларда, деп жазды.
1929-1933 жж. Экономикалық дағдарыс кезеңінде номинализм алтын стандарттан кетуді ақтау үшін теориялық база ретінде ары қарай дамуға бет алды.
Мемлекттік капиталистік монополизмнің идеологы, ағылшын экономисы Дж. Кейнс өзінің «Ақша туралы трактатында» қағаз ақша алтынға қарағанда айналымда ыңғайлы толық құнды төлем құралы болып табылады және олар қоғамның үнемі өркендеуін қамтамасыз етеді- деп жазды. Қағаз ақша алтынды айналымнан ығыстырып, бұл құбылыс ақшаны алтын әсерінен азат етті және дәл осы жайт Кнапп теориясының жеңісі ретінде қарастырылды.
Сонымен,Кейнс номинализмнің тәжірибиелік мақсаты-алтын стандартты жойып, қазаз ақшаның айналымғаеркін енуін және экономиканы инфляциялық процесті басқару арқылы реттеуін тәжірибиелік негіздеуінде болды.
Қазіргі таңда номинализм- ақша болмысының мәселесі жөніндегі үстем теориялардың бірі. Осылайша, әйгілі американдық экономист П. Самуэльсон ақша шартты белгілер болып табылады деп есептейді. « Экономика» шығармасында ол: « Тауарлы ақшаның дәуірін қағаз ақша дәуірі ауыстырды. Қағаз ақша ақшаның мәнін, олардың ішкі табиғатын кейіптейді...Ақша- жасанды әлеуметтік шарт» деп жазды.
Номиналистік теорияның пайымдауынша, қағаз ақша адам еркімен пайда болды, мемлекетпен жасалды, ал шын мәнінде ақша- металды қатынастардың белгілі заңдылығы мен айналымның қосымша құралға қажеттілігі туындағаны, бағалы металдарды өңдеу өндірісінң жетімсіздігі нәтижесінде пайда болды.Қағаз ақшаның өлшем мөлшерінің қызметі мен өткіншілігі- мінсіз қатынас құралы ретінде тиімділігіне байланысты болып шықты.
Сонымен, номиналмзм теориясының сипаты: ақша тауардан ғана пайда болмайды, олардың көп қызметтерінен бас тарту, ақшаны құн масштабымен теңдестіру, өте оңды сан бірлігі болып табылыды.
2.1 Алғашқы ақша реформасының мазмұны
Революцияға дейінгі Қазақстанда жүргізілген 1895-1897 жылдардағы ақша реформалары нәтижесінде алтын монета айналысы бар алтын монометаллизм жүйесі енгізілді. Айналыста алтын, күміс жәнс мыс монеталары жүрді. Негізгі ақша белгілеріне 92% алтынмен қамтамасыз етілген Мемлекеттік банктің несиелік билеттері жатты. Ақша массасының басты бөлігін алтын монеталарға ауыстырылатын айналыс құралдары құрады, сондықтан да оларға деген халықтың сенімі болды.
1917 жылы жазда Уақытша үкімет 20 және 40 рубльдік ақша белгілерін шығарды, олар шынының бетіне жабыстырылған этикеткаларға ұқсас, бұны халық арасында "керенки" деп атады. Несиелік ақшалар мен "керенкилерден" басқа Уақытша үкімет айналыска суррогаттың әр түрін енгізді: мемлекеттік қазынаның қысқа мерзімді міндеттемесі, займ купондары.
Мемлекеттік шығыстарды жабу мақсатында үкімет ірі купюрада қағаз ақшаларды шығарды. Ұсақ ақшалар рөлін чектер, бондар, маркалар және басқа да ақшалай суррогаттар атқарды. Ресейде ақша жүйесінің жалпы құлдырауы басталып, оның Қазақстанға да өзіндік ықпалы болды. Қазан революциясынан кейін ақша айналысының жағдайы біршама нашарлай түсті. Үш жыл ішінде (1913-1920) айналыстағы қағаз акшаларының массасы 48 есеге дейін өсіп кетті. Ақша 10 мың есеге құнсызданды. 1919 жылы алғаш рет кеңестік мемлекеттік билеттер, кейіннен РСФСР-дің есеп айырысу белгілері айналысқа шығарылды. Түркістанда, Солтүсіік Кавказда, Кавказда, Қиыр Шығыста жэне басқа жерлерде жергілікті ақша белгілерін шығаруға рұқсат берілді. Ақша массасы сан алуан түрлі болды. Жергілікті ақша белгілері Жетісуда, Верный қаласында (қазіргі Алматы) шығарылды. Жетісулық несиелік билеттер Мемлекеттік банкте апиынмен сақталған жэне Жетісу облысының барлық байлығымен қамтамасыз етілді. Бұл туралы несиелік билеттердің бет жағында көрсетілген жазу куәландырады. Дүниежүзілік тәжірибеде мұндай жағдайлар болған емес. Жергілікті билік органдарының иелігінде мұндай бағалы дәрілік шикізаттың 275 пуды болды, олар елдің байлығы болып саналды. Бірақ бұлар қаржылық жағдайды нығайта алмады. "Верненск рублі" күн сайын құнсыздана бастады. [1.64 б]
Азамат соғысы мен шетел интервенциясы жағдайында интервенттер, шетелдіктер және ақ гвардия "үкіметі" өздерінің ақшаларын басып шығарды. Олардың бағамдары әртүрлі болды және олар тезірек құнсызданды.
Ақшаның қатты құнсыздануының нәтижесі: шаруашылык қатынастардың натуралдануы мен ақщаның айналыстан шығарылуы болып табылады. 1920 жылдың соңынан бастап "еңбек паегін " ақысыз беру басталды. Келесі жылдары пәтерақы және коммуналдық қызмттер үшін төлем төлеу алынып тасталды. Оқушыларға тегін киім берді. Базарлардың өзінде азық-түліктермен алмасу ақшасыз,яғни кездейсоқ айырбас эквивалент (мысалы, етік жұбы 30 фунт ұнға немесе 1 пұт қара ұнға немесе 3 фунт махоркаға және т.б.) түрінде жүзеге асырылды.
1921 жылдың наурызында болған РКП(б)-ның Х-съезінде жаңа экономикалық саясат (ЖЭС) қабылданды. Шаруалар өнім салықтарын мемлекетке төлегеннен кейін, артық өнімдерін базарга сатуга мүмкіндік туды. Қала мен ауыл арасында нарықтық қатынас дами бастады. Жеке меншік капиталдың саудаға және ұқсас өнеркәсіпке араласуына жол берілді.
Біртіндеп еңбекақыны ақшамен төлеу қалпына келтірілді. Егер, 1921 жылдың көктемінде ақшалай еңбекақыны төлеу тек 10% құраса, онда 1923 жылы бірінші тоқсанында, ол - 80%-дан астамын құрады. Бұл ақша реформасының арқасында ғана мүмкін болды.
1921 жылы қазанда Ресей Кеңестік Федеративтік Социалисгік
Республикасында Мемлекеттік банкі үйымдастырылып, ол елдің басты
эмиссиялық орталығы болып саналды. Мемлекеттік банктің басты міндегі
ақша реформасын жүргізуге дайындық жасау болды.
Ақша реформасын өткізудің экономикалық алғышарттарына ЖЭС жүргізудің нәтижесіндегі шаруашылық жағдайдың біршама жақсаруы: әртүрлі өнеркәсіп салаларындағы өнімдер көлемінің өсуі, еңбек өнімділігінің артуы, ауыл шаруашылығының басты өнімдерінің өсуі (бидай, мақта) тауар айналымының артуы жатады.
Тауар шаруашылығындағы ақша айналысының бірқалыпты болуының екінші бір алғышарты - бүл ақшаның алтынмен камтамасьп етілуі. 1922 жылдың қаңтары мен 1923 жылдың қаңтары аралығында Мемлекеттік банктің алтын валюта резерві 6,7 млн.-нан 31 млн. рубльге дейін өсті. 1922 жылы сәуірде бағалы металдарды жэне тастарды еркін түрде иеленуге рұқсат берілді, оған дейін халық оларды мемлекетке, тапсыруға міндетті
болатын. Бағалы металдардан жасалған монеталар мен шстел валюталарын сатып алу мен сатуды Мемлекеттік банктің өзі ғана жүгізуге монополиялық қүқығы болды.
