Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 21:55, реферат
Анатомия — тірі организмдердің үлкейткіш аспаптардың көмегінсіз көзге көрінетін қүрьшысын зерттейтін іргелі (фундаментальды) биологиялық морфологиялық ғылым. Анатомия — зерттеу нысандарына байланысты жануарлар және өсімдіктер анатомиясы болып екіге бөлінеді. Жануарлар анатомиясынан адам анатомиясы жеке ғылым саласы ретінде бөлінді. Зерттеу бағыттарына сәйкес анатомия өз кезегінде бірнеше салаларға бөлінеді:
II. Негізгі бөлім:
а) Анатомияны тірі адамда оқу әдістері
б) Дене құрылымының түрлері
в) Сүйектің құрылысына түрлі факторлардың әсері
Қорытынды:
Пайдаланылған әдебиеттер
Сүйек жүйесі негізінен механикалық, көбінесе биологиялық маңызы бар, бірқатар қызмет атқарады. Негізінен механикалық маңызы бар функцияларды қарастырайық. Араларында теріде пайда болатын ішкі қаңқамен қатар азды көпті дамыған сыртқы қаңқасы бар түрлер кездескенмен, барлық омыртқалылар үшін қаңқа тән. Қаңқаның механикалық функциясы тірек, қорғаныш және қозғалысты іске асыру қабілетінен көрінеді.
Дене шынықтырумен айналысатындардың қаңқасы онымен шұғылданбайтындарға қарағанда едәуір тәуір дамыған.Дене бітімі мықтылау балаларда дене бітімі әлсіздеу балаларға қарағанда қаңқа жүйесі әлде қайда жақсы жетіледі.Тиімді дене жаттығулары ,қимылдары арқасында баланың қаңқасы ,кеуде торына қоса барлық бөлімдері жақсы дамып,мұның өзі олардың ішіне жайғасқан өмірлік маңызды ағзалардың дамуына қолайлы әсер етеді.Дене қимылы әсерінен сүйектердің өзгеруі функционалдық жағдайлардың нәтижесі болып табылады.Мысалы,егер симметриялы аяқ-қолдарға бірдей жүк түссе онда олардың сүйектері де екі жағынан бірдей қалыңдайды.Егер оң не сол қолға немесе оң не сол аяққа көбірек жүк түссе ,онда ауырлық көп түскен аяқ не қол көбірек жуандайды.Демек,сүйек за тының дамуы дәрежесінде туа біткен факторлар ғана емес ,сонымен бірге туғаннан кейінгі адамның бүкіл өмір бойы дене еңбегінің сипаты да шешуші рөл атқарады.Бұл заңдылық физикалық жаттығулар арқылы сүйектердің өсуіне бағдарлы әсер ете отырып,адам денесінің үйлесімді дамуына көмегін тигізеді.Сүйектердің практикалық әсері де,бір жағынан,осында жатыр.Сүйектердің зақымдануларының бітіп-жазылуы на көмектесетін емдік дене шынықтыру да осы заңдылыққа негізделген . Сүйектің форма түзілген функцияның рөлінің жарқын мысалына сынықтан кейінгі потологиялық буынның түзілуі жатады.Сүйек сынақтарының бітіспеуі жағдайында олардың ұштары ұзақ уақыт бір-біріне үйкелуі нәтижесінде бұлшықеттердың жиырлуы әсерімен тегіс буын беттері пішіндеріне ие болып бұрынғы сынған жерде жасалған буын құрады . Ауыстырылып қандырылған бөліктің архейтектониясы трансплантатқа қойылған жаңа функциялық талаптарға сәйкес қайта құрылады. Қаңқа жүйесінің дара өзгергіштігі биологиялықта әлеуметтікте факторларға байланысты. Организм сыртқы орта факторларын биологиялық жағынан қабылдап ,ол қаңқаның қайта құрылуына әкеледі.Сүйек тінінң қайта құрылуы арқылы өзгеріп отыратын функциялық қажеттіліктерге бейімдеу қабілеті сүйектердің биологиалық өзгерістрінің себебі, ал жүктеме сипаты, еңбектің ауыр-жеңілдігі,адамның тұрмыс тіршілік қалпы және басқа әлеуметтік сәттер осы өзгергіштің әлеуметтік себептері болып табылады.
Сүйек жүйесінің биологиялық функциясы қаңқаның зат алмасуға, әсіресе, минералды алмасуға қатысуына байланысты (қаңқа түрлі минералдық тұздардың – фосфор, кальций, темір және т.б. тұздардың жиналатын жері). Зат алмасуға байланысты ауруларды рентген сәулесі, радиоактивті изотоптар арқылы диагноз қоюға болады. Бұдан басқа қаңқа қанжасау функциясын да атқарады. Бұл кезде сүйек жәй ғана жілік майы үшін қорғаныш құндақ қана емес, ал жілік майы оның органикалық бөлігі болып табылады. Жілік майының өзінше дамуы және қызметі сүйек затының құрылысына әсер етеді де, ал, керісінше механикалық факторлар қанжасалу функциясына ықпалын тигізеді. Сондықтан дене жаттығуларын құрастырғанда қаңқаның барлық атқаратын қызметтерінің бірлігін есепке алу қажет.
Адам еңбек әрекеті процесінде қол, аяқ, саусақ және т.б. осы сияқты өзінің табиғи құралдарын іс қимылға қосады. Қаңқаға, әсіресе бұлшық еттердің жұмысы күшті әсер етеді. Сіңірлердің бекитін жерлерінде бұдырлар (төмпешік, өсінді, кедір бұдыр), ал бұлшықет шоқтарының бекіген жерлерінде тегіс немесе ойыс беттері түзіледі. Бұлшықет неғұрлым дамыса, олардың бекіген жерлері соғұрлым айқын білінеді. Міне, сондықтан бұлшықеттің бекуімен байланысты сүйек бедері балаға қарағанда ересек адамда, әйелге қарағанда еркек адамда күштірек байқалады.
Бұлшықеттің дене жаттығулары мен кәсіби жұмыс кезіндегідей ұзақ және жүйелі жиырылуы біртіндеп нерв жүйесінің рефлекстік механизмі арқылы сүйектегі зат алмасуын өзгертеді, соның салдарынан сүйек затының жұмыс гипертрофиясы деп аталатын ұлғаюы байқалады. Бұл сүйектердің үлкен кішілігі, пішіні және құрылысының өзгеруіне себеп болады, оны тірі адамдардан рентген арқылы оңай анықтауға болады.
Еңбек және тұрмыс жағдайларын әртүрлі есепке ала отырып, сүйектердің қалыпты құрылымын зерттеудің нормадан тысқары күшті ауырлықтың салдарынан норманың патологияға ауысуы туралы мәселені шешуде үлкен маңызы бар. Анатомия ғылымының мұндай бағыты түрлі кәсіп адамдар анатомиясы деп аталады (М.Г.Привес).
Қорыта келгенде,адам денесінің пішінін,құрылысы мен атқаратын қызметін және оны қоршаған ортаға байланысты дамуын зерттейтін ғылымды анатомия деп атаймыз. Ескі сипаттамалық анатомия өзінің алдына адам денесі қалай құрылған деген бір – ақ сұрақ қойды. Ол тек адам құрылымын сипаттаумен ғана,оларды атқаратын қызметіне байланыссыз зерттеді де,организмнің даму заңдарын ашуға ұмтылмады ,яғни метафизикалық ғылым болды. Қазіргі анатомия үшін сипаттау құрылымы зерттеудегі әдістердің біріне айналып отыр.
Пайдаланылған әдебиеттер: