Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2012 в 10:24, курсовая работа
Бұл курстық жұмыстың тақырыбы – «Нарық: мәні, құрылымы, кеңесітік заманнан кейінгі экономикадағы қалыптасу механизмі». Бұл тақырыпты таңдауыма басты себеп – оның бүгінгі қоғамдағы экономикамыздағы ең өзекті мәселелерінің болуында. Жалпы нарық, қоғамдық тұтынушылар мен өндірушілерді байланыстырудың тиімді механизмі ретінде әлемдік өркениеттің ірі жетістіктерінің бірі деп есептеледі, оны математикамен, ген инженериясымен, электроникамен және адамзаттың басқа ұжымдық даналығының шыңымен теңеуге болады.
Экономиканы жоғары тиімділікпен реттеу сапалы болжамдауды қажет етеді. Бірақ оның мүмкіндігі компаниялар мен банктердің коммерциялық құпияларын ашуға қабілеті жете бермейтін статистикалық мәліметтердің жеткіліксіздігімен шектеледі. Бұндай жағдайда мемлекеттік реттеуде белгісіздіктерге, тіпті қателіктерге де жол берілуі мүмкін.
Нарықты экономика жағда йында мемлекет және тауар өндірушілер тең құқылы серіктестер ретінде көрінеді. Мемлекет өзінің қатынасын кәсіпорындардың барлық типімен шарттық негізде немесе келісім жасау жолымен орнатады. Ал бұл, нарықты реттеудің маңызды нысаны болып табылады.
Нарықтың құқықтық жетілмеген шаруашылықтың жаңа әдістері толық игерілмеген жағдайда бұл келісімдер эконномикалық проблемаларды шешуге мемлекет пен кәсіпорындардың күшін біріктіруі мүмкін.
Нарықты реттеуде, монополиялық үстемдікке қарсы шаралар жүйесі маңызды рөл атқаруы тиіс. Қазіргі кезде Қазақстанда 100-ден астам маңызды өнім түрлерін шығаруда монополист болып табылатын 90-ға жуық ірі кәсіпорындар бар деп есептеледі. Бұл жерде жағдай, сонымен бірге, экономиканың технологиялық әркелкілігімен және өндірістің территориялық факторларымен күрделендіріледі. Сондықтан нарықтық қатынастарды дамыту экономикадағы монополиялық үстемдікті шектеу арқылы жүзеге асуы мүмкін. Нарық жағдайында, мемлекет, экономиканы басқаруда, салалық прициптен толығымен бас тарта алмайды. Қорыта айтқанда, әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғанындай нарық жағдайында мемлекеттің маңызды міндеті – қоғамдық өндірістің тиімді дамуына бағдарланған, дұрыс бәсеке үшін жағдай жасайтын, халық шаруашылығының шешуші салаларына ықпал етуде экономикалық әдістерді белсенді түрде пайдаланатын экономиканы реттеу әдістері болып табылады. Айта кетейік, барлық дамыған елдер реттелмелі нарық жүйесіне ХХ ғасырдың 30-шы жылдарының басында көше бастады. Жалпы қазіргі таңда реттелмейтін нарықытқ экономика еш жерде жоқ және ол болған да емес. Бұл елдер, біздің жоспарлы реттеу тәжірибемізді пайдалану арқасында.
Қазақстанда нарық қатынастарының қалыптасуы жағдайында, экономиканы тікелей және жанама реттеу әдістерінің рөлі әзірше бәсеңдеу, тек қана тенденция түрінде болып отыр. Ондай жағдай нарық қатынастарының нашар дамуымен, жаңа шаруашылық механизмінің тұрақсыз жұмыс істеуімен түсіндіріледі.
Мемлекеттік реттеу жүйесі тек жоғарыда көрсетілген әдістермен шектелмейді, ол, сонымен қатар реттеу процестерін жүзеге асыру үшін жағжай жасайтын мынандай элементтерді қамтиды:
- құқықтық база (заңдар, бағдарламалар, үкіметтің қаулылары, Президенттің жарлықтары және т.б.) мен қолайлы нарықтық ортаны қамтамасыз ету;
- экономиканы сауықтыру және макроэкономикалық тұрақтандыру, жұмыспен қамту және инфляция деңгейін бақылау, экономикалық өсуді ынталандыру;
- бәсекені қорғау және кәсіпкерлікке жағдай жасау;
- материалдық байлықтар мен ұлттық табысты қайта бөлу;
- ұлттық табыстың құрылымын өзгерту мақсатында ресурстарды орналастыруға әсер ету.
Сонымен, мемлекеттің реттеуші рөлі – белгілі мақсатқа жетуге мүмкіндік беретін тікелей және жанама әдістер мен тұтқаларды ұштастыруға негізделген.
