Мемлекеттік бюджет

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Мая 2012 в 18:36, курсовая работа

Описание

Қазақстан Республикасында экономикалық реформаларды жүзеге асыру үшін қазіргі кезеңге дейін нарықтық экономика аумағындағы жинақталған жалпы қаржы қарым қатынасының даму тәжірибелерін біліп, дұрыс пайдалану қажет.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының бүкіл қаржы жүйесін реформалау, оның негізгі тармағы бюджеттік жүйені күрделі түрде қайта құруын мәжбүр . Сол реформалаудың логикалық жалғасы ол жаңа бюджеттік заңнама жасау және қабылдау. Нәтижесінде, 2004 жылы көкек айының 24 жұлдызында Қазақстан Республикасының жаңа Бюджеттік кодексі қабылданып, 2005 жылы қаңтар айының 1 жұлдызында қолдануға енгізілді.

Содержание

Кіріспе
Мемлекеттік бюджеттің мәні мен мазмұны
Бюджеттік саясаттың негізгі міндеттері
Бюджет жүйесінің қалыптасуының негізгі қағидаттары
Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы мен құрылымы
Бюджеттік тапшылық және оны жабудың әдістері
ҚР бюджет жүйесін ұйымдастыру
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

мемлекеттік бюджет.docx

— 36.68 Кб (Скачать документ)

 

 

                               Жоспар:

Кіріспе

  1. Мемлекеттік бюджеттің мәні мен мазмұны
  2. Бюджеттік саясаттың негізгі міндеттері
  3. Бюджет жүйесінің қалыптасуының негізгі қағидаттары
  4. Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы мен құрылымы
  5. Бюджеттік тапшылық және оны жабудың әдістері

 ҚР бюджет жүйесін ұйымдастыру

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

 

                                                КІРІСПЕ

      Қазақстан Республикасында экономикалық  реформаларды жүзеге асыру үшін  қазіргі кезеңге дейін нарықтық  экономика аумағындағы жинақталған  жалпы қаржы қарым қатынасының  даму тәжірибелерін біліп, дұрыс  пайдалану қажет. 

     Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының  бүкіл қаржы жүйесін реформалау, оның негізгі тармағы бюджеттік  жүйені күрделі түрде қайта   құруын мәжбүр . Сол реформалаудың  логикалық жалғасы ол жаңа  бюджеттік заңнама жасау және  қабылдау. Нәтижесінде, 2004 жылы көкек  айының  24 жұлдызында Қазақстан  Республикасының жаңа Бюджеттік   кодексі қабылданып, 2005 жылы қаңтар  айының  1 жұлдызында қолдануға  енгізілді. 

    Жаңа  Бюджеттік кодекстің ережелері  біздің республикамыздың  бүгінгі  күнгі қаржылық қарым қатынас  пен жалпы бюджеттік саясаттың  даму жағдайын көрсетеді. Кодексте  бюджеттік процеске қатынасушылардың  барлық іс әрекеттерінің тәртібі  мен ережелері толық және жан  жағынан жазылып дәлелденген.  Бұл бірыңғай құжатқа мемлекеттік  міндеттемелері мен функцияларын  орындауға арналған ақша қаражаттарын  қалыптастыру мен оларды жұмсау  процестері толығымен анықталған.

     Бюджеттік процес маңында заңнамалар  арқылы реттелетін мемлекеттік  органдардың бюджеттер болжамын  құрастыру, қарастыру мен бекіту, бюджеттерді атқаруын ұйымдастыру  мен оның бақылауын қамтамасыз  ету жөніндегі іс әрекеттерді  қарастырылады. Бюджеттік процестің  мазмұны елдің мемлекеттік және  бюджеттік құрылымдары арқылы  анықталады. Қазақстан Республикасында  бюджеттік процес өз алды мемлекеттік  биліктің орталық және жергілікті  органдарының, бюджеттік процестің  қатысушыларының бюджеттер мен  Ұлттық қор болжамын жасау  мен қарастыру, оларды бекіту  мен атқару және бақылау жөніндегі  әрекеттерін тізбектелген және  реттелген түрде іске асыруды  көрсетеді.

