Меншік қатынастары және олардың экономикадағы ролі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 17:47, реферат

Описание

Осы өзара тәуелділіктерді қолдау және нығайту үшін қоғам мүшелері белгілі бір тәртіп ережелеріне бағынуы тиіс. Мұндай жалпы ережелер сәйкес құқықтық заңдар мен нормаларда көрсетіледі. Оларды мемлекет бекітіп, өзінің билігінің шеңберінде қолдайды.

Содержание

Кіріспе 2
1. Меншіктің мәні мен мазмұны 3
2. Иемденудің түрлері мен формалары 7
3. Қазақстан Республикасындағы жекешелендіру және мемлекеттік меншіктен шығару 9
Қорытынды 12
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 14

Работа состоит из  1 файл

Меншік қатынастары және олардың экономикадағы ролі (реферат).doc

— 83.50 Кб (Скачать документ)

Мемлекеттік меншіктен  шығару шаралары жекешелендірумен тығыз байланысты құрайды.

Жекешелендіру - бұл меншікті жекелеген азаматтар мен заңды тұлғалардың жеке меншігіне беруде көрініс табатын мемлекеттік меншіктен шығару бағыттарының бірі.

Қазақстан Республикасындағы 10 жыл аралығында мемлекеттік меншіктен шығару және жекешелендіру үрдістерінде әрқайсысына өзіндік мақсаттары мен міндеттері тән төрт кезеңді бөліп көрсетуге болады. Бұл үрдістердің басталуы Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасу кезеңіне сәйкес келеді.

I кезең 1991-1992 жылдарды қамтиды. I кезеңдегі жекешелендіру үрдісінің негізгі бағыты болып, кәсіпорындарды ұжымдық немесе акционерлік меншікке беру, бұл кәсіпорындардың еңбек ұжымдарына жеңілдіктермен және сауда, қызмет көрсету объектілерін сату (соның ішінде тұрмыстық купондар) жолымен жүзеге асқан орталықтанған-жоспарлыдан нарықтық экономикаға өту талаптарын қамтамасыз ету мақсатында кең масштабты мемлекеттік меншіктен шығару табылады.

II кезең 1993-1995 жылдар аралығын қамтиды.

Берілген кезең 1993 жылдың 5 наурызындағы Қазақстан Республикасы Президентінің Бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасындағы 1993-1995 жылдарға деген мемлекеттік меншіктен шығару және жекешелендірудің ұлттық бағдарламасына» сәйкес жүзеге асырылды.

Жекешелендірудің екінші кезеңіндегі бағдарлама институционалды реформалардың негізгі бағыттарын анықтады:

  • Кіші сауда кәсіпорындары, коммуналды шаруашылықтар, тұрмыстық қызмет көрсету аукциондары мен сайыстары арқылы жүзеге асырылған «кіші жекешелендіру».
  • Инвестициялық жекешелендіру купондары үшін 200-ден 5000-ға дейін жұмысшылары бар орташа кәсіпорындардың «жалпылама жекешелендірілуі».
  • Ірі және уникалды мүліктік кешендердің (5000 адам жұмысшылары бар кәсіпорындардың) жеке жобалары бойынша жекешелендіру.
  • «мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсіпорындарының жекешелендірілуі».

Жекешелендірудің III кезеңі 1996-1998 жылдарды қамтып, №246 1996 жылдың 27 ақпанынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің жарғысымен бекітілген «1996-1998 жылдардағы Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік меншіктен шығару және жекешелендіру Бағдарламасына» сәйкес жүзеге асырылды. Бұл кезеңнің негізгі мақсаты болып, жекешелендіру үрдісін аяқтау жолымен Қазақстан Республикасы экономикасындағы жеке меншік сектордың басымдылығына қол жеткізу және бекіту табылды.

IV кезең 1999-2000 жылдарды қамтып, №683 1999 жылдың 1 маусымынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің жарғысымен бекітілген «1999-2000 жылдарға Мемлекеттік мүлікті жекешелендіру және басқару тиімділігін көтеру бағдарламасына» сәйкес жүзеге асырылды.

V кезең Бағдарламасының негізгі мақсаты болып, мемлекеттік мүлікті жекешелендіру және басқарудың құқықтық негіздерін жетілдіру, мемлекеттік мүлікті сайыстық жекешелендіруді басқару және қамтамасыз ету тиімділігін көтеру, есебін арттыру болып табылды.

1991-2000 жылдары жалпы  республика бойынша мемлекеттік мүлік пен жекешелендіру Комитеті және оның облыстық бөлімшелері мен мемлекеттік меншік объектілерінің 34,5 мыңы жекешелендірілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Республикамызда нарықтық қарым-қатынастарды қалыптастыру бағытында  көптеген шаралар жүзеге асырылуда. Оның сан алуан  тәуелсіз және  тең құқықты  актілерінің болуы – нарықты қалыптастыру мен оның тиімді жұмыс істеуінің қажетті шарты. Бұл мемлекет меншігінде кәсіпорынның негізгі бөлігін мемлекеттік басқару органдарына тікелей бағынудан құтқарып оларды акционерлік, кооперативтік және т.б. кәсіпорындарға айналдыруда қажет етеді.

