Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Мая 2012 в 22:18, реферат
Қаржы (“қолма- қол ақша”, “табыс” ұғымын білдіретін орта ғасырдағы латын тілінің financia сөзінен пайда болған француздың financе сөзінен шыққан) қоғамда нақты өмір сүретін, обьективті сипаты мен айырықша қоғамдық арналымы бар өндірістік қатынастарды білдіре отырып, тарихи қалыптасқан экономикалық категория ретінде көрінеді. Құн категорияларының жүйесінде қаржы белгілі орын алады және өзінің ішкі ерекшеліктерімен, сондай- ақ ұдайы өндірістегі өзгешелік рөлімен айшықталады.
Мемлекеттік қаржының жалпы сипаттамасы.
Қаржы (“қолма- қол ақша”, “табыс” ұғымын білдіретін орта ғасырдағы латын тілінің financia сөзінен пайда болған француздың financе сөзінен шыққан) қоғамда нақты өмір сүретін, обьективті сипаты мен айырықша қоғамдық арналымы бар өндірістік қатынастарды білдіре отырып, тарихи қалыптасқан экономикалық категория ретінде көрінеді. Құн категорияларының жүйесінде қаржы белгілі орын алады және өзінің ішкі ерекшеліктерімен, сондай- ақ ұдайы өндірістегі өзгешелік рөлімен айшықталады.
“Қаржы”
ұғымы мемлекетпен бірге бір
уақытта қоғамның таптарға жіктелуі
кезінде, мемлекеттің дамуы мен
оның ресурстарға деген
Қаржы ғылыми ұғым ретінде, әдетте, қоғамдық өмірде сан алуан нысандарда пайда болатын қызметтермен ассоциацияланады және міндетті түрде ақша қатынастарының қозғалысымен қосарлана жүреді.
Бүгінде қаржы терминің күнделікті қолданысқа енгізген авторды атау қиын. Бұл терминнің авторлығын 1577 жылы “Республика туралы алты кітап” деген жұмысын бастырып шығарған француз ғалымы Ж. Боденге қалдыруға болады.
Қаржы туралы жұмыстың алғашқы авторы Ксенофонт қаржы саласындағы көзқарасы орың “Афиннің мемлекеттік құрылысы” атты жұмысында баяндалған. Қаржының мәні, оның даму заңдылықтары, тауар- ақша қатынастарын қамту сферасы мен қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады.
Түрлі қоғамдық- экономикалық формациялар қаржысының айырмашылығы мына себептерге байланысты:
әр түрлі қоғамдық формацияға қоғамның өзіне меншікті таптық құрылымы сай келеді. Сонымен бірге қаржы ұлттық табысты мемлекеттің пайдасына қайта бөлуді ұйымдастыра отырып, оны бөлудің қатынастарын есепке алады;
кез
келген экономикалық- қоғамдық формацияларда
қаржы билеуші таптың мүдделерін
қорғайтын мемлекеттің
өндірістің жана әдісі шаруашылық қатынастардың жаңа жүйесін тудырады. Мәселен, құл иеленуші және феодалдық формацияларға натуралдық қатынастар сәйкес келсе, мемлекет табысының қалыптасуы да көбінесе натуралдық сипатта болды. Капиталистік шаруашылық тауар- ақша шаруашылығы болып табылады. Тиісінше мемлекеттің табысы да ақша нысанында қалыптасады;
егер мемлекет басқару органы ретінде қалыптасқан өндірістік қатынастардың ұдайы өндірісі мен таптық құрылыстың міндеттеріне қызмет ететін болса, онда бұл міндеттерге қаржы да қызмет етеді.
Экономикалық
өмірде қаржының сыртқы көрінісі қоғамдық
өндірістегі әр түрлі қатысушылар
қаражаттарының қозғалысы түрінде
болып жатады. құбылыстар бетінде
бұл қозғалыс ақшалай соманы қолма-
қолсыз немесе қолма- қол ақшамен
есеп айырысу түрінде бір
Қаржы – ақша қатынастарының ажырағысыз бөлігі, ол әрқашан экономикалық жүйе шенберіндегі қоғамдық ұдайы өндірістің түрлі субьектілері арасындағы бүкіл ақша қатынастарын емес, тек айырықша ақша қатынастарын білдіреді, сондықтан оның рөлі мен маңызы экономикалық қатынастарда ақша қатынастарының қандай орын алатындығына байланысты.