     Егеменді мемлекеттің бюджеттік  процесі әрекеттегі бюджеттік  заңнамаларға сәйкес ұйымдастырылады.  Қазақстанда ол бюджеттік кодексі  және басқа да бюджеттік процеске қатысты заңнамалы нормативтік актілерімен реттеледі. Республикада бюджеттік процесті ұйымдастыру келесі принциптерге негізделеді.

    • Тұтастық оның маңында бірыңғай құқықтық база, бюджеттік жіктелу, бюджеттік пен статистикалық ақпаратқа қажетті бюджеттік құжаттар формаларынын бірлігі және ақша жүйесінің бірлігі;
    • Дербестік оның маңында бюджеттік процеске әрбір қатысушы өз әрекетін өз еркі ұйымдастырады және сол әрекет кірістердің өздік қанар көздері барлығымен және оларды пайдалану бағыттарын анықтайтын құқықпен қамтамасыз етуіне;
    • Теңгерушілік оның маңында барлық бюджеттердің кірістері мен шығыстары арасындағы арақатынастарды дұрыс тағайындалуына;

   Жоғарыда  айтылған принциптердің талаптарын  сақтау бюджет тұрақтылығы мен  аймақтар және іс әрекет салалары  аралығындағы ақша құралдарын  бөлудің қажетті пропорцияларын  қамтамасыз етуге тиісті. Бұл  арада тағы бір маңызды шартты  сақтау қажет ол мемлекеттің  барлық қаржы саястының бас  негізі болатын бюджет шығыстарының  оның кірістеріне сәйкестігі  мен қаржы резервтер құру.

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.  Мемлекеттік бюджеттің мәні  мен мазмұны

 Мемлекеттік бюджет – мемлекет пен кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер арасында қалыптасатын қаржылық қатынастар.

         Мемлекеттік бюдет мемлекеттің  орталықтандырылған ақша қорын  жасау және оны ұдайы  өндіріс  пен қоғамдық қажеттіліктерді  қанағаттандыру мақсаттарына пайдалануға  бағытталатын қаржылық қатынастардың   жиынтығы. Қаржылық  қатынастардың жиынтығы ретінде мемлекеттік бюджетке ең алдымен  жалпы қаржы категориясынан ажырататын өзгеше белгілер тән. Атап айтсақ, бюджеттік қатынастардың  бөлістірушілік сипаты бар,  және ол әрқашанда ақшалай нысанда жүзеге асырылады және мақсатты ақша қорларын қалыптастырумен және пайдаланумен қосарлана жүреді. Мемлекеттік бюджеттің бұдан басқа да өзгеше қасиетттері бар. Ақшалай қаражаттарды орталықтандыру экономиканың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету үшін халық шаруашылығы масштабындағы үздіксіз айналымды ұйымдастыру үшін қажет.   Мемлекетке орталықтандырылған ақша қаражаттары дамушы мақсатты салаларды қаржыландыруға, қоғам деңгейінде әлеуметтік- мәдени шараларды жүргізу үшін, қорғаныс саласының мәселелерін шешу үшін және мемлекетті басқару шығындарын жабу үшін  қажет. Мемлекеттік бюджет арқылы халық шаруашылығының өндірістік және өндірістік емес аясындағы, аймақтар мен салалар арсындағы қаржылардың бөлістірілуі жүзеге асады. Осыған сәйкес , мемлекеттік бюджет қоғамның таза өнімінің  қозғалысын сипаттайтын және осының негізінде мемлекеттің орталықтандырылған қоры қалыптасып, пайдаланылады.

Мемлекеттік бюджеттің  келесідей ерекше белгілері  бар:

- қоғамдық  қажеттіліктерді қанағаттандыру  мақсатында  қоғамдық өнімнің  бір бөлігін бөлістіру қатынастарын  жүзеге асыратын экономикалық  нысан болып табылады;

- құнды жасау  және оны тұтыну процесін  жүзеге  асыратын  матениалдық өндіріс  қаржысынан  және құнды тұтынуға  қызмет ететін  өндірістік емес  сфера қаржысынан  мемлекеттік  бюджеттің айырмашылығы ол ұлттық  шаруашылықтың салалары, аумақтар, экономиканың секторлары , қоғамдық  қызметтің сфералары арасында  құнды қайта бөлуге арналған;

- қоғадық  өнімнің тауар нысанындағы қозғалысымен  тікелей байланысты емес құндық  бөліністің кезеңін білдіреді. 

