Нарық даму тарихы және теориясыНарықтық экономиканы реттеу жүйесіндегі мемлекеттік бюджеттің маңызы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2011 в 10:34, реферат

Описание

Бірінші кезең. «Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру» Заңын іске асыру үшін 1991-1992 жылдарға арналған Қазақ ССР-да мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің бірінші бағдарламасы әзірленді, ол ҚазССР Президентінің қаулысымен (1991 жылғы 13 қыркүйектегі № 444) бекітілді. Бірінші кезеңде жекешелендіру бастамашылық сипатқа ие болды. Жекешелендіру туралы шешімді жекешелендіруге кәсіпорын ұжымының өтінішінен кейін ғана мемлекеттік органдар қабылдады. Өте маңыздысы кәсіпорынды мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру түрін таңдау еңбек ұжымына берілді. Кәісіпорынды мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру аукциондарда, конкурстарда, сондай-ақ жекешелендірілетін кәсіпорынның балансындағы өндірістік ж

Работа состоит из  1 файл

Меншікті қалыптастыру123 (1).doc

— 115.00 Кб (Скачать документ)

Меншікті  қалыптастыру кезеңдерінің негізгі ерекшеліктері  мен нәтижелері  

Бірінші кезең. «Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру» Заңын іске асыру үшін 1991-1992 жылдарға арналған Қазақ ССР-да мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің бірінші бағдарламасы әзірленді, ол ҚазССР Президентінің қаулысымен (1991 жылғы 13 қыркүйектегі № 444) бекітілді. Бірінші кезеңде жекешелендіру бастамашылық сипатқа ие болды. Жекешелендіру туралы шешімді жекешелендіруге кәсіпорын ұжымының өтінішінен кейін ғана мемлекеттік органдар қабылдады. Өте маңыздысы кәсіпорынды мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру түрін таңдау еңбек ұжымына берілді. Кәісіпорынды мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру аукциондарда, конкурстарда, сондай-ақ жекешелендірілетін кәсіпорынның балансындағы өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымды акционерлеу және еңбек ұжымына өтеусіз беру арқылы да жүрді. Бірінші езеңде «шағын жекешелендіру» де жүрді және ол кейіннен өз дамуын басқа кезеңдерде тапты. Бірінші кезеңнің көлемі үлкен әсер қалдырады: 4771 объект жекешелендірілді, оның ішінде еңбек ұжымының ұжымдық меншігіне берілген 472 совхоз бар. Одан әрі мемлекеттік ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын жекешелендіру арнайы заңмен ретке келтірілді. Республикада мемлекеттік меншікті сату жөніндегі бірінші аукцион Орал қаласында 1991 жылы 4 қыркүйекте орын алды. Оны Батыс Қазақстан аумақтық мемлекеттік мүлік жөніндегі комитет республикалық комитет өкілдерінің қатысуымен өткізді. Алты объектіден басқа аукционда аспаздық, кафе, тұрмыстық қызметтер салоны сияқты үй-жайларын жалға беру құқығы сатылды. Инфляция қарқынын және жекешелендіру үшін халық қаражатының болмауын ескере отырып Қазақстанда бірінші кезеңде жекешелендіруге қатысу үшін арнауы төлем құралдарын – жекешелендіру купондары енгізілді. Тұрғын үйді сатып алудың тез қарқыны мен купондарға сатып алудың қарапайым механизмі аз уақыт ішінде тұрғын үй рыногын қалыптастыруға және нарықтық қатынастарды дамытуға қажетті шарттар ретінде халық мобильділігін қамтамасыз етті. Бұдан әрі тұрғын үйлерді сатып алудан басқан купондар (осы мақсаттар үшін олар қазіргі уақытта да қолданылады) шағын жекешелендіру объектілерін және ауыл шаруашылығы объектілерін сатып алу кезінде қолданылды. Бірінші кезеңнің төңкерісті кезеңі адамдар психологиясының өзгеруі және олардың жеке меншікке қатынасы, нарықтық экономикаға өту қажеттілігін түсінуіндегі өзгерістер болды. Бірақ, бастамашылық жекешелендірудің қарқыны мен қаржылық нәтижелері одан әрі жақсы болғанды қалады. Барлық ұжымдар меншік иесіне айналғысы келмеді. Кәсіпорындардың жаңа иелерінен кәсіпорын қаржыландыруды талап етті, ал ұжымдарда қаражат болмады. Қазақстандағы жекешелендірудің бірінші кезеңі (1991-1992 жж.) сол уақытта орын алған ұжымдық бастамаға бағытпен әзірленген меншікті қайта құрудың құралдарының мүмкіндігін шектеуді көрсетті.   