Ал ассоциацияларға, бірлестіктерге біріккен немесе өз бетінде әрекет ететін шаруашылық субъектілерінің әртүрлі топтары қолданатын әдістер жанама, яғни мемлекеттік емес әдісретге жатады. Олар:
нарықтық қатынастардың қатысушыларының арасындағы нақты көрсетілген әрбір жақтың келісімдерімен, оларды бұзғаны үшін қатаң санкциялармен (экономикалық жазалау шаралары), тиімді бақылау механизмімен жасалатын тікелей шаруашылық шарт;
несие мен қарызды беру және алу туралы өзара келісім;
кәсіпорындардың әртүрлі ассоциацияларын, ақпараттық жүйелерді, фирмалық дүкендерді, валюталық және басқа да аукциондарды (бәсеке сауда) ұйымдастыру;
мамандырылған банктер, қор және тауар биржалары арқылы нарықтық қатынастардың дамуына әсер ету;
нақты өндірушінің тауарлары мен қызметтеріне сұранымды мақсатты түрде қамтамасыз ететін және сұраным мен ұсынымды кешенді зерттеуге негізделген кәсіпорынның маркетингтік қызметі.
Көріп отырғаныңыздай, бұл әдістер, өндірушілердің және шаруашылық субъектілерінің өздерінің жеке мүдделерін өткізу құралы қызметін атқарады. Мұнсыз, бұл бірлестіктерден сырт қалған жалпы мемлекеттік мүдделер мен басқа да әлеуметтік топтардың мүдделерін өткізу мүмкін емес.
Нарықты мемлекеттік реттеу жолдарына келетін болсақ, ең алдымен мемлекет елдің барлық шаруашылық өмірін ұйымдастыратын ұйым болып табылады және құқықтық актілерде бекітілген, экономикалық қатынастарды реттеуге байланысты өкілеттік құқық берілген жалпы мемлекеттік және жергілікті өкімет органдарының жүйесі, өндірістік министрліктердің басқару аппараты, олардың бірлестіктері мен кәсіпорындары арқылы нарықтық экономиканы дамуына ықпал етеді. Екіншіден, мемлекет экономиканы реттеудің құқықтық шараларын белгілейді, көлемді мақсатты халық шаруашылық бағдарламаларын жүзеге асыруға басшылық жасайды, мемлекеттік бюджетті құрайды, мамандарды дайындаумен айналысады.
Осылармен бірге, мемлекет баға белгілеу, қаржы-несие, ақша айналысы, тұрғындардың ақша қаражаты, сыртқы экономикалық істер, өндіргіш күштерді орналастыру саясатының негізін құрумен де айналысады.
Нарықтық өзгерістер жағдайында мемлекет, қоғамның өзін-өзі күн көру минимумымен қамтамасыз ете алмайтын қаржысы аз топтарын (зейнеткерлер, мүгедектер, көп балалы жанұялар т.б.) әлеуметтік тұрғыдан қорғауға міндетті.
Мемлекет меншік нысандарының алуан түрліілігі, өндіріс құрылымның салалық, аймақтық өзгеруі жағдайында жаппай жұмыссыздыққа жол бермеу механизмін жасайды.
3.2 Қазақстан Республикасында нарықтық экономиканы қалыптастыру механизмін жетілдіру
Еліміздің нарыққа өткен кездегі бастан кешкен қиыншылықтарды да ескермеуге болмайды. Ол: жекеменшік сектордның жоқ болуы, өндірістік ауқымындағы мемлекеттік кәсіпорыннан бастап, сауда ауқымындағы монополиялар және т.б. Сонымен, аталған осынау кедергілердің тізбесінің өзі-ақ Қазақстан басшылығының экономикалық, әлеуметтік, саяси, құқықтық және имандылық түсініктер жағынан елдің стратегиялық дамуына кешенді жағдайда келіп отырғандығын күмәнсіз куәлендіне алады. Мұның өзінде басты шарты болып – дұрыс таңдалынған стратегия аталынады. Мәселен, белгіленген бағытты жүзеге асыру үшін мықты басшының, жақсы ұйымдасқан адамдар тобының, саяси тұрақтылық және қоғамды нығайтудың, заңның үстемдігі болуы шарт. Мұның сыртында, экономикалық қызметке қатысушылар жұмыс істеуге мәжбүр болған жағдайдағы бағалар құрылымы әлемдік нарықпен байланыста емес еді, халықтың психологиялық дайындығы, адамдардың нарықтық қатынастарға тән ойлау жүйесі болмаған.