Ақша айналысын қалыпқа келтірудің басты бір қадамына 1922 жылдың мемлекттік ақша белгілерін шығару жатты. Мүндағы 1 рубль бұрын шығарылған 10 мың рубльге теңесті. Ақшаларды қайта есетеу олардың төрт нөлін сызып тастау (деноминациялау әдісі) арқылы жүргізілді.
1922 жылдың 1 мамырынан бастап, барлық есептесулер жаңа
ақшалармен жүзеге асты. Айналыстағы ескі ақша белгілерін 1923 жылдың
1 қаңтарына дейін кассаларда қабылдады.
Екінші рет деноминациялау барысында 1923 жылғы үлгідегі 1 рубль
1922 жылы 100 рубльге немесе бұрынғы кеңестік акша белгілерінің бір
миллионына теңесті.
Деноминациялар ақшаны есепке алуды оңайлатты, акша айналысын бір
қалыпқа келтіру жөніндегі ұмтылыстардьі куәландырды, әйтсе де, рубльді
тұрақтандыру мүмкін болмады. Мемлекеттік бюджеттің тапшылығы жағдайында жаңа ақшалар үсті-үстіне шығарыла бергендіктен де, олар тезірек құнсыздануға ұшырады.
Ақша реформасы екі кезеңде жүргізілді: 1922 жылы 25 шілде жәпе 1 1 қазанда Кеңхалком декретімен Мембанкке 1,2,3,5,10,25 және 50 червонец тұрғысындағы банктік билеттерді шығару туралы құқық берілді. Бір червонец соғысқа дейінгі алтын монетадағы (7,74234 г. алтын) 10 рубльге теңесті. Мембанк червонецтерді кәсіпорындарда вексельдік және тауармен қамтамасыз етілген қарыздар беру арқылы шығарып отырды. Бұл тауар айналысының қажеттілігімен байланысты червонецтерді шығаруға мүмкіндік берді.
Червонецтерді эмиссиялаудың несиелік сипаты олардың қарызды өтеу барысында банкке қайтарылуына қызмет етті. Вексельдер мен тауарлы-материалдық бағалықтардан басқа да червонецтер эмиссия сомасынан 25 % алтынмен және шетел валютасымен қамтамасыз етілді. Банктік билеттер алтынға айырбасталмады, бірақ банк червонецтердің алтын рубльдегі бағамының сақталуын бақылап отырды. Кеңес мемлекетінің барлық тарихында червонец жалғыз ғана тұрақты валюта болып табылды.
Червонецтер ірі ақша болғандықтан да, олар көбіне көтерме шаруашылық айналымына қызмет етті. Кеңестік ақша белгілері өздерінің ұсақ құндылығына қарамай, олар үсақ бөлшек сауда және базар айналымында қызмет ете берді. Шын мәнісінде, елде екі валютаның косарлы айналысының жүйесі қалыптасты: Мембанктің несиелеу барысында шығарған червонецтері және Халықаралық қаржы комитетінің бюджет тапшылығын жабу мақсатында шығарған кеңес ақшасының белгілері. [3.24 б]
1.05.1924 жылы айналыстағы ақша массасы астрономиялық санға -762,3 квадрильон рубльге (квадрильон - бұл 15 нөлі бар ақша бірлігі) жетті.бұл ақша массасының нақты құны (червонецтегі) 15,2 млн. рубльді күрады.
Кеңестік ақша бірліктерінің құнсыздану қарқыны орташа және үсак купюрадағы ақшалардың жетіспеушілігіне әкеліп соқты. Сөйтіп, ұсақ ақшалар ретінде әртүрлі ақшалар, әсіресе тұрақты валюталар да бейнеленген суррогаттарды шығарды.
Кеңестік ақша бірліктерінің қүнсыздануы шаруаларға үлкен зиян әкелді. Червонецтер қаланың валютасы болды, іс жүзінде олар ауылдарда
жетпеді. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің тауарлығы төмендей бастады. Мұның бәрі ақша реформасын тезірек аяқтауды талап етті. Бұған деген өзіндік алғышарттары болды: бюджет тапшылығы 15%-ға дейін қысқарды, өндіріс пен тауар айналымының өсуі байқалды, алтын қоры ұлғайды (1.01.1923 ж. - 10,9 млн. рубльден 1.02.1924 ж. - 153,6 млн. рубльге дейін). Бірақ алтын қорының сомасы ресей патшалығы соғысының қарсаңындағы болған алтын қорына қатынасты алғанда 9%-ға жуығын құрады.