Екінші  кезең  

1993 жылдың  наурызында қабылданған «Қазақстан  Республикасында мемлекет иелігінен  алу мен жекешелендірудің 1993-1995 жылдарға  арналған ұлттық бағдарламасы»  (бұдан әрі – Бағдарлама) мемлекеттік  меншіктің қайта құрылуының бағыты  мен тәртібін анықтады. Нысананың ел экономикасындағы маңыздылығына, саласына, қызметкерлердің санына, негізгі қорлардың құнына сәйкес олар шағын, орта, және ірі кәсіпорындар топтарына бөлінетін болды. Заңнамаға өзгерістер енгізілді, оларға сәйкес ұжымдық меншік жүйесі жойылды, жалдау туралы заң және кәсіпорындарды ұжымдық сатып алу өз күштерін жойды. Бағдарлама мынадай негізгі бағыттарды көздеді: - шағын жекешелендіру (жұмыс істеушілердің саны 200-ге дейін болатын сауда, тұрмыстық қызмет көрсету объектілерін және өнеркәсіптік кәсіпорындарды аукциондар мен конкурстар арқылы сату); - жаппай жекешелендіру (жұмыс істеушілердің саны 200-ден 5000-ға дейін болатын кәсіпорындар); - жеке жобалар бойынша жекешелендіру (жұмыс істеушілердің саны 5000-нан асатын кәсіпорындар); - агроөнеркәсіптік кешенді жекешелендіру. Мемлекеттік меншіктің барлық объектілері мынадай жіктестірілген екі топқа бөлінді: - мемлекет иелігінен алынатын және жекешелендірілетін объектілер; - жекешелендірілуіне тыйым салынған объектілер.   

Шағын жекешелендіру  

Шағын жекешелендіру тауарлар мен қызметтің  тұтыну нарығын қамтамасыз ететін меншік иелерін қалыптастыруға бағытталды. Шағын жекешелендіру аукциондар немесе конкурстар нысанында жүзеге асырылды. Шағын жекешелендіру жүргізілер алдында сауда және автокөлік бірлестіктері бірнеше дербес заңды тұлғаларды құру мақсатында сегменттерге бөлінді. Аукционға немесе конкурсқа жекешелендірілетін объекті қызметкерлерінің 50 пайзынан астамын біріктіретін шаруашылық серіктестігі қатысқан жағдайда, оларға сату бағасынын 10 пайызға дейін жеңілдік берілді. Шағын жекешелендіру шеңберінде 6037 объект жекешелендірілді. Астана қаласында шағын жекешелендіру жүргізілгенге дейін 191 сауда объектісі болса, қазір 1978, 11 дәріхананың орнына – 110, 20 мемлекеттік шаштараздың орнына – 55, жекешелендірілген 51 қоғамық тамақтану объектілерінің орнына 597 мейрамхана, дәмхана, бистролар жұмыс істеуде (қазіргі уақытта жұмыс істеп тұрған объектілер бойынша деректер Астана қаласының Экономика, сауда және кәсіпкерлік департаментімен ұсынылған). Шағын жекешелендіру шеңберінде мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендірудің өзіндік ерекшелектері болды. Мысалы сатып алушы сатып алған мемлекеттік мүлік үшін төленетін соманың 50 пайызын ақшалай қаражатпен, ал 50 пайызын жекешелендірудің бірінші кезеңінде тек тұрғын үйді сатып алуға пайдаланылған тұрғын үй купондарымен төлей алды. Жинақ банкінің бөлімшелері арқылы жүзеге асырылатын тұрғын үй купондарын еркін сатып алу-сату енгізілді.

