Меншікті жекешелендіру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2012 в 12:39, реферат

Описание

Бірінші кезең. «Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру» Заңын іске асыру үшін 1991-1992 жылдарға арналған Қазақ ССР-да мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің бірінші бағдарламасы әзірленді, ол ҚазССР Президентінің қаулысымен (1991 жылғы 13 қыркүйектегі № 444) бекітілді. Бірінші кезеңде жекешелендіру бастамашылық сипатқа ие болды. Жекешелендіру туралы шешімді жекешелендіруге кәсіпорын ұжымының өтінішінен кейін ғана мемлекеттік органдар қабылдады.

Работа состоит из  1 файл

Меншікті қалыптастыру123.doc

— 111.50 Кб (Скачать документ)

 

56 кәсіпорын шетел инвесторларына сатылды. Жақсы инвестициялық климаты бар ел беделі Қазақстанға АҚШ, Англия, Корея, Швейцария, Бельгия, Гибралтар, Индонезия, Канада, Германия, КНР, Ресейден инвесторларды тартты.

Банкрот болу фактісінің болуына қарамастан ірі кәсіпорындарды жекешелендіру экономиканы ырықтандыру процесін қайтымсыз етті. Жекешелендіру процесінде шетел капиталының қатысуы, отандық кәсіпорындарды басқаруда шетел тәжірибесін пайдалану, алдыңғы қатарлы технологияларды игеру тікелей шетел инвесторларын тарту жөніндегі стратегияның дұрыстығын растады.

Ірі кәсіпорындарды сенімгерлік басқаруға беру және кейіннен оларды жеке жобалар бойынша сату жеке және мемдекеттік капиталы бар Қазақстанның жаңа өнеркәсіптік компанияларын құрды. Бұл компаниялар қазіргі уақытта халықаралық нарықтарда өз орнын тапты, бұл жүз мыңдаған адамдарды жұмыс орнымен қамтамасыз етуге және айтарлықтай ел экономикасын нығайтуға мүмкіндік берді.

 

Жекешелендірудің төртінші кезеңі

 

Төртінші кезең (1999 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін) мемлекеттік меншікті басқару және билік ету мәселелерінде мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктерді бөлу жөніндегі жаңа көзқарастармен сипатталады. Осы кезеңнің басты сәті мемлекеттік меншікті республикалық және коммуналдық меншікке бөлу болып табылды. Жергілікті мемлекеттік басқаруды нығайтудың, аймақтардың қаржылық және экономикалық дербестігін қамтамасыз етудің нақты шаралары болып облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне коммуналдық меншіктің объектілерін жекешелендіру шешімін қабылдау және жүзеге асыру құқығын беру болды.

1999 жылы коммуналдық меншікке 953 акционерлік қоғамдағы және шаруашылық серіктестіктегі акциялардың мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері берілді.

2000 жылы Мемлекеттік мүлікті басқару және жекешелендіру тұжырымдамасы мақұлданды, оны іске асыру мақсатында 2001-2002 жылдарға және 2003-2005 жылдарға арналған мемлекеттік мүлікті басқарудың және жекшелендірудің тиімділігін арттырудың салалық бағдарламалары, Мемлекеттік активтердi басқарудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы қабылданды.

Экономиканың стратегиялық салаларында мемлекеттік бақылауды күшейту үшін 2003 жылы «Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.

Индустриялық-инновациялық дамудың 2015 жылға дейінгі стратегиясын іске асыру мақсатында «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ, «Қазақстанның Инвестициялық қоры» АҚ, «Ұлттық инновациялық қор» АҚ, «Экспорттық кредиттерді                       және инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы» АҚ сияқты даму институттары құрылды.

«Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік холдинг) құрылды, оған «Қазақтелеком», «Электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания», «Қазақстан темір жолы» ҰК», «Қазпочта», «ҚазМұнайГаз» ҰК» акционерлік қоғамдарының және басқа да 14 акционерлік қоғам акцияларының мемлекеттік пакеттері берілді. Мемлекеттік холдинг бәсекеге қабілетті тауарды дамыту мен шығару үшін инвестициялық «тұтқа» және қосымша құрал болуы тиіс.

Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық саясаты шеңберінде ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамы құрылды. «Қазына» акционерлік қоғамына «Қазақстанның Даму Банкі», «Ұлттық инновациялық қор», «Қазақстанның Инвестициялық қоры», «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры», «Экспорттық кредиттерді және инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы», «Маркетингтік-талдамалық зерттеулер орталығы» акционерлік қоғамдары акцияларының мемлекеттік пакеттері мен «Қазақстан инвестицияларға жәрдемдесу орталығы» ЖШС мемлекеттік үлесі берілді.

«Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 11 желтоқсандағы                 № 220 Жарлығын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы № 1247 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті «Азық-түлiк келiсiм-шарт корпорациясы», «Аграрлық кредит корпорациясы»,  «ҚазАгроҚаржы», «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры», «Мал өнiмдерi корпорациясы», «Астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердiң орындалуына кепiлдiк беру қоры», «Қазагромаркетинг» акционерлiк қоғамдары акцияларының мемлекеттік пакеттерін «ҚазАгро» ұлттық холдингі» акционерлік қоғамының орналастырылатын акцияларын төлеуге берді.

1991 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін барлығы мемлекеттік меншіктің            39 мыңнан астам объектісін жекешелендіру жүзеге асырылды, соның ішінде: акционерлік қоғамдардың 3 710 акцияларының мемлекттік пакеті және 36 мыңнан астам мүліктік кешен, жылжымайтын мүлік объектілері, құрылысы аяқталмаған объектілер және өзге де объектілер. Осы жылдарда жекешелендіруден түскен кіріс 347 млрд. теңгені құрады, оның ішінде 68 млрд. астам теңге Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына аударылды.

1-кесте: 1991 жылдан бастап 2010 жылдың 1 сәуіріне дейінгі кезең ішіндегі мемлекеттік меншікті жекешелендіру нәтижелері

 

Жылдар

 

 

 

 

Мүліктік кешендерді, құрылысы аяқталмаған жылжымайтын мүлік объектілерін, көлікті және өзге де объектілерді жекешелендіру

(бірлік)

 

 

 

Акционерлік қоғамдардың (ЖШС) акцияларының мемлекеттік пакеттерін (мемлекеттік үлестерін) жекешелендіру

(бірлік)

 

Жеке жобалар бойынша жекешелендіру (бірлік)

 

 

 

 

 

 

Жекешелендіруден түскен кірістер

(мың теңге)

 

 

 

 

 

 

 

1991-1992

4771

 

 

165

1993

153

 

1

783 989

1994

2645

 

1

1 459 266

1995

3239

385

6

7 233 421

1996

3526

889

27

31 214 565

1997

5641

1315

48

54 511 449

1998

2716

513

11

66 701 804

1999

2462

162

0

34 815 880

2000

1766

93

0

22 048 029

2001

2059

146

0

16 583 078

2002

1756

67

0

19 340 183

2003

2041

65

0

60 127 949

2004

2036

58

0

8 600 547

2005

1223

16

0

10 795 695

2006

653

1

0

13 179 986

2007

945

0

0

314 036

2008

846

0

0

70 751

2009

1238

3

0

591 474

2010 жылғы 1 тоқсан

32

1

0

13 757

жиыны

39 748

3714

94

348 386 024

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



Информация о работе Меншікті жекешелендіру