Мемлекеттік меншіктің  бүкіл қоғамды түгел қамтитын сипатынан айыру, меншікті мемлекет иелелігіне алу, акционерлік, кооперативтік  және жеке меншікке негізделген кәсіпорындардың алуан түрлерін қалыптастыру  адамдардың  шаруашылыққа және еңбекке деген ынта жігерін арта түсуіне  жол ашып, әлеуметтік қиындықтарды жеңілдетеді.

Жалпы меншік туралы сөз  болғанда ол бір бірімен өзара  байланысты: дәстүрлі, әрекеттік құқығы, экономикалық және заңды құқықтық деп аталатын үш тарамнан тұратын барынша күрделі ұғым екендігін естен шығармау қажет. Мұндағы басты ерекшелік заңнан ұжымдық меншік деген ұғым алынып тасталды. Дәл қазіргі сәтте Қазақстан Республикасында  меншіктің  жеке және мемлекеттік меншік, сонымен қатар осы екеуіне  тән  негізделген меншіктің әр түрлі  заңды деп саналады. Олар:

    • Арендалық кәсіпорынның меншігі
    • Кооперативтердің меншігі
    • Шаруашылық қоғамы мен серіктестіктердің меншігі
    • Акционерлік қоғамның меншігі
    • Ассоциялардың және бірлестіктердің меншігі
    • қоғамдық ұйымдар мен қорлардың меншігі
    • діни ұйымдардың меншігі

Сонымен, нарықты экономикаға  өтуге байланысты қатынастарын қайта  құру өзекті проблемелардың біріне айналып  отыр. Меншік формаларының плюрализмі – бұл шаруашылық жүргізу жүйесінің бүкіл қоғамдық организмнің өзін-өзі реттеудің қажетті шарты. Бұл жағдайда меншіктің әр түрлі формасы өз орнын табады. Олардың қайсыбірін күштеп ығыстыруға болмайды. Әр кәсіпорын тиімді бәсекелестік жағдайда  өмір сүру қажет.

Тағы да бір  маңызды мәселе. Меншік формасының плюрализмі – нарық шаруашылығының объективті негізгі Қазақстан экономикасының дүниежүзілік шаруашылығына енуінің қажетті шарты.

Адамды адам қанау  мәселесі оны жою маркстік ілімде  басты орын алады. Капитализм мен  қанаушылық бұл теорияда бір-бірінен ажырағысыз. Оның негізінде капиталистің жеке меншік арқылы капиталистік қоғамда қанаушылық қатынасы орын алып жалдамалы жұмысшылардың еңбегінің нәтижесін капиталистер иемденді деген қорытынды жасалды. Қосымша құнның шеттелуі меншіктің кез келген нысанында орын алғандықтан, ол қоғамдық шаруашылықтың объективті қажеттілігі болып табылады. Олай болса, қанаушылық шеттелудің белгілі бір дәрежесіне қоғамдық қатынастардың бүкіл жиынтығына  байланысты. Батыс елдерінде жалдамалы қызметкерлердің жалақы  қоры ұлттық табыстың 60-80 пайызын құрайды. Тек 20-40 пайызын өндіріс құрал жабдықтардың иесі иемденеді. Ал бұрынғы кеңес елінде  жалдамалы қызметкер иемденетін жаңа жасалған құнның үлесі әр қилы есептеулерге қарағанда 30-40 процент, ал мемлекетке тиесілі үлесі табыстың 60-70 процентін құрайды немесе жеке меншік үстемдік ететін қоғаммен салыстырғанда ол 1,5-2 есе жоғары  болғаны.

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

1.С.С.Мәуленова, С.Қ.Бекмолдин, Е.Қ.Құдайбергенов,. Экономикалық теория 2004 ж.

2. Маршалл А.,Саяси экономика принциптері, 1993 ж.

3. Шеденов Ө.Қ., Сағындықов Е.Н.., Жүнісов Б.А., Байжомартов Ү.С.., Комягин Б.И. Жалпы экономикалық теория, Ақтөбе, 2004 ж.

4. Нәрібаев К.Н. Жатқанбаев  Е.Б. Мұхтарова Қ.С. Экономикадағы  ғылыми зерттеулердің әдістері. – Алматы, 1999.

5. Я.Ә. Әубәкіров, Қ.  Нәрібаев, М. Есқалиев, Е. Жатқанбаев, Е.Байжұманов, С. Досқалиев, Ж.  Жәйшебеков. Экономикалық теория. Алматы. “Қазақ университеті” баспасы, 1999 ж.

6. Я.Ә. Әубәкіров, Қ.  Нәрібаев, М. Есқалиев, Е. Жатқанбаев, Е.Байжұманов, С. Досқалиев, Ж. Жәйшебеков. Экономикалық теория негіздері. Алматы. “Санат баспасы”, 1998 ж.

  

 

Орындаған: Юқ 122 топ студенті  Нургалымова А. М.




Информация о работе Меншік қатынастары және олардың экономикадағы ролі