Бюджет  сонымен қатар  мемлекеттің экономикаға  араласуының құралы ретінде пайдаланылады  және ол көп жағдайда мемлекеттік  несие жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Бюджеттің сыныпталуының мәні  бүгінгі уақытта  мемлекеттік  бюджетті монополиялық өнімінің бағасын  реттеуде айқын білінеді және ол  мемлекеттік кәсіпорындардың өнімдерініе  бағаны төмендетуде, салық жеңілдіктерін  қолдануда және монополиялы кәсіпорындарға субсидия бөлуде айқын көрінеді.

  Мемлекеттік  бюджет бірлікті, толықтылық, нақтылық, айқындылық қағидаларына  негізделіп  қалыптасады. 

  Бюджеттің бірлігі қағидасы   бюджетті бірыңғайлылығын және біртекті бюджет құжатының болуын негіздейді. Сондай –ақ бюджеттің жіктелуі мен нысандар бойынша кірістері мен шығыстарының біртекті топтастырылуын   сипаттайды.

Бюджеттің толықтылық қағидасы– бюджетке үкіметтің барлық шығындары мен кірістерінің енуін сипаттайды. Бюджет брутто-бюджетке және нетто- бюджетке бөлінеді. Брутто-бюджетке мемлекеттің жиынтық кірістері мен шығыстары кіреді. Ал нетто- бюджетке тек таза кірістер мен шығыстар енеді.

Нақтылық немесе реалистік қағидасы жасанды бюджеттерді болдырмауды сипаттайды. Бұл қағида барлық кірістер мен шығыстардың сомасының шын, нақты болуына негізделеді.Бүгінгі уақытта бұл қағида бірде –бір елде дұрыс сақталынбайды.Себебі, шығындардың жұмсалуы бүрмеленіп, әрбір сыныптар бойынша нақты табыстардың түсуі жасырын түрде болады. 

  Айқындылық қағидасы бюджеттің кірістері мен шығыстары туралы, олардың құрамы мен құрылымы және тапшылық көлемі мен оны жабу әдістері туралы  мәліметтердің жарияланып отыруына негізделеді.

Осыған  орай, мемлекеттік бюджет   мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа да өкілдерінің арасында қоғамдық қажеттіліктерді қанғаттандыру мақсатында қалыптасатын мемлекеттің орталықтандырылған ақшалай қаражаттарын бөлу мен қайта бөлу үрдісінде жүзеге асырылатын ақшалай қатынастарды көрсетеді.

 

2. Бюджеттік саясаттың негізгі  міндеттері

Мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде  қаржының – бөлістірушілік және бақылаушылық категорияларына сәйкес алдына міндетті талаптар қояды. Бұл қызметтердің әрекетке келуі қарастырылып отырған бюджеттік  қатынастардың ерекшеліктеріне  байланысты болады.

       Бюджет экономикаға бюджет механизмі арқыры ықпал етеді. Осының нәтижесінде бюджеттің экономикаға әсер ету құралы ретіндегі ролі айқындалады.

 Бюджет механизмі (тетіктері) – мемлекеттің орталықтандырылған ақша қаражаттарын қалыптастыру мен пайдаланудың әдістері мен тәсілдері. Экономиканы реттеу орталықтандырылған ақша қорларының сандық мөлшерін бекіту арқылы, бюджетті орындау барысында қаржы ресурстарын қалыптастыру мен пайдалануды реттеу әдістері мен тәсілдерін бекіту арқылы жүзеге асырады. Қоғамдық ұдайы өндірістегі мемлекеттік бюджеттің ролі ең біріншіден, ұлттық табыстың 30% жуығын, ішкі жалпы өнімнің -20%, жалпы қоғамдық өнімнің-10% бөлістіру арасында анықталады. Ол ақшалай қаражаттарды халық шаруашылығының әр түрлі салаларының, қоғамдық қызмет аяларының, мемлекеттің экономикалық аудандарының, аумақтарының  арасында бөлістіреді.