Осы тұрғыдан алғанда 1996ж. Қазақстанды дамытудың 2030 жылға дейінгі Стратегиялық бағдарламасын қабылдаудың маңызы өте зор болды. Бұл бағдарламада жеті басымды бағыттар белгіленген:
1. Ұлттық қауіпсіздік және тәуелсіздік;
2. Ішкі саясаттағы тұрақтылық және қоғамдық бірлікті нығайту;
3. Нарықтық құрылымдарды жетілдіру, шетелдік инвестицияны және ішкі қаражатты мол тарту арқылы экономиканың ұзақ мерзімдік тұрақты өсуін қамтамасыз ету;
4. Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білім алуы, жоғары және сапалы тұрмысы;
5. Энергетикалық ресурстар, инфрақұрылым (әсіресе көлік және байланыс);
6. Кәсіпқойлы тиімді үкімет;
7. Сыбайлас жемқорлықпен және қылмыспен аяусыз күрес.
Сонымен, аталған осынау басымыдылық тізбесінің өзі-ақ Қазақстан Қазақстан басшылығының экономикалық, әлеуметтік, саяси, құқықтық және имандылық жағынан елдің стратегиялық дамуына кешенді жағдайда келіп отырғандығын күмәнсіз куәлендіне алады. «Қазақстан – 2030» даму Стратегиясына орай Үкімет бірнеше бағдарламалар жасап, оларды іске асыру үшін жұмыс істеп жатыр. Жаңа ғасырдың басында Қазақстанда нарықтық жүйенің негізі қаланып, экономиканың өрлеу кезеңі басталды, оның нәтижесінде халықтың өмір сүру, тұрмыс деңгейі жақсара бастады.
Осылай дей тұра, тек қана бай табиғи ресурстарға иек артып және барлық қарқынды экономикалық реформаларды «сонан кейін» деп кейінге қалдыра берсек қателік болар еді, «голландық ауруға» немесе «семіздік» ауруына шалдығуымыз мүмкін. Экономикамызды ары қарай жемісті түрде ұзақ мерзімдік даму траекториясына көшіру үщін қазіргі кезеңде индустриалық-инноватциялық Стратегияны іске асыру керек.
Нарықтық экономиканы жетілдіру механизмдерінің бірі – Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2006 жылдың 1 наурыз күні Қазақстан халқына жолдауында – «Қазақстанның әлемдік бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясында»: «Нарық қағидаттары негізінде мемлекет пен жеке меншік сектор арасындағы экономикалық өзара қатынастардың тиімділігін арттыру».
Біз экономикаға мемлекеттің қатысуын әкімішілік реформаның есебінен оңтайландыруымыз керек.
Жаңа экономика жаңа басқару шешімдерін қажетсінеді, ал ондай шешімдерді осы заманға сай ойлай білетін және түпкі нәтижеге бағдарланған мемлекеттік менеджерлер ғана қабылдауға қабілетті.
Қоғамдағы келісім – шарттық қатынастарды дамыту мен жеке меншік институтын нығайту үшін қосымша заңнамалық және әкімішілік шаралар, сондай-ақ даулар мен төрелік ету рәсімдерін тәуелсіз тұрғыда қарау жүйесін дамыту қажет.
Келісім – шарттық міндеттемелерді орындамағаны үшін экономикалық, әкімішілік, керек десеңіз, қылмыстық жауапкершілік билік органдарының өкілдеріне де, сондай-ақ экономикалық өмірдің басқа барлық агенттерін қолданылуға тиіс.
Біз үшін маниторлық акционерлер мен құрылтайшылардың құқықтарын қорғау жөніндегі бара-бар заңнаманың болуы өте маңызды. Сондай-ақ ұлт меншігінен қайтадан алуға қарсы заңнамалық кепілдіктер берілуін қарастыру қажет.
«Электрондық үкімет» жүйесін шұғыл енгізу қажеттігін әдейі баса көрсеткім келеді. Ол мемлекеттіқ органдар қызметінің тиімділігін арттырып, сыбайластық пен әкімішілік кедергілерді кемітуге қол жеткізеді» делінген.
Міне, Республикамыздың нарықтық экономиканы қалыптастыру механизмін жетілдіру үрдістері, яғни бағыттары жасалынуда. Бұл нарықтық экономика жүйесінің әрі қарай дамуында маңызды роль атқарады.
Қорытынды
Курстық жұмысты аяқтай келе, мен мынандай қорытындыға келдім.
