Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2011 в 10:05, курсовая работа
Металлургия өнеркәсібі – темірден басқа барлық металдарды кентастық шикізатты байытудан дайын өнім алуға дейінгі өндіріс сатысын қамтитын кешен. Тусті Металлургия Өнеркәсібі-нің негізін физик. және хим. қасиеттерімен ерекшеленетін жеңіл (алюминий, магний, бариллий, литий, т.б.), ауыр (мыс, никель, қорғасын, қалайы, мырыш, т.б.), баяу балқитын (вольфрам, молибден, ниобий, тантал, хром, цирконий, т.б.), асыл немесе құнды ( алтын, күміс, платина және платиналы металдар), шашыранды (галлий, индий, таллий), сирек кездесетін (скандий, иттрий, лантан, лантаноидтар) және радиоактивті (технеций, франций, радий, полоний, актиний, торий, протактиний, уран және трансурандық элементтер), жер қыртысында орналасқан металдар құрайды. Сондай-ақ Тусті Металлургия Өнеркәсібіне алмас, электрондар, кейбір хим. қосылыстар (сирек кездесетін элементтердің тотықтары, күкірт қышқылы, тыңайтқыштар, химикаттар, т.б.) өндірісі де кіреді. Азия құрлығының таулы қыратты аймақтарында түсті металдардың, алмастың ірі кен орындары бар. Австралияда Тусті Металлургия Өнеркәсібі қорғасын, мырыш, мыс, алтын, күміс кен орындары аясында дамыған. Африка құрлығы бойынша кобальт пен мыстың аса ірі қоры Замбия мен Конгода, алмас, платина, алтын кендері Оңт. Африка Республикасында, уран Нигерия мен Намибия жерінде орналасқан.