Меркантелизм

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Мая 2012 в 10:34, творческая работа

Описание

В данной работе представлена презентация по экономике на тему меркантелизм на казахском языке.

Работа состоит из  1 файл

Презентация Microsoft PowerPoint.pptx

— 663.18 Кб (Скачать документ)

      Меркантилизм

     Меркантилизм– саяси экономияның     алғашқы мектебі

   Меркантилизм  деген  сөздің     түбірі    латын,     ағылшын,  француз  және италиян тілдерінде – сауда,   саудагер  деген   ұғымды   білдіреді. .   Меркантилизмді      XVI-XVIII  ғасырларда    Батыс  Европа    елдерінде   басымдылық      алған    ең  алғашқы   ғылыми   экономикалық    көзқарас   жүйесі   ретінде   анықтауға   болады.

    Меркантилистер байлықты   алтын  және  күміс  ақша   деп  білген, ұлттық  және  мемлекеттің   байлығын       алтын-күміс   ақша   қорымен  өлшеген.  Олар   байлықтың  көзі   сыртқы    сауда    деп   білген.

 Меркантилистік   ілімнің  даму ерекшелігі

     Мамандар  меркантилистік     ілімнің      екі  даму   сатысын-алғашқы   және  соңғы     меркантилизм   деп – бөліп  сипаттайды.  Былай    бөлудің    негізгі   белгісі – белсенді    сауда   балансын    қалыптастыру   әдістері    болады.

 

  Алғашқы   меркантилизмнің    даму    шыңы   XVI ғасырдың   ортасына   келеді,   ал  соңғы   меркантилизм – XVII ғасырды     толық   қамтиды.  Меркантилизмнің      осы   екі даму   сатыларының     ерекшеліктерін    келесі  түрде   сипаттауға    болады. 

     Европалық меркантилистер өкілдері негізінен көпестер, өндірушілер, әскерилер, авантюристер болды. Дегенмен олар алғашқы ірі буржуазиялық жағдайдың негізі-сауда, несие және соғыстар арқылы пайдаға ие болу сияқты әдістерін нақты анықтады. Байлықтың абстрактілі формасы-ақша шықты. Сол кезде экономикалық әрекет мақсатын ақшадан, алтыннан, күмістен көре білді. Адамдар “металл үшін құрбан” болды.

     “Меркантилизм” ұғымы латын сөзінен mercari (сату)дегеннен шыққан. Оның пайда болуы Ұлы географиялық ашылумен, “алғашқы капитал жинақтау” шарттарын жылдамдату, жаңа типті  шаруашылық субъект- кәсіпкерлер мен жалдамалы жұмыскерлердің пайда болумен тығыз байланысты.

• экономиканың барлық аясында  керексіз жүйелі талдау мүмкіндігін  болдырмауды және экономикалық болмыстардың сыртқы көріністерін бейнелеуге әкелетін оқып үйрену әдісі ретінде эмпиризмді қолданды;

• ақшаның пайда болуын адамзаттың жасында ойлап шығаруының нәтижесі деп есептейді, ақшаны байлықпен  байланыстырады;

• құнның шығуын алтын мен  күмістің  “табиғи жаратылысына”  байланысты және олардың әлемдегі мөлшерімен сипаттады;

• еңбек ұсынысының көтерілуін еңбекақының жоғары емес төменгі  қажетімен, байланыстырды;

• экономикалық өсуді елдің  ақшалай байлығының көбеюі ретінде, сыртқы сауданың мемлекеттік реттелуі және сыртқы сауданың сальдосына дұрыс  қол жеткізу арқылы байланыстыра қарастырды.

Меркантилизмнің даму ерекшеліктері мен кезеңдері  

     Ертедегі меркантилизм (монетаризм) Ұлы географиялық ашылуларға дейін пайда болды және ХVІ ғасырдың ортасына дейін өзекті болды. Оның маңызды өкілдері У.Стаффорд (Англия), Г.Скаруффи (Италия)  және басқалар. Сол кезеңде елдер арасында сауда байланыстары әлсіз дамыды, эпизодтық сипатқа ие болды. Бұл уақытта қатал мемлекеттік саясат арқылы мәселелерді әкімшілік тұрғыда шешуге үлкен үміт артқан. Ертедегі меркантилистердің монетаризм теориясы заңды жолмен ақшалай байлықтың өсуіне бағытталған, саясатқа сүйенген “ақшалай баланс” теориясымен анықталуы мүмкін.

   Кейінгі меркантилизм ХVІІ ғасырдың екінші жартысынан ХVІІІ ғасырдың бірінші жартысына дейінгі аралықты қамтиды, дегенмен оның жеке элементтері ХVІІІ ғасырда да өзін көрсетуін жалғастырды. Оның басты өкілдері – Томас Мен (Англия), А. Серра (Италия), А. Монкретьен (Франция) және басқалар. Бұл кезеңде мемлекеттер арасындағы сауда байланыстары дамыған және реттелген сипат алады, яғни көпшілік жағдайда ұлттық өндіріс пен мемлекет арасындағы сауданың дамуын қолдауымен шарттасты.

 

“Саяси экономия” терминнің шығуы осы кейінгі меркантилизмен  байланысты болды. Оны 1615 жылы “Саяси экономия трактаты” атты кітабын шығарған француз меркантилисі А. Монкретьен еңгізді.

        Кейінгі  меркантилистер саяси экономияны  сауда балансы туралы ғылым  ретінде қарастырды, ал  оның негізгі  міндеті – “көп сату – аз  сатып алу” болды.

 

 Ертедегі және кейінгі  меркантилизм экономикалық теорияның  көптеген сұрақтарын түсіндіру  мен  ажыратылады. Мысалы, ертедегі  меркантилистер байлық деп алтын  мен күмісті зат ретінде қарастырды. Олар сауда мен ақша қатынасының  арасындағы тығыз байланысты  күнгірт түсінді. Кейінгі меркантилистер  байлық деп - мемлекет сұранысын  қанағаттандырғаннан кейін, қалған  тауарды ол міндетті түрде  сыртқы нарықта ақшаға айналу  арқылы түсетін артық өнім  деп түсінді.

Меркантилизм  мектебінің өкілдері

Меркантилизмнің көрнекті өкілдері:

 

• Англияда – У.Стаффорд, Т.Мен, Дж. Стюарт;

• Италияда – А.Серра;

• Францияда – А. де Монкретьен, Ж.Б. Кольер.

Францияда меркантилистік саясаттың  белсенді жол бастаушысы, кольбертизм  атағын алған, біржақты сипат беріп, үкімет мүшесі болған – Жан Батист Кольбер (1619-1683 жж). Ауыл шаруашылығының феодалдық қатынастармен шырмалуында, Кольбер, белсенді сауда балансын қамтамасыз етуге ұмтылып, өнеркәсіптің дамуын барынша көтермеледі, бірақ ауыл шаруашылығының қажеттіліктерін ескермеді. Ол ауыл шаруашылық тауарларын шеттен әкелуге рұқсат беріп, ауыл шаруашылық өнімдерін шетке шығаруды қиындатты.

Пьер Буагильбердің (1646-1714 жж) негізгі шығармалары: «Францияның  жай-күйін толық сипаттау» (1696 ж) – меркантилизм саясатын қатаң түрде  сынау; «Байлық табиғаты туралы трактат» (1707 ж) – Франция экономикасының дағдарысты жағдайын сипаттау; «Франция айыптайды» (1707ж) – ауыл шаруашылықты  байлықтың  көзі ретінде негіздеу.

П.Буагильбердің еңбектерінің басты мақсаты меркантилизмді сынап, ауыл шарушылығын дамыту болды.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

    1. Аникин А.В. Путь искании. Социально-экономические идеи в России до марксизма. М., 1990.
    2. Аубакиров И. А. Извлечение из опубликованных работ в разные годы. Алматы: Қазақ университеті, 2000.
    3. Ашимбаев Т. А. Экономика Казахстана на пути к рынку. Тенденции и размышления. Алматы: Казакстан. 1994.
    4. Баликоев В.З. Общая экономическая теория. Новосибирск, 1999.
    5. Бұгыбаева Р.О., Жанагулов А.Ш., Жетпісбаева М.К., Сүіндіков Ж.С. Макроэкономика. Барлық мамандыққа арналған оқу-тәжеребе құралы. Караганды, 2002.

Орындағандар:

 

 

  • Сахиева Жанна
  • Жарқынбекова Ұлдана
  • Наятова Самал

           Назарларыңызға рахмет!


Информация о работе Меркантелизм