Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2013 в 16:15, реферат
Сұраным мен ұсынымның өзара әрекеті нарықтық экономиканың тиімділігін қамтамасыз ететін тетік болып табылады. Баға кәсіпорындар мен тұтынушыларға нарықта қалай әрекет ету керектігін – осы тауарды көп өндіру керек пе, жоқ па оның шығарылымын қысқарту немесе тоқтату керек пе, жоқ па дегенді хабарлайды. Бағаның құралу тетігімен қатар рыноктағы бәсекеге ерекше назар аударуға тура келеді, яғни бір-бірімен бәсекелесуші бірқатар фирмалар (кәсіпорындар) болса және олардың бірде-біреуі баға белгілеу үдерісін басқара алмаса – олар тұтынушылар алғысы келетін және төлей алатын тауарларды өндіруге мәжбүр болады.
І. Кіріспе бөлім................................................................................................. 3 - 4
ІІ. Негізгі бөлім.............................................................................................. 5 – 16
2.1. Нарықтың даму тарихы және теориясы................................................... 5 - 6
2.1.1. Қазақстандағы нарықтың дамуы тарихы мен пайда болуы................ 7 - 8
2.2. Нарық экономикасының бірінші элементі.................................................... 9
2.2.1. Нарық экономикасының екінші элементі.................................................. 9
2.2.2. Нарық экономикасының үшінші элементі.......................................... 9 - 10
2.2.3. Нарық экономикасының төртінші элементі............................................ 10
2.2.4. Нарық экономикасының бесінші элементі.............................................. 10
2.2.5.Нарықтың маңызды элементтері........................................................ 10 - 12
2.3. Нарықтық экономика субъектілерінің өзара әрекет ету үлгісі................. 13
2.4. Нарықтың түрлері.................................................................................. 14 - 15
ІІІ. Қорытынды........................................................................................... 16 - 19
ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................................................. 20
М а з м ұ н ы :
І. Кіріспе бөлім.................
ІІ. Негізгі бөлім.................
2.1. Нарықтың
даму тарихы және теориясы......................
2.1.1. Қазақстандағы нарықтың дамуы тарихы мен пайда болуы................ 7 - 8
2.3. Нарықтық экономика субъектілерінің өзара әрекет ету үлгісі................. 13
2.4. Нарықтың түрлері.......................
ІІІ. Қорытынды.....................
ІҮ. Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі........................
І. Кіріспе бөлім
Нарықтық экономика - рыноктық экономика , базарлы экономика – еркін кәсіпкерлік, өндіріс құрал-жабдығына меншік нысандарының көптігі, нарықтық баға белгілеу, шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы шарттық қатынастар, мемлекеттің шаруашылық қызметке шектеулі түрде араласуы қағидаттарына негізделген экономика, яғни тауарлар мен қызметтерді өндіру, бөлу, оны бағдарламалау және реттеу саласы нарықта біріктірілетін экономика.
Рынокта бәсеке барысында сұраным мен ұсыным, баға құралады. Сұраным мен ұсынымның өзара әрекеті нарықтық экономиканың тиімділігін қамтамасыз ететін тетік болып табылады. Баға кәсіпорындар мен тұтынушыларға нарықта қалай әрекет ету керектігін – осы тауарды көп өндіру керек пе, жоқ па оның шығарылымын қысқарту немесе тоқтату керек пе, жоқ па дегенді хабарлайды. Бағаның құралу тетігімен қатар рыноктағы бәсекеге ерекше назар аударуға тура келеді, яғни бір-бірімен бәсекелесуші бірқатар фирмалар (кәсіпорындар) болса және олардың бірде-біреуі баға белгілеу үдерісін басқара алмаса – олар тұтынушылар алғысы келетін және төлей алатын тауарларды өндіруге мәжбүр болады. Алайда тауарлардың белгілі бір санаттары үшін баға тетігі жұмыс істемейді, кейде тауар өндіруге жұмсалған барлық шығынды көрсетуге дәрменсіз болады, демек, баға мен шығын оның қоғамдық нәтижесін көрсетпейді. Нарықтың осы және басқа кемшіліктері нақты өмірде ұдайы кездесіп отырады, сондықтан “таза” нарықтық экономика, сұраным мен ұсынымның қандай үлгісінде құрылса да, болмайды. Нарық әрқашанда бірге әрекет етуші кәсіпорындар мен монополиялар, түрлі ұйымдар, саяси өкімет тарапынан араласу – реттеу арқылы толықтырылып, шектеліп отырады. Сонымен бірге нарықтық шаруашылық пен баға белгілеу тетіктерін толық алып тастап, оның орнына экономиканы толық басқару әкімш. және саяси шешімдермен шешілетін болса, онда “таза” жоспарлы экономика дейтін пайда болады.