Кәсіпорындарды  акционерлеу – жаппай жекешелендіру  мен жеке жобалар бойынша жекешелендірудің алдын ала сатысы болды. Қазақстан Республикасының Үкіметі бастамашы болған кәсіпорындарды акционерлеу жаппай жекешелендіру және жеке жобалар бойынша жекешелендіру шеңберінде жекешелендірудің алдын ала сатысы болды. 1993-1995 жылдар кезеңінде 2 мыңға жуық кәсіпорын акционерлік қоғам болып қайта құрылды. Еңбек ұжымдарына жарғылық капиталдың мөлшерінің 10 пайызын артықшылықты акциялар түрінде мемлекеттен өтеусіз алу құқығы берілді. Акционерлеу аяқталғаннан кейін акционерлік қоғамдардың мемлекеттік пакеттері бірінші жағдайда – холдингтерге берілді, екіншісінде – купондық сауда-саттыққа шығарылды, үшіншісінде – ақшалай аукциондарда сатылды. Жаппай жекешелендіру үрдісінде бұрын-соңды болмаған инвестициялық жекешелендіру қорлары құрылды. Жаппай жекешелендіруге дайындық барысында Чехия, Ресей және басқа да елдердің тәжірибелері зерттелді. Дүниежүзілік банк оңтайлы деп ұсынған еліміздің халқына инвестициялық жекешелендіру купондарын беру мезханизмі жаппай жекешелендіру жүргізу кезінде қолданылды. Қорларды ҚР жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалары құрды. 169 Қор лицензия алды. Әрбір азаматтың Қорды еркін түрде таңдау және инвестициялық жекешелендіру купондарын өз қалаулары бойынша инвестициялық жекешелендіру қорларына орналастыру құқығы болды. Жинақ банкінің бөлімшелері азаматтардың тапсырмалары бойынша купондардың белгілі бір санын олар көрсеткен Қорларға берді. Осылайша жаппай жекешелендіруге 11 миллионнан астам адам қатысты, бұл республика халқының 67 пайызы. Купондық жекешелендіру кезеңі ішінде 1707 акционерлік қоғамның 172,53 миллион дана акциясы сауда-саттыққа шығарылды. Купондық сауда-саттыққа шығарылған акционерлік қоғамдар акцияларының жалпы санының 1529 АҚ акцияларының мемлекеттік пакеттері толығымен сатылды, бұл сауда-саттыққа шығарылғандардың 89,57 пайызын құрады. Осы кезеңде ерекше әлеуметтік маңызы бар өнім шығаратын немесе жұмыстарды атқаратын, сондай-ақ энергетика, металлургия, көлік, телекоммуникацияда мемлекеттің табиғи монополиясы болып табылатын ірі объектілер мен кәсіпорындарды және ірі әмбебап дүкендерді жеке жобалар бойынша жекешелендіру басталды. Жеке жобалар бойынша жекешелендіру Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің талаптарына сәйкес жүргізілді және мынадай әдістермен жүзеге асырылды: - белгілі бір инвесторға келісілген шарттар негізінде сату; - аукциондар немесе конкурстар арқылы өткізу; - басқару келісім-шартын жасасу. Жеке жобалар бойынша жекешелендіру шеңберінде осы кезеңде бес кәсіпорын сатылды: Қарметкомбинат, Павлодар алюминий зауыты, Алматы темекі комбинаты, «Қазхром» кәсіпорны, Шымкент кондитерлік фабрикасы. Қазақстандық индустрияның алыбы Қарметкомбинат қиын жағдайда қалды. 1995 жылы Қарметкомбинат домна пештерін сөндіру алдында болды, кокстың қоры өте аз, әрі оны сатып алуға қаражат болмады. Жұмысшыларға көптеген айлар бойы жалақы төленбеді. Кәсіпорындағы тонаулар үлкен мөлшерлерге жетті. Бұл жағдайда кәсіпорынды ірі жеке инвестициялар ғана құтқара алатын еді. Сондықтан да комбинат сатылды. Жаңа меншік иелері бірден жалақы бойынша қарыздарды төледі, кері талаптар бойынша төлемдер жүргізді. Жаңа меншік иелерінің сегіз жылғы қызметінде Қарметкомбинаттағы инвестицияның жалпы сомасы 521 миллион АҚШ долларын құрады. Қысқа мерзімде домна пештеріне жөндеу жүргізілді, маңызды технологиялық желілер қайта жаңартылды. Сонымен бірге, ыстық мырыш және аюмини жалату цехы енгізілді. Сегіз жылдық кезеңде Еуразия өнеркәсіптік қауымдастығы тау-кен өндіру және металлургия саласы кәсіпорындарындағы дағдарыстан сәтті шықты, олардың жұмыстарын тұрақтандырды және әлемдік рыноктағы позициясын қалпына келтірді. Жекешелендіруден кейін Еуразия өнеркәсіптік қауымдастығына кірген кәсіпорындарды қаржылық тұрғыдан сауықтыру және оңалту үшін 290 миллион АҚШ доллары салынды. Ал өндірісті дамыту үшін өткен жылдары барлығы тоғыз жүз миллионнан астам АҚШ доллары инвестицияланды, бұл жаңа өндірістік қуаттарды құруға мүмкіндік берді. Соның ішінде, жаңа астананы дамыту үшін 48 миллион АҚШ долларын салды. 1995 жылы «Жезқазғантүстімет» АТ АҚ банкроттықтың алдында болды, оның 170 миллион доллар сомасында қарызы, оның ішінде жалақы бойынша 10 миллион доллар қарызы болды. Сондықтан да оны жекешелендіру туралы шешім қабылданды. «Самсунг» корпорациясы компанияның акцияларын сатып алу тендерін жеңіп алды. Олар қарыздарды төлеп, жүздеген миллион АҚШ долларын инвестициялады. Осы жылдары өндіріс көлемі төрт жүз мың тоннаға дейін өсті, бұл комбинат тарихындағы рекорд болды.  