Бірінші бөлімде нарықтың басты анықтамасы, жалпы нарық мәселесі төңірегінде осы күнге дейінгі теориялық мысалдары және де нарықтың түрлері келтірілген.Сонымен қатар нарық мәселелерінің қоғамдағы қайта құру теориясы мен практикасында алатын зор мәні айқын аталып өтілген. Келтірілген мысалдар көзқарастары қайсысы да жеткілікті түрде дәлелденген. Бұл анықтамаларға ортақ нәрсе - ол нарықты өндірістің емес, айырбастың категориясы, нарықтық қатынастың субъектісі-өндірушілер мен тұтұнушылар емес , сатушылар мен сатып алушылар мәселесі болып табылады . Шын мәнәнде тауар–ақша, нарықтық байланыстар сату сатып алумен шектелмейді. Бұл жерде басымдылық айырбас пен айналыс саласындағы қатынастарға емес, өндірісте болатын қатынастарға тиісті шешу жолдары қарастырылған.
Экономикалық дамудың объективті жағдайы нарықты және оның категорияларын (баға, ұсыныс, бәсеке, және т.б ) дамыту жолында нарықтың келесі түрлері ерекше орын алады: дамыған нарық, қалыптасатын нарық және әртүрлі дәрежедегі бәсекені шектеу нарықтары (монополиялық, олигополиялық, монополиялық бәсеке).
Сонымен бірге нарықты келесі ірі тауар топтарына қарай жіктеуге болады:
– азық-түлік және азық-түліктік емес тауарлар, жекелеген тауарлар нарығы (көкөніс, мата, аяқ киім, телеаппаратура, автомобиль және т.б.);
– нан өндіру нарығы, үй және тары нарығы, макарон өндіру нарығы
– тігін (өндірісі), тоқыма тауарлар, бас киім мен шөлке-нәски өндірісі нарығы. Олардың барлық сегменттерінің дамуы мен қызмет жасауы бір-бірімен байланысты және бір-біріне тәуелді.
Екінші бөлімде Қазақстан Республикасында нарық экономикасына кіру кезеңіндегі қалыптасуы және қазіргі жағдайы айқын көрсетілген, сонымен қатар жалпы нарықтық экономикалық жүйенің даму жолдары көрсетілген, және де нарықтық экономикалық жүйенің, оның шаруашылық шешімдерді әрбір экономиканың қатысушысы жеке дара қабылдайтын, оларға заңды мәртебе берілу қажеттілігне, жеке меншік құқығының анықталуына, келісім-шарт кепілдігінің сақталуына орай жеке меншікке, экономикалық және құқықтық еркіндікке, кәсіпкерлікке, бәсекелікке негізделген жүйе болып табылады. Бұл жүйеде нарықтық қатынасқа қатысушылардың «ойын ережесін» заңды түрде бекітетін құқықтық негізді қамтамасыз ету мәселесін мемлекет өз мойнына алады. Экономикалық қызмет саласында мемлекет заңнама негізінде сот міндетін атқарады.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңді алып қарасақ: 1993ж 15 қарашада Ұлттық валюта - теңге айналымға енгізілді. 1993-1994жж. Экономикалық дағдарысқа қарсы бағдарлама қабылданып, оны іске асыру басталды; 1994-1996жж. қатаң ақша-несие саясаты жүргізілді. Түбегейлі жүргізілген реформалардың нәтижесінде елімізде нарықтық экономиканың негізі қаланды және ол қазіргі кезеңде нәтижелі жұмыс істеп жатыр. Қазақстанның бүгінгі күні әлемнің 120-дан астам елімен сауда-саттық байланысы бар. Негізгі сауда-саттық серіктестері – Ресей және басқа да ТМД елдері, Голландия, Швейцария, Германия, АҚШ, Қытай, Түркия, Корея, Жапония және басқалары есептеледі.
Үшінші бөлімде Қазақстан Республикасының нарықтық экономиканы реттеу және даму мәселелері, әдістері және оның жолдарын дамыту болып табылады. Нарықты реттеу әдістері – бұл нарық механизімінің қалыпты жұмыс жасауын қамтамасыз ету үшін қолданылатын мемлекет және оның мекемелерінің ұдайы өндіріс процесіне мақсатты бағытта әсер ету тәсілдерін жан-жақты дамыту керек. Нарықты құру – жаңа экономикалық қатынастарға көшу, сонын ішінде, халық шаруашылығын жоғарыдан төмен қарай немесе тікелей басқару құрылымынан бас тарту, оны көлденең құрылымдармен алмастыру дегенді білдіреді. Нарық мемлекетпен және тауар өндіруші кәсіпорындармен реттеледі. Нарықты реттеу әдістерін оның реттеу субъектілеріне қарай, шартты түрде, мемлекеттік және мемлекеттік емес, ал нарықтық тепе-теңдікке әсер ету тәсілдеріне қарай тікелей және жанама деп классификациялауға болады. Экономиканы мемлекеттік реттеу құралдарына фискальдық(мемкеттік қазына), несие, ақша саясаты, бағалар мен тұрғындардың табысын реттеу, әкімішілік реттеу жатады.