Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 16:14, реферат
Адамзат дамуының қандай да болсын тарихи кезеңдеріне көз жүгіртіп қарайтын болсақ, меншік мәселесі бірінші орында тұратындығын аңғарамыз. Меншік — адамзат қоғамындағы мәнді құбылыс, ол адамның өмір сүруінің негізгі болып табылады. Жеке меншіктің пайда болуы Ежелгі Грекия, Ежелгі Рим, т.б. сол сияқты мемлекеттердің қалыптасуы мен даму бағыттарын айқындады.
Қазақтың әдеп-ғұрып заңында жерге жеке меншік құқығы болған жоқ. Жеке меншікте тек мал мен мүлік болды. Меншік құқығын бекіту үшін малдың құлағына ен салатын.
Меншік құқығы және меншіктің түрлері
Адамзат дамуының қандай да болсын тарихи кезеңдеріне көз жүгіртіп қарайтын болсақ, меншік мәселесі бірінші орында тұратындығын аңғарамыз. Меншік — адамзат қоғамындағы мәнді құбылыс, ол адамның өмір сүруінің негізгі болып табылады. Жеке меншіктің пайда болуы Ежелгі Грекия, Ежелгі Рим, т.б. сол сияқты мемлекеттердің қалыптасуы мен даму бағыттарын айқындады.
Меншікдегеніміз—бұл
жеке адамның затқа байланысты қарым қатынасы.
Сондай-ақ меншік заң бойынша қорғалды
Біздің елімізде меншіктің заңдастырылған екі түрі бар: жеке меншік және
мемлекеттік меншік. Қазақстан республикасының
Конституциясына сәйкес олар бірдей мойындалады
және қорғалады. Жеке меншік—бұл азаматтардің және мемлекеттік емес заңды
тұлғалар мен олардың бірлестіктерінің
меншігі, ал мемлекеттің иелігіндегі мүліктер
мемлекеттік меншік болып есептеледі
Біздің еліміздегі нарықтық қатынастар
мемлекеттік меншіктің әр түрлі формаларының
қажеттілігін тудырады.Сондықтан да біздің
елімізде мемлекеттік меншікті жеке меншікке айналдыру (приватизация) жүргізіліп
жатыр.
Кейбір жағдайларда мүлік тек біреудің меншік құқығында ғана емес, бірнеше адамға тиісті болуы мүмкін. Бір немесе одан да көп бірнеше тұлғаның меншігіндегі мүлік оларға ортақ меншік құқығымен тиесілі болады. Ортақ меншіктің үлестік және бірлескен ортақ меншік деген түрлері бар. Меншік иелерінің үлестері белгілі болса, онда ол үлестік ортақ меншік болады. Меншік құқығына қатысты үлестері белгіленбеген болса, онда олардың үлестері өзара тең. Бұл — бірлескен ортақ меншік.
[өңдеу]Меншік құқығын иемдену тәртібі
Меншік құқығының пайда болу негіздерін бастапқы және туынды деп ажыратуға болады. Бастапқы негізге бұрын ешкімнің меншік құқығында болмаған мүлік жатқызылады, яғни, жаңа салынған үй, олжа, қараусызжануарлар, т.б. Туынды негіз мүліктің бір тұлғадан екінші тұлғаға өтуі негізінде пайда болатын меншік құқығы, мысалы, келісім бойынша жасалуы мүмкін сату — сатып алу, айырбастау, сыйлау.
Бұл құқық табиғи суаттарға ғана қатысты, ал жасанды суаттарға, құқықтар мен тоғандарға меншік құқығы осыларды жасаған адамдарға байланысты анықталған.
[өңдеу]Меншік құқығың тоқталуы
Меншік құқығының тоқтатылуы өз еркімен және мәжбүрлі түрде жүзеге асырылады. Мүлікті өз еркімен басқа тұлғаға беру, сату, меншік құқығынан бас тарту, мүлікті жою және т.б. Мәжбүрлі түрде меншік құқығын тоқтату: тәркілеу, реквизация, иесіз мәдени немесе тарихи маңызы бар мүліктерді сатып алу және т.б. негізде жүргізіледі.
[өңдеу]Меншікті иелену, пайдалану, билік ету
Меншік құқығының мазмұнын іс жүзінде меншікті иелену, пайдалану және билік ету құқығы құрайды.
[өңдеу]Иелену құқығы дегеніміз
Иелену құқығы дегеніміз — мүлікті іс жүзінде иеленуді жүзеге асыруды заң жүзінде қамтамасыз ету. Мысалы, адам іссапармен жол жүріп кетсе де, артында қалған мүліктің толық иесі бола алады.