Агроөнеркәсіптік  кешенді жекешелендіру  

Агроөнеркәсіп кешенінде мемлекет иелігінен алу  және жекешелендіру мемлекеттік  ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын және совхоздарды фермерлік және шаруа қожалықтарына, ауыл шаруашылығы кооперативтеріне, шағын кәсіпорындар мен олардың қауымдастықтарына қайта құру жолымен жүзеге асырылды. Бұдан басқа, ашық және жабық типтегі акционерлік қоғамдар құрылды. Мемлекеттік мүлік конкурстарда немесе аукциондарда сатылды. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мүліктерінің құны 75 пайызға дейін тұрғын үй жекешелендіру купондарымен төленді. 1993 жылдан 195 жылға дейін республикада 1490 мемлекеттік ауыл шаруашылығы кәсіпорны, яғни агроөнеркәсіптік кешеннің мемлекеттік кәсіпорындарының жалпы санының 70,2 % жекешелендірілді. Агроөнеркәсіптік кешен жүйесінде 13 холдингтік типтегі мемлекеттік акционерлік компания қайта құрылды. Осы кезеңнің маңызды бағыты мемлекеттік меншік объектілерін басқару және жекешелендірудің бірыңғай жүйесін құру болды. Жергілікті әкімшілікке бағынатын басқару және жекешелендіру жөніндегі органдар таратылды. Облыстарда мемлекеттік меншік объектілерін қайта құру мен жекешелендіруді Мемлекеттік мүлік комитетінің аумақтық органдары жүзеге асыратын болды. Бұл ретте аумақтық органдардың төрағалары облыс әкімдерінің (әкімшілік басшыларының) орынбасары мәртебесіне ие болды. Осы шаралар екінші және үшінші кезеңде мемлекеттік меншікті қысқа мерзім ішінде және бірыңғай сценарий бойынша жекешелендіруге мүмкіндік берді.  

Үшінші  кезең

     1996 жылдың ақпанында 1996-1998 жылдарға  арналған Қазақстан Республикасында  мемлекеттік меншікті жекешелендіру  мен қайта құрылымдау бағдарламасы  бекітілді, оның негізгі мақсаты  негізінен жекешелендіру процесін аяқтау арқылы Республика экономикасында жеке меншік секторға қол жеткізу және басым болуын бекіту болып табылды. Бұл мақсаттарға қол жеткізу мемлекет меншігінде қалған объектілерді қайта құрылымдаумен жүзеге асырылды. Бағдарламаны іске асыру кезінде тек жекешелендірудің нарықтық, бәсекелес түрін қолдану негізінде жекешелендіруді жүргізудің ашықтығы мен жариялылығы қағидаттары сақталды.