Бұл жүйенің артықшылығы жұмыссыздықты толық жоюдың, ал жалақыға жұмсалатын шығынды қоса жаппай бақылау арқылы табысты (пайданы) да қалағандай бөлуді іске асырудың мүмкін екендігінде. Екі үлгінің де – жоспарлы үлгінің де, нарықтық үлгінің де – елеулі кемшіліктері бар. Егер нарықтық экономиканы реттеудің түрлі нысандарын енгізуіне тура келетін болса, онда жоспарлы экономиканың нарықтық тетіктерді енгізу жолымен жоспарлауды “жұмсартуына” тура келеді. Батыс экономистерінің пайымдауынша, қандай да экономика аралас экономика болып табылады және онда жоспарлы шаруашылықтың да, нарықтық шаруашылықтың да белгілері бар. Қазіргі заманғы нарықтық экономикаға тән сипат: көп жүйелілік, дамыған инфрақұрылым, мемлекеттің белсенді реттеушілік рөлі, ресурстар қарқынды түрде үнемделетін экон. өсу шарттары ретіндегі жоғары деңгейде дамыған технологияның пайдаланылуы. Қазақстанның өтпелі экономикасының дүниежүзілік нарықтық экономикаға тең құқылы жағдайда кіруі өркениетті және әлеум. тұрғыдан бағдарланған нарықтық құрылымды қалыптастыру жөнінен ұзақ та жүйелі жұмыс жүргізуді қажет етеді.
2.1. Нарықтың даму тарихы және теориясы
Нарықтық экономика – ертеден
келе жатқан шаруашылықтың жүргізу
құралы,оның дамуының өзіндік бай тарихы бар нарықтың қалыптасуы айырбас пен қоғамдық еңбек бөлінісінің дамуымен байланысты. Нарық қатынастарының дамуын мынандай негізгі кезеңдерге бөлуге болады:
Бірінші кезеңде айырбас операциялары тұрақсыз, кездейсоқ болады, олар өндірістің шарттары болып табылмайды. Құндық қатынастар, әрбір жеке сауда-саттық көріністерде кездейсоқ болды.
Екінші кезеңдегі тауар қозғалысын мына формула бойынша Т2 көрсетуге болады.Балама айырбас көбіне-көп өндірістің шарты бола бастайды.Осының нәтижесінде қоғамдық қажетішығындар категориясы қалыптасады.Құнның субстанциясы әліде болса тауардың бір түрімен біртұтас болып бірігіп кеткен жоқ,сондықтан «таза» құнның иеленушісі болып бірнеше тауарлар көрінуі мүмкін.
Үшінші кезеңдегі тауар тепе
–теңдігі мына айырбас формуласы
бойынша Т1- Т2 , балама – Т2 .Әрбір
жергілікті нарыққа баламы тауардың
бір түрі тән.Ол ерекше тұтыну қасиетіне
байланысты әрдайым ортасынан ығысып
шығып қалып отырады.Бұл
Төртінші кезеңдегі тауар
Сонымен бірге нарықты стихиялы түрде дамушы немесе еркін нарық, монополиялы нарық, реттелмелі нарық деп бөледі. Стихилы нарық капитализмнің алғашқы кезеңінде болды, оған еркін тауар өндірушілер мен сатып алушылар, еркін бәсеке мен еркін бағалар тән болды. Стихиялы нарықтың идеологы, әлемдік экономикалық теорияның негізін қалаушы Адам Смит (1723-1790) өзінің «Халықтар байлығының табиғаты мен себептері туралы зерттеу» (1776ж) деген басты еңбегінде – жеке меншік иелерінің байлықты көбейтудегі мүддесі өндірісті дамытудың және оны қоғамдық қажеттіліктерге лайықтаудың қозғаушы күші болып табылады деп жазған болатын. Сонымен бірге А.Смит, екі кәсіпкер немесе саудагердің арасындағы әңгіме әрқашанда бағаны өсіру ниетіндегі даумен аяқталады деп көрсетті. Оның пікірінше, мемлекет мұндай даулы мәселелерді шешуге араласпауы керек, ол тек қана жалпы тәртіпті қамтамасыз ететін «түнгі күзеткішінің» рөлін атқару қажет. Мемлекет «laisser faire» («мейлі өзімен өзі жүрсін») саясатын жүргізіп бәсекені шектеуден аулақ болуы керек. Бірақ А.Смит осы екі дәлел негізінде жаппай анархияны қорғаған жоқ. Керісінше, ол жеке капиталдың монополиялар мен картельдер арқылы бәсеке күресіне шек қоятын «жаман әдеттеріне» мейлінше күдікпен қарады. Тек бәсеке ғана бағаны төмендету және өндіріс көлемін арттыруға ынталандырады, нарықты реттеуге қабілеті болады деп көрсеткен болатын. Сөйтіп, А.Смит нарықты экономиканың өзін-өзі реттеу механизімін ашты. Еркін бәсеке мен нарықтың «көрінбейтін қолының» пайғамбарының пікірінше – жеке мүддені қоғамдық игіліктің пайдасына жарату мүмкін болады. Кейіннен, қоғамдық өндірістің күрделіленуіне байланысты нарықта анархия орын ала бастады. Мұндай жағдайда, оны реттеуді монополиялар өз қолынан ала бастады. Осы кезден бастап монополиялық нарық қалыптасты.