3.Бюджет жүйесін қалыптастыру  қағидалары 

Меншік  формаларының әртүрлілігі шаруашылық жүргізудің болжамдық-жоспарлы негізін  құруға негіз болады. Шаруашылық жүргізудің бұл әдісі бюджеттік қатынастардыңқалыптасуныңда  негізгі нысаны болып табылады. Мемлекеттің  орталықтандырылған қаржы қорларының қозғалысының қалыпты жоспарлы нысаны мемлекеттің сәйкес қаржылық құжаты- негізгі қаржылық жоспарда бейнеленеді. Негізгі қаржылық жоспар мемлекеттің  жоспарлы қызметінің -өнімі болып  табылады; онда мемлекеттің еркі мен  қоғамның барлық мүшелерінің көзқарасы  бейнеленеді. Қаржылық жоспар мемлекеттің  бюджет туралы Заңына сәйкес орындалады.

Мемлекеттік бюджет матеиалдық өндіріс аясында  да үлкен ролді атқарады.

 

4. Бюджет жүйесінің құрамы мен құрылымы

Бюджет  арнайы экономикалық нысандар-бюджет шығыстары мен кірістерінен қалыптасады. Кірістер мен шығыстардың құрамы мен құрылымы мемлекеттің нақты  әлеуметтік –экономикалық жағдайында жүзеге асырылатын бюджеттік және салықтық саясаттарының бағыттарына байланысты. ҚР мемлекеттік бюджетінің кірістерінің құрамы мен құрылымы салықтық төлемдер мен салықтық емес түсімдер жүйесі арқылы анықталады.

1996 жылдан  бастап мемлкеттік бюджеттің  құрылымы 5 бөлімнен тұратын жаңа  сыныпталу (жіктелу) негізінде  қалыптасады.

Бірінші бөлім «Кірістер мен арнайы алынған транферттерге» кірістердің 4 категориясы кіреді:

  1. Салықтық түсімдер ( 75% жуық)
  2. Салықтық емес  түсімдер ( 11 % жуық)
  3. Капитал мен жүргізілетін операциялардын түсетін түсім ( 13%)
  4. Сырты және ішкі көздерден алынған арнайы трансферттер (гранттар) из внешних и внутренних источников ( 1%)

Екінші бөлім  «Шығындарға» келесі функционалды топтар кіреді:

  1. Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер: заңдылықты, атқарушы органдар, фундаменталды ғылыми зерттеулер ( 11%жуық)
  2. Қорғаныс саласы (5%)
  3. Қоғамдық тәртіп пен қәуіпсіздік ( 8 %)
  4. Білім ( 18%)
  5. Денсаулық сақтау( 14%)
  6. Әлеуметтік сақтандыру және қамтамасыздандыру ( 12%)
  7. Демалысты ұйымдастыру және мәдениет аясына  ( 3%)
  8. Отын –энергетика кешені ( 1 %)
  9. Ауыл шаруашылығы, су жәнеорман шаруашылығы  ( 3%)
  10. Тау –кен өнеркәсібі ( 1 %жоғары)
  11. Көлік және байланыс ( 0,1%)
  12. Экономикалық қызметпен байланысты қызметтер ( 10%)
  13. Үкіметтің резервті қоры (15 %)

Бюджет  қаражаттарының шығыс бөлігінің 50% астамы  әлеуметтік –мәдени шараларды  қаржыландыруға бөлінеді. Қалған қаражаттар мемлкеттік билік, басқару органдарының, құқық қорғау орагандарының сот органдары мен прокуратура органдарын қаржыландыруға жұмсалады. 

Үшінші бөлім «Неселеу шегерілген несиені жабу» бөлімі. Бұл бөлімге бюджеттік несиелеу бойынша төлемдер сонымен қатар таза несиелеу қаржаттары кіреді.

Төртінші бөлімде бюджет кірістері мен шығыстарының арасындағы айырмашылық түріндегі бюджет тапшылығының көлеміне несиенің көлемі  қосылып, төленген қаражаттар алынып тастағанннан қалған сомма жазылады. Бесінші бөлім «Бюджет тапшылығын қаржыландыру» деп аталып, тапшылықты жабу көздерін бейнелейді. Атап айтсақ:

  • Ішкі қаржыландыру  – мемлекеттік бағылы қағаздарды шығару арқылы, ұлттық банк несиелерін пайдалану арқылы
  • Сыртқы қаржыландыру – халықаралық қаржылық ұйымдар мен шел мемлекеттердің қаржыларын пайдалану арқылы

Информация о работе Мемлекеттік бюджет