1924 жылдың 5 ақпанында Орталық Атқару Комитеті (OAK) және Халық Комиссарлар Кеңесі (ХКК) декретіне байланысты ақша реформасы тоқтатылды. Айналысқа 1,3 және 5 рубльдегі қазыналық билеттер шығарылды, мұндағы 10 қазыналық рубльдің құны 1 червонецке теңесті. Кеңес акша белгілерін шығару тоқтатылды. Олардың қаржы Халык Комиссарларының қорында болған қоры жойылды. 1924 жылдың 22 ақпанынан бастап 10,15,20 жэне 50 тиындық күміс монеталар және 1,2,3 және 5 тиындық күміс монеталар шығарылды. 1924 жылдан бастап айналыстағы ақшаның кеңестік белгілерін нақты бағаммен сатып алу басталды, 1 рубльдік қазыналық билет 50 мың рубльге теңесті. Қазыналык билеттердің шығарылу шамасы айналыстағы червонецтер сомасының жартысынан аспауға тиіс болды. 1888 жылы дүниеге келғен Г.Я. Сокольников(Бриллиант) 1922-1924 жылдардағы ақша реформасын үйымдастырушы және теоретигі болды. 1921 жылдың қараша айынан бастап, ол Қаржы Халық Комиссариатының басқарған болатын. Оның жетекшілігімен бөлінген қаржы-несие жүйесі қалпына келтірілді. Не бары 3 жыл ішінде, 1924 жылдың аяғында, мемлекеттік бюджет тапшылықсыз болды. Бүл кеңестік ақша белгілерінің эмиссиясын қысқартып, тұрақты червонецтерге өтуге мүмкіндік жасады. Ол 1922 жылдың басынан бастап валютаның тұрақтылығы елдің экономикалық өрлеуінің қажетті шарты деп дәлелдеді. Осы уақыттарда көптеген шаруашылық иелері, қүнсыз кеңестік ақша белгілерінің эмиссиялануы — ұлттық табысты бірінші. кезектеғі мемлекетіік қажеттілікке қайта бөлудің мүмкін болар тәсілі деп санады. Бұл көзқарасқа қарсы болған Г.Я.Сокольников, барлық тауарлык шаруашылықта ақша тек кана айналыс жэне толем қүралы болып табылмай, сондай-ақ құн өлшемі және қорлану құралы болып табылады деп санаған. Соңғы екі қызметті құнсыз кеңестік ақша бірліктері аткара алмайды. Қорлану құралы ретіндегі ақшаға деген қажеттілік алтынның, түрақты валютаның келуін талап етеді. Ол бюджеттік эмиссиялауға негізделген гиперинфляцияның барлық ақша жүйесінің кұлдырауына әкеліп соғатынын дәлелдеген болатын. Қаншалықты сыртқы сауданың дамуы іщкі айналымдағы ақшалар мен дүниежүзілік нарықтағы ақшалар арасында тұрақты қатынастың болуын талап ететіндіктен де, алтынға байланысты ұлттық валютаның тұрақты бағамы болуы қажет. Алтынға валютаның еркін ауыстырылуын жақтаушы ретінде ғана емес, сонымен қатар Г.Я.Сокольников алтын резервтерін жинақтау қажет деп санады.
Алтын қорының үш рөлі болады:
1. халықаралық есеп айырылысуда резервтік қор ретінде;
2. ішкі нарықта червонец бағамын реттеуші (Мембанк алтынды шетел
валютасымен бірге ішкі нарықтан сатып алып отырды);
3. көзге көрінбейтін жағдайларға арналған сақтандыру резерві;
Червонец тарихта "алтын " деген атпен кірді, бүл жерде оның мазмұны
патшалық 10 рубльдің алтын мазмұнына сәйкес келуінің қатысы болғандыктан емес.