[өңдеу]Пайдалану құқығы дегеніміз
Пайдалану құқығы дегетміз — мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін алудың, сондай-ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі. Пайда — кіріс, өсім, жеміс, төл алу, т.б. нысандарында болуы мүмкін. Бір ескеретін жағдай майдалану құқығы иелену құқығынан кейін пайда болады. Мәселен, жеке меншік болып табылатын тракторды шаруашылықта пайдалану — иелену құқығы, ал оны басқа тұлға пайдалануға беру—пайдалану құқығы болып табылады.
[өңдеу]Билік ету құқығы дегеніміз
Билік ету құқығы дегеніміз — мүліктің заң жүзіндегі тағдырын белгілеудің заңмен қамтамасыз етілуі. Бұл мүлікке байланысты заңға қарсы келмейтін қандай да болсын әрекеттерді жасау мүмкіндігі. Мысалы, өзіне тиесілі мүлікті біреуге сату, айырбастау немесе оны жойып жіберу, т.б. Меншік иесі заң жүзінде мүліктің тағдырын шешуге қабілетті.
[өңдеу]Өзге де заттың құқықтар
[өңдеу]Жерді пайдалану құқығы
Жерді пайдалану құқығы — жеке немесе заңды тұлғаның мүлікті иелену меншігіндегі жерді өтемді немесе өтемсіз негізде мерзімі белгіленген немесе мерзімі белгіленбеген уақыт аралығында иеленуі және пайдалануы.
[өңдеу]Шаруашылықты жүргізу құқығы
Шаруашылықты жүргізу құқығы —
мемлекеттен алған мүлікті
[өңдеу]Оралымды басқару құқығы
Оралымды басқару құқығы — меншік
иесі мен қазыналық кәсіпорынның
қаражаты есебінен қаржыландырылған,және
мемлекеттен мүлік алған
[өңдеу]Өзге де заттық құқықтар
Өзге де заттық құқықтар — сеніп тапсырылған басқару құқығы жеке меншіктегі жерді уақытша пайдалану құқығы жер асты байлығын иелену құқығы; кепіл.
[өңдеу]Меншік құқығын қорғау
Егер меншік құқығы бұзылса немесе бұзылуы мүмкін болса онда меншік иесі өз құқығын қорғауға жүгінеді. Меншік құқығы екі жолмен бұзылуы мүмкін: меншік иесінё өз мүлкін қолдануына және иелік етуіне кедергі жасау. Бірінші жағдайда, меншік иесі құқық бұзушыға бөтен біреудің иелік етуінен өз мүлкін алу туралы виндикациялық талап кояды. Екінші жағдайда, меншік иесі өз мүлкін қолдануға және иелік етуге тосқауыл болатын заңсыз кедергілерді жою туралы заң бұзушыға негаторлық талап қояды.
Виндикациялық талапқа сай меншік иесі өз мүлкін бөтен біреудің заңсыз иелік етуіне қарсы талап қоя алады. Виндикациялық талап қойылғанда, мүліктің жаңа иесінің (иеленуші) адал немесе адал емес екендігі анықталады. Егер мүлікті иеленуші мүліктің заңсыз алынғанын білмесе және білуге мүмкіндігі болмаса, онда ол адам адал деп есептелінеді. Керісінше, егер мүлікті иеленуші мүліктің заңсыз алынғанын білсе жәнө білуге тиісті болса, онда ол адам адал емес деп есептелінеді. Негаторлық талап— бұл мүлік иесінің үшінші тұлғаға меншік құқығын дұрыс жүзеге асыруға кедергі жасайтын бөгеттерді жою туралы талабы. Егер виндикациялық талап қойылған кезде талап қоюшы жауап берушінің заңсыз иелігіндегі затқа иелік етпесе, негаторлық талапта талап қоюшы өз мүлкіне иелік етеді, бірақ та жауап беруші өзінің құқыққа қарсы мінез- құлқымен талап қоюшыға өзінің меншікқұқығын дұрыс жүзеге асыруға кедергі жасайды. Талап қоюшының талабы өзінің меншік құқығын дұрыс жүзеге асыруына жауап беруінің құқыққа қарсы мінез- құлқы мен кедергі жасамауына ғана емес, сонымен қатар, құқық бұзушылықтың салдарын жоюға, яғни шығындарды қайтаруды талап етуге бағытталған. Бұл талапқа талап ету мерзімі қолданылмайды.
Құқықтық жағдайларына байланысты елімізде меншік: мемлекеттік және жеке меншік деген нысандарға бөлінген. Мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың меншігі жеке, ал мемлекеттің меншігіндегі мүліктер, т.б, мемлекеттік меншік болып табылады. Елімізде нарықтық қатынастар меншік түрлерінің ер алуандығыи қажет етеді. Сондықтан да елімізде мемлекеттік меншікті жеке меншікке айналдыру үшін жекешелендіру жүргізілуде.[1]