     Бұл кезеңде мемлекеттік меншіктің  кез келген жекешелендірілуі тек  ақша қаражатына ғана жүзеге асырылды.

     Үшінші  кезеңнің ерекшелігі (1996-1998 жылдар) жекешелендіру  мен қайта құрылымдаудың секторлық  бағдарламаларына көшу болды, олар қол  жеткізген нәтижелер мен уәкілетті  органдардың ұсыныстарының негізінде  жасалды. Секторлық бағдарламаларды  Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітті және мұнай-газ кәсіпорындары мен көлік-коммуникациялық кешендерді, өнеркәсіп, денсаулық сақтау, білім, ғылым, мәдениет және спорт кешендерін жекешелендіру процесін жандандыруды көздеді. Көрсетілген салалардың әрқайсысы бойынша Қазақстан Республикасының мүдделі орталық және жергілікті атқарушы органдарының ұсыныстарын ескере және білікті кеңесшілерді тарта отырып жеке жобалар бойынша артықшылықты жекешелендірудің әрбір объектісі бойынша арнайы бағдарлама әзірленді.

     Үкімет назарын ірі кәсіпорындарды жекешелендіру мен жекешелендіруден түсетін кірістерді көбейтуге аударылды, оған бәсекелес тендерлерді жүргізу, сай келетін стратегиялық инвесторларды анықтау және кәсіпорындар тиімділігін арттыру арқылы қол жеткізілді.

     Осындай кәсіпорындар арасында Павлодар алюминий зауыты, «Қазхром» кәсіпорны, магистралды газ құбырлары, мұнай өңдеу зауыты болды.

     Келісім-шарт бойынша басқаруға берілген 66 кәсіпорынның 26 кәсіпорны кейіннен басқарушы  компанияларға берілді.

     Үкімет  экономиканың стратегиялық салаларының объектілерін жекешелендіруге бастамашылық жасады. Мысалы, 1997 жылы мұнай газ саласында «Маңғыстаумұнайгаз» ААҚ акцияларының 60 % мемпакетін және «Ақтөбемұнайгаз» ААҚ акцияларының 60 % мемлекеттік пакетін сатып алу-сату шартына қол қойылды. Ашық инвестициялық тендерлердің жеңімпаздары тиісінше кәсіпорындардың негізгі өндірісіне 4 миллиард АҚШ долларынан инвестициялау міндеттемесін алған «Централ Азия Петролеум» индонезиялық компаниясы мен Қытай ұлттық мұнай-газ компаниясы болды.

     1998 жылдың аяғына дейін 2615 акционерлік қоғам мен шаруашылық серіктестік жекешелендірілді, ол құрылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің жалпы санының 51,8% -н құрады. Бұдан басқа, әлеуметтік саланың 2905 объектісі жекешелендірілді.

     Тек 1997 жылы секторлық бағдарламаларды іске асыру шеңберінде әлеуметтік саланың 1946 объектісі, оның ішінде жекешелендіруге жататын 67,7% денсаулық сақтау объектісі, 57,7% - білім, 49,8% - мәдениет, 66,7% - туризм және спорт объектісі сатылды.

     Қарастырылып отырған кезеңде жеке жобалар бойынша 93 кәсіпорын жекешелендірілді, ол шамамен барлық өндірістік күштердің 80%-н құрады және экономиканы салалары бөлігінде мынадай түрде көрінеді.

Экономика салалары Жеке  жобалар бойынша  сатылғаны
Барлығы Оның  ішінде шетел инвесторларына
Мұнай-газ 23 5
Энергетика 19 17
Металлургия, тау-кен және машина жасау кешені 41 29
Көлік және байланыс, экономиканың басқа  салалары 10 5

Информация о работе Нарық даму тарихы және теориясыНарықтық экономиканы реттеу жүйесіндегі мемлекеттік бюджеттің маңызы