Мембанк валюталық бағамды өзгеріссіз (1 червонец тең 1 фунт стерлинке) қалыпта ұстау мақсатында "еркін нарықта" алтынды және шетел валютасына сатып жэне сатып алып оіырды. Мемлекеттің нарықтағы алтын және шетел валютасына деген сұраныс пен үсыныс қатынасына араласуын валюталық интервенция деп атай отырып, ол өз кезегінде червонец позициясын нығайтуға, оның бағамын арттыруға мүмкіндік берді.
1922-1924 жылдардағы ақша реформасында көптеген адамдар құнсыз қағаз ақшалардың орнына мыс монеталардың келуі таңғажайып нәрсе деп баға берді.
Ақша айналысын реттеуді, ақша белгілерін эмиссиялауды катаң орталықтандырып ¥лы Отан соғысына тұрақты ақша жүйесімен қадам басуға мүмкіндік жасады. [2. 212 б]
¥лы Отан соғысы елге - 679 млрд. рубльге шығын әкелді, оның ішінде әскери шығындар 551,1 млрд. рубльді қүрады (соғысқа дейінгі бағамен есептегенде). Өндіріс пен халық тұтынатын тауарлардың сатылу көлемінің аяқ асты қысқаруы мемлекеттік бюджеттің табыстарын азайтты. Осы уақыт ішінде әскери шығыстар өсе бастады. Оларды жабу мақсатында халықтан алынатын табыс салығына қоса әскери салық, баласыз адамдарға салық, шағын жанұяларға салық және жалғыз басты азаматтарға салынатын салықтар енгізілді. Халық арасында мемлекеттік займдарға ерікті түрде жазылу және әскери техникаларды құрауға ерікті жарналар беру жұмыстары ұйымдастырылды. Соғыс уақытында халықтың "барлығы 270 млрд. рубль немесе мемлекеттік табыстардың 25,4 % шамасында қаражаттар түсті.
Бюджет тапшылығы эмиссиялау есебінен жабылды, өндіріс көлемінің қыскаруымен айналыста ақша массасы жоғарылады. Бұл ұйымдастырылмаған нарықта бағаның көтерілуіне әкелді. Мемлекеттік
сауданың тұтыну заттарына соғысқа дейінгі бағалар сақталды. Бұған халық тұтынатын тауарларды сатуда карточкалық жүйе арқылы кол жеткізді. Рубльдің сатып алу қабілеттігі төмендей берді.
Соғыстың зардаптарын жою үшін экономика облысында рубльдің тұрақтылығын және оның сатып алу кабілеттілігін көтеру қажет болды. Өнеркәсіпте және ауыл шаруашылығында өндіріс көлемінің үлғаюы, тауар айналысының, мемлекеттік кірістердің көбеюі ақша реформасын жүргізуге (КСРО Кеңес министрлігімен БКП(б) OK қаулысына сәйкес 1947 жылдың 14 желтоқсанында "Ақша реформасын жүргізу туралы және азық-түлік пен өнеркәсіп тауарларына карточкаларды алып тастау туралы") мүмкіндік берді. Айналысқа жаңа ақша бірліктері 1,3,5,10,25,50,100 номиналдық купюралар шығарылды. Қолма-қол ақшалар ескі ақшаларға 1:10 қатынаста айырбасталды. Бұндай жолмен айналыста ақша массасы 10 есеге азайды, Мемлекет жасанды ақшалардан құтылды. Мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардағы ақща қаражаты қайта бағаланбады. Колхоздардың, кооперативтік кәсіпорындардың және несиелік мекемелердің шоттарындағы ақша қаражаты жеңілдік катынаспен 5:4 есебінде айырбасталды. Ақшаның айырбасталуы қысқа мерзімде 15-20 желтоқсан аралығында жүзеге асырылды. Ол арнайы ұйымдастырылған айырбас пунктерінде жүрді. Бұрынырақ кезде шығарылған металлдық монета айырбасталуға жатпады және айналыста номиналы бойынша қала берді Желтоқсанның бірінші жартысы үшін жалақы бұрынғы мөлшерде ақшамен төленді. Реформаның басты элементтерінің бірі бүрынғы шығарылған мемлекеттік займдарды (1947 ж. займнан басқа) 1948 жылғы біртұтас 2% займға конверсиялану болды. Барлық бұрынғы займдағы облигациялар 3:1 арақатынасымен айырбасталды.