Жалпы
қоғамдық өнім мен ұлттық табысты
жасау, бөлу және қайта бөлу процесінде
қалыптаса отырып, қаржы қоғамының
түпкілікті пайдалануға жіберілетін
материалдық ресурстар
Алайда қаржы ақша қатынастарының бүкіл сферасын қамтиды деп санау дұрыс болмас еді. Ақша қатынастары ішінен тек олар арқылы мемлекеттің, оның аумақтық бөлімшелерінің, сондай- ақ шаруашылық жүргізуші субьектілердің жасалынатын ақша қорлары бұл қатынастардың мазмұны болып табылады. Ақша қатынастары жалпы алғанда қаржыдан кең. Қаржы тек ақша қорларының, атап айтқанда табыстар мен қорланымдардың қозғалысымен байланысты болатын ақша қатынастарын ғана қамтиды. Басқа ақша қатынастары қаржы шеңберінен шығып кетеді. Қаржы қатынастарының жиынтығына, мысалы, шығындардың барлық түрлерін ақшалай есепке алу мен бақылау жасау, өндірілген өнімді ақша нысанында өлшеу, өзіндік құнды калькуляциялау және өнімнің бағасын анықтау, ақшалай түсімді есепке алу мен сақтау, ақша айналысын реттеу және басқалары кірмейді. Сауда жүйесі арқылы тауарларды сатып алу және сату кезінде пайда болатын ақша қатынастарын азаматтық- құқықтық әдіспен реттеп отырады. Ақша қатынастарымен бірігіп кеткен субьектілердің теңдігі бұл әдіске тән өзгеше нысан болып табылады. Сонымен бірге қалыптасатын ақша қатынастарының өзіндік қаржылық емес өзгешелігі болады.
Қаржы
ақшадан мазмұны жағынан да, функциялары
жағынан да айырмашылығы бар. Ақша –
бұл ен алдымен ассоциацияландырылған
өндірушілердің еңбек шығындары
өлшенетін жалпыға ортақ
Қаржы механизмі арқылы мемлекет өзінің саяси, экономикалық және әлеуметтік сфералардағы көптеген қызметтерін атқаруға қажет ақшалай қаражаттар қорын жасап қолданады.
Қаржы
жүйесінің көрсеткіштері жалпы
ұлттық экономикадағы жағдайдың
сенімді индикаторы болып табылады.
Осында шаруашылық әрекеттердің барлық
маңызды аспектері тікелей
бұдан қаржы қатынастарын өндірістік қатынастардың бір бөлігі деуге болады, яғни олар базистік әрі негізгі қатынастар болып табылады.
Қатынастардың
иерархиялық субординациясын
Қаржының қажеттігі обьективті мән- жайдан – тауар- ақша қатынастарының болуынан және қоғамдық дамудан қажеттіліктерінен туындайды. Қаржының басты арналымы – табыстар мен ақшалай қорларды жасау арқылы мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субьектілердің қаржы ресурстарына деген қажеттіліктерін қанағаттандырып отыру және бұл ресурстардың жұмсалуына бақылау жасау.
Қаржы ресурстары болмаса, қаржы механизмі арқылы барлық жағдайға ықпал етудің кең мүмкіндіктерін пайдалана алмаса, мемлекет өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүзеге асыра алмайды, өзінің әлеуметтік- экономикалық бағдарламаларын, қорғаныс және елдің қауіпсіздігі функцияларын қаматамасыз ете алмайды.
Мемлекет
дәстүрлі функциялардан басқа, шаруашылық
процестерді реттеу жөнінде едәуір
экономикалық функцияларды орындайды,
сондықтан мемлекеттің
Елде жергілікті мәні бар міндеттерді шешуге бейімделген жергілікті өзін- өзі басқарудың дамуы да тиісті қаржымен қамтамасыз етуді, муниципалдық құрылымдар қаржысының жұмыс істеуін талап етеді.
Сондықтан өтпелі кезенде шаруашылық жүргізудің төменгі буындары мен аймақтарға ерекше көңіл аударылады, оларға қаржы ресурстарын қалыптастыруда үлкен құқық пен дербестік беріліп отыр. Тек бұл ресурстар орталықтың, аймақтардың, шаруашылық жүргізудің төменгі буындарының арасында ұтымды, ғылыми негізде бөлінген кезде ғана жоғары қайтарымы және пайдаланылатын қаражаттардың үлкен көлемде жаңғыруы болуы мүмкін.[1]
Мемлекеттік
сектордың қызметімен байланысты қаржы
қатынастары елеулі дәрежеде “қоғамдық
тауарлар” деп аталынатындарды
– мемлекет қаржыландыратын және
бірлесіп тұтынылатын материалдық,
сол сияқты материалдық емес сипаттағы
игіліктер мен қызметтер
Экономиканың жұмыс істеуінің нарық жағдайында мемлекет тауар- ақша қатынастарын әлдеқайда аз дәрежеде реттейді, негізгі реттеуші тауарлардың, жұмыстардың және қызметтер көрсетудің сұранымы мен ұсынымы болып табылады.[2]
Тауар
өндірісінің негізіне тауар өндірушілердің
экономикалық алдын ала келісіп алушылығын
шарттастыратын қоғамдық еңбек бөлінісі
қойылған. Олардың әрқайсысы өндірістің
материалдық- заттық факторларының саралануы
олардың әр түрлі деңгейі жағдайында өнім
жасайды, ал сол себепті тіпті ұқсас тауарлар
нақты және затталынған еңбектің әр түрлі
шығындарымен өндіріледі.
ҚОЛДАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР