Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Декабря 2010 в 10:27, курсовая работа
Қазіргі заманғы нарық шаруашылығының қалыптасуы бірнеше кезеңнен өтті. Бірінші кезең – қарапайым тауарлық өндіріс. Тауар өндірісі жетістігінің ең жоғарғы деңгейінің дамуы капиталдың алғашқы сатысын құрайтын және оның екі жағын қосатын, алғашқы капиталдың жинақталу үдерісіндегі өндірістің капиталистік әдісінің бекітілуімен байланысты:
1. өндіріс құралдарының барлығынан айрылған, жекелей бос адамдарды өндіруші көпшілікке айналдыру. Бұл үдеріс рынокта жаңа тауар – адам күшінің пайда болғанын көрсетеді;
2. ақшалай байлық пен өндіріс құралының аз адамнын қолына жинақталуы;
Дилер (ағ. dealer) – тауарлар мен бағалы қағаздарды өз атынан және өз есебінен сататын жеке және заңды тұлғалар. Дилердің пайдасы сатып алу бағасы мен қайта сату бағасының арасындағы айырмашылықпен анықталады.
«Өгіз» - бұл тауардың бағасының көтерілуімен ойнайтын сауданың қатысушысы: тауарды белгілі бір уақытта кейіннен қымбатқа сату үшін сатып алады.
«Аю» - бұл бағаның түсуімен ойнайтын сауданың қатысушысы.
Биржа бір жағынан рыноктық экономиканың инфрақұрылымына кіреді, екінші жағынан – кәсіпкерліктің дербес формасы болып табылады.
Енді, банк туралы айтайық. Ең бірінші банктер ежелгі шығыста (б.э.д. ҮІІ-ҮІ ғғ.) пайда болған. Банктік істің ары қарайғы дамуы антикалық, содан кейін орта ғасыр дәуірінен белгілі.
Ең бірінші осы заманғы типтік банкі – ХҮ ғ.басында Генуядағы қасиетті Георгий Банкі болатын.
Қазіргі кезеңдегі банктер жеке кәсіпкерлік қызметтің ерекше түрі және қарыз капиталдарын бөлу мен қорландыруды іске асырады. Олар несие берушілер мен қарыз алушыны байланыстыратын қаржылық делдалдар ретінде қалыптасты.
Банктер бастапқыда төрт негізгі қызмет атқарған:
Қазіргі әлемде банктік кәсіпкерліктің ең кең тараған формасы коммерциялық банк. Коммерциялық банктер несиелік операцияларды іске асырады. Несиелік операциялар активтік және пассивтік болып бөлінеді.
Пассивтік операциялар ақшалай қор жинаулар мен табыстарды жұмылдыруды көздейді, олар үшін банк салымшыларға проценттер төлейді.
Активтік операциялар – несие беруді қамтамасыз етеді, банк ол үшін процент алады.
Пассивтің негізгі саласы салымдар (депозиттер) бойынша ерекшеленеді. Олар екі категорияға бөлінеді: шұғыл және талап етуге дейінгі салымдар.
Шұғыл салымдар – бұл ертерек бекітілген мерзімдегі депозиттер (ай, 6 ай, жыл т.б.). Шұғыл салымдар проценттері талап етуге дейінгі салымдарынан жоғары келеді.
Талап етуге дейінгі салымдар ағымдық және мерзімсіз деп бөлінеді.
Банк шоғырланған қаражаттардан өз резервтерін қалыптастыруы керек, яғни салымшылардың бірінші талабы бойынша ақша беру үшін қолма-қол активтерді қалыптастыру керек. Банктер шұғыл салымдарға көбірек ынталанған.
Рынок қызметі. Рыноктың басымдылығы мен кемшіліктері. Рынок келесі қызметтерді атқарады:
Рынокта белгілі бір басымдық пен кемшіліктер болады. Рыноктың басымдылығы:
Рыноктың кемшіліктері:
Сұраныс пен ұсыныстың өзара іс-қимылы. Рыноктық тепе-теңдік. Сатушылар сатқысы келетін, тауар көлемімен, сатып алушылар алғысы келетін тауар көлемімен сәйкес келетін тауар бағасы ойдағыдай болғанда рынокта тепе-теңдік пайда болады. (7.3 – сурет).
Баға – Р рынокта ұсынылған тауар көлемі, сұраныс берілген тауар көлеміне тең, бұл бағаның тепе-теңдігі деп аталады. Басқа бағалар теңдестірілмеген деп аталады. Р0 бағасына сәйкес келетін тауар көлемі Q0 тауар көлемінің тепе-теңдігі деп аталады.
Р Д
Р0
7.3-сурет.
S
Q0 Q
Сұраныс пен ұсыныстың төрт ережесі бар:
Р2
Р0
S Д
Р1
Q
Q
Егер рынокта Баға Р1 белгіленсе, (Р0-ден Р1 аз), онда сұраныс көлемі ұсыныс көлемінен асып түседі (7.4 – сурет). Мұндай жағдайда, рынокта тауардың тапшылығы орын алады(артық сұраныс). Егер баға тепе-теңдік деңгейінен жоғары болса (Р0-ден Р2 үлкен), сұраныс көлемі ұсыныс көлемінің деңгейіне жетпей қалады. Мұндай жағдайда, артық ұсыныс орын алатын болады (қайта өндіріс).