Монополиялық нарық XIX ғасырдың аяғында XXғасырдың алғашқы кезеңінде өмір сүрді. Нарықтың бұл түрінде еркін бәсеке шектеледі, ал ол экономикадағы сапалық және сандық өзгерістердің динамикасына кері әсер етеді. Өндірістегі монополиялық үстемдік ғылыми-техникалық прогрестің баяулауына, бағаның өсуіне, тауар тапшылығына, ал түптеп келгенде, қоғамның барлық қайшылықтарының шиеленісуіне әкеліп соқтырады. Бұған, мемлекеттік меншіктгі ірі кәсіпорындар монополиясына негізделген бұрынғы КСРОөның экономикасына жатады.Нәтижесінде ,суранам мен ұсыным сұрақтары әкімшілік өміршілік тәсілмен шешілетін, тұтынушылардың мүддесіне бағдарланбаған өндіушілер нарығының типы қалыптасты.
Қазіргі заманғы өркениетті елдерге
реттелмелі нарық тән болып отыр.Оны
тек қана еркін тауар өндірушілер
мен тұтынушылар еркін бәсеке
мен бағалар ғана емес, сонымен
бірге – өнім өндіруге мемлекеттік
тапсырыстарды орналастыру,
Біздің жас тәуелсіз Қазақ мемлекетінде де толыққанды жүйелі әлеуметтік бағдарланған нарыққа көшу экономиканы дағдарыстан шығарудың баламасыз құралы деп танылып отыр.
2.1.1. Қазақстандағы нарықтың дамуы тарихы мен пайда болуы
Нарықтық қатынастар Қазақстан жерінде қашан пайда болды. Оның ерекшіліктері неден деген сұрақтарға жауап берелік. Бұл сұраққа жауап беру онай шаруа емес.Себебі, біздер әлі кунге дейін өз халқымыздың , жеріміздің тарихын білмейміз.Мысалы , Қазақстанда құл иеленушілік құрылыс болмастан патриархалдық – феодалдық қатынастар қалыптасты деген пікір берік орныққан.Оны қазақтардың көшпелі мал-шаруашылығымен айналасумен байланыстырады.Осы пікірдің негізінде Қазақстанда өндіргіш күштербің даму дәрежесі өте- мөте төиен болды,тауарлы ақша нарықтық қатынастардың қалыптасуын жағдай болған жоқ дейді.Біздің бұл пікірге үлкен күмәніміз тарихшы ғалымдар болашақта өз пікірлерін айта жатар
Нарық қатынастарының пайда болуының
ең басты шарты.Өндіріс құрал-
Жерге феодалдық меншіктің күшею
қауымдық (рулық) жерлерді тартып алу
ісімен тығыс байланысты.Оған Ресей
империясының өте-мөте қатал жүргізген
Қазақстанды отарлау саясаты
мықтап әсер етті.Мысалы,1914жылға дейін
қазақтардан 43 миллион десятина аса
құнарлы ,мәйекті жерлер жер ауып
келген орыс шаруаларының патша үкіметінің
әскери чиновниктерінің меншігіне
тартып алынған болатын.Осының нәтижесінде
қазақ ауылдарында жер үшін талас
–тартыс күшейді,меншіктік
Тереңдей түскен меншіктік бөлінісу
Қазақстанда тауарлы ақша қатынастардың
белгілі бір дәрежеде өріс алуына,өркендеуіне
жағдай жасады.Шындығында айырбас, сауда
қатынастары қазақ даласында
ерте кезде пайда болды.Айырбас
ісінде негізгі бұйым мал болды.
Өздеріңізге белгілі, қазақтардың
күн көрісінің арқауы тек қана
мал шаруашылығы болды,